Қуаныш шонбай


Энергия деген – адамның бойындағы толқын. Ол



Pdf көрінісі
бет70/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95
Энергия деген – адамның бойындағы толқын. Ол 
толқынды қалай бұрамыз, солай болады. 
 
     Қаншалықты дұрыс пайдалансақ, соншалықты нәти- 
желі боламыз. Энергияң таусылып келе жатқанда оны 
байқап, уақытында қалпына келтіріп алу керек. Және 
оны ұқыпты жұмсауға тырысу, негатив, қауіп пен үрей- 
ге, т.б. шашыратпау жағын ойластырған жөн. Оны тандап 
жұмсау керек. Бұл жолда өзім түйген бірнеше ереже бар. 
     «Жоқ» дей білу. Кейбір істерге, адамдарға, кездесу- 
лерге, жиындарға «жоқ» деп айта білу маңызды. Өйткені 
менің ойымша, жеңіс деген бір іске, жобаға не икем, дағ- 
дыға жұмсалған энергияның жиынтық өлшемі. Шын- 
дығында біз энергиямызды дұрыс жұмсаудағы ептілі- 
гмізді ақшаға айналдырамыз. 
     Федор Овчинниковтың энергияны үнемдеу туралы 
айтқаны есімде қалыпты. Ол бизнесінің бір кезеңінде 
венчурлық қорлардан инвестиция тартумен айналыса- 
ды. Бұл, әрине, ұзаққа созылған, қиындығы көп шаруа 
еді. Ақырында, келісімшарт алдына келгенде, оған қол 
қоюдан бас тартады. Кәсіби инвесторлар – Blue Wire 
Capital мен «Спутник» тобымен жұмыс істегісі келмей 
қалады. Оның орнына ашық нарықтағы шағын жекемен- 
шік инвесторлардан көмек сұрайды. Неге? «Жылдар өте 
өзімді тыңдау керегін түсіндім, – дейді ол. – Бір кездерде 
шешімді ақылмен қабылдау керек, бір кездерде жүрекпен. 
Өйткені жүрек деген – мотивация. Ал мотивациясыз биз- 
нес болмайды. Мотивациясыз жақсы нәтижеге жету мүм- 
нін емес. Ақшаның өзі ештеңе емес. Әлемді энтузиазм 
билейді. Мен формальды бизнес-жоспарлар құрастырып, 
өзімді алдап, мағынасыз тірлікке уақыт жоғалтқым кел- 
 
 


мейтінін түсіндім. Бұл менің энергиямды соратын еді. 
Ал сен айтарлықтай бірдеңе жасағың келгенде, күшті 
үнемдеу керек. Үлкен спортқа қара. Бірінші болу үшін әр 
қимыл маңызды. Рационалды, нәтижеге жұмыс істейтін 
кәсіпкермін. Мақсатыма жету үшін өзіме ұнамайтын нәр- 
селерді істеуге, тіпті жақсы көріп кетуге көндіретінмін. 
Алайда қазір түсіндім. Менің бизнесім үшін бұл деңгей- 
де басқа, жақсырақ шешім бар». 
     Приоритет қоя білу. Брайан Трейси «Оставьте брезг- 
ливость, съешьте лягушку!» деген кітабында эффективті 
жұмыс істеудің заңдылығын бүге-шігесіне дейін баян- 
дады. Кітаптың сығындысы мынау: ұсақ-түйекке алдан- 
ба, ең қиыны, ең қорқыныштысы болса да, ең маңызды 
істі бірінші бітір. Ол ең күрделі, ұнамсыз болуы мүмкін, 
бірақ егер оған бірінші кіріспесең, ешқашан кіріспейсің. 
«Құрбақаны» желкесінен алмасаң, күнделікті күйбеңге 
алданып өмірің өтіп кетуі де ықтимал. Біздің алдымызда 
өте көп мақсаттар бар, істейтін жұмысымыз да көп. Бірақ 
приоритет деген болу керек. Қайсысы сенің болашағыңа, 
арғы, түпкі мақсатқа неғұрлым жақындатады? Содан 
баста. Ұсақ-түйекке алтын уақытты қор қылма. 
     Маңызды Vs жедел. Стивен Кови
52
: «Өз әрекет- 
теріңізді приоритеттерге сай ұйымдастырыңыз», – дей- 
ді. Жедел істеуге тиіс, күттірмейтін істер болады. Және 
маңызды істер болады. Мәселен, бүгiн сағат бірде түскі 
ас ішуің керек. Бұл – жедел іс. Басқару стильдері бойын- 
ша бір конференция күтіп тұр. Конференцияда сөйлейтін 
пәленше де пәленше деген адамды басқа жерде кездес- 
тіруің неғайбыл. Ал саған сол адаммен қалай да байла- 
ныс орнату керек. Қайсысы маңыздырақ? 
     Осы сәттегі назарыңды талап ететін нәрсенің бәрі 
соншалықты маңызды болмауы мүмкін. Ковидің тілімен 
айтқанда «табан асты нәтижеге әкелуі» шарт емес. «Же- 
дел» мен «маңыз» қатар тұрғанда, екіншісін таңда. Бірақ 
дегеніне жеткізетін шаруалар көбірек энергияны талап 
____________ 
52
  Стивен  Кови  –  басқару  жұмыстарын  ұйымдастыру  жөніндегі  америкалық 
консультант. Семь навыков высоко эффективных людей» кітабының авторы, лектор. 
 


 
166
 
етеді. Оларды қолға алу үшін бастамашыл, проактив 
болу керек. Тасбақаның сауытынан шығу керек. 
     Маңызды істер кейде жедел болмауы мүмкін, бірақ 
бұл олардың маңыздылығын жоймайды. Мысалы, өмір- 
лік миссияны анықтау, ұзақ мерзімді жоспар құру, 
адамдармен қарым-қатынасымызды түзеу... Бұл жедел 
болып көрінбегендіктен, көп адамдар олар туралы ұмы- 
тып кетеді де, соның зардабын тартады. 
     Құрбандыққа дайын болу. Әрине, баланс ұстағанға 
не жетсін! Жеке өмірің мен карьеранды, той-думан мен 
интеллектуалдық жетілуіңді, т.с.с. қатар алып жүруге ты- 
рысу керек. Өйткені бәрі маңызды. Құрбыларыңмен кофе 
ішу, достарыңмен көңіл көтеру – ол да маңызды. Өйткені 
адам бақытының 85 пайызы оның өзгелермен қарым-қа- 
тынасының сапасына байланысты. Достық та адам үшін 
маңызды. Достықты сақтап тұру үшін де күш керек, 
уақыт керек, жауапкершілік керек. 
     Бірақ маңызды нәрсе мен ең маңызды нәрсенің ара- 
сында да айырмашылық бар. Егер сенің өмірлік мис- 
сияңа жетелейтін жол мен достарыңмен кездесу тұрса, 
біріншісін таңдаған орынды. Приоритет болуы керек, 
приоритеттің шекарасынан шығатын нәрселердің бәрі- 
не сыпайы, батыл түрде, жымиып тұрып «жоқ» деп айта 
білу керек. 
     Мысалы, Мұхтар Мағауин – жазушы. Ол өзінің өмір- 
лік миссиясын қазақ халқына қызмет ету деп санайды. 
Ол осы жолда белгілі құрбандықтарға да әзір. Ол өзі жа- 
затындай, тойларға бармайды, құда-жекжат «бір шәугім 
шайға» келгенде кабинетінен шықпай жұмыс істейді, ба- 
лаларды шулатқызбайды... Қазақ үшін бұл қаншалықты 
қиын болуы мүмкін? «Бір түрлі» дейтін шығарсыз? Ал 
осының бәрі болмағанда, біз «Аласапарынды» білмес 
едік, «Шақан Шері» мен «Сары қазақты», «Шыңғыс хан- 
ды» сүйсіне оқымас едік. Бүкіл халықтың ұлттық таны- 
мын кеңейтіп, ұлттық мақтанышын оятатын шығармалар 
маңызды ма, жазушының құдағиының көңілі маңызды 
 
 
 


ма? Айналасының бәрі біледі, ол – ерекше адам. Және 
оның ережелерімен санасады. Өзінің уақытын, өзгенің 
уақытын бағалайтын қоғам, осындай адамдар көп болған- 
да қалыптасады. 
     Бірақ Мағауин ғана емес, сен де ерекше адамсың. 
Мейлі, сенде ондай жазушылық талант жоқ. Бірақ сенде 
басқа қабілет бар ғой. Сенің де өмірлік миссияң бар. Неге 
ол өзгелердің жай ғана бос уақытын өткізу үшін құрбан 
болып кетуі керек? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет