2 МЕДИЦИНА МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ ФИЗИКАНЫ
КӘСІБИ БАҒЫТТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Медициналық жоғары оқу орнында физиканы кәсіби бағытта
оқытудың мазмұны
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартында
болашақ дәрігерлерде жалпы мәдени, жалпы кәсіби және кәсіби құзіреттерін
қалыптастыру өзекті мәселесі болып табылады [6, б. 35]. Студент оқуын
аяқтаған соң, кәсіби қызметте көрсете алатын іс-әрекеттерді (білім, біліктілік,
дағды, қабілеті мен тұлғалық сапасы) игерту жоғары оқу орнындағы білім беру
процесіне жүйелі өзгерістерді енгізуді керек етеді. Құзірет дегеніміз –
әлеуметтік, құқықтық және кәсіби бағытталудан құралған комплексті жүйе
екені белгілі.
Мамандықты таңдау – бұл бірнеше кезеңнен тұратын процесс. Біріншіден,
кәсіби бағытта оқуын дамытудың қажетті шарты, студенттің мамандыққа оң
қарым-қатынасы. Медициналық жоғары оқу орны студентін кәсіби бағытта
даярлаудың, абитуриент ортасынан бастау алады. Жұмыс мақсаты – дәрігерге
қойылатын, абитуриент арасындағы сәйкестікке, оның мүмкіндіктері мен
кәсіби талаптарына қол жеткізуі болып табылады. Ең бастысы – саналы түрде
мамандық таңдау, сонда ғана студент келесі кәсіби талаптарды адекватты
қабылдай алады.
Оқытудың бастапқы кезеңдерінде (1-2 курстар) оқу-танымдық іс-әрекет
(теориялық білімдерді меңгеру) жетекші рөлде болады. Кейінгі оқу – студентті
кәсіби-еңбек бағытында белсенділікке бағыттайды. 3 курста оқу – кәсіби іс-
әрекет пен бастапқы-кәсіби іс-әрекет басталады, яғни болашақ кәсіби іс-
әрекетіне деген жігер қалыптасады [132]. Аталған бағыттардың дамуына жалпы
кәсіби және клиникалық пәндерді оқу барысы ықпал етеді, сонымен қатар,
студенттерді оқу-кәсіби іс-әрекетке, клиникалық базада өндірістік іс-
тәжірибеден өтуге, ғылыми - зерттеу жұмыстарына қосу, болашақ мамандығы
формасы мен мазмұны туралы студенттердің білімін кеңейтуге мүмкіндік
жасайды.
П.Р.Атутов өз зерттеулерінде «Жоғары оқу орнында физика кәсіби білім
мен білікті қалыптастырудың тапсырмасын шешпеуі керек, бірақ ол, таңдап
алынған мамандықтың теориялық негізін құрайды, қызметкердің мобилдігін
қамтамассыз етеді, жалпы теориялық жеткілікті білімді береді, яғни жаңа
техника мен технологияға еркін үйреніп, оны басқара алуы үшін қажет» - деген
[134]. Автор мұнда арнайы кәсіби біліктілікті меңзеп отыр. Шындығында,
физиканы оқи отырып, күрделі медициналық оталарды жасауды үйренбейді,
бірақ жалпы кәсіби іс-әрекетінде ол білімдер керек болады. Өйткені ота жасау
көптеген медициналық құрал жабдықтар көмегімен іске асады. Мысалы, ота
жасауда қолданылатын электрохирургиялық құрал жоғары жиілікті ток
көмегімен жұмыс істейді, ал лапроскопиялық құралдарда электрлік және
оптикалық құбылыстар қолданылады, диагностикалық УДЗ құралы
ультрадыбыстың әр түрлі ортада шағылу еркешелігіне негізделген. ЭКГ жүрек
46
биопотенциалын өлшеуге негізделген, пневмотахограф құралы дем алу және
шығару кезіндегі ауа жылдамдығын өлшеуге арналған, магниттік энцефалограф
мидың магнит өрісін тіркеуге, зерттеуге бағыталған, бронхоскоп – талшықты
оптика көмегімен бронхты, трахея қабатын, дем алу мүшелерін көру,
гастроскоп – талшықты оптика көмегімен асқазан қатпарын көруге,
ларингоскоп – талшықты оптика арқылы тамақты көруге, колоноскоп –
талшықты оптика көмегімен тік ішекті тікелей көруге, кольпоскоп – талшықты
оптика көмегімен жатырды тікелей көруге, гистерескоп – линзалар жүйесімен
гинекологиялық ауруларды бақылауға, цистоскоп – талшықты оптика
құралымен қуықты тікелей бақылауға, лапараскоп – кеуде, қарын қуыстарын
тікелей көруге негізделген, франклинизация – жоғары кернеу өрісімен ағзаға
тікелей әсер ету арқылы жүйке жүйесінің шаршауын, бронхиалды астма
емдеуге, аэроионотерапия – зарядталған бөлшектермен ағзаға әсер ету арқылы
ринит, бронхит ауруларын емдеуге қолданылады [134, с. 39].
