Әдісі: ой қозғау, мағынаны ашу, топтастыру, тәжірибелік жұмыс,интерактивті тақтамен жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақтаға жазылған мақал-мәтелдер, слайд, суреттер
Жоспар:
І.ҚР-ның мемлекеттік әнұраны орындалады
Сабақтың барысы:
Кіріспе:
1-жүргізуші: Өмір-сыйлық. Өмір-жарық. Өмір-сәуле. Осы әлемді әсем гүлді баққа айналдырып, жан дүниесін қуанышқа бөлеу- әрбір адамзаттың табиғат алдындағы парызы. Алайда қазіргі таңда мына адамзат өмірінде, қоғамда түрлі жағдаяттар орын алуда. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі-салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Міне, осы мақсатта өткізгелі отырған сабағымыздың такырыбы: «Денсаулық-мен білетін бірден- бір сұлулық» деп аталады.
Ашық тәрбие сағатымызды ашып беру сөзін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Халымбетов Жүнісбек ағайға береміз.
2- жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде .
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға. - дей отырып ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
1-жүргізуші: Сөз тапқанға қолқа жоқ дейді халқым
Ежелден ақ сақтаған ата-салтын
Даналарым беріп кеткен даналықты
Айта бергім келеді тақпақтарын -дей келе, келесі кезекті денсаулық туралы тақпақтарға береміз.
1 -оқушы: Ердәулет
Шешілмейтін жұмбағы, сұрағы көп.
Бұл өмірге келген өмірдің бұлағы боп,
Қалу керек өмірдің шуағы боп
Денсаулықты сақта. түзу өсесің
Күнәдән пәк жаннат өмір кешесің
Көрген күнің қараң ғой дерт шалса
Харамменен тәніңді улап не етесің
Жаман әдет көп шектірер қасірет
Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің
2- оқушы: Ербол
Сымбат - мүсін дегенің Бітім – көркі денеңнің. Сымбат – жүру әдемі, Дене қалпын тік ұстап: Көтеріп сәл кеудені, Иық жазып дұрыстап. 3-оқушы: Нурислам