Туризм географиясы



бет40/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   94
Альтернативалық туризм табиғи ортаға ең аз колемде әсерететін, жәнебұқаралық және коммерциялық туризмге қарама-қарсы бола-тьш туризм [24]. Альтернативалық туризмді «сәйкесті», «жүмсақ», «тепе-теңдік», «жауапкершілікті» және «жасыл» деп атайды [24]. Альтернативалық туризмнің басты мақсаты - жергілікті тұрғындар қоғамдарымен қатынасқа кіру. Туризмнің бұл түрі жақсы даярлықты қажет етеді. Жеке жәнеұйымдастырылған альтернативалық туризмболуы мумкін [18].

Экологиялық туризм (экотуризм) жақында ғана «жасыл» ре­волюция толқынында пайда болды жәнеелдің тұрақты даму кон-цепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Арнайы әдебиетте экологиялық туризм табиғи ортасы жақсы сақталған аудандарға жергілікті жердің табиғи және мәдени-этнографиялық ерекшеліктері жөнінде түсінік алу мақсатында жасалатын саяхаттар деп анықталады, сонымен қатар экологиялықтуризм экожүйелердің біртұтастығын бүзбайды және табиғатты қорғау жергілікті тұрғындар үшін пайда әкелетіндей экономикалық шарттарды қалыптастыратынболады [25, 26].

Экотуризмді кейде бұқаралық туризмге қарама-қарсы мағынада қарастырады, сондықтан әдеттегі туризмге қарағанда оның негізгі белгілері мынадай:

-  экотуризмнің басты нысандары болатын қайталанбас табиғи

кереметтерінің бар болуы;

-туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы;

-   басқаларға  қарағанда томен  капиталды,  материалды  жәнеэнергосыйымдылығының болуы;

- экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі экологиялық білім беру және экологиялық ойлауды қалыптастыру;

- бүкіл мемлекеттер мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалықдамуын қолдау.

Қысқа уақыт мезгілінде табиғатта уикэнд жасаған кезінде демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін, экологиялық туристер әртүрлі міндеттерді орындайды. Соңғы жылдары экотуристер әртүрлі қиын емес таза ауадағы жұмыстарга қатысады. Олар құстар мен басқа жануарлар санын есептейді, сирек кездесетін өсімдіктерді бақылайды, басқа да осыған ұқсайтын жұмыс жасайды. Экотуристерді қайталанбайтын өсімдік қоғамдастықтары мен биоценоздар, мысалы экваторлық ормандар, жазғы тундра немесе көктемдегі шөл, өлі табиғат нысандары (үңгірлер, каньондар, таулар және т.б.), кейбір антропогендік ланд-шафтар қызықтырады.

Экологиялық туризмнің диверсификациясымен бірге оның туризмнің баска туризм түрлерімен жанасуы байқалуда. Мысалы, іскерлік сапарлар кезінде қатысушылары ұлттық немесе табиғи-этнографиялық саябақтарға барады, жагажайда шомылып демалады немесе құрыжай таза ауада серуендеп қыдырады. Сөйтіп, экотуризм шекараларын табу өте қиын.

Альтернативалық туризм сияқты емес, экотуризм маркетинг зерттеулерін қажет етеді. Экотуризм шеңберіндегі рекреациялық шаралардың мысалы - «birdwatching», яғни құстарды олардың табиғи ортасында бақылау; «фото-сафари» (жануарларды суретке түсіру).

Бүгінгі таңда экотуризм дамыған елдермен бірге дамушы елдерде де сэнге айнала бастады. Экотуризмді белсене насихаттайтын елдерге Колумбияны, Соломон аралдарын, Малайзияны, Уганданы жатқызуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет