Туризм тарихы



бет9/66
Дата14.03.2023
өлшемі1,92 Mb.
#73947
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Қайталау сұрақтары



  1. Туризм дамуының соғыстан кейінгі жылдардағы қиыншылықтары неде болған?1959 жылдан бастап оның қарқынды даму себептерін атап шығыңыз.

  2. 1960-1970-жылдардағы туристік миграцияларының өсу себептерін атап шығыңыз.

  3. Қазіргі халықаралық туризмнің орны, рөлі мен маңызы қандай?

  4. Қазіргі замандағы халықаралық және ішкі туризм арасындағы қатынасы қандай?

  5. Әлемдік туризмнің даму динамикасына әсер ететін оқиғаларды атап шығыңыз.

  6. Туризмнің қандай заманауи түрлерін білесіздер? Бірнешеуін суреттеп беріңіз.

  7. ЮНВТО жіктеуіне сәйкес қазіргі әлемдік туризм аймақтарын суреттеп беріңіз.

  8. Туризм болашағы жөніндегі ЮНВТО болжамдары қандай?



2-ТАРАУ. КСРО АУМАҒЫНДАҒЫ ТУРИЗМ

Ресей мен бұрынғы КСРО туризмінің даму кезеңдерін ұлттық туризмнің пайда болу, нығаю, даму және жетілдену үрдістерінің сатылары деп түсінеміз. Бес кезеңге бөлуге болады [127].


Бірінші кезең – ағарту кезеңі (1890 жылға дейін). Бұл кезеңде саны көп емес экскурсиялар, жорықтар, саяхаттар ең алдымен білім беру және әртүрлі аймақтар мен туған өлке туралы ғылыми-географиялық, өлкетанулық ақпаратты жинау мақсатында өткізілген. Туризм мен экскурсиялардың үлкен жігі әлеуметтік бағдарламаларды орындауға септігін тигізген. Сондықтан оларды Ресейдің революциялық-демократиялық топтаыр мен зиялы қауымы ең үлкен көлемде пайдаланған. Туризмнің осындай әлеуметтік сипаты бүгінге дейін сақталып ресейлік туризмінің* Еуропаның басқа елдері мен АҚШ туризмінен айырмашылығын көрсетеді.
Екінші – кәсіпкерлік кезең (1890-1927 ж.) Ресейде капитализмнің дамуымен бірге басталды. Бұл кезде туристік инфрақұрылымның (мейрамханалар, қонақүйлер, көлік жүйесі) шапшаң дамуымен бірге туристік нарық қалыптаса бастады. Оның екі сегменті – ел дегдарларының (элита) туризмі мен интеллигенцияның экскурсиялық және рекреациялық туризмі анық байқалды. Көптеген туристік фирма, бюро, компания, клуб, қоғам пайда болды. Ресейдегі экономикалық және әлеуметтік қақтығыстарды одан сайын асқындырған және барлық ресурстарды қажет еткен Бірінші дүниежүзілік соғыс туризмнің қалыптаса бастаған ұйымдастырушылық-шаруашылық дамуын тоқтатты.
Үшінші – ұйымдастырушылық-орталықтандырушы кезең (1927-1969 ж.). Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – идеологиялық функциялардың шаруашылық функцияларынан басым болуы. Туризмді тек большевиктер ғана идеологияландырды деп айтуға болмайды: туризм мен экскурсиялардың әлеуметтік және идеологиялық функциялары 1917 жылға дейін болған барлық партиялардың – эсер, меньшевиктер, кадеттер және басқалардың – бағдарламалық құжаттарына енгізілген. Бірақ большевиктер мұны жасырмай және дәйекті түрде жүзеге асырған. Туризмнің әлеуметтендіру, саясилану мен идеологиялануымен бірге осыған ұқсас үрдістер денсаулық сақтауда, мектеп білімін беруде, ғылым мен қоғам өмірінің басқа да аяларында белес алған. 1928 жылы Пролетарлық туризм қоғамының пайда болуынан, туризмнің монополиялануы басталды, ал туризм мен экскурсия іс-әрекетін кәсіподақтардың қарамағына өткізу бұл жағдайды одан сайын тереңдетті. Туризм өте қарқынды дами бастады, бірақ ол экстенсивті түрде – жаңа ресурстар мен аумақтарды игеру арқылы өтті. Сөйтіп әлеуметтік және өзіндік туризмнің әлемдегі ең ірі және ең арзан материалдық базасы қалыптасты. Сонымен бірге, осы кезеңнің соңына қарай демалыс бағаларын бұрынғы төмен деңгейде сақтай тұра, бүкіл халықтың рекреациялық қажеттіліктерін __________
*Ресей бұрынғы КСРО құқықтарының еншісі екені белгілі.
қанағаттандыру мүмкін болмай кеткенінен туындаған қайшылықтар орын алды. Осының нәтижесінде әлеуметтік нормативтер жүйесіне негізделген туризмді ұйымдастыру мен жоспарлау формасына көшу қажеттігі туды. Бұл төртінші кезеңнің басты мәні болды.
Төртінші – әкімшіліктік-нормативтік кезең (1969-1990 ж.) әлеуметтік туризмнің қарқынды дамуымен бірге батыс елдердегі туризм индустриясының қызмет көрсету стандарттарынан артта қалуы одан сайын айқын болуымен сипатталады. Туризм дамуын әкімшілік шаралары арқылы ынталандыру әрекеттері бұрынғы нашар жағдайды одан сайын асқындырды. Осы кезеңнің оң нәтижелеріне ғылымның туризм мәселелеріне көңіл бөлуін, рекреациялық жобалау жүйесінің пайда болуын, жаңа мамандық-біліктілік құрылымы мен туризм аясының мамандарын даярлау жүйесінің қалыптасуын жатқызуға болады. Кезең соңына қарай туристік қызмет сапасын көтеру мақсаты әкімшілік-бұйрықтық жүйе шеңберінде шешілуі мүмкін еместігі айқын болды. Ол үшін экономикалық әдістерді қолдану керек екені анық тұғын.
Бесінші – өтпелі кезеңде (1990 жылдан бері) экономикалық реформалар жағдайында туристік шаруашылықтың жаңа тенденциялары: 1) рекреациялық қажеттіліктер құрылымының өзгеруі мен туристік нарық сегментациясының басталуы; 2) монополиялық туристік шаруашылықтың көп салалы шаруашылыққа айналуы; шағын және орташа туристік кәсіпорындарының қарқынды дамуы; 3) табиғи ресурстары мен мәдени мұраны экономикалық қатынастар негізінде қолдануға көшу; 4) туристік шаруашылық функцияларын әкімшілік тарапынан реттеуден туристік нарықты жаңа заңнамалық негізінде экономикалық ынталандыруға көшу белең алды. Осымен бірге жаңа кезеңнің кемшіліктері де анық байқалды: демеу мүмкіндіктері біткенінен демалыс бағалары әлдеқайда көтерілді; көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтады немесе табыс әкелуді қойды; сұраныс төмендеді, бірақ қажеттілік сақталып қалды – Конституцияда жазылған демалу құқығы әлеуметтік жетістіктердің маңызды көрсеткіші болып есептеледі, ал оның бұзылуы қоғамда әртүрлі қақтығыстарды туғызады. Бесінші кезеңнің мазмұны осындай оң-теріс тенденциялардың шиеленісуінде анықталады және де елдегі жағдайға, экономикалық және саяси реформаларының іске асырылуына, туризмнің нарық мультипликаторы мен қызмет көрсету аясының маңызды факторы екенін биліктің сезінуіне байланысты.
Туризм дамуының тарихы бірқалыпты үрдіс емес. ХХ ғасырдың басында және соңында ол революциялық өзгерістерге ұшырады және ғасырдың соңының салты ғасыр басының құндылықтар жүйесіне оралды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет