Зерттеу әдістері
Зерттеудің әдістемелік өзегін генетикалық, антропологиялық, этносоциологиялық,
этнографиялық, этимологиялық тәсілдер құрады. Сонымен қатар зерттеуде тарихи-
генетикалық, тарихи-салыстырмалық, тарих зерттеулердің қолданбалық әдістері,
реконструкциялық тәсіл, диахроникалық талдау, хронологиялық тәсіл, лингвистикалық
талдау, т.б. пайдаланылды.
Талдау мен нәтижелер
Өзге халықтар өз тілдерінің дыбысталу ерекшеліктеріне қарай «хунгур» этнонимін
әртүрлі атамалайды.
Айталық, хунгурлармен ж.с.д. VI мыңжылдықтың соңына таман Янцзы өзенінен арғы
өңірлерден көшіп келіп, осы өзеннің маңына қоныстанған тайлар (қытайлардың арғы ата-
бабалары) жергілікті абориген халық – хунгурларды өз тілдеріне жақындатып «хуньюй» деп
атамалаған. Өйткені олардың тілдерінде «-р» дыбысы дыбысталмайды. Хунгур, демек
«хуньюй» (құяң).
Моңғол жазбасында, атап айтқанда, «Моңғолдың құпия шежіресі. ХIV–ХV ғғ.»
тарихнамасында «хунгур» этнонимі Qоnyirat > Onyirat > Қоңғырат > Оңғырат (хонгирад)
сұлбасында таңбаланған. Мұның себебі хунгурлар түрік-моңғол текті өзге де халықтар
қатарында қазіргі жыл санауымыздың 907–1125 жылдар аралығында Ұлы Ляо (Қидан)
мемлекетіне тәуелділікте болған. Міне, осы тұста хунгурларды қидандар өз тілдерінде
ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
,
№1 (127), 2023
468
көптікті білдіретін «-ат», «-ет», «-т» жалғауын жалғап «хунгур-ат» деп атамалап кеткен.
Міне, сонан бері орталықазиялық түрік-моңғол текті халықтар хунгурларды «хунгур-ад»,
немесе «қоңыр-ат» деп атамалауды әдетке айналдырып алған.
Парсы тілінде, мысалы, Рашид ад-Диннің (1243–1318 жж.) «Жамиа ат-Тауарих» атты
еңбегінде хунгурлар «Кунгурат» деп жазбаланған.
Орыс тілінде «хунгур» этнонимі «хунгирад» деп жазбаланып жүр.
Қазақ тілінде «Қоңырат» деп ұлықталады.
Сібірлік халықтар тілдерінде:
1.
Хунгур, хунугур, кунгур, қоңыр, конгурей, хунгурай, қоңырат.
Әлем халықтары тілдерінде, – дейді татардың лингвист ғалымы М. Закиев, – әр
халықтың дыбыстық ерекшеліктеріне қарай «хунгур» этнонимі төмендегіше атамаланып,
жазбаланады (автордың пікірін ақсатып алмас үшін түсіндірмелеріне жазылған тілінде
сілтеме жасалды).
2.
Һунугур, һоногур, онногур, оногур, огур, угр, угор, утргур (утыр огур).
Этноним угор образован по тюркский модели на основе бесспорно тюркского
первичного этнонима ар (люди, мужчины), который конкретизировался первичным
этнонимом ок (племя, род). Окар>окур>огур в целом означает «окские люди». Венгерский
тюрколог Геза Куун еще в 20 в. пришел к уверенному выводу о первоначальной
тюркоязычности угров/угоров.
Греческие историк Симокатта сообщают, что угоры в древности именовались... хуньи
(хуньюй, хунгур). Поэтому не удивительно наличие этнонимов һоногур/онногур/оногур,
образованных из первичных этнонимов хунгур, ок, ар/ур. А, этноним утргур (утыр огур)
называл, по видимому, огуров особых земледельцев.
3.
Хунгур, хуногур, хунгар, унгар (венгр).
Финно-угорские ученые пришли к выводу, что названия мадьяр, венгр сами
представляют слова тюркского происхождения; эти термины венгры получили от тех
тюркоязычных племен, которые придали им тюркский антропологический оттенок. Венгр
происходит от варианта унгар (более древняя его форма хунгар<һунугор<хунгур). Мадьяр
казахская племя, живущее в Костанайской области Казахстана.
4.
Хунгур, хунугур, хуногур, оногур, болгар.
(Хунгур>хунугуры>хуногур>оногуры считаются непосредственными предками булгар.
Сведения об этом сохранились в древнегреческих источника.
«Хунгурлар бұлғарлардың арғы ата-бабалары болып танылады» [4, 53, 183, 190-бб./.
«Бұлғарлар өздерінің хунгурлардан өсіп-өнгендігін мақтаныш тұтады» [5, 14–23-бб.].
5.
Утигуры/утургуры, кутригуры/кутургуры, һунугуры/һоногуры.
В Причерноморье еще в 3 тысячелетии до н.э. жили тюрки, в том числе ранние булгары
– оногуры, т.е. хуногуры или просто огры, которые был предками и булгар. Они носили еще
этнонимы: утигуры/утургуры, кутригуры/кутургуры, һунугуры/һоногуры и т.д. [4, 194-б.].
Жалпы орталықазиялық этникалық қауымдардан 200-ге жуық әртүрлі халықтар
бұтақтанған. Солардың бірқатарын ұлтаралық араздықты қоздырушы орыстың шовинист
ғаламдары «үндіеуропалық тілді халықтар-мыс» деп атамалап, жазбалап жүр. Себебі олар
бұл ұғым-түсінікті танымдық тұрғыда мазмұндаудан гөрі, мағынасына саяси астар беріп, бір
жағынан орыстардың орталықазиялық ру-тайпалардан тұқымданған таза орталықазиялық
жұрт екендігін жасырғысы, сөйтіп орыстарды еуропалық жұрт етіп көрсеткісі келеді. Екінші
жағынан, орыс шовинист тарихшылары орыстарды әлемнің басқа халықтарынан артық жұрт
етіп көрсетуге ықылас танытып тұрады.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Сталин нұсқауымен өрістеген бұл саясат
орыс тарихнамасына ешқандай да абырой әпермеді. Керісінше күлкіге қалдырды. Әлемнің
прогресшіл тарихшылары орыстардың кімдерден ұрықтанғанын және де тек ХХ ғ. екінші
жартысының ортасына таман пайда болған жұрт екендігін ап-айқын етіп дәлелдеп берді.
|