Түзілімінің тым тереңде жатқандығын дәйекті дәлелдермен негіздеп берді. Сол түпкі түрік текті түзілімдердің қатарында Маң жұрты да аталады



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ

№1 (127), 2023
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
467 
америкалық үндістерге айналады. Бүгінгі америкалық үндістердің 90 пайыздан астамы осы 
аталық Q зәузатына жатады. 
Q зәузатының сыңары R зәузаты бұдан 27 мыңдай жыл бұрын M123 снип-мутациясын 
қабылдап R1 зәузатының негізін қалайды. R1 зәузатынан бұдан 23 мыңдай жыл бұрын оның 
кезекті SRY10831.2 және M123 снип-мутацияларын қабылдау нәтижесінде R1a және R1d 
зәузаттары түзіледі. Бұл гаплотоптар түпкітүрік тілінде сөйлеген жұрттардың ілкі ата-
бабалары ретінде пайымдалады. Осыдан-ақ қайсыбір тарихшылар жазып жүргендей R1a 
және R1d гаплотоптары бір-бірінен бөлек-бөлек аяқтанған жұрттар емес, керісінше бір 
тұқымнан өрбіген бауырлас жұрттар екендігі ап-айқын болып білініп тұрады [2].
Сондай-ақ краниометриялық зерттеулер қорытындылары бойынша, Q, R1a, R1b және 
С, С3 гаплотоптары бойларында да анау айтқандай айырмашылықтар жоқ. Себебі бұл 
гаплотоптардың бәрінің де түпкі шығу тектері бір. Африкадан Азияға өткен делінетін B 
гаплотобынан бұтақтанған C және F зәузатынан өмірленгендердің ұрпақтары. Олардың 
бәрінің түрлерінде байқалатын аз-маз айырмашылықтар тек бертін келе өмір сүру 
аймақтарындағы табиғи-климаттық өзгешіліктерге қарай пайда болған. Оның үстіне, қазіргі 
орыс тіл білімі, теріскейазиялық топтарды бөліп-жарып жатпай, әу баста олар бір тілді, яғни 
тек қана алтай тілді топ болған деп қарастырады. Әрі, қазіргі орыс тіл білімі, арғы алтай тілді 
біртұтас топты бертіндеу келе ғана арғы түрік, арғы моңғол, арғы тунгус-мәнжүр, арғы 
корей, арғы жапон тілді қауымдарға бөлшектеніп кеткен деп есептейді [3, 1416–1602-бб.]. 
Демек үнемі өсіп-өніп, көбейіп отыру теріскейазиялық гаплотоптардағы (рулық 
қауымдардағы) адамдар санын арттырып, олардың әрқайсысының этникалық қауымдарға 
ұйысуларына ықпал етті. 
Мысалы, қазіргі ғылыми антропологияның дәлелдемелері бойынша, түпкі түрік текті 
жұрттардан 200-ге жуық этникалық қауымдар өсіп, өрбіген. 
Солардың бірі «Хунгур» деп этнонимделген жұрт. Этникалық осы жұрттан өсіп-өнген 
халықтар, қазіргі генетика ғылымының дәлелдеуі бойынша, күллі еуразиялық халықтардың 
шығу тегінде тұрған аталық жұрт. Бергісін айтпағанның өзінде, арғы скиф, хунну, хяньюнь, 
фин-угор, болгар, татар, түрк, сібірлік жұрттар, т.б. өздерінің шығу тектерін хунгурлардан 
бастап тарқатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет