Туризм және спорт факультеті


Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата07.04.2023
өлшемі264 Kb.
#80308
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ерқара Жанерке туризм

Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік. Қазіргі рекреациялық 
географияның зерттеу предметі территориялық рекреациялық жүйелер (ТРЖ) болып 
табылады. Сонымен қатар рекреациялық география география, экономика және 
мәдениеттанудың түйскен жерінде орналасқан «шекаралас» ғылымға жатады. Қазіргі 
ТМД елдеріндегі зерттеушілер бойынша рекреациялық географияның негізгі үш көз 
қарасы ажыратылады: 
— қоршаған орта көз қарасынан (физикалық-географиялық бағыттар зерттеледі); 


— әрекеттік көз қарасынан (адамның іс-әрекеті және оның мінезі зерттеледі); 
— субъективтік көз қарас (адамдардың қабылдау қасиеттерін және олардың 
ерекшеліктерін зерттейді). 
Материалдық заттар, жүйелер, процестер және құбылыстар 
рекреацияның объектілері болып табылады. Рекреацияның субъектері деп 
рекреациялық әрекетпен шұғылданатын адамдары түсінеді. Рекреациялық 
географияның көз қарасынан өзінің әлеуметтік мәдени біліміне стандартына сәйкес 
өзінің күшін қайта қалпына келтіруге бағытталған адамдардың әр түрлі іс-әрекетін 
рекреациялық әркет деп атауға болады. Мұның ішіне рекреацияның тәулікті, апталық, 
кварталдық, жылдық және өмірлік циклдері кіреді. 
В.Б. Николаенко [15] бойынша, рекреациялық география жүйелердің оптимальдық 
функциолануы бойынша түрлі үсыныстарды жасап шығарады; белгілі бір 
көрсеткіштерімен жүйелерді проектілейді; рекреациялық қажеттілікті анықтайды; 
жүйелердің жасау және функциолау саладарына болжам береді; территориялы-
дифференциацияланған нормаларды және территориялық рекреациялық жүйелерді 
проектілеудің және оны зерттеу әдістер жүйесін жасап шығарады; территориялық 
рекреациялық жүйелердің аймақтық ерекшеліктерімен таныстырады. Демек, 
рекреациялық география қоғамдық арнайы географиялық ғылымдарға жатады, оның 
зерттеу объекті мен предметінің мақсатты функциясы әлеуметтік деп анықталады. 
Рекреациялық география географиялық ғылымдар жүйесеніде қолданылатын тарихи, 
салыстырмалы, картографиялық, талдау-статистикалық, экспедициялық зерттеу, 
математикалық модельдестіру әдістерін пайдаланады. Рекреациялық географияның 
зерттеу предметі әлеуметтік сипатқа ие болғандықтан бұл ғылымда басқа да 
қоғамдық және медикалы-биологиялық ғылымдарының әдістерін қолданыдаы, 
мысалы, баланстық, социологиялық т.б. Рекреациялық географияның басты мәселесі 
территориялық рекреациялық жүйелердің даму және қалыптасуының объективті 
заңдылықтарын айқындау және белгілі бір елдің немесе ауданның әлеуметтік-
экономикалық және табиғи жағдайыда олардың әрекеттеу механизмдерін. 
Рекреациялық географияның басқа бір маңызды мәселесі рекреациялық іс-әрекет 
жүргізу үшін жүй тармақтары арасындағы оптимальдық өзара байланыстар және 
өзара тәуелділіктерді орнату, территориялық рекреациялық жүйелердің шоғырлану 
деңгейін және олардың мамандануын негіздеу мақсатында әр түрлі деңгейдегі және 
әр түрлі типтерін зерттеу маңызды болып табылады. Одан басқа рекреациялық 


географияның маңызды мәселесі өз өлкенің, Қазақстанның, шет елдердің 
рекреациялық жүйелер туралы ақпаратты түсінікті деңгейде жеткізу. 
Н.Ф. Реймерс [17] бойынша, адамның ден саулығын, оның еңбекке қабілеттілігін қайта 
қалпына келтіру үйден тыс болу қажет, яғни туристтік саяхатта, санаторияда, демалу 
үйлерінде т.б. Мұндай пікір, рекреация демалудың, синонимі ретінде қарастыруға 
себеп береді. Осы көз қарастан демалудың белсенді және пассивтік түрін ажыратады. 
Белсенді түрі басым туристтік, спорттық тағы басқа қозғалмалы әрекетпен 
байланыстарды. Ал пассивтік демалу, жалпы қозғалыстардың барлық түрлерін тыс 
демалу. 
Демалу процесінің ұйымдастырылуы бойынша ұймдастырылмаған және 
ұйымдастырылған демалу түрлеріне бөлінеді. Ұйымдастырылған демалу 
рекреациялық ресурстарды пайдалануды басқарылатын процес түрінде болады, яғни 
демалу процесі уақыт, кеңістік т.б. көрсеткіштер бойынша шектелген, арнайы 
маршруттар бойынша, жалпы барлық рекреациялық объектілерді және процестерді 
белгілі бір тәртіпке бейіделген болады. Ұйымдастырылмаған демалу түрі белгілі бір 
жүйеге немесе тәртіпке жатпайды, яғни қызмет көрсету саласы жоқ жағдайда 
өткізілетін демалу. 
Рекреациялық ресурстарды жалпы түрде табиғи және антропогендік түрлеріне бөледі. 
Рекреациялық ресурстардың табиғи түрлерін климаттық, гидрминеральдық, су, орман, 
таулы ресурстары және теңіз жаға бойының ресурстары жатады. Антропогендік 
рекреациялық ресурстарға мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар және басқада елді 
мекендер, бірегей (уникальный) техникалық құрылыстар т.б. 
Рекреациялық ресурстарды түрлері бойынша ажыратады, мысалы, туризм 
ресурстары, емдеу ресурстары т.б. және функциялары бойынша курорттық немесе 
емдеу, сауықтыру, спорттық және экскурсиялы-туристтік немесе тану мақсатында 
пайдаланатын ресурстары. 
Ғылыми географиялық әдебиетте «рекерациялық объект», «рекреациялық 
территория» және «территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ)» деген терминдер 
қолданады. Қазіргі таңдағы анықтамалар бойынша демалуға ерекше жағымды 
қасиеттерге ие ауданы бойынша шектелген кез келген орын – рекреациялық объект 
болып табылады, Ниагара сарқырамасы, Шардара су қоймасының плотинасы т.с.с. 
Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қайта қалпына келтіру, жалпы 
демалуға арналған су акваториясының немесе құрлықтың учаскесі – рекреациялық 
территория болып табылады, ұлттық парктер, ормандар, көлдер т.б. 


Үшінші термин жүйелі көз қарастан қарастырылады, сондықтан, территориялық 
рекреациялық жүйе деп өзара байланысқан жүйе тармақтарынан тұратын (табиғи 
және мәдени кешендерден, техникалық құрылыстардан, қызмет көрстеу персоналдан, 
басқару органдардан және демалушылардан) геожүйе болып табылады. 
Территориялық рекреациялық жүйе концепциясы 1969 жылы В.С. Пребораженский 
негіздеді [15]. Оның ойыларын дамыта отырып бірнеше авторлар рекрациялық 
жүйенің адаптациялық моделін жасап шыққан. Берілген модельдің құрылымында 
демалушының рекреациялық ортаны қабылдаудың үш негізгі стадиясын ажыратады: 
әрекет алды (ортаның «көрінісі»), әрекеттегі («ситуация») және әркеттен кейін («із»). 
Қабылдаудың бірінші фазасы (әрекет алды), рекреациялық шұғылдану циклдерге 
қатысты рекреациялық қажеттілігінің сипаты мен құрылымын сәулелендіреді. Екіншісі 
(әрекеттегі) – демалу ортамен адамдардың өзара әрекеттесудің ерекше формалары 
түрінде рекреациялық шұғылдануды орындау процесі. Үшінші (әрекеттен кейін) – 
рекреацияның эффективтілігі, яғни естелік, басқа адамдарға мәлімет жеткізу, және 
сонымен қатар экономикаға, мәдениетке және экологияға жанама ықпалы. 
Кеңес кезеңінде, рекреациялық ресурстарды, территориялық рекреациялық 
жүйелердің функциолануын, құрылымын және құрамын, рекреациялық 
территориялардың қасиеттерін зерттейтін ғылыми бағыт ҚСРО-да ХХ ғасырдың 60-ші 
жылдары «рекреациялық география» деп аталды. Еуропа мен Американың көптеген 
елдерінде рекреациялық географияны «туризм және демалу географиясы», «бос 
уақытының географиясы», «демалу географиясы» деп аталады. 
Рекреациялық іс-әрекет процесінде пайдаланатын территория мен жүйелердің 
объектілері негізінен табиғи және мәдени ескерткіштер болып келеді. Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік қорықтар, табиғи ескерткіштер, ұлттық парктер, 
заказниктер туралы ережеде, ғылыми, мәдени-тануда және сауықтыру қатынаста 
бағалы болып табылатын бірегей (уникальный) немесе типтік табиғи объекттер, кіші-
гірім урочищелер болып келетін (өзеннің, көлдің, жаға бойының, жеке бір тау жотасы), 
жеке объекттер (геологиялық ашылулар, үңгірлер, ерекше өсіп жатқан ағаштар, т.с.с., 
сонымен қатар тарихи немесе мәдени ескерткіш ретінде мойындалмаған немесе 
табиғи-мәдени ескертікштер құрамына кірмеген жасанды объекттер – ескі паркттер
тоғандар т.с.с. табиғи ескертіштер деп жарияланады. 
Мәдени ескерткіштерге архитектуралы-құрылыс, археологиялық, діни және басқада 
ұқсас объектілер жатады. Ескерткіштерді бағалылығына және біргейлігіне қарай дүние 


жүзі мұралар ескерткіштердің категориясына немесе ұлттық (мемлекеттік) 
ескерткіштерге жатқызады. 
Мәдени ескерткіштерді бес топқа ажыратуға болады: 
1) археологиялық ескерткіштер; 
2) тарихи ескерткіштер (ғимараттар, тарихи оқиғалармен, қоғамның, ғылымның және 
техниканың дамуымен, мәдениет және тұрмыспен, көрнекті мемлекеттік 
қайраткерлерінің өмірімен, халық батырларымен, ғылым, әдебиет және өнер 
қайртакерлерімен байланысты); 
3) архитектуралық ескерткіштер (архитектуралық ансабльдер, ескі қалаларданың 
қалдықтары, діни архитектура т.с.с.); 
4) өнер ескерткіштері (скульптуралар, саябақ өнері т.с.с); 
5) мемориалдық ескерткіштер (кесенелер, монументтер, мешіттер, шіркеулер т.с.с.). 
Демек, табиғаттың және мәдениеттің ескерткіштері, демалушылардың белгілі бір 
ландшафтға келуінің негізгі себептері болу мүмкін 
Жоғарыда көрсетілген территориялардан тыс, демалушылардың апта бойы қысқа 
мерзімді демалу мақсаттымен баратын, жалпы мақсатта пайдаланатын саябақтар, 
ормандар, елді мекендердегі жасыл учаскелері рекреациялық ресурстары ретінде 
пайдалануда. 
Табиғи және мәдени объектілерімен қатар рекреациялық территориялар шегінде 
көпфункционалды рекреациялық әрекетті жүргізуді қамтамасыздандыратын (емделу, 
сауықтыру, спорттық) рекреациялық мекемелер түріндегі территориялық 
рекреациялық жүйелерде бар. Мұндайларға санаториялар, курорттар, жасалыңған 
маршруттар жүйесі бар экскурсиялық орталық болып табылатын қалалар, туристтік 
базалар, альпинисттік және тау шаңғы лагерлері. 
Белсенді демалу көлемінде туризм деген рекреациялық іс-әрекетінің түрі ерекше 
дамыды. Қазіргі ғылыми әдебиетте «туризм» деген түсінікке бірнеше көз қарастан 
түсіндірме береді. Анықтамалардың бірі бойынша туризм деген бос уақытындағы 
белгілі бір мақсатпен саяхат жасау. Басқа бір пікір бойынша шаруашылықтың, тұратын 
жерінен уақытша тыс орналасқан адамдарға қызмет ету саласы немесе туристтерге 
тауар мен қызмет етуін қамтамасыздандыратын рыноктың бір сегменті болып 
табылады. 


Жүйелі көз қарастан туризм географиялық элементтерден, туристтерден, туристтік 
индустриядан құрылған жүйе деп анықталған. 
Географиялық элементтер туристтер аймағы, транзиттік аймақ және туристтік 
дестинация болып бөлінеді. Туристтердің тұтынуна жауап беретін және тасымалдау, 
түнеу, азықтану, демалу тағы сол сияқты сұраныстарды қамтамасыздандыратын 
территорияны дестинация деп атайды. (ТМД елдеріндегі туризм бойынша 
еңбектерде мұндай термин жоқ, оның орнына «курорт» термин қолдануда). 
В.Б. Николаенко бойынша [15], туризм саяхаттанудың басты мақсатына қарай 
курорттық-емдеу-, сауықтыру-спорттық, тану, конгресстік, діни, білім алу, ойын-
сауықтыру, ғарыштық т.б. ХХ ғасырдың 90-ші жылдарында экотуризм жақсы даымп 
бастады. Туризмнің мұндай түрінің басты маңыздылығы адамның табиғатты қорғау 
мәселелерін қарастыру. 
Саяхат жасаудың орнына және көлік түріне қарай түризм жаяу жүру, сулы, автокөлікті, 
шаңғы, велосипедттік, мотоциклеттік, тау шаңғы, таулы, спелеотуризм, альпинизм, 
құзға шығу (скалолазание), сонымен қатар авиа мен теңіздік турларға бөлінеді. 
Белсенді демалу түрлеріне қала түрғындарының саяжайларында демалу барысында 
айналадағы суаттарда шомылу, балық аулау, саңырауқұлақ теру т.с.с. 
Қала түрғындары елді мекенде де демалуға мүмкіндік бар, мәдениет сарайлары, 
музейлер, кинотеатрлар, театрлар, библиотекалар, цирктер, әр түрлі көрмелер, әр 
түрлі спорттық құрылыстар (бассейндер, стадиондар, ипподромдар, корттар т.б.), 
клубтар және қоғамдар т.б. Сонымен қатар жалпы демалудың негізгі түсінігі іс-
әрекеттің түрін өзгерту үй жағдайында өткізуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет