Рекреациялық іс-әрекет және рекреациялық потенциал. Рекреациялық
потенциалды ұзақтылығы және өткізу орны бойынша критерийлерге қарап ажырату
өте күрделі мәселе болып табылады. Экскурсия мен туризмнің арасындағы уақыт
бойы айырмашылығын тәуліктік цикл бойынша ажыратылады деп түсінеді. Яғни 24
сағат дейін рекреациялық әрекет экскурсияға жатады, ал одан көп болған жағдайда
оны туризм деп есептейді.
Рекреациялық іс-әрекеттер әр түрлі болып келеді. Мысалы демалудың барлық
түрлерін екі үлкен топқа бөледі, стационарлық және мобильді (қозғалмалы десек
болады). Басқа бір классификациясы бойынша демалуды ұзақ уақыт бойы (емделу,
сауықтыру, спорттық, тану т.б.) және қысқа мерзімді категорияларға бөледі.
Маусымдық белгілері бойынша демалу түрлерінің топтарында жазғы, қысқы, өтпелі
масымдарда демалу түрлеріне бөлуге болады. Жастық шақ бойынша мектепке
жетпеген балалардың, мектеп оқушылардың, орта жастағы және кәрі жас адамдардың
демалу түрлеріне бөлінеді. Осыған қосымша отбасымен демалу, жеке демалу, аралас
демалу, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған демалу болып бөлінеді.
Рекреацияның дамуына рекреациялық потенциалдың бар болуы қажетті жағдай, ол
жағдай әр түрлі масштабта бағаланады: халықаралық, мемлекет, аймақ, аудан
деңгейлері.
Белгілі бір территориядағы рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін табиғи,
мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғы шарттарының жиынтығын
рекреациялық потенциал деп атайды.
Рекреациялық потенциалды төмендегідей көрсеткіштер бойынша қарастыруға
болады:
1. Табиғи және тарихи-мәдени объектілердің бірегейлік, экзотикалылық деңгейі:
— мәдени-тарихи объектілердің ақпараттық мәні;
— объектілердің тану және тәрбиелік маңызы;
— ЮНЕСКО тізіміне жататын, халықаралық деңгейдегі объектілер
мен ескерткішердің бар болуы;
— ұқсас объектілер арасындағы типтілігі;
— түрақты мекен жайына салыстырғандағы объекттің контарсттылық деңгейі;
— объекттер мен құбылыстардың басқа жерде кездесетіндығы және
қайталанбайтығын дәрежесі;
— сұраныс орындарына қатынасты тарихи-мәдени объектілердің қол жетерлігі
және осы объектілер танымал болуы;
— мәдени кешендердің сыйымдылығы және сенімділігі;
— объектілердің көлемі мен пішіндері және оны шолу мүмкіндігі.
2. Табиғи және тарихи-мәдени потенциал мен территорияның қол жетерлігі:
— көлікті қол жетерлігі;
— кеңістікті қол жетерлік;
— уақыт бойы қол жетерлік;
— саяси қол жетерлік;
— әлеуметтік-экономикалық қол жетерлік;
— қаржы қол жетерлік;
— ақпараттық қол жетерлік;
— формальдық қол жетерлік;
— инфрақұрылымдық қол жетерлік.
3. Рекреациялық және туристтік инфрақұрылымның бар болуы.
— орналастыру индустриясы;
— азықтандыру индустриясы;
— ойын-сауық (развлечение) индустриясы;
— көлік тасмалдау индустриясы.
4. Территорияның рекреациялық және туристтік мүмкіндіктері және оны пайдалану
дәрежесі. Рекреациялық іс-әрекетінің ресурстары және жағдайы:
— территорияның медикалы-географиялық және физикалық-географиялық
сипатты көрсеткіштері;
— территорияның микроклиматтық ерекшеліктері;
— территорияның мәдени-тарихи маңыздылығы;
— территорияның рекреациялық игерілгендігі және рекреациялық игеруі;
— рекреациялық ресурстардың сиымдылығы;
— рекреациялық және туристтік ресурстары туралы ақпарттық құрамдастығы;
— рекреация және туризм дамуының жинақтау, орындалу және локализдену
факторлары.
5. Территорияны рекреациялық пайдалану дәстүрлері.
— территорияның рекреациялық игерілу деңгейі;
— территорияның әлеуметтік-мәдени өзгерістері;
— аймақтағы рекреация мен туризм дамуының дәстүрлі және бірегей бағыттары;
— туристтік орталықтар және туризм орталықтары: олардың ерекшеліктері,
мамандануы және дамуы мен қалыптасуындағы ерекшеліктері;
— ауданның игеру кезеңі және игерулік дәрежесі;
— территорияны рекреациялық пайдалану түрлері.
6. Жергілікті халықтың өмір сүру салт-дәстүрлері және территорияның туристтік-
рекреациялық мұраны қабылдау жағдайы.
7. Табиғи-климаттық және ландшафттық жағдайы:
— климат жағдайы;
— орографиялық жағдайы;
— гидрологиялық жағдайы;
— фауналық және флоралық ресурстары;
— ерекше қорғалатын табиғи территориялар және бірегей табиғи объектілер;
— адамның организміне табиғи факторлардың ықпалы, олардың
комфорттылығы: жергілікті жердің метеорологиялық жағдайы, ауа райының
өзгермелілігі т.с.с.
— топологиялық (жергілікті жердің бірегейлігі; табиғи орталардың
байланыстылығы және табиғи мен мәдени-тарихи рекреациялық ресурстардың өзара
әрекеттесу формалары), фукционалдық (саңырауқүлақ, жидек теру, балық аулау,
өнеркәсіптік емес аң аулау жағдай, саяжай үшін территория бөлістіру жағдайы) және
эстетикалық қасиеттері (рекреанттың психологиялы-эмоциональдық сферасына
территорияның әсер ететін қабілеті).
8.
Рекреация мен туризм дамуына ықпалы бар жағымды және жағымсыз факторлар:
— ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне еңгізілген объектілердің бар болуы;
— техногендік іс-әрекетінің саладырының және табиғаттың апаттық
құбылыстардың орын алуы (авариялар, апаттар);
— халықаралық және ішкі туризмнің инфрақұрылымдық қамтамасыздану
дәрежесі;
— жергілікті түрғындарды және еңбек ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері;
— аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
9. Демалудың территориялық ұйымдастырудың негізгі аспектілерін өзара байланысты
зерттеу:
— демалуды ұйымдастыру формалары;
— демалуды ұйымдастырудың перспективтік бағыттары;
— рекреациялық инфрақұрылым және оның кеңістікті ұйымдастыруының
ерекшеліктері;
— кеңістіктің туристтік-рекреациялық диффееренциациясы;
— территорияның экологиялық жағдайы;
— территорияның рекреациялық және шаруашылықты маңыздылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |