Тікиіршік өлшемін есептеу барысында міндетті түрде олардың көлемін толық пайдалануға тырысу керек. Орауышдағы немесе тізіп орау білікшесіндегі жіп ұзындығы, сонымен қатар тізіп орау білікшесіндегі және тоқыма иіршік орнатпасындағы жіп ұзындықтары бір бірімен байланыстылықта болуы керек.
Иіршік орнатпасындағы негіз ұзындығын (м) келесі формуласымен анықталады:
Lиір.
орнатпасы nl0
lтк lпр , (5) Мұндағы:
n - бір иіршік орнатпасынан шығарылған мата қиындыларының бүтін саны;
lтк - тоқыма станогында алынатын негіз ұштарының ұзындығы;
lпр - сабақтау барысында алынатын негіз ұштарының ұзындығы.
Тізіп орау білікшесінде (топтамалы тізіп орау барысында) негіз ұзындығы бір топтамалы білікшеден алынатын негіз санымен, сонымен қатар топтамалы білікшелерден негізді кескеннен кейін қалатын жіп ұштарының ұзындығы және желімденген жіп ұштарының ұзындығын ескере отырып иіршік орнатпасындағы негіз жібінің ұзындығынан қысқа болуы қажет.
Тоқыма станогында иірім жіптерінің үзілгіштігі:
Тоқымада иірім жіптерінің үзілгіштігі технологиялық процесстерінің қалыпты жүрісін бұзып, шығарылушы өнімнің сапасын төмендетеді, сонымен қатар еңбек және қондырғылардың өнімділігін төмендетеді, сондықтан да әрбір фабрикада иірім жіптерінің үзілгіштіктерін мән бере отырып зерттеп, олардың алдын алу жолын қарастыру қажет.
Тоқыма станогында негіз жіптерінің үзілу себебін үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топты иірім жіп сапасының төмендігімен немесе оны дайындау бөлімінде дұрыс дайындалмағанын сипаттайтын себептер құрады.
Екінші топты тікелей тоқыма станогының күйі және баптауына байланысты болатын себептер құрады. Мысалы, ремизкалардың, бердо, шпаруток, арқаулы айыршасы және қайықшаны дұрыс орнатпау немесе дұрыс жұмыс істемеуінен, сонымен қатар негізді дұрыс кермеуінен және басқада себептерге байланысты болып келеді.
Ал үшінші топқа қондырғыға ұқыпсыздықпен қызмет көрсету және лас ұстауға байланысты болып келетін себептермен бірігеді, мысалы, негіз жіптерінің ластануы, жіп