Денсаулық ол - күлуің Көңіл – күйің жадырай, Денсаулық ол – жүруің, Ешбір жерің ауырмай. 4-оқушы: Рахат Денсаулық ол – шыныққан Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол - тыныққан Жүйке тамыр жүйесі. 5-оқушы: Нұрасыл Түзу отыр, қисаймай, Бүкіреймей, жантаймай. Күш сап бас пен арқаға, Жатып алма партаға. 6-оқушы: Бақберген Қара айнаға, көресің Өзіңді – адам денесін. Қол - аяғың, басың бар, Бұған кеуде қосылар- Құрылысың бұл сыртқы. Көрінбейді жүрегің, Өкпе, миың, бүйрегің- Құрылысың бұл ішкі. Д- ДҰРЫС ДЕМ АЛУ. Е-ЕРІНБЕУ
Н- НИЕТТЕУ.
С-СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУ.
А-АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРУ.
У-УАҚЫТТЫ ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Л-ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУ.
Ы- ЫНТА-ЫҚЫЛАС АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ.
Қ- ҚОЗҒАЛЫС АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРАДЫ. 2-жүргізуші: Ұлың өсті ер жетті жігіт болып,
Қызың өсті, бой жетті үміт болып.
Мың алғыс ата – анаға біз арнаймыз,
Өнерлі боп өсеміз ақыл толып – деп келесі кезекті биге береміз.
Би: «Шашу» биі 1-Жүргізуші: Жігерің бар. талабың бар қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын,-дей отырып, «Нашақорлық-ғасыр дерті» -тақырыбында көрініс
2-жүргізуші: Ендігі кезекті «Дәрумендер сөйлесін» бөліміне береміз
1-жүргізуші: Мұқағали атамыз жырлап кеткен
Әндері мағыналы неткен көркем
Ал қазір оқылатын бір өлеңі
М.Мақатаевтың шығармаларын мәнерлеп оқитындарБекжанова Әсел мен Нуриддин Ердәулет
2-жүргізуші: Ұл балалар билейді шет ел биін
Көтереді көрермен көңіл-күйін
Көрген бойда таң қалып таңырқайсың
Риза болып, жігіттердің әсем биін-деген өлең жолдарымен жігіттерді флешмоб биімен қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: ... Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы...–деп Төлеген Айбергенов жырлаған, десек те өмірде әр түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Соның бір дәлелін сіздермен бөліскелі отырмыз. Әні: А.Өтегенов, сөзі: Қ. Құдайбергенов «Ана жүрегі» әніне көрініс