Туризм тарихы


-ТАРАУ. ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ



бет2/66
Дата14.03.2023
өлшемі1,92 Mb.
#73947
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
treatise22711

3-ТАРАУ. ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
3.1 ХІХ ғасырдың соңына дейінгі кезең....................................................104
3.2 ХХ ғасырдың басынан 1930 жылға дейінгі кезең...............................107
3.3 1931 жылдан 1945 жыл арасындағы кезең..........................................110
3.4 1945 жылдан 1960 жыл арасындағы кезең..........................................117
3.5 1960 жылдан қазіргіге дейінгі кезең....................... ..123
4-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕЛУІ
4.1 Қазақстан туризмінің тарихы...............................................................148
4.2 Қазақстандағы туризмнің ғылыми зерттелуінің дамуы.....................173

Пәнді зерттеуге ұсынылатын әдебиеттер..................................................180


1-қосымша. Туризм дамуының жылнамасы...........................................186
2-қосымша. Қазақстан туризмі туралы әдебиет.....................................190
3-қосымша. Қазақстан туризмі тақырыбы бойынша
қорғалған диссертациялық жұмыстар...................................................205
4-қосымша. Мәдени туризмінің эволюциясы.......................................217
5-қосымша. Тест тапсырмаларының жинағы........................................218
АЛҒЫ СӨЗ

Егеменді Қазақстанда туристік мамандарды даярлау үдерісі 1992 жылы басталды: дәл осы жылы екі ЖОО-нда туризм факультеті («Тұран» университеті) және география-экология факультетінің жанында туризм бөлімшесі (Абай атындағы педагогикалых уиверситет) ашылды. Сәл кейінірек осындай бөлімшелер мен факультеттер еліміздің басқа да ЖОО-нда: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және халықаралық тілдер Қазақ мемлекеттік университетінде, спорт және туризм академиясында және т.б. ашыла бастады. Осыдан 2000 жылға дейінгі мезгіл еліміздегі жоғары туристік білімінің қалыптасу кезеңі болатын. Оның басты сипаттары: туризмнің оқулық мамандықтарының толық анықталмауы, туризм пәндері бойынша біліктілі оқытушы мамандардың жетіспеуі, материалдық және тәжірибелік базалардың болмауы және т.с.с. еді. Тек 2000 жылы оқу мамандарының классификаторына еліміздің барлық оқу орындары қолдаған «Туризм» мамандығы енгізілді. Сонымен бірге мамандықтың мемлекеттік стандарты да жасақталды. Бұл стандартта басынан бастап, толығымен сәйкесті түрде болмаса да, «Туризм тарихы» курсы орын тапқан-ды.


Қоғам өмірі мен іс-әрекетінің барлық әлеуметтік-экономикалық құбылыстары сияқты, туризм де, оның қазіргі күйі мен болашағына талдау жасағанда, тарихи әдістемелікті қажет ететіндігі сөзсіз. Туризмнің көптеген ғасырларды қамтитын тарихы бар, ал қазіргі заманауи жүйе ретінде ол ХІХ ғасырда қалыптасып, бүкіл ХХ ғасыр бойы өркендеп, жетілдіріліп келе жатыр. Бұл үдеріс қазір де, ХХІ ғасыр аясында жалғасуда.
Туристік кәсіпорындар мен туристік шаруашылықтың басқа нысандарын жобалағанда, туристік сұраныс пен туристік ағымдарды болжағанда, туризмнің жан-жақты дамуы мен аумақтық ұйымдастыру мәселелерін шешкенде оның даму тарихы жөніндегі білімді, өткен тәжірибесін талдауды айналып өтуге болмайды. Осыған орай туризм теориясының бастапқы сатыларын игеріп отырған жоғары оқу орындарының туризм мамандықтарының студенттері туризмнің кеңістіктік және әлеуметтік-экономикалық құбылыс тұрғыдан даму тарихын және оның ғылыми зерттелу объектісі ретіндеде білулері тиіс.
Туризм көпжылдық дәстүрге айналған елдерде туризм тарихына арналған зерттеулер қолға алынған және мұқият жасақталған. Тіпті, бұрынғы КСРО-ның өзінде де бұл мәселе жеткілікті зерттелген деп айтсақ қателеспейміз. Ең алдымен, туризм тарихы «Русский турист», «Экскурсионный вестник», «На суше и на море», «Турист-активист», соғыстан кейін шығып тұрған «Турист», басқа да журналдарда, жинақтарда, альманахтарда, басқа басылымдардағы мақалаларда қарастырылған.
КСРО туризмінің дамуы жөнінде біршама кітаптар шыққан. Ең алғашқы кітаптардың қатарында 1981 жылы Р.А.Дьякованың «История экскурсионного дела в СССР», 1985 жылы В.В.Дворниченконың «Развитие туризма в СССР (1917-1918)», 1986 жылы Б.Ф.Кудиновтың «Из истории развития туризма» сияқты кітаптарды атап шығуымызға болады. 1988 және 1989 жылдары нағыз қызығушылық тудыратын: Г.П.Долженконың «История развития туризма в дореволюционной России и СССР» атты монографиясы мен осы саланың ең ірі өкілі Л.М.Логинов пен оның авторласы Ю.В.Рухловтың «История развития туристско-экскурсионного дела», 1999 жылы А.А.Крючковтың «История международного и отечественного туризма», 2000 жылы Г.С.Усыскинның «Очерки истории российского туризма», 2001 жылы В.В.Дворниченконың «История международного и национального туризма» атты кітаптары шықты. Тағы да екі кітапты атаған абзал. Біріншісі – 1986 жылы Минск қаласында шыққан В.А.Квартальновтың «История и организация туризма в СССР и зарубежных странах», екіншісі – П.С.Пасечныйдың «Туризм и экскурсии» (М., 1983). Бұл кітаптарда КСРО туризмінің даму тарихына зор көңіл бөлінген. 1979 жылы Варшавада Антони Яцковскийдің «Туризм в Советском Союзе» деген кітабы поляк тілінде жарық көрді.
1999 жылы Минскіде Г.Ф.Шаповалдың «История туризма» деген кітабы шықты. Бұл басылымның маңыздылығы автордың туризм тарихын ғылым ретінде қарастыруы болды. Онда: «Туризм тарихы дегеніміз саяхаттарды (жорықтарды, экскурсияларды) атам заманында болған ең қарапайым түрлерінен бастап қазіргі кезеңге дейін зерттейтін ғылым болып табылады» (3-бет), – деген анықтама берілген. Мұндай анықтамамен толық түрде келісе алмаймыз, себебі туризм туристік саяхатпенен шектелмейді. Біздің пайымдауымызша, туризм – азаматтардың өздерінің тұрақты мекенжайынан тыс жерде саяхат жасауы және табыс табу үшін жасалатын әрекеті, болмаса, уақытша орында болу үрдісінде пайда болатын құбылыстар мен қатынастар. Ал, қорытып айтсақ, туризм тарихы дегеніміз – уақыт тарапынан қарастырылған, туристік саяхаттармен бірге осы саяхаттарға байланысты құбылыстар мен қатынастар кешенін, оның ішінде туризмнің ғылыми зерттелу тарихын толығымен зерттейтін ғылым.
2002 жылы кең ауқымды (20000 дана) тиражбен Мәскеуде тарихшы ғалым М.В.Соколованың «История туризма» деген кітабы шықты (кейін үш рет қайта шығарылған). Өкінішке орай, ауқымды кітап (22 б.т.) толығымен дерлік саяхаттар, жорықтар, сауда мақсатында жасалған жиһан кезу мен халықтың басқа да қоныс аударуларын, саяси қатынастарын өте тиянақты суреттеп, туризм жөнінде аз ғана ақпарат берген.
Туризмді көне заманнан кәсіп еткен елдерде туризм ғылымы да жақсы дамыған және де осы елдерде туризм дамуын зерттеу жұмыстары қолға алынған. Көптеген осындай зерттеулер географтардың, кейде басқа ғалымдардың қарамағында өткізілген.Тәуелсіз Қазақстанда (Кеңес Одағы кезеңдегідей) мұндай зерттеулердің саны әлі де тапшы. Сондықтан кешенді тарихи-шығутегілік жұмыстарды тежелейтін осындай ақпараттық құлазуды толтыру үшін географтар туризмнің тарихи қырларын өз еркімен зерттеу жүргізуге мәжбүр болып отыр. Туризмді зерттейтін басқа ғылымдар сияқты, туризм географиясы өз зерттеулерінде тарихи мағлұматтарды, әсіресе, халық шаруашылығы мен туризм дамуы тарихы жөніндегі материалдарды қолдануы міндетті: туризм әсерінен кеңістік пен уақытта орын табатын шаруашылық және әлеуметтік өзгерістердің талдауын жасаған кезде онсыз болмайтыны түсінікті.
Кейбір басылымдарда «шашылып» жатқан материалдарды есепке алмасақ, авторға Қазақстан туризмінің тарихы жөнінде екі-ақ ауқымды жұмыс мәлім. Біріншісі, 2001 жылы Алматыда 12 б.т. көлемінде шыққан Ю.С.Накатковтың «История туризма Казахстана» атты кітабы (өкінішке орай, кітап шығарған баспа аталмаған). Редакциялық, полиграфиялық, фактографиялық кемшіліктеріне қарамастан, бұл кітапты туризммен әуестенетін оқырмандар, оның ішінде ЖОО туристік мамандық студенттері үшін пайдалы деп есептеуімізге болады.
Екіншісі – екі рет (2000, 2002) баспадан шыққан п.ғ.д., профессор В.Н.Вуколовтың «История и теория международного туризма» атты оқу құралы. Бұл басылым мемлекеттік стандарттың 080140 – «Туризм» мамандығы пәнінің оқу-әдістемелік кешені ретінде құрастырылған.
Автор өзінің оқу құралында, Г.Ф.Шаповалдың «История туризма» кітабындағі туризм тарихының ғылым ретіндегі анықтамасын пайымдап, оның зерттеу шеңберін анықтау әрекетін жасаған.
Зерттеу шеңберімен келісетін болсақ та, туризм тарихының анықтамасын [«Туризм тарихы дегеніміз саяхаттарды (жорықтарды, экскурсияларды) атам заманында болған ең қарапайым түрлерінен бастап қазіргі кезеңге дейін зерттейтін ғылым болып табылады» (24-бет)] қолдай алмаймыз. Автор «саяхаттар» деген сөзге «кішкене ғана бір толықтырманы» – «туристік» деген анықтаманы қосуды ұмытқан сияқты. Саяхаттардың барлығын емес, тек қана олардың белгілі бір түрлерін туристік саяхаттарына жатқызуға болатыны баршаға мәлім. Атап айтсақ, туризм дегеніміз – «саяхаттардың бөлек бір түрі, бірақ жалпы саяхаттардың ішінде анық шектеулермен ерекшеленеді, өзіне тән нақты сипаттамаларына ие...» (Биржаков, 1999, 22-бет).
Назарларыңыздағы кітап – осы еңбектің толықтырылған және өңделген екінші басылымының аудармасы (біріншісі, Алматыда 2003 жылы шыққан). Кітап авторы С.Р.Ердәулетов жиырма жыл бойы еліміздің бірталай ЖОО-нда өзі әзірлеп оқып келе жатқан «Туризм тарихы» курсын жете реттеп оқырмандарға ұсынып отыр. Онда барлық бұрынғы зерттеушілер жинақтаған қолдағы материалдарды пайдалану әрекеті жасалған. Бұл кітапты дайындауда автордың Варшава, Лодзь, Ягеллон университеттерінде (Польша) өткен оқу сапарлары және туризм географиясы мен тарихы бойынша ірі поляк мамандарларының кеңестері алынған. Сондықтан Қазақстандағы туризм дамуы мен ғылыми зерттелуі мәселелері жөніндегі өзінің дербес көзқарастарын келтірген.
Бұл басылымның басты мақсаты – әлемдік және отандық туризм тарихы бойынша қазақстандық оқу құралдарындағы бос жерлерді толықтырып, ең алдымен, туризм мамандығы бойынша оқып жүрген Қазақстан ЖОО студенттерінің көптеген әдеби қайнар көздерін ақтарып, қажетті мәліметтермен таныстыру, сонымен қатар туризмді, оның тарихы мен географиясын білуге қызықтыру болып табылады.
Кітапты баспаға дайындауда көмегін тигізгені үшін «Қазақ университеті» баспасының жетекші редакторы Самат Қалуовқа авторлар зор алғыстарын білдіреді.
Кітаптан байқалған кейбір кем-кетікті көрсетіп, талап-тілек білдірген оқырмандарға күні бұрын үлкен ризашылығымызды білдірмекпіз. Кітапқа қатысты пікірлер мен ескертпелерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география факультеті туризм кафедрасына немесе «Қазақ университеті» баспасына, мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет