2-жүргізуші: Қыздарымыз мың бұрала билейді
Аяқтары мүлдем жерге тимейді –сахнада биші қыздарыңыз Халық Несібелі өзбек биін билейді
1-жүргізуші: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. –деген өлең жолдарымен ортаға анамыз, арқа тұтар панамыз, жанашыр, ақылшы ұстазымыз Қарлығаш апай шәкірттерімен «Ұстазым, саған мың алғыс» әнін шырқайды.
Қорытынды: Еліміз Егемендік алып, енді ғана еңсесін көтеріп келе жатқанда зиянды заттар жағамыздан алмасын деп тілеп, Елдің елдігін, азаматтың ажарын ашатындай жақсы қасиеттерді үлгі, мұра етіп қалдырайық.
Халықта мынадай дана сөз бар: «Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның»
2-жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағаты
Денсаулық жайлы сөз еткен.
Көп нәрсені ұғып алдық
Кетпейтұғын мәңгі естен.-дей келе, осымен «Денсаулық-мен білетін бірден- бір сұлулық» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қорытынды сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Халымбетов Жүнісбек ағайға береміз.