Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет59/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

 
ЖЕНІСКЕ ЖЕТКЕН 
АДАМДАРДЫҢ ОРТАҚ ТҰСТАРЫ 
 
     Менің ойымша, бұл өмірде кез келген адам же- 
ңіске жеткісі, белгілі бір белестерді бағын- 
дырғысы келеді. Бірақ, адамдардың неден бастайты- 
нын білмеуі, нақты стратегияны құрмауы оларға ке- 
дергі келтіреді. Себебі, олардың алдында нақты қалып- 
тасқан бір образ жоқ. 
 
     Егер сен жеңіске жеткiң келсе, басыңды ауыртып не 
қыласың? Саған дейін көп нәрсеге қол жеткізген табыс- 
ты адамдар бар емес пе? Олар айналамызда бізді қор- 
шап жүр, сенің танысың болмаса да, досыңның досы, 
танысыңның туысы, бірақ ондай адамдар бар. Неге сол 
адамдармен таныспасқа? 
     Енді ғана ауылдан қалаға қарай бет бұрған немесе 
жаңадан кәсіп бастаған стартапер болсам, жеңіске жет- 
кен адамдарды тауып алып, олардың тренингтеріне ба- 
рып, сол ортаны зерттейтін едім. 
     Internet қазіргі таңда қолжетімді, күлкілі видеоларды 
қарағанша, осындай табысты адамдардың берген сұхбат- 
тарын қарап, олардың бұндай дәрежеге жету жолын біліп 
алар едім. Өйткені, ондай адамдардың ішінен кімге ұқ- 
сағың келетінін анықтап, өзімізге ұнайтын образ тауып 
алуға болады. 
     Қазіргі заманда велосипед ойлап табудың керегі жоқ
себебі, қажет ақпараттың барлығы Internet-те бар, техно- 
логиялар дамыған. Оқы, үйрен, сол адамның әдеттерін, 
әрекеттерін қайталай баста. Әрине, бірден үлкен жеңіс- 
терін қайталай алмаймыз, сол үшін кішкентайларынан 
бастауымыз керек. Шаш үлгіңді өзгерт, тура сол адамды- 
кіндей киім алмасаң да, соған ұқсас стильде киін, сөйлеу 
 
 
 


 
136
 
мәнеріңді өзгерт, жаңа көлік сатып ал. Осындай майда 
жеңістер, өзгерістер бізге іштей сенімділік сыйлайды, 
олар бізді үлкен жеңістерге жетелейді. 
     «Ықыластың өзі көзбояушылықтан басталады» деген 
бар. Мысалы, адамдардың көбі ораза тұтқысы келмейді
бірақ бұл – бес парыздың бірі. Ораза ұстағаннан кейін, 
дұрыс жолда жүргеніңді түсінесің. 
     Жаңа жұмыс орнына барып, өзің үшін жаңа саланы 
меңгерудесің делік. Басында қиын соғуы мүмкін. Бірақ 
осы жерде шыдап, әрі қарай дамып кетсең, өз ісіңнің 
шебер болып шығасың, ал жарты жолда қалып қалсаң
жеңілістің дәмін татасың. Бұл дегеніміз, жеңіске жет- 
кен адамдардың барлығы да, ауыр кезеңдерден өтіп, 
пісіп-жетілген адамдар. Олардың жолын, қылықтарын 
қайталап, сен де өзіңді жеңіске бір қадам жақындатасың. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет