Туризм географиясы



бет6/94
Дата30.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#29328
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
лемдік туризм

Қайталау сұрақтары

1. Рекреацияның негізгі үш мақсаттық функциясын атап беріңіз.

2.  ТуризмніңXXғасырдың екінші жаршысындағы царцынды дамуының басты себептері қандайболды?

3.  Адамның тұрақты өмір сүретін жерінен тыс жерге баруының себептері (түрткілері) қандай?

4.  Рекреацияның қоғамдық функцияларының5 негізгі топтарына сипаттама беріңіз:

- медициналық-биологияпыц;

- әлеуметтік-мәдениеттік;

- экономикалық;

- саяси;

- экологиялық.

§ 3 Рекреациялық қажеттіліктер – рекреациялық іс-әрекеттің кеңістік-уақыттық ұйымдастырылуының негізі

Бұрынғы КСРО рекреациялық география зерттеушілері рек­реациялық, іс-әрекеттің кеңістіктік-уақыттық динамикасы мен аумақтық ұйымдастырылуын қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық қажеттіліктер анықтайды деп есептейді.

Адамның кез келген қажеттілігі сияқты, рекреациялыққажеттілік өмірдің объективті жағдайына байланысты өзгеріп тұрады. Оларды канағаттандыру - өндіру, айырбастау және тарату жағдайына тәуелді. Рекреациялық қажеттіліктер әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде қалыптасады.

Рекреациялыққажеттіліктердің кеңістіктік-уақыттық динами­касы рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың аумақтық форма-ларында көрініс табады. Сондықтан рекреациялық қажеттіліктерді зерттеу барлық дәрежедегі рекреациялық аудандардың - демалыс пен туризм аясының жалпы мемлекеттік сүлбасынан нақты дема­лыс аудандары мен курорттардың функционалды зоналауына дейін - аумақтық ұйымдастырылуының қазіргі және болашақтагы формаларын зерттеуді керек етеді.

Табиғи ортадағы демалыс түрін таңдау мен белгілі ландшафтқа көз салу адам мінезі мен темпераменті сияқты көп нұсқалы болады. Дегенмен, таңдауы қандай да болса, осы сұраныстарды осыған арнайы бөлінген жерсіз қанағаттандыруға болмайды. Демалыс ұйымдастыру үшін жер таратылуы қолайлы физикалық-географиялық жайларынан бұрын жұрт қажеттіліктеріне орай өткізілуі қажет.

Жеке тұлғаның қолы бос уақытындағы әлеуметтік белсенділігі оның қажеттіліктері мен құлдылықтарына байланысты. Рекреациялық қажеттіліктер дегеніміз - субъектілер мен сыртқы орта арасындағы, өмірдің шын мәніндегі және қажетті жағдайлары арасындағы қайшылықтарды рекреациялық іс-әрекеттер арқылы шешу формасы болып табылады. Рекреациялық қажеттіліктер әлеуметтік-экономикалықдаму үрдісі кезінде сыртқы ортаның объективті факторлары әсернен қалыптасады және өмір өнімдерінің өндіріс тәсіліне, алмасуына жәнетаратылуына толығымен байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктер адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық қажеттіліктер - қоғамдық, топтық және жеке-дара болып бөлінеді [5]. Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер - қоғамның барлық мүше-лерінің денсаулығын және еңбекке жарамдылығын, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруін анықтайтын қажеттіліктер. Олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын, оның территориялық ұйымдастыру түрлерін орнатуға себеп болады. Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер негізгі қажеттіліктер болып саналады.

Топтық рекреациялық қажеттіліктер - белгілі бір топтың әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік немесе белгілі бір жастагы топтың қажеттілігін, мәнін анықтайтын қажеттіліктер. Рекреациялық қызметтерді тұтгнатын арнайы тобына жанүлны жатқызуға болады. Олар емдеу, сауықтыру және танымдық қызметтерді кең түрде пайдаланады. Қазіргі кезде жастар туризмі де әлеуметтік топ туризмі ретінде қарқынды дамып келе жатыр.

Жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер жеке тұлғаның ден-саулығын қалпына келтіруге, танымдық, рухани дамуына арналған рекреациялық шараларға сұраныс туғызады. Қоғамдық, топтық және жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер диалектикалық өзара бай-ланыста болады. Жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер әлеуметтік топтың рекреациялық қажеттілік құрылымына әсеретеді, олар ар-қылы жалпы қоғамдық қажеттіліктер іске асады.

Рекреацияның түрін таңдағанда адам немесе топ алдың ала бел-rimбір мақсат қояды. Жеке адамның немесе бір топ адамдардың қажеттілігі әралуан белгі бойынша жіктеледі. Сондықтан рекреациялыққажеттіліктерді жүйелі түрде зерттеу қажет. Зерттеу жұмыстары экономикалық, медициналық-биологиялық, демографиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерде жүргізіледі. Осыған байла­нысты рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасуына белгілі бір фак­тор тобы әсеретеді.

Рекреациялық қажеттіліктің қалыптасуына әсерететін факторлар:

1.  Әлеуметтік-экономикалық факторлар: өндіріс күшінің даму деңгейі; туризм мен демалыс сферасының даму деңгейі; халықтың табысы; қызмет пен заттардың жеке бағалары (оның ішінде - рекреациялық қызмет пен заттардың жеке бағалары); көлік инфрақұрылымының даму денгейі; демалыстың ұзақтығы; рекреа-циялық аудандар мен маршруттар туралы жарнама және ақпарат беру; халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрамы; мәдени өмір деңгейі; халықтың көшіп-конуы; ұлттықдәстүрлер.

2.  Демографиялық факторлар: қала мен ауыл халқының қаты-насы (урбандану дәрежесі); халықтың жыныстық-жас мөлшерлік құрылымы; отбасының құрамы мен мөлшері; қоныстану ерекшеліктері.

3.Әлеуметтік-психологиялық факторлар: іскерлік жәнемәденибайланыстардың тығыздығы, мәдени өмірдің түрі; сәннің (елігудің) әсері; жеке тұлғаның қүндылық бағыты.

4. Медициналық-биологиялық факторлар: халық денсаулығының ахуалы.

5.   Табиғи факторлар: адам тұратын табиғи аумақ; аумақтың географиялық ерекшеліктері.

Рекреациялық қажеттіліктерге экономикалық баға беру халықтың рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі арқылы жүргізіледі. Осындай анықтау мәселесі осы күнге дейін шешілген жоқ. Экономикалық ғылым азық-түлік, баспана және басқа материалдық игіліктерді жақсы зерттеген. Мұнда рекреациялық қызметтерді тұтынудың шынында қалыптасқан тұтгнуды көрсететін төлеуге қабілеті жеткілікті сұраныс туралы сөз қозғалып түрған жоқ, біз қажеттіліктер жөнінде әңгімелеп түрмыз. Болашақта тұтыну құрылымының өзгеріс қабілетін көрсететін рекреациялық қажеттіліктерді ескеру керек. Рекреациялық қажеттіліктерге экономикалық баға бергенде қоғамның мүмкіншілігін, рекреациялық қажеттілікті өтеуге жіберетін қаржысын ескеру керек. Тек рекреациялық қажеттіліктер өзгерісінің экономикалық заңдарының негізінде рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастырылу әдістері мен формаларын ойлаптабуға болады.

Рекреациялық қажеттіліктер - бұл күнделікті өмірдегі қажеттіліктер. Оларды қанағаттандыру рекреациялық тауарлар мен қызметті өндірудің мүмкіншілігіне байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктеріне экономикалық баға берудің бір-неше: медициналық-биологиялық, әлеуметтанулық (социологиялық) және әлеуметтік-психологиялық аспектілері бар. Оның себебі -баға берген кезде қоғам мен оның мүшелерінің экономикалық мүмкіншіліктері өте маңызды, яғни қоғам мен оның мүшелерінің рекреациялық қажеттіліктеріне жүмсай алатын қаражаттары ескеріледі. Осы қаражат көлемі, ең алдымен, жалпы қоғамдық өнім көлемі мен оның таратылуына байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктерді өтеу рекреациялық тауарлар мен қызметтерді өндіру қажеті мен мүмкіндігіне байланысты. Қажеттілік пен мүмкіндік өзара әрекеттесіп, нақты елдегі және басқа елдердегі бүтінгі қажеттіліктерді қалыптастырады.

Рекреациялық қажеттіліктердің медициналық-биологиялық аспектісі санаторлық-курорттық емдеудің құрылымы мен көлемімен анықталады. Аймақтық медициналық статистиканың негізінде курортологтар тұтгнушылардың санаторлық-курорттық емделу қажеттіліктерін және оларды қанағаттандырудың жиынтық балансын есептейді. Курорттар торының қажеттілігін әдетте нормативтергесәйкес анықтайды.

Сауықтыру қажеттіліктері медициналық-биологиялық аспектісі жағынан әзірше нашар зерттелген. Әдебиетте рекреациялық ic-j әрекеттің медициналық-биологиялық функциялары (бұлшық етка салмақ түсіру) мен әртүрлілігіне (бір істен екіншіге ауысып түру) ғана жалпы мәліметтер кездеседі. Рекреациялық іс-әрекеттің медициналық-биологиялық функцияларының жұмыс істеу себебі адамның орталық жүйке жүйесінде жатыр: адамның жүйке орталықтары толығыментоқтағанда емес, басқа жүйке орталықтары жұмыс істегенде ғана белсене «демалады».

Адам ағзасына демалыс орны мен мезгілінің, жас мөлшерінің, әлеуметтік табының, жүйке жүйесі түрінің және т. б. тигізетін әсер де дұрыстап зерттелмеген.

Рекреациялық қажеттіліктің социологиялық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулері әлеуметтік топ немесе жеке тұлғаның рекреациялық қажеттілігінің қоршаган ортамен диалектикалық өзара байланысына бағытталған.

Рекреациялық кеңістікті ұйымдастыру шарттары, кеңістіктің рекреант әрекеттеріне тигізетін әсері социологиялық және әлеуметтік-психологиялық сипатқа ие. Сондықтан рекреациялық іс-әрекетті зерттеуде осы екі ғылымның маңызы зор. Бос уақыт әлеуметтануы (социологиясы) әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін, олардың кең әлеуметтік топтар мен бүкіл қоғам қажеттіліктері арасындағы байла-ныстарын анықтап, зерттейді. Әлеуметтік психология әлеуметтік топ-тар мен жеке түлгалардың рекреациялық ортаға қоятын психологиялық талаптарын зерттейді. География үшін бір аумаққа байланған қоғам мүшелерінің әлеуметтік қүндылықтары және осы территорияда бірге тұрғандықтан пайда болатын қатынастар, яғни «жұрттың аумақтық бірлестіктері» өте маңызды.

Рекреациялық іс-әрекет процесінде әрбір әлеуметтік топ неме­се әртүрлі жастағы адамдар тобы арнайы талаптар қоя бастайды. Әрине, олардың барлық талаптарын ескеру мүмкін емес. Бірақ та рекреациялық әрекетті ұйымдастырғанда демалушылардың әралуан талаптарына ғылыми көзқарас болуы тиіс.

Таңдаулылық деп рекреацияның белгілі бір түрін, әдісін немесе ауданын қалайтын қала, ауыл, аудан, республика халқының пайызын түсінеміз.

Рекреациялық қажеттіліктің социологиялық зерттеулері кешенді түрде жүргізіледі. Олардың мынадай зерттеу кезеңдері болуы мүмкін:

1)  демалыстың қазіргі шақтағы тенденцияларын статистикалық деректердің негізінде зерттеу;

2) рекреацияның мәні мен оның болашақтагы дамуы туралы ал-дыңала болжамдар жасау;

3) жұрт ішінде анкеталық сауалнама жүргізу;

4) рекреацияның даму болашағына ғылыми болжам жасау;

5) репрезентативтік деректерді тексеру негізінде теориялық ере-желерді құрастыру. Мұндайәдіс статистикалық деректердің жетіспеуі жағдайында жүргізіледі, алайда осындай әдісті қолданғанда мэлі-меттерді зерттеу объектілерінен тікелей қолма-қол алуға болады.

Рекреациялық қажеттілікті зерттеу үшін сұраптаулы зондаж әдісі қолданылады, яғни бүкіл халықты емес, халықтың бір бөлігін ғана сү_рап шығып «бүтінді оның бөлігі негізінде суреттеу». Бүкіл халық арасында сауалнама жүргізуді ұйымдастыру өте қиын және қыруар қаражат қажет етеді. Осындай сауалнаманың мысалы - ел халқының санағы. Зондаж болса, халықтың бір ғана бөлігін қамтиды және осыған негізделіп, кейбір сауалнама көрсеткіштерін бүкіл халыққа таратып қорытынды жасауға болады. Бұләдістің өз қағидалары, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сауалнама аумақтық қағида бойынша екі орталарда:

1) адамның жұмыс және түратын орнында;

2) демалыс немесе туристік саяхат орнында жүргізіледі. Сауалнама жүргізгенде халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымының моделі қолданылады. Жұмыспен түратын орнында жүргізілетін сауалнамалар рекреацияның жиілігін, ұзақтығын, маусымдылығын, құрылымын анықтайды. Тенденцияларды анықтау рекреациялық аумақтарды кеңістікте орналастыру ісінде, демалыс пен қызмет корсету мекемелері номенклатурасын таңдауда көмектесетін болады.

Рекреациялық аудандағы сауалнамалар рекреацияның мазмүнын, демалушылардың бюджетін, олардың қанағаттануын, болашақтағы талаптарын анықтайды.

Сауалнама жүргізгенде стратификацияланған («қатпарларға» бөлу) сұраптау негізіндегі интервью әдісі қолданылады. Сұраптаудың қиындығы - халықтың біркелкі болмауында. Сондықтан бұлсұраптау зерттелген ауданның, ал жалпы мемлекеттік зерттеу болса, бүкіл ел халқының әлеуметтік, жас мөлшерлік, жыныстық құрылымына толығымен сәйкес болуы қажет. Әлеуметтанушылар талаптарға сай болған адамдарының саны көрсетілген кестелерді құрастырады. Сау­алнама жасауға жататын тұлғалардың саны да репрезентативті болуы қажет.

Қолдағы ақпарат көлемін анықтаудың нақты алдыңала берілген статистикалық не социологиялық ережелері жоқ. Жалғыз бір жал­пы ереже мынадай: статистика жағынан бас бірлестіктер біркелкі болған сайын, сұраптау тобының көлемі шағын болуы мүмкін, ал бас

бірлестік жөніндегі ақпарат жетіспеген сайын сұраптау көлемі үлкен болуы керек.

Кеңес Одағы әдебиетінде емдеу-курорттық ғимараттардың ЦНИ-ИЭП институтының әлеуметтану секторы жұмысының қорытынды-лары көрсетілген.

Осындай зерттеулер бойынша бұрынғы КСРО-да туристердің көбісі орман мен теңіз жағалауын, су алқаптарымен шекаралас аумақтарды таңдаған. Орманда демалуды халықтың 34,5%, теңізде - 28,2%, өзен-көлде - 29,5% және жақын орналасқан орман-теңізді, орман-өзенді (көлді) қалаған. Тауда тек 5,5%, ал дала ландшафтында тіпті мардымсыз 0,1% демалғысы келген. Және де қалаулар құрылымы барлық жағдайда немесе әдетте адамның рекреация мүмкіншіліктері жөніндегі білімімен айқындалады. Осы жәйтті болашақтағы туризм мен демалыс қажеттіліктерінің болжамын жасағанда қате жібермеу үшін ескеру қажет. Келешекте қалаулар құрылымы өзгерістерге үліырамақ, мәселен, туризмнің бұрын дамымаған немесе беймәлім түрлерінің пайда болуына, олардың іске асырылу шарттарының не­месе ұйымдастырылу аумағының өзгеруіне байланысты, жұрт осы-ларды тандауы мүмкін .

Демалыс ландшафтын таңдауына халықтың жас сатылары құрылымы ең үлкен әсерететіндігі анықталды. Жасы келген сайын қала жұрты орманда демалуды коп таңдай бастайды: 16-24 жасарлардың 31,3%-ы ғана демалысын орманда өткізгісі келсе, 60 жасар және одан үлкендердің 47%-ы осындай демалысты қалайды. Керісінше, демалы­сын тауда өткізгісі келгендердің арасында жастар үлесі жоғары (9%).

Шипалы суларда зейнеткерлер демалғысы келеді. Бір қызығы, сауалнама бойынша орман мен озен жағасындағы демалыс теңіздегі демалыстан гөрі көп таңдаулы болады екен. Бірақ, қала тұрғындары арасында Қара теңіз жағалауындағы демалысты таңдайтындардың саны өсуде. Осы ауданда ересектердің 24%-ы демалғысы келеді. Теңіз жағалауында демалғысы келетіндердің арасында 16-39 жасар адамдар коп. Осындай демалыстың ең сүйікті аудандары - Қырым мен Кавказдың Қара теңіз жағалауы болған.

Рекреациялық қажеттіліктерді зерттеу - территориялық рекреа-циялық жүйелердің (ТРЖ) қалыптасуы, істеуі мен дамуының заң-дылықтарын анықтау жолындағы тек алғашқы маңызды кезеңі болып табылады.

Социологиялық зерттеулердің нәтижелері медицина қызмет- t керлерінің, экономистердің, экологтардың, курортологтардың және басқа да мамандардың ұсыныстарымен толықтырылуы керек, өйткені жұрттың талаптары медициналық ғылымның, табиғат қорғау мақсаттарының және мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктерінің ғылыми тұрғыдан дәлелденген талаптарына барлық жағдайларда сәйкес болуы мүмкін емес.

Халықтың сұранысы қажеттіліктердің әсермен бірге ұсыныла-тын туристік қызметтердің көлемі мен құрылымының, рекреациялық шаруашылықтың материалдық базасының дамуына байланысты қалыптасады. Сөйтіп, туристік сұраныс, бір жағынан халықтың жеке, топтық және қоғамдық төлеу қабілеті мен қоғамдық тұтыну қорларымен өтелетін қажеттіліктермен анықталады, ал, екіншіден, рекреациялық қызмет көрсету жүйесі мен туристік қызметтер ұсынысына байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктер мен туристік сұраныс халықтың белгілі әлеуметтік-демографиялық тобының қалауы бойынша таңдалған туризм түрімен, осы топтардың төлеу қабілетімен және олардың экономикалық аудандағы немесе бүкіл ел көлеміндегі жалпы санымен анықталады.

Рекреациялық қажеттіліктерге болжам жасағанда, бір жағынан демалыс пен туризмнің қазіргі құрылымын, ал екінші жағынан халықтың таңдауларын, оның ғылыми-техникалық прогресс пен тез өзгеріп түратын өмір жағдайы әсернен болатын динамикасын ескеруқажет.

Рекреациялық қажеттіліктер құрылымы мен болашақтағы туристік ағымдар көлемін анықтау үшін халық топтарының бос уақыты балансының зерттеулеріне негізделген әдістерімен бірге нормативтік көрсеткіштер әдісі колданылады. Нормативтік әдістер демалыс пен туризм мекемелерінің 1 мың адамға есептелетін нормаларға сүйенеді. Туризмді ірі экономикалық аудандарда ұйымдастыру сүлбаларын жасағанда халық топтарының бос уақыты балансының зерттеулеріне негізделген әдістер ең дұрыснәтижелерге жеткізеді, ал жеке ТРЖ аудандық жоспарлауы деңгейінде - табиғи ландшафтарға зиян келтірмейтін жүктемелерді ескерген нормативтік әдісі қолайлы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет