Туризм тарихы



бет21/66
Дата14.03.2023
өлшемі1,92 Mb.
#73947
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
1-сурет

Қазақстан экономикасының тұрақты өркендеуі, елдің индустриялық-инновациялық дамуына арналған шаралардың іске асырылуы шетелдік капиталды тартуға ықпал етеді, бұл болса, шетелдік және ішкі инвестицияларын туристік индустриясына тарту, заманауи туристік менеджментті қалыптастыру, биліктің орталық және аймақтық деңгейлерінің әрекеттерін үйлестірудің алғышарты болып табылады. Сонымен қатар, саланың ақпараттық кеңістігін орнатуға, қазақстандық туристік өнімді сыртқы және ішкі нарыққа жылжыту бойынша тиімді жүйені қалыптастыруға, қаржыландыру мен салық салу мәселелері бойынша қажетті құқықтық нормативтік актілерді әзірлеуге арналған шаралар жасалуда. Бұл аймақтық мастер-жоспарлары шеңберінде жоспарланған туризмнің кластерлік дамуының негізгі бағыттары болып табылады [133].


Төрт жылдың ішінде ішкі маршруттар бойынша саяхат жасайтындардың санын 4,5 миллионға, келуші туристердің санын 9,5 миллионға дейін жеткізу қарастырылған. Бағдарламаны іске асыру мерзімінде шетел туристерінен бюджетке түсетін пайда 603250 млн теңге (4865 млн. USD) көлемінде жоспарланды. 2011 жылы тек қана кіру туризмі арқасында жергілікті жұрттың 550 мың жұмыс орны қамтамасыз етіледі деп жобаланады [133].
Мемлекеттік бағдарламада жоспарланған шараларды іске асыру ішкі және халықаралық туристік ағымдарды өсіруге, ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын жоғарылатуға, Қазақстанды Еуразияның туризм орталығына айналдыру шарттарын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама мақсаты – жұмыспен қамтылу, мемлекет пен халық табысын ішкі және кіру туризмі көлемінің өсуі арқылы арттыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру. Бағдарламаның негізгі міндеттері: 1) туризмнің инфрақұрылымын дамыту; 2) туризмді мемлекеттік тарапынан реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін қарастыру; 3) тартымды туристік имиджді қалыптастыру; 4) туристік әлеуетті арттыру; 5) шаруашылығы рекреациялық тарапынан мамандандырылған зоналарды ретке келтіру [133].
Осының алдындағы кезеңде (2003-2005 жылдар Бағдарламасы) туризм аясындағы имидждік саясатты іске асыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, инфрақұрылымның маңызды элементтерін дамыту, туристік заңнаманы, статистиканы, кадрлық, білім беру мен аймақтық саясатты жетілдіру, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған әрекеттері жасалған-ды.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметі деңгейінде республика территориясында апатқа ұшыраған туристерге жәрдем беретін мамандандырылған қызметтердің Тізімі бекітілген. Жер алаптарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын қалыптастыру немесе кеңейту үшін мемлекеттік қажетке алу (құнын өтеп алу) Ережелері жарияланды. 54 мемлекет азаматтары үшін визалық рәсімдерді жеңілдететін Қазақстан Республикасы визаларын берудің жаңа тәртібі қабылданды, туристерге медициналық қызмет көрсету және жедел жәрдем жасау шараларының жоспары бекітілді.
Білікті мамандар қауымын қалыптастыру маңызын ескере отырып, туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату, аттестациялау және туристерге қызмет көрсету негізі болып табылатын қоғамдық туристік кадрларды даярлау Ережелері қабылданды.
Имидж қалыптастыру шаралары жөнінде айтсақ, Қазақстан жүйелі түрде Берлин (ГФР), Лондон (Ұлыбритания), Мадрид (Испания), Мәскеу (Ресей), 2006 жылдың қаңтарынан бастап Утрехт (Голландия) қалаларында өтетін ең атақты халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерде қатысып келеді. Жылдан жылға көрме көлемдері өсіп, республикамыздың туристік ұйымдарының өкілдіктері кеңейіп, ақпараттық-жарнамалық өнімнің сапасы жоғарылап келеді. 2004 жылы Лондонда Қазақстанның алғашқы туристік өкілділігі ашылды. Қазақстанның туристік мүмкіншіліктерін шетелдерінде көрсету үшін инвестициялық жобалардың каталогы, жолнамалар, буклеттер, басқа да жарнамалық-ақпараттық өнім шығарылды.
Жыл сайын сәуір айының соңында Алматыда халықаралық туристік KITF жармеңкесі өтеді. 2006 жылы оған 30 елдің 450 компаниялары қатысты.
Туристік кластерді дамыту шеңберінде республикамызда туризм дамуының: іскерлік, экологиялық, мәдени-танымдық және шытырман оқиғалы турлар сияқты басымды бағыттары белгіленген.
Сарапшылар оны Қазақстан мәдениетінің қайталанбас қасиетімен, табиғи әлеуетімен, жоғары іскерлік белсенділікпен, демалыс пен туризмнің белсенді түрлерін дамыту мүмкіншіліктерімен дәлелдеді.
«IPK International» неміс консалтинг компаниясының 2006 жылы аяқталған және оған Қазақстан Республикасы Үкіметі 65 млн теңге бөлген Қазақстан туристік әлеуетінің маркетингтік зерттеулері шетел туристері бір сапар ішінде бірнеше аумақты көріп шыққанды қалайтындарын көрсетті. Орта Азия мен Қазақстан бойынша трансшекаралық маршруттар жоспарланды. Осыған орай, көршілес елдермен шекара маңындағы ынтымақтастық шеңберінде, әсіресе, Ұлы Жібек жолында біріккен туристік маршруттарды ұйымдастыру және туристер үшін жеңілдетілген шекаралық және кедендік бақылауды енгізу жұмыстары жоспарланған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысымен республикалық маңызды жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының тізіміне ірі туристік нысандарға апаратын және туризмнің одан әрі дамуы үшін үлкен маңызы бар жолдар, мысалы, Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас жолы енгізілді. Жолдың осы кесіндісінің және оған қоса Түркістанның, онда жол маңындағы инфрақұрылым нысандары белгіленген жол картасының шығуы туристік маршруттарды жергілікті жұртпен бірге шетелдік туристер мен экскурсанттар арасында насихаттайтын болмақ.
Осы бағыттың даму барысында Түркістан қаласында қонақүйлер мен керуен-сарайлар желісінің құрылысы, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзілік Туристік ұйымының және ЮНЕСКО-ның (Білім, ғылым мен мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы) «Жібек жолы: аймақтық ынтымақтастық пен даму мақсатында әлеуетті күшейту» атты халықаралық жобасының аймақтық бағдарламасы шеңберінде іске асыру жоспарланған [133].
Мемлекетаралық, оның ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық іс-әрекеті шеңберіндегі келісімдер үрдісі, біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру, туристік визаларды өзара мойындау және келешекте осы ұйымдардың мүшелері үшін бірыңғай туристік визаны енгізу Жібек жолы маңындағы туризмді дамыту түрткі жасар еді.
Қазақстанның табиғи туристік әлеуеті мен тарихи-мәдени нысандарын ескеріп, шетелдік туристерге қайталанбас табиғи ландшафтарын, эндемикалық флора мен фаунасын, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қамтитын құрамалы турларды ұсынуға әбден болады. Халықаралық туристік нарыққа шығу үшін Қазақстан табиғатының өзгешеліктеріне негізделген турларды, мысалы, джип мініп, киіз үйлерде немесе арнайы жабдықталған трейлерлерде түнеп саяхат жасауға арналған «Кең даладан мәңгі қар жатқан тау шыңдарына шейін», «Далалық сафари» ұсынуға болады. Каспий теңізіндегі жағажайлық және круиздік демалысты дамыту мақсатында Кендірлі демалыс зонасын жабдықтау мен Ақтау қаласында туризм мен ойын-сауық индустриясын дамыту, Оңтүстік Қазақстанда, Қапшағай бөгенінің жағасында «Жаңа Іле» туристік орталығының құрылысы жоспарланған. Оған емдеу-сауықтыру, мәдени-ойын-сауық және туристік инфрақұрылымның басқа нысандары кіретін болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет