Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Қайта орау машиналарына қызмет көрсету



бет7/56
Дата11.10.2024
өлшемі5,69 Mb.
#147790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Қайта орау машиналарына қызмет көрсету


Орау машиналарына қызмет көрсететін кезде әрбір ораушы қызметкері өз аймағында келесі негізгі жұмыстарды орындайды: оралып қалған собықтарды алмастырады, өндірілген орауышты алады, үзілген жіптерді алып тастайды. Сонымен қатар аталған


қызметкерлер иірім жіп сапасын бақылап, жұмыс орнындағы тазалық және тәртіпті бақылап отырады, алынған иірім жіпті иіршікті және алынған қалдықтарды тапсырады, шебер көмекшісіне машинадағы байқалған ақаулықтарды хабарлайды, өз аймағын алмастырушыға тапсырып, кейін одан қабылдап алады.
Жұмысшы әдістерін жетілдіре отырып және олардың әрбірін орындау барысында уақытты үнемдей отырып ораушы қызметкері мейлінше көлемдегі ұршықтарға қызмет көрсете алады.
Мақталы иірім жіпті қайта орау барысында бір ораушы жұмысшы әдетте 20 -25 ұршыққа қызмет көрсете алады.
Орау машиналарына жалпы күрделі жөндеу жұмысы үш жылда бір рет келеді, ал орташа төрт айда бір рет (үш ауысымды жұмыс барысында) іске асырылады.
Жалпы күрделі (капиталды) жөндеу жұмыстарының ұзақтығы 35 сағат, ал орташа жөндеу жұмыстарының ұзақтығы шамамен 20 сағатты құрады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қайта орау процессінің мақсаты қандай?

  2. Жіптерді қайта орау барысындағы бақылап-тазалаушы құрылғының қызметі?

  3. Оралушы иіршіктің айналу жиілігі қандай?

  4. Келуші жіптің тұрақты жылдамдығы барысында бұрандалы сызықтың көлбеулі бұрышы қандай өзгеріске ұшырайды?

  5. Заманауи негіз ораушы машиналарда крестілі ораманың қайта орау жылдамдығы қандай?

  6. Кресстілі орамалы қозғалмайтын конусты иіршіктің қайта орау артықшылықтары?

  7. Жіптерді қайта орау кезінде олардың қандай қасиеттері өзгеріске ұшырауы мүмкін?

  8. Иірім жіп қасиетінің өзгерісіне не әсер етеді?

  9. Үзілген жіпті байланыстырудың маңызы?

  10. Қайта орау процессі жүруі кезінде жіптердің үзілуінің себебі?

  11. Қайта орау кезіндегі орын алатын ақаулар?

  12. Ақаулардың пайда болу себептері?

  13. Қайта орау машиналарын дұрыс дайындамау әсерінен пайда болатын ақау түрлері?

  14. Қайта орау кезінде қалдықтар пайда болуы неліктен?

  15. Жіпжүргізгіштердің дұрыс жұмыс жасамауы салдары қандай?

  16. Қалдықтардың мөлшері неге байланысты?

  17. Ораушы қызметкердің негізгі міндеттері?

  18. Ораушы қанша ұршыққа қызмет көрсете алады?

  19. Жөндеу жұмысының түрлері?

  20. Жалпы күрделі жөндеу жұмысын қанша уақытта жасап отырады?

  21. Орташа жөндеу жұмыстарын қанша уақытта жасайды?

  22. Жалпы күрделі жөндеу жұмысының ұзақтығы?

  23. Орташа жөндеу жұмыстарының ұзақтығы?

  24. «Мурата» фирмасының автоматы өнімділігі қандай?

  25. Орау машинасының қозғалысты беру тізбегі?

  26. Орауыш бойында жіп қозғалысының салыстырмалы жылдамдығын қалай анықтайды?

  27. Орау машинасында орау жылдамдығын жоғарылату еңбек өнімділігіне әсер ете ме?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет