Туризм тарихы


-ТАРАУ. ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ



бет14/66
Дата14.03.2023
өлшемі1,92 Mb.
#73947
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
3-ТАРАУ. ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ

Географтар баяғыдан туризм мәселелеріне көңіл бөлген, бірақ осы саладағы тиянақты зерттеулер тек ХІХ ғасырда, дәлірек айтсақ, оның екінші жартысында ғана басталған.


Туристік мәселелерді географиялық зерттеу шеңберіне енгізу бұл ғылымның XVIII ғасырдың соңына дейін жанама түрде ғана айналысқан әлеуметтік-экономикалық проблемаларына ден қоюына байланысты болды. ХІХ ғасырда өнеркәсіптің қарқынды дамуы, ірі қалалардың шоғырлануы, темір жол байланысының дамуы кезеңі басталды. Нәтижесінде көптеген елдер мен аумақтар аумақтық және құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Осы үрдістер үнемі өсіп келе жатқан ХІХ ғасырдың соңында кейбір елдерде өте үлкен көлемге жеткен, ал І дүниежүзілік соғыстан кейінгі оның «демократиялануы» оны одан сайын күшейткен туристік қозғалыс қосылды. Туризм дамуының нәтижесінде елдердің, аймақтардың және жерлердің жаңа әлеуметтік-экономикалық құрылымдары қалыптасып, кеңістікке өзгерістер енгізді, сондықтан бұл мәселелер географиялық зерттеулерді қажет етті. Осы зерттеулердің шеңбері кейбір елдер мен аймақтарда туристік құбылыстардың дамуымен бірге кеңейді және осы елдер мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы туризмнің әсеріне тәуелді болды.
Туризмді географиялық зерттеулер нысаны ретінде дұрыс түсіну кеңістікте тараған туристік құбылыстарының даму кезеңдерін қарастыру арқылы мүмкін болады. Осы пайымдауға сүйеніп, туризм географиясының жетістіктеріне байланысты кезеңдерді:



3.1. ХІХ ғасырдың соңына дейінгі кезең
Демалыс жасау сапарлары санының өсуі урбанизациялау үрдісіне, ал ең алдымен, ХІХ ғасырдағы теміржол көлігінің дамуына байланысты болған. Осыған орай, туристік, әсіресе, демалысқа жайлы қасиеттеріне ие болған аумақтар қажеттілігі ұлғайды. Осындай жаңа территориялар лайықты жабдықталмағандығынан туризм дамуының ХІХ ғасырдағы алғашқы сәтінде демалушылар көбінесе курортшыларды қабылдауға толық мүмкіншіліктері бар курорттық жерлерге (минералды суларға, шомылу-сауықтыру орындарына, климаттық курорттарға) барған. Өз кезегімен, осындай жағдай қызмет көрсету мекемелерінің (түнеу орындары, тамақтандыру және осыған сәйкес қажетті база) дамуына септігін тигізген. Осының нәтижесінде алғашқы болған елді мекеннен тыс орналасқан жаңа курорттық аудандар жиі пайда бола бастаған. Келіп жатқан демалушылар санына байланысты, кейбір жерлерде курортшыларды қарсы алу үшін меншікті үйлер де жабдықталып қосымша бөлмелер немесе жаңа үйлер салынды. Жаңадан салынған құрылыстардың стандарты бұрынғы объектілерден жоғары болған, кейде бірнеше қабат үйлер де салынған. Осы үрдістің нәтижесінде кенттердің бет-әлпеті өзгере бастады, кейде бұрынғы елді мекендік құрылымы толығымен өзгеріп кеткен. ХІХ ғасырдағы медицинаның дамуына байланысты климаттың (тау және теңіз маңының) және теңіз суының шипалы қасиеттерін жоғары бағалай бастаған. Бұл себептен бұрын жұртқа беймәлім және кішігірім елді мекендер ірі теңіз маңы (мысалы, Сопот, Канны, Монте-Карло, Ницца) немесе тау (мысалы, Шамони, Давос, Закопане) демалыс орындарына айналған және осы күнге дейін мыңдаған туристерді қабылдап өз функцияларын сақтап қалған.
Дәл осы кезде географтар қоныстау мәселелерін үңіліп зерттеге және олар елді мекендердің кеңістіктегі таралуымен бірге олардың тік кеңеюін де зерттеген. Осы аядағы алғашқы еңбектердің бірі [102] неміс И.Г.Кольдың басылымы болған*. Бұл еңбектің арнайы белгілеп көрсеткен «Басқа бір қоғамдық қозғалыс және ол қалыптастырған [...] ойын-сауық, қызмет көрсету кенттері мен су курорттары» деп аталған бөлімінде автор туристік қозғалыс пен оның аудан дамуына тигізетін әсері жөнінде өз ойларын көрсетіп жазған.
Зерттеулерінде аймақтар мен аумақтардың экономикасындағы туристік қозғалыстың белгілі маңызына көңіл аударса да, туризммен байланысты шаруашылық мәселелері ол кезде географтарды қызықтырмаған** [102, 108].
XVIII, ХІХ (әсіресе, оның бірінші жартысы) ғасырларда туристік немесе курорттық тақырыбына тікелей арналған жұмыстары бойынша поляк географиясы үлкен жетістіктерге жетті деп айта алмаймыз. Дегенмен, осы тақырыпқа қатысты ойлар жер туралы басқа ғылымдардың, жаратылыстанушылар және дәрігерлердің жұмыстарынан табылады.
Туризм туралы – осы сөздің қазіргі мағынасында – Польшада С.Сташиц, Ю.У.Немцевич пен В.П.Поль [55, 56] жұмыстарын айтуға болады және географтар үшін Сташиц пен Поль еңбектері маңызды болып көрінеді. Станислав Сташиц (1755-1826) өзінің қоғамдық іс-әрекетімен бірге, поляк жерінің геологиялық және географиялық зерттеулеріне, әсіресе шикізат ресурстарына көңіл бөлген. Оның көптеген саяхаттарының нәтижесінде «Ата замандағы Сарматия, кейін Польша таулы аймақтарының жер құнарлығы жөнінде, осы аймақ жазықтары туралы, Лысогор жотасы, Бескиды мен Белявы туралы алғашқы трактат» және «Карпат және Польшаның басқа таулары мен жазықтарының жер құнарлығы туралы» деп аталған шығармалары басылған.
__________
*И.Г.Коль. «Der Verkehr und die Ansiedelungen der Menchen in ihrer Abhangigkeit von der Gestaltung der Erdoberflache», Dresden und Leipzig, 1841.
**Кольмен қатар, J.Anderer. «Vergleichende betrachtungen über den Fremdenverkehr in Tirol und in der Schweiz», Innsbruck,1899; F.Zistrel. «Die vol; swirtschaftliche Bedeutung des Fremdenverkehrs», Graz, 1894. қараңыз.
Осы соңғы аталған жұмыс Карпат жөніндегі поляк тіліндегі алғашқы монография жазылған. Онда басқалармен бірге тау экскурсияларын жасау мүмкіншіліктері туралы көп ақпарат болған*. Польшаның туристік қасиеттерін әдеби түрде суреттейтін «Біздің жер туралы жыр» (алғашқы басылымы 1843 ж.) поэмасының авторы ретінде аты шыққан Винценты Поль (1807-1872) Ягеллон университетінің профессоры ретінде осы оқу орнының география кафедрасын басқарған. Осы кезеңдегі оның белгілі шығармасы «Еуропаның солтүстік-шығысы» деген ауқымды еңбегі болған. Оның алғашқы толық емес басылымы Поль университетте қызмет етіп жүрген кезінде шықты, ал толық және толықтырылған басылымы кейінірек жарық көрді [45]. Осы еңбекте студенттермен бірге Карпатта, әсіресе, Татры, Пенины мен Бескидыде жасалған экскурсиялар кезінде жинақталған материалдар мен байқаулар орын тапты; тау ландшафтының сұлулығын, минералды суларының шипалы қасиеттерін суреттейтін тараулары және осы сулардың курорттарды дамыту мүмкіншілігін беретіндігі туралы ойлары кірген. Бұл сәтте, әрине, Поль өзінің алдында болған Судет экскурсиялары мен Цеплица Шленски-Здрое деген жерде болған тәжірибесін қолданды. Кейін де, өзінің университеттік жұмысын аяқтаған соң, ол курорт жұмысымен байланысты мәселелерге қайтадан оралған.
Өз еңбектерінде туристік-курорттық мәселелерін қарастырған басқа автордың қатарына геолог Ягеллон және Варшава университеттерінің профессоры, Карпат, әсіресе, Татры мен Бескидының ХІХ ғасырдағы алғашқы зерттеушілерінің бірі Людвик Зейшнерді (1805-1871) еске алған жөн. Поляк тау туризмінің пионері болып саналатын Зейшнер Подхале** аймағы, әсіресе, Спиш пен Орава туралы өлкетанулық монографиялардың және Бескиды*** бойынша экскурсиялары суреттемелерінің авторы. Сонымен қатар ол минералды сулардың химизмімен айналысқан, ал осы аядағы Зейшнер жасаған Татры сулары зерттеулерінің маңызы соншалық, оны қазір «Закопаненің алғашқы ашушысы» деп санайды. Математик, библиограф, Ягеллон университетінің картография докторы (1832), Галиция мен Буковина сауықтыру орындарының алғашқы картасының**** авторы Теофил Жебравски (1800-1887); дәрігер, Ягеллон университетінің құрметті профессоры және ректоры, «поляк бальнеологиясының әкесі»***** атағына ие болған Юзэф Дитль; Татры, Бескиды мен Пенины бойынша алғашқы жолнамасы****** үшін
__________
*Сташиц шығармасының талдауын Я.Шафлярский жасаған [109].
**Л. Зейшнер «Подхале и северный склон Татр, или польские Татры» [Варшава] 1849-1852.
***Л.Зейшнер «Путешествия по Бескидам, или описание части Карпатских гор, находящихся между источниками Вислы и Сана», Варшава, 1848.
****Т.Жебравски. «Перечень лечебных курортов Галиции и Буковины [...] для пояснения карты этих же курортов». – Краков, 1862.
*****Ю.Дитль. «Заметки об отечественных курортах, учитывая их эффективность, применение и благоустройство». Часть 1, Краков, 1858.
******Э.А.Янота. «Путеводитель в экскурсиях на Бабью Гору, в Татры и Пенины». –Краков, 1860.

1860 жылы Ягеллон университетінің философия факультетінің доктор ғылыми атағын алған Эугениуш Арнольд Янота сияқты туризм аясындағы зерттеушілерді атаған жөн. ХІХ ғасырдың соңында көптеген бальнеология бойынша жұмыстар, туристік қасиеттер, қозғалыс пен жабдықтау туралы көлемді ақпарат қамтитын өлкетанулық-туристік жолнамалар жарық көрді [45].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет