100
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуы,
оған қоса, заманауи жоғары оқу орындарының негізгі мақсаты – бәсекеге
қабілетті, өз мамандығына деген ізденушілігі басым, толық меңгерген, алған
білімін кез-келген жағдайда қолдана алатын білікті маман тәрбиелеу. Олай
болса, жан-жақты кәсіби бағытталған мамандарды оқу орнына түскен сәттен
бастап қолға алу, оның барлық жоғары оқу орындарында, атап айтқанда,
физика пәнінің қажеттілігі мен оқыту әдістемесін зерттеу, жетілдіру маңызды
орында болады.
Болашақ мамандарға кәсіби бағытта білім беру – олардың бойында кәсіби
қабілеттілікті, өз бетінше білім алуға даярлықты, әлеуметтік және кәсіби
ұтқырлықты қалыптастыруды көздейді. Жалпы жоғары білім беру жүйесі
ғылыми педагогикалық тұрғыда құрылып, жүйелі түрде бір бірімен тығыз
байланысқан, бір мақсатқа негізделген үрдістерден тұратынын ескеру қажет.
Бұл үрдістер іргелі және клиникалық ғылыми біліммен қаруланған, мамандығы
бойынша теориялық білім мен кәсіби дағдыларды толық меңгерген, сонымен
қатар ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дағдыланған, өз бетінше білімін
жетілдіре алатын мамандар дайындауға бағытталған және ол болашақ
мамандарды кәсіби дайындаудың алғы шарты болып табылады. Оны
медициналық жоғары оқу орнында оқылатын физика пәнін кәсіби бағытта
оқыту арқылы жүзеге асыруға болады.
Медициналық жоғары оқу орнында студенттерге физиканы кәсіби бағытта
оқытудан бастау алатынын ескере кеткен жөн. Себебі заманауи мамандардың
науқастарға дәл диагноз қоюы дамыған, қолданыстағы медициналық
аппараттардың көрсеткішіне байланысты. Ал аталған медициналық
аппараттардың барлығы физикалық заңдар мен заңдылықтарға негізделген.
Осыған орай, теориялық және эксперименттік зерттеу нәтижесінде зерттеу
мақсаты мен міндеттеріне сай төмендегідей қорытынды алуға болады:
Жұмыста төмендегідей нәтижелер алынған:
- медицина мамандығы студенттеріне физикалық білім беру олардың
физикадан дайындық деңгейін арттырады және болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде
қолдана
алу біліктерін қалыптастырады;
- физикалық білім берудің медицинаға қатысты маңызды бөлімдерін
іріктеу және оны теориялық негіздеу медицина мамандығы студенттерінің
болашақта дәрігерлік қызметтерін дұрыс ұйымдастыруға, кәсіби шешім
қабылдауға
бағытталған;
- медициналық бағытта физиканы оқыту әдістемесі студенттердің болашақ
кәсіби іс-әрекеттерінде қолданумен қамтамасыз етіледі.
Диссертациялық жұмыстағы ұсыныстар және қорытындылардың келесідей
практикалық маңыздылығы бар:
- медициналық-физикалық
мазмұнда
теориялық
білімді
бекіту
тапсырмалары, студенттердің өзбетінше жұмыс жасауына арналған тест
сұрақтары, шығармашылық және зерттеуге арналған лабораториялық-
практикалық
жұмыстары даярланған;