Медициналық факультет студенттерін кәсіби бағытта дайындаудың
ғылыми-педагогикалық проблемаларын зерттеу жұмыстарында ҚР жоғары
медициналық білім стандарттарын, медициналық биофизика мен негізгі
клиникалық пәндердің типтік бағдарламаларын, медициналық жоғарғы оқу
орындарында оқылатын медициналық биофизика мен клиникалық пәндердің
оқулықтарын талдай келе және бірқатар жоғарғы оқу орындарының
тәжірибесімен
танысу
нәтижесінде
мынандай
жайларды
байқадық.
Медициналық биофизика пәнінің типтік бағларламасы ұсынған оқулықтардағы
қарастырылған түрлі физикалық құбылыстар мен заңдылықтар «жалаң», яғни
кейін бұл құбылыстардың немесе заңдылықтардың қандай клиникалық пәнде,
қандай ауруларды диагностикалау мен емдеуде және қандай медициналық
құралдарда қолданылатындығы қарастырылмаған, бұл өз кезегінде болашақ
дәрігерді кәсіби бағытта дайындауды қиындатады және білім беру процесіндегі
педагогикалық үйлестіктіке сай келмейді. Яғни, көпшілікке белгілі, егер
студент, физика бойынша оқыған тақырыбындағы физикалық құбылыстың
тікелей медицинаға қатысы бар екендігіне көзі жетсе, онда ол бұл тақырыпты
терең меңгеруге тырысады және оның тарапынан бұл тақырыпқа деген үлкен
қызығушылық пайда болады, бұл студенттің үлгерімін жоғарылататын бірден
бір педагогикалық фактор [132, б. 28]. Сондықтан біз, медициналық биофизика
оқулықтарында қарастырылған «таза» физикалық түсініктерді, заңдылықтарды
және олардың қандай клиникалық пәндерге қажет болатындығын қарастырдық.
Осы мақсатты іске асыру үшін біз алдымен клиникалық пәндердің типтік
бағдарламаларындағы тақырыптарды және типтік бағдарлама көрсетілген
оқулықтардағы түрлі физикалық құбылыстардың медицинада, оның ішінде
диагностикалық мақcатта қолданылуын қарастырдық. Ол үшін 5В30100 -
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын 3-5 курс студентері
оқитын «Ішкі арулар», «Хирургиялық аурулар», «Балалар аурулары»,
«Акушерия және гинекология» пәндерінің типтік бағдарламарын және осы
пәндердің негізгі оқулықтарына талдау жүргіздік [135-146]. Мұндағы басты
мақсат аталған клиникалық пәндерде және оқулықтарда қолданылатын түрлі
физикалық құбылыстардың, әдістердің тікелей медицинада, оның ішінде түрлі
47
ауруларды анықтауда қолданылуын және олардың қажетілігіне көз жеткізу
болатын. Зерттеу нәтижелерін төмендегі 4-кестеге ендірдік.
Кесте 4 – Физикалық құбылыстардың медицинада қолданылуы
№
Диагностикалық әдістер
(диагностикалықіс- әрекеттер)
Диагностикада
қолданылған
физикалық
құбылыс
Физикалық тұрғыдан
диагностикалық көріністі
түсіндіру
1
2
3
4
1
Аскультатция
арқылы
өкпе
пневмониясын анықтайды.
Турбулентті ағыс
патология
әсерінен
өкпе
бронхосының көлденең қимасы
тарылады, сондықтан турбулентті
ағыс пайда болады, нәтижесінде
өкпеден шығатын дыбыстар өте
жуан немесе жіңішке шу түрінде
естіледі
ФКГ арқылы «өкпе-текті» жүрек
ауруын диагностикалау
қан ағысының кұйынды болуынан
шығатын
дыбысты
тіркеу
арқылы анықталады.
ЭхоКГ арқылы жүрек күйін
зерттеу
жүректен шығатын дыбыстың
тоны
өзгереді,
сол
арқылы
жүректің күйін анықтайды.
2
ФКГ
арқылы
қолқа
қақпақтарының
ақаулары
анықталады
Дыбыстың
физикалық
сипатамалары
(қаттылығы, тон,
тембр,шу т.б.)
фонокардиография
кезінде
дыбыстың І және ІІ тоны өзгереді
ФКГ арқылы жас балалардың
жүрек қызметі зерттеледі
жас баланың жүрегі шығаратын
дыбыс тонының өзгеруі арқылы
анықталады
ФКГ
арқылы
жатырдағы
ұрықтың жүрек ұрысы тіркеледі
жүректен шығататын дыбыс тоны
арқылы анықталынады
3
УДЗ арқылы сүт безіндегі
диаметрі 0,5 см дейінгі ісіктерді
анықтауға болады
Ультрадыбыстың
тығыздығы екі
түрлі ортада
таралу
ерекшелігі
7 -10 мГц жиілікті УД өте кіші
кедергілерден жақсы шағылады
УДЗ арқылы өт қапшығын
зерттеу
өт
қапшығының
ұлғаюы,
қабырғасының қалыңдауы УД
толқынының мұндай
ортадан
шағылуы деңгейін өзгертеді.
УДЗ арқылы асқазан обырының
түрі анықталынады
УД
таралу
бағытындағы
қалыңдың әр түрлі ортадан
шағылу деңгейі
48
4-кестенің жалғасы
1
2
3
4
УДЗ
арқылы
паразитті
хирургиялық
аурулар:
эхинококкоз т.б. анықталынады
Эхинокок әсерінен бауырдың
тығыздығы өзгереді, сол себепті
УД толқынының шағылуы да
өзгереді.
УДЗ арқылы балалардың жүрек,
қан тамырларының өлшемдері
анықталынады
УД
таралу
бағытындағы
қалындықтың әр түрлі орта
шекарасынан шағылу деңгейі әр
түрлі
УДЗ арқылы жас баланың
бронхысының күйі зерттеледі
УД
таралу
бағытындағы
қалыңдықтың әр түрлі ортадан
шағылу интенсивтілігі әр түрлі
болады
Эксудатты
перикардитті
диагностикалау
УДЗ
кезінде
перикардит
қуысындағы
сұйық
көрінеді,
сұйық ортададан шағылу деңгейі
өзгеше болады.
УДЗ арқылы жүректің сол жақ
қарыншасын және қолқа түбін
зерттеу
Қарыншаның және қолқа түбінің
кеңейуі УД толқынның шағылуы
деңгейін өзгертеді
Гипертонияны
УДЗ
арқылы
зерттеу
Сол жақ қарыншаның қалыңдығы
өзгереді,
соған
сәйкес
УД
толқынының
шағылу
деңгейі
өзгереді
УДЗ арқылы бауыр гипатитін,
цирозын зерттеу
Бауыр тығыздығының өзгеруі УД
толқынын
бауырдан
шағылу
интесивтілігін кемітеді
УДЗ
арқылы
созылмалы
панкреатитті зертеу
Мұндай
кесел
әсерінен
өт
қабының
түрі,
көлемі,
қабырғасының
қалыңдығы
өзгереді, мұндай ортадан УД
толқыны әр түрлі деңгейде
шағылады.
УДЗ арқылы бауыр аурулары
анықталынады
Бауыр тығыздығы күрт өзгереді,
мұндай ортадан УД толқынының
шағылу дәрежесі өзгеше болады
УДЗ арқылы қалқанша безін
зерттеу
Қалқанша
безінің
мөлшері
өзгереді, түйіндер пайда болады,
бұл
өзгерістерден
УД
толқынының шағылуы, қалыпты
жағдайдан өзгеше болады
УДЗ арқылы ұйқы безінің күйі
зерттеу
Панкреатит кезінде ұйқы безінің
көлемі
ұлғаяды,
қалыпты
жағдайға салыстырғанда мұндай
ортадан УД толқының шағылуы
да өзгереді
49
4-кестенің жалғасы
1
2
3
4
УДЗ арқылы жас баланың өт
қалтасын зерттеу
Холецистит
кезінде
өт
қалтасының көлемі, тығыздығы
өзгереді, мұндай ортадан УД
толқыны
басқа
деңгейде
шағылады.
УДЗ
арқылы
жатырдағы
ұрықтың, плаценттің көлемі,
күйін зерттеу
Плаценттің
тығыздығы
оны
қоршаған ортадан өзгеше, сол
себепті
одан
УД
толқыны
шағылады.
УДЗ арқылы нәресте миын
тексеру
Ми тығыздығы оны қоршаған
ортадан өзгеше, сол себепті одан
УД толқыны шағылады.
УДЗ
арқылы
жатырдағы
ұрықтың
жүрегінің
ұрысын
тексеру
Жүрек тығыздығы оны қоршаған
ортадан өзгеше, ол себепті одан
УД толқыны шағылады.
4
УД антисептикалық қасиетін
зерттеу
УД толқыны
энергиясының
денеге әсері
УД суды иондайтын қабілеті (Н
+
,
ОН
-
) және кавитация құбылыс
нәтижесінде
микроб
жасушасындағы
тотығу-
тотықсыздау процесі тоқтайды
және өте қатты тербеліс нәтижесі
олардың қырылуына алып келеді
5
Қолқа қақпақтарының ақаулары
анықтау
Доплер
құбылысы
Сол жақ қарыншаға қайта оралған
қан ағысы көрінеді
Жас баланың орталық және
шеткі қан тамырларының күйін
зерттеу
Тамырдағы
аққан
қаннан
шағылған
кейінгі
УД
толқынының жиілігі оған түскен
алғашқы
толқын
жиілігінен
өзгеше
«Ана-плацент-ұрық»
жүйесіндегі
қан
айналымы
зерттеу
Жүйеден
шағылған
УД
толқынының жиілігі алғашқы
толқын жиілігінен өзгеше
6
Жоғары
температура
және
қысым арқылы медициналық,
хирургиялық
құралдарды
заласыздандыру
Температура
Т
0
С, Р, атм
Хирургиялық
құралдарды
қысымы
Р=2
атм.,
t=133
0
C
болатын ортада 20 мин, резеңке
заттарды қысымы P=1,1 атм.,
t=120
0
С ортада 45 мин бойы
заласыздандырады.
7
ЭКГ арқылы жүрек ауруларын
диагностикалау
Биопотенциал
Жүрек
миокардының
биопотенциалының
нормадан
өзгеше болуы нәтижесінде ЭКГ
интервалдар
уақыты
мен
тістерінің потенциал өзгереді
ЭКГ арқылы жүрек қақпағының
дұрыс жабылмауын зерттеу
Жүрек ревматизмі салдарынна
ЭКГ P-Q интервалы ұзарады, Т
тісінің биопотенциалы кемиді.
50
4-кестенің жалғасы
2
3
4
ЭКГ арқылы жүрек перикардиті
анықтау
Кардиограммада ST- сегменті
күмбез тәрізді болады, Q- тісі
болмайды,
ал
QRS-
биопотенциалы кемиді.
ЭКГ арқылы жүрек қолқа
қақпақтарының
ақауларын
анықтау
ЭКГ интервалы мен тістерінің
биопотенциалы өзегереді
ЭКГ
арқылы
гипортенияны
анықтау
ЭКГ 2 және 3 тармақтарындағы
биопотенцил мәні және жүректің
электр осі өзгереді
Ота жасауға дейін және одан
кейін ЭКГ түсірудің міндетті
процедурасы
Пациент жүрегінің күйін анықтау
8
Биологиялық
мембрана
қабатының екі қатар болып
орналасуы
Электр
сыйымдылық
Биологиялық
мембрананы
конденсаторғы ұқсас деп санап,
оның
электр
сыйымдылығын
өлшеген, сол арқылы оның
биқабаттан
тұратындығын
дәлелдеген.
9
Жас бала гемоглобин шамасын
өлшеу
Кулон заңы
Электрофорез
арқылы
гемоглобин бөліп алады, өйткені,
оның заряды өзгеше.
10 Жүрек бұлшық етінің (миокард)
биопотециалды
өткізуінің
бұзылуын анықтау
Токтың орта
арқылы өту
еркешелігі,
биопотенциал.
ЭКГ интервалдары күрт өзгереді.
11 Реография арқылы қан тамырлар
жүйесінде қанның таралу күйін
зерттеу
Толық кедергі,
импеданс,
жоғары жиілікті
токтың орта
арқылы өту
еркшелігі
Қан
тамырларының
кедергісі
оның көлденең қимасына тәуелді,
яғни систол және диастол кезінде
тамыр кедергісі әр түрлі болады.
Кедергінің бірінші туындысы
қанның тамыр бойымен ағу
жылдамдығын сипатайды.
12 МРТ арқылы ересектердің ішкі
мүшелерін зерттеу
Жоғары жиілікті
(ЖЖ) ток. ЭМ
толқын
ЖЖ радиотолқындардың әсерінен
денедегі су молекулаларының
қозу әсерінен шығатын толқынды
тіркеу және оны компьютер
арқылы
өңдеп,
кескінге
айналдыру
МРТ арқылы балалардың жүрке
тамыр жүйесінің ауруларын;
жүрек,
тамыр
өлшемдерін
анықтау
Денедегі су молекулаларының
қозу әсерінен шығатын толқынды
тіркеу және оны компютер
арқылы
өңдеп,
кескінге
айналдыру
Бронхскопия арқылы созылмалы
пневмония анықталынады
Толық шағылу,
сыну, оптикалық
талшық
ішкі мүшеден толық шағылған
сәуле оптикалық талшық арқылы
дәрігер көзіне түседі
51
4-кестенің жалғасы
1
2
3
4
Фиброгастродуоденскопия
арқылы асқазан гастритін
анықтау
Ас қазаннан шағылған сәуле
оптикалық
талшық
арқылы
дәрігер көзіне түседі.
Эндоскопия арқылы асқазан
жарасын көру
Жарадан
шағылған
сәуле
оптикалық
талшық
арқылы
дәрігер көзіне түседі.
14 Медициналық
құралдарды,
хирургиялық
бөлмелерді
заласыздандыру
Ультракүлгін
сәуле, УК сәуле
диапазоны,
фотон энергиясы
УК сәулесінің фотондарының
энергиясы
өте
үлкен
болғандықтан, олардың әсерінен
химиялық,
биологиялық
өзгерістер орын алады
Жас бала терісінде «D» витамині
пайда болады, рахит ауруын
емдеу
УК
сәулесінің
әсерінен
химиялық,
биологиялық
өзгерістер орын алады
15 Зауыттық
жағдайда,
хирургиялық
тігіс
жіптерін
заласыздандыру
-сәулесі
Сәуле энергиясы өте жоғары болу
себепті
16 Рентген
арқылы
өкпе
пневмониясын анықтау
Рентген сәулесі
Рентген
сәулесінің
жұтылу
деңгейі
ортаның
күйіне
байланысты, сондықтан қабынған
өкпе тұсында көп жұтылады.
Ангиография
арқылы
перикардитті диагностикалау
Жүректің перикардит қуысында
сұйықты көруге болады
Рентген
арқылы
асқазан
гастритін анықтау
Рентген
сәулесі
асқазан
жарасында көп жұтылады
Рентген арқылы ішек ауруларын
анықтау
Қабынған
ішек
аймағында
рентген
сәулесінің
жұтылу
коэффиценті жоғары
КТ
арқылы
созылмалы
панкреатитті анықтау
Рентген сәулесі қабынған аймақта
өзгеше жұтылады
Мамография арқылы сүт безін
зерттеу
2 түрлі проекцияда түсірілген сүт
безінің ісіктерінде рентген сәулесі
көп жұтылады
Рентгеография,
КТ
арқылы
балалардың
жүрке
тамыр
жүйесінің ауруларын; жүрек,
тамыр өлшемдерін анықтау
Рентген
сәулесінің
жұтылу
деңгейі
ортаның
күйіне
байланысты, сондықтан қабынған
аймақта көп жұтылады.
17 Рентген
арқылы асқазанның
көлемін,
қалпын,
кілегей
қабығының жағдайын анықтау
Радиоизотоп
Аталған аймақтың тығыздықтары
әр түрлі болғандықтан оларда
рентген сәулесі әр түлі деңгейде
жұтылады
Рентген
арқылы
обырдың
түрлері анықтау
Обыр аймағының тығыздығы оны
қоршаған
аймақтан
өзгеше,
оларда рентген сәулесі өзгеше
жұтылады
Сүйектің күйін анықтау
Сүйекте жиналған
32
Р изотопы
шығарған сәуле тіркеу арқылы
ондағы «қан» плацдарымының
кеңейуін көруге болады
52
4-кестенің жалғасы
1
2
3
4
Қалқанша бездің күйін анықтау
Безде жиналған
131
І изотопының
жиналу аймағы және мөлшері
арқылы анықтайды
18 Жара т.б. антисептикамен өңдеу Лазер сәулесі
Қуатты лазер сәулесі жара бетінде
жұқа қабат пайда етеді, ол жараға
микроорганизмдердің
енуіне
мүмкіндік бермейді
19 Эмбирионға
әсер
еткен
иондаушы
сәуле
әсерінен
ұрықтың
(плацент)
орталық
нерв, көру және гемопэза жүйесі
зақымдалуы
Рентген, гамма
және т.б.
иондаушы
сәулелер
Иондаушы сәуле фотондарының
энергиясы өте үлкен, сондықтан
олардың
әсерінен
ағза
жасушалары зақымдалады.
Жоғарыдағы кестеге жүргізілген талдау медициналық жоғары оқу
орнының негізгі 4 түрлі клиникалық пәндерде (ішкі арулар, хирургиялық
аурулар, балалар аурулары, акушерия және гинекология) 5 түрлі физикалық
факторларға (механикалық, термодинамикалық, электрлік, оптикалық,
атомдық) негізделген 61 түрлі диагностикалық іс-әрекеттер қолданыла-
тындығына көз жеткіздік. Олардың ішінде диагностикалық мақсатта ең көп
қолданылатын физикалық құбылыстағы ультрадыбысты (19 рет), биопотен-
циалды (8 рет), рентген сәулесін (9 рет) жатқызуға болады. Ал мына физикалық
құбылыстар мен заңдар сирек қолданылған: турбулентті ағыс (2рет), Доплер
құбылысы (3 рет), дыбыс құбылысы (4 рет), температура және қысым туралы
мәлімет (2 рет), Кулон заңы мен электрлік диполь туралы мәлімет (2 рет),
жоғары жиілікті ЭМ толқын (2 рет), толық шағылу құбылысы (3 рет), гамма
және ультракүлгін сәулесі туралы мәліметтер (3 рет), радиоизотоптар (3 рет).
Жоғарыда аталған оқулықтарға жүргізілген зерттеулеріміз клиникалық
оқу құралдарында тек диагностикалық іс әрекеттерді ғана қарастырғандығын,
ал физикалық факторларды емдеу (терапия) ісінде қолдану туралы ешқандай
мәлімет жоқ екендігін көрсетті, ал қазіргі заманда медицинада түрлі физикалық
факторларға сүйенген емдеу әдістері мен құралдары көптеп қолданылатындығы
белгілі.
Физика пәнін жоғары оқу орны студенттеріне - болашақ дәрігерлерге
кәсіби бағытта оқытуда осы анықталған жайттарды ескеру қажет деп санаймыз.
Бірақ бұл анықталған жайттар әлі де толық зерттеуді талап етеді, өйткені біз тек
4 түрлі клиникалық оқулықты ғана талдадық, ал медициналық жоғары оқу
орнында бұлардан басқа көптеген оқулықтар мен оқу құралдары
қолданылатындығы белгілі.
Физика сұрақтары дәрігер үшін болашақ кәсібінде қажетті болады,
медицинада қолданылатын диагностика мен емдеудің, сәйкес медициналық
аппараттың физикалық тәсілдері – медициналық жоғары оқу орнында
оқытылатын физика пәнінің мазмұнын құрайды. Физика пәні ҚР МЖМБС
стандартының жаратылыстану ғылымдары цикліне базалық пән ретінде енген
[6, б. 23].
53
Жоғарыдағы 4 - кестедегі мәліметтер 4 түрлі негізгі клиникалық пәндер
(ішкі арулар, хирургиялық аурулар, балалар аурулары, акушерия және
гинекология) негізінде анықталған болатын, ал физика курсындағы тақырыптар
ҚР ДСМ бекіткен типтік бағдарламаға сәйкес оқытылады.
Физиканың типтік бағдарламасында 6 түрлі ірі физикалық құбылыстар мен
олардың
биологиялық
объектілердегі
көрінісі,
яғни
биофизикалық
құбылыстары қарастырылған, олар:
1) Жасуша мембранасының биофизикасы;
2) Электрмен қозатын ұлпалар биофизикасы;
3) Ұлпалар мен мүшелер биофизикасы;
4) Кванттық биофизика;
5) Түрлі физикалық факторлардың тірі ағзаға әсері;
6) Медициналық құралдар мен аппаратардың жіктелуі.
Бұл тақырыптардың барлығыда клиникалық пәндермен тікелей
байланысқан, яғни дәрігерлердің диагностикалық және терапиялық іс
әрекеттерінде қолданылатын, түрлі физикалық құбылыстар мен заңдылықтар
және олардың негізінде жұмыс істейтін медициналық құралдар қарастырылған.
Ендігі кезекте жоғарыдағы 4 - кестеде анықталған түрлі физикалық
факторлардың (құбылыстардың) диагностикалық мақсатта қолданылуын
физика пәнінің типтік бағдарламасындағы тақырыптармен байланыстырып,
яғни 4- кестедегі физикалық факторларды негізгі бағыт ретінде алып, мына
жүйе бойынша 5 кестеге жинақтайық: «диагностикалық мақсата қолданылған
Достарыңызбен бөлісу: |