Уалиханова баян сапарбековна



Pdf көрінісі
бет21/49
Дата06.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#16828
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Байланысты:
Ұлан диссертация

Кардиологиялық 
ультрадыбыстық 
зерттеу

Жүректі 
зерттеуде 
(кардиологиялық  датчиктер)  орташа  фокустық,  3  немесе  3,5  МГц  секторлық 
датчиктері қолданылады. 5 МГц датчиктерде ультрадыбыстың ену тереңдігі аз 
болғандықтан,  кардиологияда  шектелген  масштабты  түсіруде,  әсіресе 
балаларды зерттеуде қолданады. 
Доплерография.  Доплер  бөлігі  қан  ағыны  жылдамдығын  өлшеуде 
қолданылады.  Сондай-ақ  зерттеу  мәліметін  арттыру  үшін  аппарат 
микрокомпьютері долпер сигналының спектралді сипатамасын есептейді. 
Доплер  сигналының  спектралді  сипаттамасының  пішіні  сканер 
мониторының  экранында  кескінделеді.  Жүрек  клапандарының,  түпкі 
тамырлардың  доплер  сигналдары  спектрінің  атласы  жасалған.  Атлас  жүрек 
бөлігі  жұмысының  патологиялық  бұзылуын  пішіні  бойынша  анықтауға 
мүмкіндік береді [120]. 
Доплер датчигінен шыққан ультрадыбыс сәулесі мүмкіндігінше қан ағыны 
бағытымен  сәйкес  келуі  тиіс.  Осы  кезде  ғана  доплер  сигналының  шамасы 
максимал  болады.  Егер  ультрадыбыс  сәулесі  қан  ағыны  бағытына 
перпендикуляр болса, доплер сигналы нольдік мәнге ие болып, сондықтан қан 
ағыны  жылдамдығын  өлшеу  мүмкін  болмай  қалады.  Доплерографияның  2 
негізгі әдісі бар: үздіксіз (CW) және импульсті (PW). 
Үздіксіз доплерографияда ультрадыбыс негізгі сәуленің барлық ұзындығы 
бойында  шағылады.  Сондықтан  бүкіл  түтік  бойындағы  қан  ағынының 


63 
интегралдық  жылдамдығын  өлшеуге  болады,  өлшеу  шегі  10  м/сек.  Үздіксіз 
доплерография  жіңішке  тамырлардағы  қан  ағыны  жылдамдығын  өлшеуде 
қолданылады.  Жүректің  белгілі  бір  бөлігіндегі  қан  ағыны  жылдамдығын 
анықтауда 
импульсті 
доплерография 
қолданылады. 
Импульсті 
доплерографияда қан ағыны жылдамдығын өлшеу шегі 7,5 м/сек. 
Радионуклидтерді  медицинада  қолдану.  Радионуклидтер  деп  жартылай 
ыдырау  периоды  өте  аз,  радиоактивті  заттарды  атайды.  Табиғатта  мұндай 
химиялық  элементтер  кездеспейді,  оларды  жасанды  түрде  алады.  Қазіргі 
уақытта  радионуклидтер  диагностикалық  және  терапиялық  мақсаттарда  кең 
түрде қолданылуда. 
Радионуклидті  диагностикалық  мақсатта  қолданудың  негізі  ретінде, 
олардың адам ағзаның кей мүшелерінде талғампаздық түрде жиналуын атауға 
болады. Мысалы, радиоактивті иод негізінен қалқан безінде, ал кальций болса 
сүйекте жиналады. Радиоактивті элементердің изотопын адам ағзасына ендіріп, 
олардың  адам  ағзасында  жиналған  аймағынан  шығарған  сәулесі  арқылы  адам 
мүшесінің  немесе  аймақтың  диагностикалық  күйін  анықтауға  болады,  мұны 
таңбаланған атомдар әдісі деп атайды [106].  
Радионуклидтерді  терапиялық  мақсатта  қолданудың  негізі  ретінде, 
олардан  шығатын  иондаушы  сәулелердің  ісік  жасушаларын  бұзуын  атауға 
болады.  
  1 Гамма терапия деп, терең қабатта жатқан ісіктерді жоғары энергиялы   
сәулесі  арқылы  жоюды  атайды.    сәулесінінің  көзі  ретінде 
60
Со  кобальт 
қолданылады.  
 
2  Альфа  терапия  деп  α  сәулесі  арқылы  емдеуді  атайды.  Бұл  сәуленің 
иондаушылық  қасиетінің  өте  жоғары,  сондықтан  ол  сәл  ғана  ауа  қабытының 
өзінде толығымен жұтылады. Осы себепті α сәулені адам ағзасына немесе оның 
белгілі  бір  мүшесіне  тікелей  әсер  ететіндей  жағдайда  қолданады.  Мысалы, 
теріге  тікелей  әсер  ету  үшін  радон  ваннасын  қабылдайды,  асқазанға  әсер  ету 
үшін  радонды  суды  ішеді,  тыныс  алу  мүшелеріне  әсера  ету  үшін  ингаляция 
қабылдайды.  
Нанотехнология  мен  наномедицина.  Соңғы  жылдары  нанотехнология 
ұғымын  барлық  салада  кездестіруге  болады.  Грек  тілінен  аударғанда  «нано» 
сөзі – ергежейлі деген мағынаны берсе, оны заттың миллионнан бір бөлігі, яғни 
10
-9
  бөлшегін  білдіреді.  Нанотехнология  дегеніміз  –  теориялық  түсініктің 
жиынын,  зерттеу  әдісі,  талдау  мен  синтездеу,  жекелей  атом  мен  молекуланы 
басқарып,  белгілі  өнімдерді  өндіру,  қолдану  әдістері  мен  іргелі  және 
қолданбалы  ғылым  мен  техниканың  арасындағы  пәнаралық  сала  болып 
табылады.  Нанотехнологияның  медицинада  қолдануына  шолу  төмендегідей 
болды: 
Наноботтар – болашақтың наномашина ұрпағы, олар қоршаған ортаны 
сезініп, оның өзгерістеріне бейімделе алатын, күрделі есептеу жүргізіп, қозғала 
алатын,  молекулалық  жиынтық  жасайтын,  жөндеу  істерін  де  жасай  алатын 
машиналар. Бұл құрылғы медицинада қолданылу шегі үлкен сұранысқа ие. 


64 
2  Нанокомпьютерлер  көмегімен  наноботтарды  басқаруға  болады, 
нанокомпьютерлерді құру мен кванттық есептеулерге қадам басу медицинаның 
жаңа арнасын аша түседі. 
Жасушаны регенерациялау. Ағза жасушасының бұзылуы, сол жасушаның 
өте аз мөлшерде болғандығынан қайта түзілуі өте қиын. Бірақ нанотехнология 
көмегімен бұл мәселе өз шешімін тапты. Наноботтар мен басқа да құрылғылар 
жеке  сатыда  жасушаны  регенерациялау  үшін  молекула  мен  атомдарды 
басқаруға қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет