Мата деп өзара перпендикулярлы жүйемен екі жіптердің (мата бойымен жүретін негіз жіптер және матада кесе көлденең жүретін арқау жіптері) айқасуы барысында қалыптасатын бұйымды атайды. Мата шеті жиек деп аталады. Оларды аса берік етіп жасайды, өйткені матаны өңдеу барысында аталған жиектер мейлінше жүктемелерді қабылдайды.
Негіз және арқау жіптері белгілі бір тәртіппен айқасады. Негіз жіп арқаудың үстімен айқаса өтсе, онда ол жерді негізгі тұйықталу, ал егер арқау жібі негіз жіп үстімен айқаса өткен жер арқаулы тұйықталу деп аталады. Тұйықталулар сәйкесінше суретті айқаспаларды құра отырып түрлі күйде кезектесе орналасады.
Мата тоқудың алдында арқау мен негіз жіпті алдын ала өңдеуден өткізеді. Ол үшін ең алдымен негіз жіптерге тоқталайық. Жалпы тоқыма өндірісінде қолданылатын иірімжіптердің барлығы мақта, жүн, жібек, зығыр және түрлі химиялық жіптер мата тоқуға дайындау кезеңінен өтеді. Осы кезеңдердің ең алғашқысы қайта орау.
Негіз жіпті қайта орау процессінің мақсаты-формасы мен құрылымын тізіп орау үшін жіп аса ұзын және аса қолайлы болу қабілетіне ие бола отырып иірім жіп иіршігінің тізбеораушысын алу болып табылады. Сонымен қатар қайта орау процессі барысында иірім жіпті шаңнан және қоқыстардан тазартып, мүкістерді (қалыңдықтар, түйіндер және т.б.) жойып, иірім жіпті қалыңдығы бойынша бақылап отырады.
Негізгі иірім жіпті қайта орау процессінің маңызы бірнеше иіру тікиіршігінен белгілі керілісте иірім жіптің жаңа тікиіршігіне жүйелі түрде орау және сонымен қатар бақылап- тазалау құрылғысынан өте отырып иірілумен түсіндіріледі. Тоқыма өндірісінде көптеген қайта орау машиналары мен қайта орау автоматтары қолданылады. Солардың ішінде кең тараған бірнешеуінің жұмыс істеу тәртібіне сиптатама беріп өтейік. Шет елдік 20-дан астам фирмалар қайта орау автоматтарының түрліше серияларын шығарады, олар бір- бірінен өздерінің конструкциялық ерекшеліктерімен, түрліше механикалық операцияларды орындаушы механизмдерінің сандарымен ерекшеленеді.
«Мурата» фирмасының (Жапония) қайта орау автоматтары
Қайта орау автоматтарында негізгі қолмен орындайтын операцияларды автоматтандыру кезінде жұмысшылардың еңбек өнімділігі 2 есеге дейін өседі және еңбек жағдайы жақсарады.
Заманауи орау автоматтарында негізінен келесідей операциялар автоматтандырылған: жіптердің ұштарын байланыстыру, толған собықтарды ауыстыру, конусты бобиналарды алып, оларды сақтау орнына тасымалдау.
Оралушы жіптердің өзара түйіндеп байланыстырудың автоматты жүйесін және келетін собықты қайта сабақтауды, барлық процестің автоматтану деңгейін және автоматты жүйедегі ораушылара қызмет көрсету циклін орау автоматының түрі анықтайды.
Орау автоматтарының ерекшеліктері сапасы жақсы, бір типті иіру собықтарын қолдануды талап етуі және қайта орауға келген иірімжіп тегіс болуы қажет. Орау автоматтарының техникалық сипаттамасы төмендегі кестеде келтірілген.
Қандай да конструкциялы орау машинасының құрамына мыналар кіреді:
Ораушы механизм. Аталған механизм көмегімен иіру иіршігінен араластыра отырып жіпті орап өз өсі бойымен катушка және орауыш айналады.
Оралушы жіпке орауыш және катушка өсі бойымен салыстырмалы қозғалысын хабарлайтын салушы механизм немесе жіпжүргізгіш.
Жіпке белгілі кернеулікті құратын, жіпті тазартып, оның қалыңдығын бақылаушы керуші және бақылап тазалаушы құрылғы.
Сурет 1. «Мурата» фирмасының қайта орау автоматы (Жапония) Кесте 1. Қайта орау автоматтарының техникалық сипттамасы