60
Анализ фазасынан түсіну және қабылдау фазасына шыға
алмаған талай ғалымның мықтылығы қағаз күйінде түрлі
еңбек болып қана қалып жатқан жоқ па?
«Қалай?» сұрағын бірінші кезекте өзімізге және өзге
жағдайларда қоя алу – бәсеке қабілеттілігін арттыратын
дағды. Бұны үйренген кезден бастап серпінді қозғалысқа
ие боласың.
Өмірден алынған бір мысалмен бөлісейін. Сыныптас
дос қызымның айлық жалақысы 180 мың теңге. «Ай-
лығыңа ризасың ба?», – деп сұрасам, «Иә, көңілімнен
шығады», – дейді. «Ендеше, мынаған назар аудар.
Бірін-
шіден, сен төрт тіл білесің. «Болашақ» бағдарламасы бой-
ынша Батыста білім алдың. Екі сертификатың бар. Негізі,
нарықтағы құның 500 мың теңге», – дедім. Егер ертең ауы-
рып қалса, автокөлігін соқса, аяқ астынан үлкен сомада қа-
ражат керек болса, ол сонда ғана: «Неге менің айлығым
180 мың, негізі одан да көп табуым керек қой» – деп ой-
ланатын еді. Бірақ ертең, бір проблема туындағанда ғана.
Осы менің айтқанымнан кейін ол: «Неге бастығым
маған 500 мың теңге төлемейді?», – деген сұрақ қойды.
Бұнда, біреуге «прокурор», өзімізге «адвокат» болмай-
тынымыз есіңде болсын. «Қалай?» деген сұрақ қойып,
бастығымыз бізге осындай жалақы белгілеуі үшін қалай
жұмыс істеу керегін ойластырамыз.
Енді «Қалай?» сұрағының рөлі мен техникаларына
тоқталайық
1. МАКСИМАЛДЫ ҮЛКЕН СҰРАНЫС. Қалай 200
мың табамын деп емес, себебі, онсызда 180
мың тауып
тұрсыз. Сондықтан 500 мың теңге деп алсаңыз болады.
2. ҚОЛЖЕТІМДІ. Дегенмен, ол сұраныс қолжетімді
болуы керек. Мысалы, 1
миллион емес, 500 мың теңге.
3. ДӘЛ ЖӘНЕ ӨЛШЕНЕТІН. «Достарым неге оң-
баған, таудың шыңында мені қалдырып кетті?», – деп
емес, «Қалай мен жиырма күннің ішінде Шымбұлақтағы
екінші комбидан бес минуттың ішінде түсемін?» (бес ми
нут – тәжірибелі шаңғышылардың нормасы), – деп.
Екі ұғымның айырмашылығын түсінікті етіп ажырата
алдым деп сенемін.