Уайсова Гулнар Инаматовна Пәні: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған тілдік білім негіздері Мамандығы : В01302 Бастауыш білім беру бизнес инновациямен курс. Тілдік қатынас құрамы
1.Тілдік қатынастың анықтамасы мен ерекшеліктеріне түсінік беріңіз.
Тілдік қатынас — тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді. Бұл жерде сөйлеу тілі деген тіркесті ерекше бөліп айтуға тура келеді. Өйткені ол ауыз екі сөйлеу деген мағынаны емес, жалпы адамзаттың сөйлесу құралы, сөйлеу құралдарының қызметі, адамның тілі, адамның тілдік қатынас құралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды жеткізуі тиіс. Сондықтан осындай нақтылы ұғымды білдіру үшін, біз сөйлесім тілі деген тіркесті қолданамыз. Себебі «сөйлесім», «сөйлеу» түбірі арқылы жасала келіп, сөйлеу процесінін тек адамзатқа тән екенін дәлелдейді. «Сөйлеу» деген сөздің өзі адамның ойын жарыққа шығару қасиетін білдіретіндіктен, көбінесе біржақты әрекет ретінде қабылданады. Ал «сөйлесім» «сөйлеу» түбіріне ортақ етістің «с» жұрнағы қосылу арқылы жасала келіп, бір-бірімен тілдік қарым-қатынас нәтижесінде іске асатын ортақ құбылысты көрсетеді. Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы — басты шарт. «Сөйлесім» — осы басты шарты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз. 2.Тілдік қатынасты жүзеге асырушылардың әрқайсысын толық сипаттаңыз: баяншы, тұлғалар, қабылдаушы. Баяншы — сыртқы объективтік әсерді, өмірді сезінуден, пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың, тұлғалардың көмегімен екінші біреуге баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы, тілдік қарым-қатынасқа түсуші. Тұлғалар — хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасындағы ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар арасындағы карым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер. Қабылдаушы — белгілі бір хабарды қабылдап, алып, оның мәнін тілдік тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасынан өткізіп ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы.
3.Тілдік тұлғаларды сызбамен көрсетіп, әрқайсысына түсінік беріңіз.
СӨЗ
СӨЙЛЕМ
МӘТІН
. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады. Мысалы: қар деген сөздің білдіретін ұғымы — түсі ак, салқын, еріп, суға айналатын зат.
Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз.
Сөйлем – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды.
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі.