Туризм және спорт факультеті


Рекреациялық кеңістік және уақыт



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата07.04.2023
өлшемі264 Kb.
#80308
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ерқара Жанерке туризм

Рекреациялық кеңістік және уақыт. Жоғарыда келтірілгендей рекреациялық уақыт 
жеке адамның, топтың, қоғамның физикалық, рухани ден сауылығын сақтау, қайта 
қалпына келтіру және даму және интеллеткуалдық жетілдіру үшін қолданылатын 
әлеуметтік уақыттың бір бөлігі. 
Бүгінгі таңда, көп адамдардың рекрациялық уақыты бос уақытына сәйкес келеді. Одан 
қалса бос уақыттың халықтың ден саулығын қайта қалпына келтіруге және дамытуға 
жұмсалатаны уақытты рекрациялық уақыт деп анықтайды. 
Қазіргі таңда рекреациялық географияның жаңа проблемалардың бірі бос және 
жұмыстан тыс уақытты рекреациялық уақытқа ауыстыру. Рекреациялық уақытты 
демалушылардың және демалысты ұйымдастыратындардың уақыттарын ажырату 
қажет. 
Демалушылар рекреациялық уақытын өзінің жеке көз қарасынан қарастырады, ал 
демалысты ұйымдастырушылардың уақыты – халықтың рекреациялық тұтынуларын 
қамтамасыздандыруына бағытталған іс-әрекетті функциолану және қалыптасу 
уақыты. 
Әлеуметтік уақытты зерттеудің өлшеу бірліктері өмір (балалық шақ, кәмелеттік, 
кәрілік), жыл, апта, тәулік болып табылады. Осы кезеңдердің рамкасында әлеуметтік 
уақыттың құрылымы, жұмыс және жұмыс тыс уақыттың кезектесуінің белгілі бір ритмі 
қалыптасады. 
Әдеттегі еңбек күнін сипаттайтын тәуліктік кезеңіне жұмыс басталуға дейін, түскі асқа 
бөлінген, жұмыстан кейінгі жұмыс емес кезеңдері кіреді. Оның ұзақтылығы бірнеше 
сағат. Апталық кезеңнің құрамына, кезекті қайталанатын тәуліктік жұмыста тыс 
уақытымен сенбі-жексенбі (уик-энд) демалу уақыты кіреді, оның ұзақтылығы 1-2 күн 
шамасында. Жылдық кезеңге отпускті уақыт кіреді, ол кезеңнің ұзақтылығы еңбек 
түріне қарай әр түрлі болып табылады, мысалы Қазақстанда, 18 календарлық күннен 
56 күнге дейін созылады. 
Рекреациялық кеңістік әлеуметтік кеңістіктің бір бөлігі болып табылады. Ол 
рекреациялық уақыт сияқты рекрациялық іс-әрекетінің субъектімен тікелей 
байланысты. Демек, жеке адамның, адамдар тобының, аймақ, мемлекет халқының, 
т.с.с. рекреациялық кеңістігі туралы айтуға болады. 


Рекреациялық кеңістікті демалушылар және демалысты ұйымадстырушылар 
қалыптастырады. Рекреациялық кеңістіктің қалыптасуы таңдау негізінде қалыптасады: 
нақтылықтың көптеген объектілері мен қасиеттерінен рекреациялық тұтынуға 
ылайықты болып келетін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет