«Туризмді дамыту» Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі



бет17/19
Дата22.02.2023
өлшемі64,56 Kb.
#69922
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
1578622586621 совершенствование в туризме

Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі:
- бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;
- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;
- Білім алушының үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.
Білім алушы шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;
- Білім алушының төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
11. Емтихан сұрақтары. Емтихан сұрақтары:
1. Мамандық туралы жалпы ұғым.
2. Туризмнің дене мәдениеті жүйесіндегі орны.
3. Туризмнің топталуы мен түрлері, терминдері.
4. Ерте кездегі туризмнің әлем елдерінде пайда болуы, дамуы.
5. Орыс патшалығы және Кеңес кезеңіндегі туризм.
6. Қазақстан мемлекетінің туризмінің даму тарихы.
7. Қазақстандағы туризмнің даму ерекшеліктері мен болашағы.
8. Мектептегі туристік жұмыстардың түрлері мен мазмұны.
9. Мектептегі туристік үйірмелерді ұйымдастыру.
10. Туристік үйірмелердің жұмыс жопары.
11. Оқушы-туристердің дене қуаты дайындықтарының ерекшеліктері.
12. Қазақстан Республикасының «Туризм туралы» заңы.
13. Қазақстан мемлекетінің туризмді дамытуға себеп болып отырған заңдары мен нормалық құжаттары.
14. Туристік жорықтарды ұйымдастыру, оның дайындық кезеңдері.
15. Туристік жорықтардағы бағдарлау.
16. Туристік жорықтардағы құрал-жабдықтар.
17. Туристің азық-түлік мәселелері.
18. Спорттық туризмде жарыстарды топтастыру.
19. Жарыстарды ұйымдастыру, оның құжаттары.
20. Жарыстарды материальдық қамтамасыз ету шаралары.
21. Туристік жорықтардағы алғашқы медициналық көмек.
22. Жорықтарда кездесетін қауіп-қатер түрлері.
23. Туризмдегі табиғатты қорғау жұмыстары.
24. Қорықтар мен ұлттық парктер (саябақтар) туризм нысандары.
25. Өлкетанудың зерттеу нысандары.
26. Өлкетанудың түрлері.
27. Мектептегі өлкетану жұмыстары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет