Туризм географиясы


§ 1 Туризм дамуының табиғи алғышарттары



бет46/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94
§ 1 Туризм дамуының табиғи алғышарттары

Шаруашылықтың саласы ретінде туризм кен өндіру, орман шаруашылығы, балық пен ауыл шаруашылығы сияқты ресурстарға тәуелді. Аумақты пайдалануы бойынша туризм тек ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының артында орналасады. Рекреацияньщ жерге деген қажеті тұрғын үй құрылысына қажетті территориясынан үш есе, ал табиғи саябақтар, қорықтар мен қорықшалардың жер қажетін есептесек, 6-7 есе артық.

Сөйтіп, кейде табиғаты аз өзгерген жердің ауқымды аудандарын қажет етіп, туризм игерілген аудандарда шектелген мүмкіндіктеріне ие болады. Дегенмен ауыл аймақтарында туризм ауыл шаруашылық жер пайдалануымен жақсы үйлесуі мүмкін. Рекреациялық зоналарды пайдалы қазбаларын өндіру орындарының, жогары зиянды өнеркәсіп орындарының жанында орналастыруға болмайды.

Рекреациялық мамандандырылу деңгейіне қарай рекреация үшін аумақтарды пайдаланудың үш түрі бар:

1)  Рекреациясы жоғары аумақтар - саябақтар, жағажайлар және көпшілік демалыс аймақтары. Мұнда басқа жер пайдаланушылар жоқ немесе олардың әсері шамалы.

2)   Рекреациясы орташа аумақтар - бір уақытта экологиялық және өндірістік функцияларды атқаратын жерлер (қала маңында огырғызылған ағаштар, әрозияға карсы егілген ормандар және т. б.).

3) Рекреацияға пайдасы шамалы аумақтар.

Жерді бөлудің ең көп кездесетін нұсқасы - екінші нұсқа.

Демалыс орындарын іздестіргенде табиғи ресурстардың атқаратын рөлі өте маңызды. Ландшафтың ерекшелігі мен климаты, өсімдік пен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі, спортпен шұғылдануға, аңшылықпен және балық аулаумен айналасуға табиғаттың мүмкіншілігі ескерілуі қажет. Рекреациялық іс-әрекеттің түрлері аумақтағы табиғи ресурстардың әртүрлілігіне байланысты.

Ірі туристік кешеннің қалыптасуында немесе жеке бір туристік объектінің салынуында елдің (ауданның) географиялық орны маңызды рөл атқарады. Яғни теңізге, тауға, орманға немесе маңызды көлік жолдарына жақын болуы өз әсерн тигізеді.

Жер бедері табиғи ортаның маңызды әлементі болып саналады, себебі жер бедерінің әртүрлілігі ландшафтың құндылығын көтереді.

Таулы жерлердің климаттық және ландшафтық ерекшеліктері психофизиологиялық регенерация (қалпына келтіру) жағынан өте маңызды, белсенді және пассивті демалыс үшін өте қолайлы. Белсенді тау туризмнің қасиеттері: ортаның жылдам ауысуы, формалардың контрасты, симметрия мен асимметрия, ландшафтың динамикалық және статикалық сипаттары, шыңға шығу және тамаша көріністер. Қысты күні таудың климаттық-орографиялық қасиеттері шаңғы туризмін дамытуға мүмкіндік туғызады.

Табиғи ортаның екінші бір маңызды әлементі - климат. Мезоклиматтың жалпы сипаттамасымен бірге, рекреациялық мақсатта аумақты бағалауында топоклиматтық, тіпті микроклиматтық ерекшеліктерді анықтау өте маңызды болады.

Гидрологиялық ерекшеліктері, бір жағынан, спорт түрлерін дамытуға, таза ауада суға түсуге, балық аулаумен айналысуға мүмкіндік береді, екіншіден, ландшафт көркемділігі жағынан туризм үшін өте маңызды. Рекреациялық қажетіне пайдаланатын гидрогеологиялық шарттары мынадай: таза ағын сулар мен суаттардың болуы, табиғи жағажайлар немесе жүзу бассейндерін қалыптастыруға жарайтын жердің болуы, судың жайлы температурасы мен ағыс жылдамдығы, спорт түрлерін дамытуға жарайтын әртүрлі сулардың болуы.

Аумақтың туристік функциясының дамуына орман да қатты әсерн тигізеді. Ландніафтық касиеттерімен бірге орман қоршаған орта жағдайын жақсартудың биологиялық факторы болып табылады. Орман атмосфераны оттегі және озонмен байытады, желге кедергі

болады, ауа температурасының тәулікжәне жылдық амплитудаларын төмендетеді. Ірі орман массивтері ауа массаларының турбұленттік алмасуын жеңілдетіп, қолайсыз топоклиматтық құбылыс бо­лып есептелетін ауаның тұрып калуына жол бермейді. Орманның рекреациялық және эстетикалық маңызы жоғары.

Ауқымды аумақтарда туристік қозғалыстың маусымдық сипатын анықтау қажет. Туристік мезгілдің үш түрі бар: жалпы рекреациялық маусым, суға түсу маусымы және қысқы маусым.

Жалпы рекреациялық маусым - демалыс пен туризмнің әралуан түрлерін (жаяу, велосипед саяхаттары, мототуризм, күнге күю, таза ауадағы ойындар, аң мен балықаулау және т. б.) өткізуге болатын мезгіл. Климаты қоңыржай тән елдерде бұл мезгіл наурыз-сәуір айларында басталып, қазан айында аяқталады. Бұл мезгіл вегетациялық кезеңге сәйкес келеді (ауаның орташа температурасы 5°С жоғары).

Суға түсу маусымы - жалпы рекреациялық мезгілдің шомылу мен спорттың су түрлерін таза ауада жүргізу мүмкіндігі бар бір бөлігі. Оның ұзақтығы судың 18°С, ауаның орта тәулік температурасының 15°С шектеледі.

Қысқы маусым спорттың қысқы түрлерімен, әсіресе шана мен шаңғы түрлерімен байланысты. Оның ұзақтығы қардың қалыңдығына және жату ұзақтығына байланысты. Ауаның орташа температурасы 0°С томен болады.

Туризмнің дамуы маусымға тығыз байланысты. Мысалға, спорттың су түрлерін шомылу маусымында жүргізуге болады. Шаңғы туризм жер бедерінің тартымдылығымен және қысқы мезгілімен байланысады. Тау туризмі үшін тиісті жер бедері мен ландшафтың эстетикалық қасиеттері маңызды, ал оны өткізу мезгілі - жалпы рекреациялық маусым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет