Туризм тарихы



бет17/66
Дата14.03.2023
өлшемі1,92 Mb.
#73947
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
Қайталау сұрақтары

  1. Қай себептен аталған кезеңді туризм географиясының қарқынды дамуы жылдары деп атайды?

  2. Қашан, қай жерде алғашқы Туризм институты ашылды? Оны кім басқарды?

  3. Осы кезеңдегі туризмнің неміс зерттеушілерін атап беріңіз. Олардың еңбектері қандай мәселелерді қарастырған?

  4. Осы кезеңдегі француз ғылымдарының жұмыстары жөнінде айтып беріңіз.

  5. Осы кезеңдегі американ ғылымдары өз жұмыстарында қандай аймақтарды және қандай тақырыптарды қарастырған?

  6. Краков орталығы мен Ягеллон университетінің туризм саласындағы жұмысына сипаттама беріңіз. Осы кезеңдегі поляк ғалымдарын атап беріңіз.

  7. Станислав Лещицки жұмыстарының туризм географиясының дамуындағы маңызы жөнінде айтып беріңіз.



3.4. 1945 жылдан 1960 жыл арасындағы кезең
Екінші дүниежүзілік соғыс туризм географиясы аясындағы зерттеулерді уақытша тоқтатқызды. Бірақ бұл зерттеулер туристік қозғалыстың өсуіне байланысты соғыс аяқтала сала жалғастырылды. Осындай зерттеулердің жандандырылуының белгісі 1925-1945 жылдарға қарағанда әлдеқайда өскен ғылыми әдебиеттің өте үлкен көлемі болды. Туристік құбылыстардың географиялық зерттеулерінің кең көлемі, әралуан зерттеу тәсілдерін қолдану, туризм географиясының шеңбері мен зерттеу нысанының дәл және нақты анықтамаларының пайда болуы оны бірте-бірте сол кезеңнің өзінде жоғары жетістіктерге жеткен ауылшаруашылық географиясы немесе өнеркәсіп географиясы сияқты географияның дербес пәніне айналдырды [20]. Кеңейіп келе жатқан зерттеу ауқымы арқылы туризм географиясы бұрынғы шегіне сыймай асып түсті. Оның нәтижесінде бұрын қолданылған ұғымдардан жоғары тұратын жаңа ұғымдар пайда бола бастады. Біз қарастырып отырған пәнге әдетте, рекреация географиясы деген анықтама берген [24, 26, 67]. Еуропалық географтар осы атауды (géographie de la récréаtion) американ әдебиетінен көшіріп алған (Recreational Geography, Geography of Recreation). Осы кезде «туризм географиясы» немесе «рекреация геграфиясы» атауларының орнына пайдаланатын демалыс (бос уақыт) географиясы (géographie du loisir)* атауы да __________
*Осы термин тек келесі кезеңде ғана ағылшын-американ географиялық әдебиетінде қолданыла бастады (Geography of Leisure).

кездесетін. Ал енді кейбір зерттеушілер* «туризм географиясы» ұғымын «туризмнің экономикалық географиясы» (geografia economica del turismo) терминіне ауыстырғаны жөн деп есептеген. Олар соңғы аталған ұғым географияның осы саласы зерттеу ауқымына кіретін қазіргі туризмнің мәнін дұрыс бейнелейді деген пікірде болған. Елуінші жылдардың соңында ұсынылған рекреация географиясы ұғымы бұрын қолданылған туризм географиясынан айырмашылығы аз болған. Рекреация географиясы ретінде демалыс үрдісімен байланысты кеңістіктік құбылыстарды, яғни туристік миграцияларды, туристік сұраныс орталықтарын және олардың демалыс орындарына тартылуын, туристік игеру нәтижесінде аумақтың өзгеруін, туристік базаны, туристік қасиеттерді, аумақтың туристік сыйымдылығын, туризмнің экономикалық аспектілерін және туризммен байланысты басқа мәселелерді зерттейтін география пәнін түсінеді [24, 26, 32]. Сонымен қатар, американдық рекреация географиясын алсақ, зерттеулерінде Құрама Штаттардағы экономикалық географияның басқа да салалары сияқты, әлеуметтану мәселелеріне (әсіресе, туристік сұранысты зерттеген кезде) үлкен көңіл бөлінген [29, 32, 67].


Туризм географиясы бойынша жұмыстар жүргізілген елдерде ғалымдар мен практиктер (әдетте, жоспарлаушылар) туристер ең көп шоғырланған кеңістік бірліктеріне үлкен көңіл аударғанымен бірге, «әлеуетті» аумақтардың, яғни өзінің туристік қасиеттеріне сүйеніп, туристік функцияларын дамыту нәтижесінде экономикалық өркендеуіне жетуге мүмкіндігі бар территориялардың маңыздылығын аңғарған.
Туристік мәселелерін зерттеумен айналысқан географиялық ғылыми орталықтар бірлі-жарым елдерде ғана шоғырланған. Бұл кезеңде алдынғы қатарда Германия Федеративтік Республикасы мен Америка Құрама Штаттарында жүргізілген зерттеулер болған. Елуінші жылдарының соңында Франция мен Канада да ойдағыдай жетістіктерге жеткен. Басқа елдерде: еуропалық елдерде де [24, 29, 53, 76, 102], туристік қозғалыс орталықтарынан алыс орналасқан аймақтарда да [72] осындай зерттеулердің маңызын атап белгілесе де, мұндай зерттеулердің саны төмен болған.
Туризм (және де туризм географиясы) саласындағы ғылыми зерттеулердің дамуында туризмнің халықаралық ұйымдары маңызды рөл атқарған. 1947 жылы Туристік насихаттың ресми ұйымдарының Одағы** орталығы Женевада орналасқан Ресми туристік ұйымдарының Халықаралық Одағы болып өзгерді (РТҰХО, орысшасы – МСОТО)***. Оның органдарының __________
*U.Toschi. «Aspetti geografici dell′economia turistica in Italia» [B:] Atti XVII Cong. Geogr. Ital., vol 2. – Bari, 1957.
**1925 жылы Гаагада Насихаттың Ресми Қоғамдарының Конгресі атауымен құрылған. 1927 жылы атауын Насихаттың Ресми Ұйымдарының Конгресі деп, ал 1930 жылы Туристік Насихаттың Ресми Ұйымдарының Конгресі деп өзгертілді.
***1975 жылдың 1 қаңтарында РТҰХО атауын өзгертіп, Дүниежүзілік туристік ұйым (Organisation Mondial du tourisme – ДТҰ, орысшасы – ВТО) болып, Мадридте орналасты.

ішінде техникалық комиссиялар (мысалы, Ғылыми-зерттеу комиссиясы) болған. Басқа баспалармен бірігіп, РТҰХО өзінің мерзімдік басылымын – «World Travel-Tourisme Mondial» және халықаралық туризм бойынша статистикалық жылдық басылым шығарады. 1958 жылға дейін РТҰХО-ның жанында Туристік зерттеулердің Халықаралық институты (International Travel Research Institute) қызмет атқарған.


1949 жылы өз елдерінде туристік мәселелермен айналысатын белгілі ғылымдарды біріктіретін Туризмнің ғылыми сарапшыларының Халықаралық ассоциациясы (Association International d′Experts Scientifiques du Tourisme – АИЕСТ) атты халықаралық ғылыми қоғамы құрылды*. АИЕСТ ресми органы 1946 жылдан бастап тоқсан сайын шығатын «Revue de tourisme» журналы, сонымен қатар, кейбір пленарлық отырыстардан кейін қатысушылардың рефераттары мен баяндамаларын біріктіретін «Publications de l′AIEST» басылымы шығып тұрды. Осы басылымдардың біршамасы әлемдік туризм географиясының жетістіктері болып табылады.
1953 жылы Халықаралық туристік сөздік шығарған Монте-Карлодағы Халықаралық Туризм Академиясын (Académie Internationale du Tourisme) да атап айту керек. АИТ басты мақсаты туризмнің теориялық негіздеріне арналған ғылыми-зерттеулерді жүргізу болды. Олардың нәтижелері әдетт, АИТ-нің «Revue de l′ Académie Internationale du Tourisme» мерзімді басылымында жарық көреді. Осы журнал беттерінде туризм географиясы бойынша жұмыстар да орын тапқан**.
Германия Федеративтік Республикасында соғыстан кейінгі жылдарда туризм географиясының дамуындағы екі ғылыми орталықтың: 1950 жылы Мюнхен университетінің жанында ашылған Неміс туризмнің экономикалық институтының (Deutsche Wirtschaftwissenschaftlische Institut für Fremdenverkehr) және 1952 жылы Майндағы Франкфурт университетінің жанында құрылған Туризм институтының (Institut für Fremdenverkehrwissenschaft) рөлі өте маңызды. Осы орталықтардың ғылыми жетістіктеріне «Archiv für den Fremdenverkehr», «Verkehr und Bäder», «Jahrbuch für Fremdenverkehr», «Der Fremdenverkehr», «Heilbad und kurort» сияқты көптеген мерзімдік басылымдарда жарық көрген көптеген монографиялар (ең алдымен, курорттар туралы) мен мақалаларды жатқызуға болады. Бұл жұмыстарда көбінесе, экономикалық мәселелер қарастырылған. Р.Клэппермен*** қатар география теорияшылардың ішінде ірі қалалық орталықтарының маңындағы туристік миграциялары мен туристік сұраныс пен саяхат мақсаты арасындағы қатынастарды анықтауға үлкен көңіл аударған А.Кохты**** да атау қажет. __________
*К.Либера. «Международная ассоциация научных экспертов туризма», «Туристское движение», 1958, выпуск 1.
**Я.Шапиро. «Международная Академия Туризма», «Туристское движение», 1960, выпуск 1.
***Р.Клэппер. «Das Erholungswessenals Bestandteil der Raumordnung und als Aufgabe der Raumforschung», «Raumforschung und Raumordnung», Jg. 13, 1955.
****A.Koch. «Der Urlaubsreiseverkehr, eine Untersuchung über das Konsumverhalten der Erheiungsreisenden», «Jahrbuch für Fremdenverkehr», Jg. 7. – München, 1959.

Олармен бірге журналдарда басылған көптеген шығармаларында табиғат ортасының және осы себептен географиялық зерттеулердің туризм үшін маңызын атап көрсеткен В.Фойгтті* ұмытпау керек.


Франция географтарын осы кезеңде қала тұрғындарының каникулдық саяхаттары (l′évasion (қашу) urbaine de l′été, l′exode urbain) мен олардың салдарлары қызықтыратын болды. Осы зерттеулерде Францияда қырқыншы жылдардың соңынан бастап өткізілген сауалнамалар кең ауқымда қолданылды. Олардың нәтижесінде географиялық, экономикалық және әлеуметтанулық жұмыстар шығарылды.
Осы кезеңде елді мекендердің туристік мәселелеріне, туризмнің экономикалық функциясына, халықаралық туризмге географиялық тәсілдерді қолданудың алғашқы әрекеттері жасалды. Елуінші жылдары туризм географиясын жоспарлау және шаруашылық тәжірибемен үйлестіру ісінде П.Дефер жұмыстары маңызды орын алды [24]. Сонымен қатар, ол туризм географиясы аясындағы ғылыми-зерттеулеріндегі басты ынталандырушылардың біреуі болды.
Дегенмен, соғыстар аралығындағы мезгілде де, алпысыншы және одан арғы жылдары да туризм тақырыбындағы зерттеулері көбінесе, аймақтарды қарастырумен айналысқан. Осы жұмыстар тобының үлкен жігі таулардың, әсіресе, Альпінің туристік мәселелеріне арналған [24]. Осындай зерттеулердің көбісі Гренобльде шығатын «Revue de Géographie Alpine» журналында жарық көрген, олардың ішінде ең қызық шығармалар қатарына Г.Вейре-Верньенің Альпінің экономикалық өркендеуіндегі туризм рөлі жөніндегі ойларын жатқызуға болады**.
Француз жағалауы, әсіресе, Жерортатеңіз жағалауының туристік мәселелеріне де көңіл аударылған [24]. Осы кезеңде наубайханаларға ұн жеткізу мөлшері бойынша туристік қозғалыс көлемін анықтау әрекеттері (алпысыншы жылдары кең ауқымда дамыған) жасалды. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін туризм географиясы аясындағы ғылыми-зерттеулер көлемі одан сайын артады. Туристік мәселелер докторлық диссертациялары мен магистрлік жұмыстардың тақырыбы болған [20, 32].
Туризм географиясы бойынша, жұмыстар одан ертерек пайда болса да [20, 32, 87, 120, 121], қазіргі американдық туризм географиясының теориялық негіздері 1954 жылы К.С.Макмюрри мен С.М.Дэвис еңбегінде [62] салынды деген пікірді ғылыми көпшілік мойындайды [20, 32]. Авторлар рекреациялық географияның (recreational geography) табиғи ортаны зерттеу мен оның қасиеттерін туризм мақсатында лайықты пайдалану аясындағы маңызды рөліне назар аударады. Сонымен бірге, туристік миграциялардың аймақ экономикасындағы маңызын, олардың аймақтық және жергілікті _____________
*В.Фойгт. «Fremdenverkehr und wissenschaftsgeographie», «Der Fremdenverkehr», Jg 36 1951.
**G.Veyret-Vernier. «La deuxiéme révolution démografique et économique des Alpes du Nord: les sports d′hiver», «Revue de Géographie Alpine», 1959, G.Veyret-Vernier. «Le tourisme au secours de la montagne: l′exemple Val d′Isère», «Revue de Géographie Alpine», 1956.

инфрақұрылымына тигізетін әсерін атап белгілеген.


Туризм географиясы бойынша американдық зерттеулерінде туризмнің экономикалық мәселелері әрқашан алдынғы орында болған. Қарастырылып отырған кезеңде осыларға Мичиган, Жаңа Англия, Оңтүстік Дакота, Аризона және басқа штаттарындағы туристік мәселелеріне арналған жұмыстар жатады.
Елуінші жылдары туристік қасиеттер мен туристік бағалауға көп көңіл бөле бастаған [20, 21, 30, 32, 120] және барлық демалыс орындары мен туристік қасиеттерінің түгендеуін жасау қажеттілігіне назар аударылған [21].
Өз зерттеулерінде американ географтары неше түрлі сауалнамалар материалдарын қолданған. 1947 жылдан бастап, осындай сауалнамаларды Нью-Йорк, Миннесота, Висконсин, Массачусетс, Вашингтон штаттарының биліктері ұйымдастырған. Осы сауалнамалар басқа сұрақтармен бірге туризммен байланысты ақша трансфертіне, туристік жабдықталуына, туристік қызметтің жұмыс қамтылуына тиісті мәселелерді қозғаған [32]. Осындай сауалнамаларды қолдану мысалы ретінде Канаданың Онтарио провинциясындағы «екінші баспаналар» мәселесін қарастыратын американ әдебиетінде жиі сілтеме жасалатын Р.Вольфтың жұмысын келтіруге болады*. Онда жұрттың негізгі және жазғы баспаналары арасындағы миграциялық қозғалыстарының кеңістіктік байланыстарын анықтау әрекеті жасалған.
Осы кезеңдегі американдық әдебиетте демалысты кеңістіктегі жоспарлауға қатысты жұмыстар жиі кездеседі. 1958 жылы Құрама Штаттарында туризмнің аумақтық ұйымдастырылу теориясын шығарумен бірге, әзірше жабдықталмаған территориялардың 1976-2000 жылдары туризм үшін қолдану мүмкіндігін зерттеу мақсатында арнайы комиссия құрылды**.
Польшада Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары туристік қайраткерлер мен географтардың бір тобы Краковтағы Сауда Академиясының жанында Туризм Зертханасының құрылуын мақсат еткен. Осы әрекеттің бас ынталандырушысы мен насихатшысы зертхананың оқу графигін дайындап қойған В.Милята болған. Ұйымдастырушылар жоспары бойынша, бұл Зертхана 1948/49 академиялық жылдың бірінші триместрінде өз жұмысын бастау керек-ті, бірақ кейбір себептерден ол сол бойы ешқашан ашылмай қалды.
Осы кезеңде туризм географиясындағы ғылыми-зерттеулерде ең басты рөлді Варшаваның орталығы ойнай бастады. 1949 жылы Коммуникациялар министрлігінің Туризм бюросы орталық және жергілікті туристік әкімшіліктер қайраткерлері мен қызметкерлері үшін қайта даярлау курстарын ашты. Курс бағдарламасы туризмнің географиялық сипаттарымен байланысты пәндерді қамтыған, ал осы тақырыпта оқылған дәрістер төрт томдық «Жалпы Туризм» басылымында орын тапты [46].
1951/52 оқу жылы Варшава университетінің География институтында __________
*R.I.Wolfe. «Summer cottages in Ontario», «Economic Geography», vol. 27, 1951.
**A user – resource recreation planning methods. National Advisory Council on Regional Planning, California, 1959, Hidden Valley.

көптеген жылдар М.И.Милевска басқарған Туризм географиясы кабинеті ашылды. Дидактикалық іс-әрекетімен қатар, оның басты жетістігі ретінде М.И.Милевска жетекшілігімен әзірленген «Польшаның туристік география сөздігін» атауға болады.


Жоғары білім министрлігінің 1956 жылдың 6 қыркүйектегі шешімі бойынша Варшавадағы жоспарлау мен статистиканың Бас Мектебінің Сыртқы сауда факультетінің жанында Туризмнің құқықтық және экономикалық мәселелерінің мекемесі құрылды. Бұл соғыстан кейін Польшада алғашқы ұйымдастырылған туристік қозғалыстың академиялық арнайы зерттеу орталығы еді. Басынан бастап 1975 жылға дейін оны, өзі сонымен бірге мекеменің «Туристік қозғалыс» журналының бас редакторы қызметін атқарған К.Либера басқарды. Журналдың алғашқы номері 1957 жылдың шілде айында шықты. Өзінің ап-анық шаруашылық құқықтық бағытына қарамастан, осы журнал беттерінде географиялық зерттеулер жөніндегі мақалалар жиі орын тапқан.
Осы кезеңде поляк туризм географиясында тақырыптары және географиялық-туристік жұмыстары саны бойынша бөлінетін үш уақыт сатысын байқауға болады. Біріншісі – 1945-1949/50 жылдары. Бұл мезгілде көбінесе, өлкетанулық (әсіресе, Батыс және Солтүстік Жерлер туралы) материалдар шыққан. Екіншісі – 1951-1956 жылдары. Бұл мезгілде өлкетанулық басылымдар мен жолнамалардың шығарылуы басым болған, бірақ, саны шамалы болса да, туризм географиясы бойынша жұмыстар орнықты.
1957-1959 жылдары. туризм аясындағы зерттеулер қарқынды дамуда. Туризм географиясы бойынша зерттеулер көлемі әлдеқайда өсті және олар қамтитын тақырыптар ауқымы кеңейді. Осы кезде шыққан еңбектердің ішінен «Польшаның туристік географиясының сөздігі», Польшаның ландшафтық типологиясы бойынша еңбектер [48], туристік географиялық аудандардың сипаттамасы, аудандық жоспарлауға қажет болатын Польша аймақтары бойынша өлкетанулық мәліметтер [46], А.Вжосектің Карпат пен Судет кешендерін көркемдігі және поляк туризміндегі маңызы бойынша салыстыру жасаған жұмысын атаған жөн [122].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет