Туризм арқылысауықтыру - шаршаған адамның хал-күйін қалпына келтіру әдістерінің бірі. Демалысты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс түрлерін (жаяу жорықтар, қайық, велосипед тебу сияқты) пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады, сыртқы орта әсерлеріне төзімді қылады. Сауықтыру-спорттық туризм адам ағзасының функцияларын қалпына келтіреді, еңбек қабілетін арттырады. Ол үшін серуен, жорық, экскурсиялар, көңіл көтеру шаралары, таза ауа, күнге күю, шомылу сияқты шаралар қолданылады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.