Қайталау сұрақтары 1. «Туризм географиясы» терминінің авторы кім? 2. Туризмді ғылыми тұрғыдан зерттеу тарихын кезеңдерге бөлген кім? 3. Франция мен Италияда туризмнің алгашқы зерттеулерін жүргізген кім? 4. Қашан және қай жерде туризмді зерттеу бойынша алгашцы Институт құрылған? 5. Ягеплон университетінің Краков студиясының туризм зерттеулері туралы айтып беріңіз. Осы зерттеулерді қандайгалымдар жүргізген? 6. XXғасырдың 30-шы жылдары туризм географиясы қандай елдерде ец қаркынды дамыган? 7. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм зерттеулері мен ец белгілі галымдарды атап беріңіз. 8. Соғыстан кейін туризм географиясымен бірге әдебиетте қандай жаца ұғымдар пайда бола бастаган? 9. Бұрынгы КСРО-гы рекреация мен туризм зерттеулері жөнінде әңгімелеп беріңіз. § 4 Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздері «Туризм» мен «турист» түсініктері әдебиетте XVIII ғасырдың соңында пайда болып, XIX ғасырда, әсіресе XX ғасырда кең қолданыла бастады. «Туризм» және «турист» түсініктері француз тілінен келген (tour- саяхат деген мағынаны білдіреді). Олай болса да, алғашқы рет бұл түсініктер XVIII ғасырда Британ аралында континентке баратын ағылшын жастарының саяхатын атау үшін қолданылды. Ағылшын оқушылары өз білімін толықтыру үшін француз, итальян, неміс мектептеріне жіберіліп тұрды. Бұндай саяхаттарды «grand tour» деп, саяхатшыларды туристер деп атай бастады.
1811 жылы «Sporting Magazine» журналында туризм түсінігіне көрікті орындарғатанымдық, көңіл көтеру немесе ғылыми мақсаттағы саяхаттарды жатқызды. Соңғы басылымдарда әр адамды көңіл көтеру мақсатымен саяхаттайтын немесе жай уақытты өткізіп жүретіндерді турист деп атады.
Ресми түрде ғылыми әдебиетте «туризм» түсінігі XX ғасырдың 30-шы жылдары туризмнің зерттеу жұмыстарымен айналысатын Берлин институтының журналында «Archiv fur Fremden-verkehr» (1930-1931) мақаласының алғы сөзінде шыққан.
Туризм өте кең түсінік, әдебиет беттерінде туризмнің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімді сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар «әр түрлі мақсаттағы спорттьгқ жарыстарды» туризмгежатқызды. КСРО-да 1952 жылы тұңғыш рет В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайык анықтама берді: «Туристік саяхат деп каникул жәнеұзақ уақытты демалыс кезінде біздің еліміздің әр түрлі ауданда-рында болып, сол ел халқының өмірімен жәнемәдениетімен танысу, әлеуметтік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, әскери және революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз» - деді.
Туризмге қысқа да, сәтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңес Энци-клопедиясы) берді: «туризм - бос уақыттағы адамның белсенді са-яхаты, сапары, жорық жасап демалуы». П.Г. Олдак туризмнің тар жәнекең магынасындағы анықтамасын береді: біріншісі - «демалысты саяхат жасап жүргізу», екіншісі - «түратын орнын немесе жұмыс орнын ауыстыру мақсатында көшіп кетумен байланысы жоқ, демалыс, емдеу, ғылыми, іскерлік жәнемәдениеттік кездесулерге қатысу мақсаттарындағы саяхаттар».
XX ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтырып, «туристік-сауыктыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, күқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы» - деп анықтама берді [16]. Осындай анықтама толық болып табылады жәнеқазір де жиі қолданылады.
Туризм географиясы аясына еңбегі сіңіп, атағы шыққан B.C. Преображенскийдің айтуынша, «туризм» ұғымы арқылы мынадай негізгі түсініктер беріледі:
а) демография мен халық географиясы жәнезаң ғылымы зерттейтін халық қозгалысының ерекше түрі;
э) экономика саласы, экономика мен экономикалық география айналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттерін өтейтін салалардың біреуі;
б) социология мен рекреациялық география айналысатын тұрақты жерінен тыс жерде бос уақытты өткізу түрі.
Сөйтіп, күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс бола түра, туризм халық шаруашылығыныңәртүрлі салалары мамандарын қызықтырады, олардың әрқайсысы туризмді өз қажеттілігіне байланысты жәнеөз пікірінше қарастырады.
Халықаралық туристік академиясының (Монте-Карло) баспаларында «туризм» ұғымы «рахаттану, демалыс немесе емделу үшін жаяу түрде немесе көлік қолданып жасалатын саяхаттар» деп түсіндіріледі, және де аталған саяхатты туризм деп атаудың негізгі шарты - оның мақсатын еркін түрде таңдау және табыс іздеу мен туристік аумақта отырып қалу максаттары болмау керек. Көптеген энциклопедиялық ба-сылымдарда туризм көңіл көтеру (ойын-сауық), танымдық (өлкетану, ғылыми, т.с.с), демалыс, емделу, діни мақсаттарында жасалатын саяхат деп түсіндіріледі, және де ол табыс табу немесе мекендеу орнын ауыстыруымен байланысты болмауы керек.
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңында (2001) «туризм» ұғымының қате анықтамасы берілген: «жеке тұлғалардың ұзақтыгы 24 сағаттан 1 жылға дейін, немесе 24 сағаттан кем, бірақ тунеусіз, баратын елінде (жерінде) табыс табу мақсатында емес жасалған саяхаттары». Қарап отырсақ, бұл«туризм» анықтамасы емес, «туристік сапар немесе саяхат» анықтамасы.
Қазіргі ғылыми әдебиетте туризм деп «адамдардың табыс табу мақсатынсыз күнделікті тұратын орнынан тыс жерде саяхат пен қысқа мерзімде болуы нәтижесінде пайда болатын құблыстар мен қатынастар жиынтығын» түсінеді. Осындай жиынтық туристің жолға шыққан мезетінен (кейде тіпті оған дейін) басталып пайда болады, барған жерінде жалғаса береді және үйіне қайтып келгеннен кейін аяқталады.
Қазір туризм анықтамасы екі топка біріктірілуі мүмкін - жұмыстық және концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мәнін көрсететін анықтама, пәнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.
Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» деген түсініктерге біраз өзгерістер енгізілді. Тәжірибеде туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді.
Ең алғашқы «турист» деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сараптау Комитеті берді (1937). Ол халықаралық түсініске ие болып, біршама түзетулермен біздерге де жетті. Соңғы жылдары «турист» ұғымының анықтамалары ресми халықаралық туристік ұйымдар одағының (РТ¥ХО) жиындарында (Дублин," 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халықаралық туризм және саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963), туризм бойынша парламентаралық конференцияның конгресінде (Гаага, 1989) талқыланды. Бұл деген туризмнің теория жәнетәжірибе жағынан маңызының зор екендігін және оған берілетін анықтаманың толық та дәлірек болу керектігін көрсетті.
Халықаралық туризм мен саяхаттар бойынша БҰҰ конференциясында (Рим, 1963) «туристер» ұғымына ел жерінде бір тәуліктен ұзақ уақыт болатын тұлғаларды жатқызды, және де олардың түрткілері (мотивтері) демалыс, емделу, танымдық мақсаттағы саяхаттар немесе іскерлік не жанүялық кездесулер болып түсінілген.
1937 жылы «халықаралық туризм» ұғымы, ал 1953 жылы «халықаралық келуші» ұғымы енгізілді [17]. Қазіргі кезде 1991 жылы Оттавада өткен туристік статистика бойынша халықаралық конференциясында кабылданған анықтамалар қолданылады.
«Турист» ұғымы XVIII ғасырдың соңынан бері, Полынада -1847 жылдан бері белгілі (Варшиньска, Яцковский, 1978). «Турист» анықтамасының қандай үлкен өзгерістерге ұшырағанын көрсету үшін, сол кездегі анықтамасын тағы да келтірейік: «Туризм-континент (Еуропа) ЖОО-ға (Франция, Италия, Германия) баратын ең жоғары қоғамға жататын ағылшын жастарының саяхаттары...».
Қазіргі кездегі анықтама бойынша турист ең болмағанда бір рет гүнейтін және келу мақсатын үш топтың біреуіне: бос уақыт пен демалыс, іскерлік мүдделер немесе басқа туристік мақсаттарга жатқызуға болатын уақытша келуші (ЮНВТО). Сондай-ақ тұрақтайтын орнынан 12 айдан аспайтын уақытқа баратын жәнемақсаты барған жерінде ақылы жұмыс істеуге болмайтын кез келген саяхатшы «турист» терминімен айқындалады [16].
«Уақытша келушінің» нақтылы анықтамасын С. Медлик береді (1995). Осы автордың пікірінше, уақытша келуші деп өзінің тұрақты елінен басқа елге келетін, өзінің күнделікті белсенділік аумагынан тыс шығатын немесе өзінің тұрақты қызметі аумағынан тыс 12 айдан аспайтын мерзім бойы саяхат жасайтын, ал басты максаты болғанаумақ қаражатынан өтелетін қандай да болмасын жұмысты орындау болып табылмайтын кез-келген тұлғаны айтамыз.
Туристер де, экскурсанттар да ішкі жәнешетелдік (халықаралық) туристер (экскурсанттар) болып бөлінеді. Мұнда ішкі немесе халықаралық келуші деп атала алмайтын тұлғаларды белгілеу қажет. Ішкі келушілерге:
- өз елінде басқа жерге көшіп кету үшін келгендер;
- табыс табу үшін келгендер;
- жұмыс немесе оқу орны болып табылатын көршілес жерге өте жиі баратындар;
- ел аумағында уақытша жұмыс істейтіндер немесе әскери маневрларда қатысатындар;
- көшпелілер және тұрақты тұратын жері жоқ тұлғалар [17].
Халықаралық келушілерге жатпайтындар:
- иммигранттар немесе эмигранттар;
- шекаралық қызметкерлер;
- дипломаттар, консулдық қызметкерлер, әскери қызметшілер;
- қашқындар мен көшпелілер;
- транзиттік жолаушылар.
ЮНВТО қабылдаған саяхатшылар жіктелуі 9-суретте көрсетілген. Жіктелу қағидасы мен саяхатшылардың арасында туристерді беліп көрсету критерийі - шетелде болу мақсаты (түрткісі). Сапар мақсатына қарай саяхатшылар екі үлкен топқа бөлінеді.
Бірінші топқа туристік мақсатпен сапар шекпейтін адамдар жатқызылады. Бұлар шет елдерге ақша табу мақсатында кәсіби әрекетпен айналысып жүретін адамдар, яғни шет елдерге барып жұмыс іздеп немесе сонда жұмыс істеп жүрген адамдар; көрші территорияда жұмыс істейтін көршілес шекара ауданның тұрғындары; тұрақты мекенде қалушылар. Екінші топқа жататындар - уақытша келушілер, яғни туристік мақсатпен саяхат жасаушылар. ДТҰ-ның кепілдемесімен статистикалық есепке жеңілдік жасау үшін туристік мақсаттар үш блоққа топтастырылған: кеңіл көтеру мақсатымен саяхаттау, кәсіптік ынтасын қанағаттандыру үшін саяхаттау жәнебасқа да туристік мақсаттар блогі (оқу, емделу, транзит және т. б.).
Осындай жіктелу саяхатшылардың екі тобының экономикалық сипатын көрсетеді. Экономикалық тұрғыдан шетел мемлекетінің шаруашылығында істейтін және бірінші топқа жататын тұлғалар тауарлар мен қызметтерді, яғни сол елдің жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) өндіреді. Өз еңбегін өтейтін ақшасын өз еліне әкеледі. Сондықтан шетел азаматтарының елде жұмыс істеуі елден валютаның кетуімен және де өз еліне ақшалай табыстың келуімен байланысты.
Екінші топқа жататын саяхатшылардың біркелкі болмауына, саяхаттың әртүрлі ұзақтығына, сапар географиясына, қозғалыс әдісіне қарамастан осылардың барлығы «уақытша келушілер» деп аталады. Бірінші топ өкілдерінен бүлардың айырмашылығы - олар уақытша
болған елдің ұлттық өнім тұтынушылары болып табылады. Уақытша келушілердің туристік сапар ұйымдастыруға және саяхат кезшдеп жұмсайтын ақшасы қабылдаушы ел мен оның салаларының экономикасында маңызды орын алады.
Туристік саяхат жасаушылар қандай мақсатпен шетелдік сапарға аттанса да, өз елінен қабылдаушы елге ақшасын әкеліп оның бюджетш толықтырады. Сондықтан оларды бір топқа біріктіру, бірінші топ тұлғалары сияқты, экономикалық көзқарастан өте дұрыс болып көрінеді.
Дегенмен, уақытша келушілердің барлығын турист деп атай алмаймыз: мұнда- тұратын жерінен тыс болу уақыты маңызды. Саяхаттың ұзақтығына қарай уақытша келушілер «таза» туристер және экскурсанттар болып бөлінеді. Турист - бұл бір тәуліктен артық және бір жылдан аз уақытта, өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде саяхаттап жүрген адам. Туристік мақсатпен келген, бірақ белгіленген уақыттан ұзақ мезгілге қала беретін адам (одан ұзақ уақыт болуға рұқсат берілмесе немесе жылдық рұқсаты жаңадан үзартылмаса) қазіргі стандарт бойынша тұрақты тұрғындарға жатады.
Экскурсант-түнеуге қалмай белгілі бір жерге, ауданға немесе елге саяхаттайтын адам. Саяхатшылар классификациясында олар бөлек категорияға бөлінеді, бірақ арнайы әдебиетте олар кейде туризмнің бір бөлігі ретінде қарастырылады,ал экскурсанттар туризм статистикасында есептеледі.
Айтып кететін жағдай, туристік атау сөздер толығымен өңделіп бітпеген. Сондықтан рекреациялық география мен туризм географиясындағы кейбір анықтамалар, ұғымдар мен қағидалар екіталай.Дегенмен алдымыздағы басылымда авторлар зерттеушілердің көпшілігі ұстанатын козқарастарга сүйенеді.
Демалыс пен туризм дамуының басты шарты - әлем, мемлекет, аудан ауқымында қарастырылатын рекреациялық потенциалдың бо-луы. Рекреациялық потенциал дегеніміз белгіленген территорияда рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға және дамытуға арналған табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайлардың жиынтығы. «Рекреациялық потенциал» түсінігі «рекреациялық іс-әрекет дамуының факторлары мен шарттары» түсінігіне сәйкес келеді.
Туристік-рекреациялық ресурстар рекреациялық потенциалдың құрамының маңызды бөлігі. Туристік-рекреациялық ресурстар - демалыс пен туризмді дамытуға арналған эстетикалық жағынан тартымды, емдік-сауықтыру қасиеті бар табиғи ортаның компоненттері мен антропогендік іс-әрекеттің объектілері.
Туризм географиясының өте маңызды ұғымы - туристік аттрактивтілік (тартымдылық).Мұнда объективті факторлармен бірге субъективті психологиялық фактор маңызды рөл ойнайды, басқаша айтқанда бұл интегралдық сипаттама. Туристік қозғалыс дамуының әлементтерін осы қозғалыс қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік инфрақұрылымымен біріктіретін ұғым (10-сурет). Туристік аттрактивтілік ұғымының туристік ұсыныс ұғымымен ұқсастығы бар (бұл жөнінде кейін айтылады).
Халықтың рекреациялық қозғалысының қалыптасуы белгілі бір жердің туристік қүндылығына байланысты, Туристік қүндылықтар дегеніміз - табиғи және табиғи емес ортаның әлементтерінің жиынтығы. Туризмді дамытуға арналған табиғижәнеәлеуметтік-экономикалық шарттары бар колайлы аумақтар өз бетімен туристік-рекреациялық ресурс бола алмайды. Туристік-рекреациялық ресурс болу үшін оларды технологиялық дәрежеге жеткізу қажет.
Туристік қүндылықтар келесі түрлерге бөлінеді:
1. Табиғи ортаның жағдайына тікелей байланысты демалуға арналған түрлері.
2. Табиғи ортаның ерекшеліктеріне байланысты арнайы түрлері. Олар туризм түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, минералды су мен климат жағдайы жайлы болғанда туризмнің емдік және сауықтыру түрлерін дамытуға болады.
3. Табиғаттың ерекшеліктерімен қатар (қорық, табиғат ескерт-кіштері және т. б.), материалдық және рухани мәдениет әлементтері (ескерткіштер, фольклор, мәдениет объектілері), сонымен қатар қоғамның қазіргі жетістіктерін қамтитын туристік қүндылықтың танымдық түрлері.
Жергілікті жердің тартымдылығы мен туристік қасиеттерінің деңгейі белгілі бір сандық көрсеткіштерімен анықталуы өте қиын. Бұл мақсатта интегралдық (біріктірілген) көрсеткіштер - баллдар, категориялар, дәрежелер және т. б. қолданылады.
Туризм географиясының теориялық жәнетәжірибелік мәселелерін шешуде географиялық орта кеңістігінің таксономиясы маңызды рөл ойнайды. Негізгі таксономиялық категорияларды (бірліктерді) қарастырайық.
Туристік жергілікті жер - бұл қоныстану бірлігі (қала, кент, ауыл), ол туристік кұндылығына, туристік инфрақұрылымы мен көлік ынтайлылығына орай туристік қозғалыс мақсаты немесе кезеді болатын белгілі бір елді мекен.Таулы немесе жағажайлы туристік жерлер болады. Туристік жерлердің олардық туристік қасиеті мен орындалатын функцияларына байланысты бірнеше түрі бар:
а)демалуға арналған орындар;
ә) курорттар; б)танымдық, туризм жерлері;
в) транзиттік туризмнің орындары (мысалы, шекаралас жерлер).
Туристік орталық (туризм орталығы) - бұл елді мекен, белгілі бір жердің учаскесі, табиғи объект және т. б. Мұнда туристік-рекреациялық ресурстардың негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін кешен құрылады.Кешеннің құрамына туристерді орналастыру, тамақтандыру орындары, туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін мекемелер кіреді. Туристік орталық бірнеше көрсеткіштер бойынша бөлінуі мүмкін. Мысалға, маңыздылығы бойынша -халықаралық, мемлекеттік, ауданаралық, жергілікті; функционалдық бағыты бойынша - емдік, сауықтыру, танымдық орталықтар болып бөлінеді.
Туристік аудан - туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мәденижәнеәлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар салалық экономикалық аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс-әрекеттер басым болып келеді. Әртүрлі дәрежедегі - жергілікті туристік, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі туристік аудандар болады. Рекреациялық география мен туризм географиясының тағы бір маңызды ұғымы - «рекреацияның шаруа-шылық әулеті» немесе «демалыс пен туризмнің материалдық-техникалық базасы» болып табылады (кейбіреулер оны «туристік инфрақұрылым» деп атайды). Бұл ең алдымен демалушыларға тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің негізгі корлары және бұл үрдіске тікелей қатыспаса да,рекреация жағдайын өңдейтін қосымша еңбек құралдары [18].
Туристік инфрақұрылым (туризмнің материалдық базасы) ресурстар мен көлікпен қол жетерлігімен бірге туристік аттрактивтілікті қалыптастыратын үш факторлардың бірі болып табылады. Туристік инфрақұрылым дегеніміз аумақтың, маршруттың немесе жергілікті жердің жабдықталуын құратын және туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын нысандар мен құрылғылардың жиынтығы.Туристік инфрақұрылымына бір күннен астам уақытта болуына мүмкіндік беретін түнеу базасы; тамақтандыру базасы; коммуникациялық база; туристерге барлық қалған қызмет көрсетуге арналған қосалқы (қосымша) база (О. Рогалевский, 1974; Я.Варшиньска, А.Яцковский, 1978).
ЮНВТО бойынша, түнеу базасы - жүйелі түрде немесе анда-санда турист түнейтін кез келген объект.
Түнеу базасы туристік шаруашылықтың негізгі бөлігі, туристердщ түнеуі үшін бұл жерде барлық объектілер орналасқан. Түнеу базасы түнеу мекемелеріне (туристік қонақ үйлер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар, мотельдер, қонақ пэтерлері) және лагерлерге (кемпингтер, шатыр қалашығы) бөлінеді. Пайдалану мезгілі бойынша үнемі пайдалану (жыл он екі ай) және маусымдық базалары болады; қызмет көрсету мүмкіншілігі бойынша ашық (жү-рттың барлығы үшін) немесе жабық - тұтынушылардың белгілі топтары үшін - базалары болады.
Түнеу базалары мемлекеттік және меншікті (жергілікті тұрғындар туристерге ұсынатын пәтерлер) болады.Коммуникациялық база туристерге демалыс орнына жетуге жәнедестинация (жетіп бару) елі (ауданы) ішінде жүруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кейбір көлік түрлерінің (мысалы, круиз кемесі, авиалайнер) өзі де туристерді қызықтыруы мүмкін.
Демалушылар мен туристердің азық-түлік пен сусындарға деген сұранысын тамақтандыру базасы қанағаттандырады.Оның құрамына мейрамхана, кафе, бар, бистро, буфет, асхана және т.б. кіреді. Түнеу базалары сияқты, олар да үнемі істейтін немесе маусымдық; ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, меншікті немесе меншіктің басқа формаларындағы тамақтандыру орыидары болуы мүмкін.
Туристік шаруашылықтың коммуникация базасын көлік пен бай-ланыс желісі құрайды. Көлік болмаса туризм де жоқ.
Қосалқы база келесі қызмет түрлерін: табигаттың байлығын пайдалану (жағажай мен суға түсетін орындарды абаттандыру және т. б.); спортпен айналысу; көңіл көтеруді ұйымдастыру; туристікжабдықтар мен сувенирлерді өндіру; ақпарат қызметтерін және т.б. ұсынады. О. Рогалевский (1974) қосалқы базасында нысандар мен қондырғылардың төрт түрін бөліп атайды:
- туристерге туристік ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін;
- туристік саяхаттарды жасауды жеңілдететін;
- көңіл көтеру;
- қызмет көрсету
Бірінші түріне жаяу серуендеу орындары; тау, жазық, су маршруттары; спорт алаңдары; стадиондар, теннис корттары, бассейндер, шаңғы мен шана трассалары, айлактар, көрініс алаңшалары және т.с.с. жатады.
Екінші түріне туристік жәнеэкскурсиялық бюролар, саяхат бюролары, туристік ақпарат орталықтары, туристік құрал-жабдықтарын жалдау және сақтау орындары, автотұрақтар және т.с.с. жатады.Мысалға, саяхат бюролары сапарға шығуды ұйымдастырады,түнеу орындарын, көлік билеттерін сату мен резервілеуде делдал болады. Сол сияқты, басқа ұйымдар туристерге гид, экскурсия жүргізуші, топ жетекші қызметтерін ұсынады. Туристік ақпарат орталықтарында туристерге брошюралар, буклеттер, карталар, саяхат ауданы жөніндегі мәліметтер беріледі.
Қызмет көрсету қондырғылары мен нысандары:
-сауда нысандары (туристік құрал-жабдықтарды, сувенирлерді, прессаны, туристік басылымдарды, туристік киім, санитария мен гигиена тауарларын және т. б. сататын дүкендер);
- шеберханалар (фотоқызмет, шаштараз, тұрмыс қызметтері және т. б.);
- инфрақұрылымдық (банк, сақтандыру агенттіктері, пошта, телеграф, телефон, дәріханалар, тау жәнесудағы құтқару станциялары және т. б.) объектілер.
Туристік инфрақұрылым нысандарының қажеттілігі уақыт өте және талгам мен сән талаптарына сәйкес өзгеріп тұрады. Туристердің талаптарына сай көпфункционалды орталықтардың саны өсуде. Олар туристерге көптеген мәдени-көңіл көтеру, спорттық және басқа да шараларын ұсынады. Туристердің сұранысын өтеу үшін осыған сәйкес базаның құрылуы кең көлемдегі қаржыны қажет етеді.
Бұқаралық туризм дамуының теріс салдарларының нәтижесінде туристік-рекреациялық ресурстарының дәрежесі төмендейді жәнедемалыс сапасына зиян келтіріледі. Туристік ауыртпалыққа туризм үшін нағыз маңызды әлементтер - өсімдік, су, топырақ және т. б. өте нэзік келеді. Осыған орай туристік (туристік-рекреациялық) кеңдік пен сыйымдылық көрсеткіштері енгізілген. Біріншісі табиғи ортаны, екіншісі географиялық ортаны сипаттайды.
Туристік кеңдік ресурстардың азып кетпейтіндей адамның физикалық және психоэмоционалды күштерін қалпына келтіруге жеткілікті көлемде пайдалану мүмкіншілігімен анықталады (Швихтенберг, 1991).
А. Костровицкий (1997) бойынша аумақтың туристік сыйымдылығы - бұл түнеу (түнеу орындарының саны), тамақтандыру (отыру орындары, тағам саны), қосалқы базалардың (орын саны немесе ауданы) сыйымдылығы. Сыйымдылық дегеніміз туристік база нысандарының туристік қызмет көрсету сапасын төмендетпей қабылдай алатын туристердің максималды саны болып табылады.
Туризм географиясының тағы бір негізгі ұғымы - жергілікті жердің немесе нысанның «туристік аттрактивтілігі» (тартымдылығы). Бұл күрделі ұғым. Объективті табиғи жағдай мен ресурстармен (табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық) бірге туристік аттрактивтілікті бағалаған кезде субъективті психологиялық фактор маңызды рөл ойнайды. Сөйтіп, бұл аумақ немесе объектінің интегралдық сипаттамасы; ол нысанның объективті табиғи және әлеуметтік-экономикалық құндылыгы мен олардың сезімге жасайтын әсерн, яғни олардың субъективті эстетикалық қүндылығын ескереді, және мұнда эмоциялық аспект басты рел ойнайды. Туристік тартымдылық ұғымының туристік сұраныс ұғымымен біршама үқсастығы бар.
Рекреацияның шаруашылық әулеті аумақты рекреациялық мақсатта игеру үрдісі кезінде қалыптасады. Осыған орай рекреациялық игеру мен рекреациялық игеру деңгейі ұғымдарын енгізу қажет болды. Рекреациялық игеру - кез келген рекреациялық шараларды өткізу үшін территорияны дайындау үрдісі. Аумақтың рекреациялық игерілу деңгейі - аумақтық еңбек бөлісі үрдісіндегі рекреацияның шаруашылық әулетінің деңгейі болып табылады. Бұл жағдайда белгілі аумақтың игерілу деңгейі рекреациялық ресурстар мен рекреациялық жүктемелердің физиологиялық-психологиялық әлеуметтік жайлылығы нормаларына байланысты.
Аумақты туристік қозғалыс қажеттіліктеріне лайықты қылу әрекетінде үш негізгі тенденция байқалады:
1) келушілердің қажеттілігін
қанағаттандыру үшін аумақты қорғау мен бейімдеу;
2) көлікпен қол жетерлікті қамтамасыз ету;
3) туристерге арнайы қызмет көрсететін мекемелер арқылы қолайлы жағдай жасау. Осының барлығы «туристік шаруашылық» немесе «туристік инфрақұрылым» ұғымдарына жатады.