Туризм географиясы



бет42/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94
Байланысты:
лемдік туризм

Экстремалды туризм үнемі тәуекелмен, шытырман оқигалармен байланысты. Қазір туризмнің осы сегменті әлемнің туристік нарығының 10%-ын құрайды жәнебұл көрсеткіш өте жылдам өсуде. Лион университетінің география профессоры Ж.-М. Девайли «біздің қоғам жүйкені қытықтайтын көңіл көтеруді есірткі сияқты қажет етеді», - деп есептейді. Экстремалды туризм скейтбординг, сноу-бординг, скайсерфинг, треккинг, хелиски, фрирайд, рафтинг сияқты спорт түрлерімен тығыз байланысты.

Ауыл туризмі-бос уақытты ауылды жерде өткізу. Оның ерекшелігі - ауыл пейзажы мен ауьшды жерге тәнүйлер мен жайлардық болуы. Ауыл туризмінің инфрақұрылымын ауылды жерде орналасқан пансионаттар, паналар, шағын отельдер, жекеменшікті үйлер, қонақ жайлары (бөлмелер), кемпингтер құрады. Ауыл туризм түрлеріне ауыл аумақтарында өткізілетін, жергілікті жағдайларға лайықтанған жәнежергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдаланатын барлық түрлерін жатқызуға болады [28].

Ауыл туризмінің бір шағын түрі - агротуризм. Агротуризм дегеніміз ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қонақтарды қабылдаумен байланысты іс-әрекет түрі (И. Ендрейчик, 1995). Аг­ротуризм ауыл шаруашылығымен, ауыл шаруашылық кәсіпорны жұмысымен тығыз байланысты. Мұнда туристердің ауылды жерге оларды итермелейтін түрткісі - мал өсіруге, егістікпен айналысуға деген қызығушылығы.

Ауыл туризмінің, оның ішінде агротуризмнің қасиеттері мынадай:

- таза тамақ;

- бұзылмаған, таза табиғат;

- тыныштық;

- ауыл өмірімен, фольклормен танысу малмен айналысу,

- ауыл шаруашылық жұмыстарын өз қолымен жасау [29]. Агротуризмнің тағы бір жақсы жері - жұмыссыздықты азайту,жаңа еңбек орындарын қалыптастыру Мұндай әсер тікелей және жанама болуы мүмкін.

Тікелей жасайтын әсер- агротуристік шаруашылық иесі туристерге қызмет көрсетуге арналған әрекеттер жасайды, мысалы:

- пәтерін жалға беру жәнетамақтандыру;

- жол көрсетуші жұмысы (арба, велосипед қолданып немесе жаяужүру);

- туристерге көлік қызметін көрсету;

- туристік құрал-жабдықтарды жалға беру (қайыктар, велосипел, моторлы қайық және т. б.);

- атқа мініп жүруді, жүзуді үйрету;

- механик қызметтері (өз көлігімен келген туристерге);

- күзет, мүлікті сақтау қызметі;

- балаларын күтіп, қарау және т.е.с Жанама түрдегі әсер:

-туристердің келуінен болатын ауыл шаруашылық өнімі көлемінің өсуі;

-  туристер үшін азық-түлік, жартылай фабрикаттарды, басқа бұйымдарды алдыңала даярлап қою;

-   жалға берілетін пэтерлер мен үйлердегі құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- сауданың дамуы;

-   туристер келетін аумақтарда тазалық сақтау мен реттеу жұмыстарының қажеттілігі;

- көркем қолөнер бұйымдарына деген сұраныстың өсуі;

- ақпараттық, дистрибьюторлық, промоушн сияқты қызметтердің дамуы, мысалы, картосхемалар мен буклеттерді шығару агротуристік бюролар мен агенттіктердің пайда болуы жәнет.с.с. [30].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет