Туризм тарихы



бет22/66
Дата14.03.2023
өлшемі1,92 Mb.
#73947
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
Келу туризмі

Статистикалық мәліметтер бойынша құрастырылған [132]


2-сурет

Ресми статистика мәліметтері бойынша, 2000 жылдан бастап ішкі де, сыртқы да туристік ағымдардың өсуі байқалды (2-сурет). Ең алдымен, ішкі туризм қарқынды дамуда. Жергілікті жұрттың туристік аумақтарды игеруі шетелдік туристерді тарту мақсатында жүргізілетін халықаралық жобаларын іске асырылуына септігін тигізеді, себебі оның нәтижесінде жергілікті коммуникациялар мен қызмет көрсету сферасы дамиды. Туристік державалардың – АҚШ, Италия, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркияның тәжірибесі осындай тетіктің дұрыс екендігін растайды.


Халықтың толыққанды демалысын ұйымдастыру қажеті әсіресе, еліміздің іскерлік орталықтарында – Алматы мен Астанада байқалады. Ең алдымен, осы аймақтарда Бағдарлама бойынша бас жобалар мен туристік кластерді қалыптастыру мен дамыту бойынша мастер-жоспарлары шеңберлерінде туризм мен спорт инфрақұрылымын дамыту шаралары жоспарланған. Алматы облысында (Қапшағай қаласы) 2007 жылдан бастап, туризм мен ойын-сауықтың Диснейленд-парк пен Лас-Вегас тәрізді объектілері құрылысының техникалық-экономикалық негізделуі мен жобалық-есептік құжаттардың әзірленуі, сондай-ақ, Ақмола облысында осыған ұқсас жобалар Щучинск-Бурабай курорттық зонасында жоспарланған. Қазақстандықтар мен шетелдіктерді қызықтыратын Египеттегі Перғауындар деревнясы мен «От Бос» (Канада) сияқты көшпелілердің тұрмысы мен сақтар мәдениетін көрсететін «Шеберлер сарайы» көрме орталығы бар «Шебер ауылы» этнографиялық кешені салынады. Бұл кешеннің құрылысы Астанадан 30 шақырым қашықтықта жүргізіледі.
Соңғы жылдарда қала маңы аумақтары тұрақты дамуының маңызды факторы болып есептелетін экологиялық туризмнің тартымдылығы артты. Осыған сай ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (ЕҚТА) келетін туристердің саны өсті. Мысалы, 2005 жылы ұлттық табиғи саябақтары мен басқа ЕҚТА-ға 400 мыңға жуық адам келіп кетті [132]. Олардың жартысы шетелдіктер. Осыған орай, мемлекеттік бағдарлама мен мастер-жоспарларында «Бурабай», «Іле Алатауы», «Алтынемел» және басқа да ірі қалаларға жақын орналасқан табиғи ұлттық саябақтарда экологиялық инфрақұрылымын дамыту шаралары жоспарланған.
2011 жылы Қазақстанда өткен VII қысқы Азиялық ойындары Алматы маңын рекреациялық мақсатта игеру үрдісіне ықпал етті. Жаңа спорт объектілерінің құрылысы белсенді демалыс пен туризм әуесқойларын қызықтыруда. Жыл бойы істейтін көп функциялы туристік-спорттық кешендердің кезегімен іске қосылуын жоспарлаған рекреациялық аумақтарды игерудің жан-жақты тәсілі қала тұрғындарының демалыс қажеттілігін қанағаттандыру, қызмет көрсету аясында жаңа жұмыс орындарын әкелу, серік-қалалар мен ауылдардың экономикасын жандандыру мүмкіндігін берді.
Ел Президенті өзінің Жолдауында мегаполистегі халық санының артып өсуі мен күрделі экологиялық жағдайына назар аударып, Үкіметке оңтүстік астананың «жүктемесін» серік-қалаларды дамыту арқылы жеңілдету тапсырмасын берді. Талқылауға алынған жобалардың біреуінде Алматы-Қапшағай жолында төрт кішігірім қала құрылысы жоспарланған. Алматының солтүстік шекарасының жанында орналасқан бірінші қала «іскерлік орталық» болып жоспарланады, екіншісі – тұрғын үйлер зонасы, үшіншісі - өндірістің бір бөлігі көшірілетін өнеркәсіптік зона. Қапшағайдың жағалауында туризм орталығы ретінде төртінші қала орналасады. Қазіргі кезде Алматы облыстық әкімшілігі Қапшағай туристік-рекреациялық зонасының даму жобасын іске асыруға арналған инвестициялық портфельді қалыптастыруда.
Халық тығыздығын азайту мен осыған сәйкес инфрақұрылымды дамыту мақсатында осыған ұқсас сұлбалар Алматыдан батыс («Қаскелең») және шығыс («Талғар») жағына бағытталады. Жаңа территорияларды игеру, оның ішінде жұмыспен қамтылу мен рекреациялық әрекеттерді ұйымдастыру жағынан туристік мазмұны бар жобалар қызығушылық туғызады. Талғар бағытында бұл – «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешені мен жанында салынған шаңғы стадионы, «Табаган» тау курорты. Қаскелең бағытында – заманауи туристік инфрақұрылымымен қамтамасыздандырылатын Алматы – Ыстықкөл автомобиль жолының құрылысы. Тағы бір ауқымды жоба – 2007 жылы басталған «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының қайта құрылуы. «Медеу» мен «Шымбұлақты» қосатын аспалы гондолалық жолдың құрылысы аяқталуға жақын.
Қазақстан туристік нарығының құрылымын және қаржы айналымын сипаттайтын көрсеткіштерді қарастырайық. Ішкі саяхаттар мен экскурсияларға деген сұраныстың өсуіне қарамастан, туристік ағымдар құрылымында шығу туризмі басым (3-сурет).



ҚР туристік нарығының құрылымы (2005)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет