ІX БӨЛІМ. Тоқымашылық процессін қалыптастыру
Тоқыма өндірісінде басты назарды тоқымашылық процессін қалыптауға бөлу қажет, яғни, әрбір мата үшін сәйкесінше сабақтау параметрлерін таңдауға бөлу қажет. Жоғарыда аталған параметрлерді маталардың құрылымына және станок конструкциясына байланысты орнатады. Ал параметрлерді бақылау үшін түрлі қима мен құрылғыларды қолданады.
Тоқыма станоктарының сабақтаушы параметрлерін қалыптау өз кезегінде тоқыма процессі барысында жіптердің үзілгіштіктерін төмендетуге, тоқыма станоктарының еңбек өнімділігін жоғарылатуға және өндірілуші мата сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Станокты сабақтаудың негізгі параметрлеріне келесі параметрлер қатысты болып табылады: күзу өлшемі және станок органдарына қатысты оның күйлері, ашылу шамасы, негіз жіптерінің сабақталушы кернеулілігі.
Тоқыма станогына қызмет көрсету және оны күту
Тоқыма станогы белгілі бір құрамаларға бөлінеді, олардың әрбірі әдетте 24 тен 60 станоктан болады. Станок құрамаларын қондырғының жай күйіне жауап беретін, шығарылушы өнімнің жоспары мен сапасын қадағалап орындаушы шебер көмекшісімен басқарылатын тоқымашылар бригадасымен қызмет көрсетіледі. Жалпы мата өндірісінде тоқымашы шамамен 16 дан 48 дейінгі тоқыма станоктарына қызмет көрсетеді.
Автоматты тоқыма станоктарына қызмет көрсету барысында тоқымашы өзінің жұмыс уақытының шамамен 30% негізбен айналысуға (үзінділерді алу, негіздерді дұрыстау және т.б.) кетеді. Ал механикалық тоқыма станоктарына қызмет көрсету барысында тоқымашы өз уақытының 40% қайықты сабақтау және қуаттауға шығындаса, ал 16% негізге арнайды. Шығарылған матаға (бақылау, тазалау және т.б.) қызмет көрсетумен байланысты операцияларды орындауға кететін уақыт шығыны тоқымашының барлық жұмыс уақытының шамамен 6% құрады.
Автоматты тоқыма станоктарына қызмет көрсете отырып тоқымашы белгілі бағыт бойынша қозғалып отыру қажет.
Станокқа қызмет көрсететін тоқымашы жұмысшысы әдістер мен әдістемелерді жылдам әрі дұрыс орындауы және ақаулардың пайда болуын алдын алу аса маңызды болып табылады.
Тоқымашылар жұмысының аса жоғары сапалы әдістері негізінде жұмысты жоспарлы түрде шеше білумен, профилактикалық бақылау және жұмыстағы шапшаңдығы, сонымен қатар уақытты аз шығындайтын еңбектің аса рационалды әдістерін тиімді қолданумен сипатталады.
Автоматты станокта жұмысты жоспарлаудың негізі ретінде жұмыстың жоғары тығыздылығында міндетті түрде қажет болатын маршрут бағытын дұрыс таңдау болып табылады. Ал механикалық станоктарда бастысы ретінде бірнеше станоктың арқау жіптерінің шығуы себепті уақытша тоқтатылуын алдын алатын қайықшаларды дұрыс айдамалау болып табылады.
Негіз және жаймаларды профилактикалық байқау өз кезегінде шығарылушы мата үзілгіштігін төмендетіп және сапасын жоғарылату мүмкіндігін береді.
Жұмыста маневр жасау өз кезегінде түрлі опреациялардың орындау жүйелілігін дұрыс таңдаумен негізделеді. Бірінші кезекте тоқымашы станоктың тоқтап қалуымен тікелей байланысты болатын еңбек сыйымдылығы төмендеу жұмыстарды (қайықшаларды алмастыру және т.б.) орындау қажет, содан кейін еңбек өнімділігі аса қажет жұмыстарды орындауға көңіл бөлу керек, осыдан соң ғана станоктың тоқтауына байланысты болмайтын жұмысты орындауға назар аудару қажет.
Жұмысшы әдістерді орындауды жетілдіру өз кезегінде шығарылушы өнім көлемін жоғарылату үшін аса маңызды рөлге ие болып табылады.
Тоқыма өндірісінің алдыңғылары өз жұмыстарының жоғары көлемді көрсеткіштерін
көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар олар иірім жіпті ұқыпты және тиімді пайдалана отырып (шығындылығын төмендете отырып) аса жоғары сапалы өнімді шығаруға тырысады.
Автоматты тоқыма станогында тоқымашы әдетте барлық жұмысты орындай бермейді. Батарея қуаттарын арқаушалы шөлмекпен қуаттаушылар орындаса, олардың әрбірі шамамен 400 ден 600 жылд/сағ орындайды.
Негіздің бірқатар үзінділерін (10 жіпке дейін) тоқымашының алып отырады. Ал жоғары көлемдегі үзінділерді үзушілердің өздері алып отыралы, өйткені олар ақауды қалыптастырады. Бір үзуші әдетте 1 ден 3 құрамалы станокқа қызмет атқарады.
Негізді өз кезегінде шебер көмекшісі немесе негізді сабақтаушы сабақтайды. Негізді сабақтауға кететін уақыт негізінде сабақтау қиындығына байланысты болып келеді және әрбір негізді сабақтауға орташа есеппен 1 сағат кетеді.
Алынған матаны станоктан тоқымашының өзі немесе арнайы алушы бригада алады. Негіз тізбеораушысын сабақтау немесе есу барысында станокты алдын ала тазалануы немесе бақылануы қажет.
Тоқыма станогының жай күйі және оның үздіксіз жұмыс істеуі басты күйде жөндеудің сапасына және өз уақытында орындалуына байланысты болып келеді. Станоктың толығымен жөндеу жұмыстарын жылына екі немесе үш рет жасайды, орташа кварталына бір рет, ал профилактикалық бақылауды кәсіпорынның басты инженері бекіткен кесте бойынша іске асырады.
Капиталды және орташа жөндеу жұмыстарын кәсіпорынның жөндеу – механикалық бөлімі (ЖМБ) бригадасы орындаса, ал профилактикалық бақылауды өз кезегінде шебер көмекшісі орындайды. Автоматты тоқыма станоктарын толығымен жөндеуден өткізу ұзақтығы станоктың ендігіне байланысты 14 тен 20 сағатты құрады, ал орташа 605 тен 8 сағатты құрады.
Толқытай жөндеу жұмыстарын орындаушылар үш адамнан тұрады, ал орташа жөндеу жұмыстарын екі адам орындайды.
10 Тоқыма өндірісінде өнімнің өзіндік құны
Матаның өзіндік құнында шығындалудың негізгі элементі ретінде шикізат (3 кестені қараңыз) болып табылады.
Кесте 11..Матаның өзіндік құны
-
Маталар
|
Шығын элементі, %
|
Шикізат және материалдар
(қосымша)
|
Өңдеу
|
Жалпы
|
Мақталы мата өндірісі
|
Шұбар маталы зефир
|
73,3
|
26,7
|
100
|
Бөз
|
69,5
|
30,5
|
100
|
Жүн өндірісі
|
Драп - велюр
|
93,4
|
6,6
|
100
|
Диагональ
|
91,2
|
8,
|
100
|
Қайта орау, тізіп орау, шлихталау және тоқыма процессінде алынатын қалдықтар өндірісте үлкен көлемді шығынды қалыптастыра отырып, өндірілуші матаның өзіндік құнын мейлінше жоғарылатып жібереді. Сонымен мысалы, қалдықтарды (жіпшелерді) фабрика тек қана арзандатылған бағада ғана сата алады, сондықтан да иірім жіптің және қалдықтардың өзіндік құны өз кезегінде матаның өзіндік құнына қосады. Әсіресе осы шығындар жүн өндірісінің тоқыма кәсіпорындарында басты мәнге ие болады, өйткені мұндағы иірім жіп құны мақталы мата өндірісінен қарағанда жоғары болады. Қалдықтарды төмендетуге бағытталған күрес тоқыма саласында бірден бір негізгі мәселе болып табылады.
Еңбек өнімділігін жоғарылату иіруге қарағанда еңбек өнімділігі жоғары болатын тігін өндірісі үшін басты қажеттіліктің бірі болып табылады. Жаңаша техниканы енгізу өз
кезегінде еңбек өнімділігін жоғарылатып, өнімнің өзіндік құнының төмендетуде шешуші фактор болып табылады.
Сонымен қатар өнімнің өзіндік құнында елеулі орын алатын цехтік және жалпы фабрикалық шығындарды да төмендету аса қажетті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |