Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет84/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

     Байлық менталитеті. Жалпы, пендені әр түрлі нәр- 
семен сынауға болады ғой. Оның қиыншылық кездегі 
әрекеті, төтенше жағдайдағы әрекеті, асқан қуаныш пен 
асқан қасірет кезіндегі әрекеті. Мен үшін біреудің жеңісін 
қабылдауына қарап та адамға «диагноз» қоюға болады. 
     Осы орайда мен білетін екі тип бар. Бірі өзгенің жетісті- 
гін көре алмайды. Бұл – лузерлердің типі. Ал екіншілер 
өзгенің жеңісін көргенде, одан әрі шабыттана түседі. 
Оның өз мүмкіндігіне деген сенімі өзгенің жеңісінен әл- 
сіреп қалмайды. Керісінше, өзгенің жеңісі оның жетісті- 
гін жақындатады. Өйткені басқа біреудің қолынан кел- 
ген, оның да қолынан келетіні анық. Және бір заңдылық, 
өзінен озып кеткендерге күйе жағып, сынайтындардың, 
қызғанып, арыз ұйымдастыратындардың ешқайсысы ол 
биікке жетпейді. Өйткені биікке жету үшін адам рухани 
тұрғыда биік болу керек. 
     Стивен Кови мұны «байлық менталитеті» («ментали- 
тет изобилия») дейді. Адамдардың көбі «жетіспеушілік 
менталитет» деп аталатын екінші сценариймен ойлайды. 
Мұндай адамдар, Ковидің тілімен айтқанда, «Өмір деген 
бір бөлішті бөліп жеу» деп түсінеді. Егер біреу үлкенірек 
алып қойса, басқаларға азырақ қалады. Жетпей қалады. 
Мұндай адамдар құрметті, сенімді, билікті, табысты, 
тіпті соның бәріне жету үшін өздеріне көмектесетіндер- 
мен де бөліскісі келмейді. 
     Олар сөйтіп дертке шалдығады. Тіпті ең жақын 
адамдарының жеңісіне де шын қуана алмайтын болады. 
Біреу үлкен құрметке бөленіп, не аяқ асты жолы болып, 
лотерея ұтып алып жатса, «жетіспеушілік менталитетін- 
дегі» адам өзін әлденеден қағылғандай сезінеді. Біреу 
 


 
өзінен тиесілі бірдеңені тартып алғандай қорланады. 
Бұны қазақ «мысықтілсу» дейді. Олар іштей басқалар 
бір бақытсыздыққа ұшыраса екен деп тұрады. Өйткені 
оның логикасында, өзгенің бақытсыздығы оның өз по- 
зицияларын күшейтетіндей. Мұндай адамдар бар күшін 
адамдар мен заттарды алуға жұмсайды: «бағасын көте- 
ру үшін». Іштарлық дейді бізде мұндайды. Бұл әдет 
ұшпаққа шығармайды. Іштар адамның ұлы болғанын 
көрген емеспін. 
     «Байлық менталитеті», керісінше, өзіне деген терең 
сенімге негізделеді. Бұл дүниеде бәріне бәрі жетеді деген 
парадигма. Бұл көзқарастағы адамдар – құрметті, абы- 
ройды, табысты бәрімен бөлісуге құштар адамдар. Со- 
ның арқасында ондай тұлғаларға жаңа есіктер ашылады, 
шығармашылық пен табысқа оңай жетеді. Алдыңғы топ- 
тан соңғы топқа өту үшін үлкен күш-жігер, өзін бақылау, 
тәртіп керек. Бірақ ең бастысы, «байлык менталитеті» 
бар адамдармен араласу керек. 
     Мысалы, Хью Хадсонов
68
 түсірген «Огненные колесни- 
цы» (Chariots of Fire, 1981) деген фильм бар. Төрт бірдей 
«Оскар», екі бірдей Канн фестивалінің сыйлығын алған 
киноклассика. Оқиға Англияға көшіп келген еврейдің ба- 
ласы, талантты жеңіл атлет Гарольд Аббрахамс пен мис- 
сионер отбасынан шыққан спортшы, аңызға айналған 
«қанатты шотланд» Эрик Лидлдің текетіресі туралы. 
Болған оқиғаға негізделген. Сюжет желісін тәптіштеп 
баяндамай-ақ қояйын, бірақ негізгі мәселе осы. Бір жа- 
рысқа қатысуға тиіс болған екеу, ақыры екі бөлек жа- 
рыста алтын медаль тағынады. Мораль қарапайым, же- 
ңіс бәріне де жетеді. 
     Өзіңмен бірге өзгелерді де өсір. Әлемдегі нөмірі бірін- 
ші нетворкер Кейт Феррацци «Никогда не ешьте в одиноч- 
ку и другие правила нетворкинга» (Never Eat Alone: And 
Other Secrets to success, One Relationship at a Time) кіта- 
бында былай дейді: «Мен адамдарға өзін дамыту бойынша 
кеңес бергенді жақсы көрем. Бұл менің хоббиім. Жүзде- 
____________ 
68
 Хю Хадсон – британдық кинорежиссер. 


 
204
 
 
 
ген қыз-жігітке білгенімді айттым, бір ғана қоңыраумен 
оның жұмысқа тұруына, не стажировкаға қабылдануына 
ықпал ете аламын. Маған ешқандай рақмет те, ақша да ке- 
рек емес, кейін олардың жеңіске жеткенін есту маған зор 
қуаныш сыйлайды». Және ол жеңістің негізгі өзегі деп 
мәрттікті айтады. «Бөлісуге дайын адамдар ғана ұлы жеңі- 
стерге жетеді», - дейді. Мен осымен келісемін. Неғұрлым 
көп адамға көмектескен сайын, өзің де соғұрлым көп адам- 
ның көмегін сезнесің. 
     Мысалы, мен «Rumi»-дің қызметкерлеріне отбасым си- 
яқты  қараймын.  Компания  өсуі  үшін  менің  жеке  басым 
емес,бүкіл қызметкерлер өсіп отыруы маңызды.Сондықтан, өзім 
ғана қыдырмаймын, өзгелерге де саяхаттауға мүмкіндік жа- 
саймын. Мәселен, осыған дейін «Rumi Group» командасы 
Әзербайжан, Грузия, Түркияға барып, жаңа идеялармен 
сусындады. Өзім көргенді олар көрсе, өзім оқығанды олар 
оқыса, сонда ғана алға қойған мақсатты түсінеді. «Уикенд 
с Rumi Group» деген жобамен бірнеше қызметкерлерімізді 
шетелге жіберіп жатырмыз. Олардың арасында басқарушы 
қызметкерлер ғана емес, аспаздар, ет мамандары, даяшылар 
да бар. Сондай мүмкіндіктерді ылғи іздестіріп жүремін. Өй- 
ткені «мен» дегеннен гөрі «біз» деп ойлайтын байлық мен- 
талитеті табысқа тезірек жеткізеді. 
     Репутация. Бауыржан Момышұлын
69
 алып қара. Көз 
алдыңа шыншыл, әділ, кесіп айтатын, кесек сөйлейтін 
нағыз батырдың образы келеді. Бұл – оның соғыста көр- 
сеткен ерлігі ғана емес, соғысқа дейін де, соғыстан кей- 
ін де, күнделікті өмірде жинаған абыройының көрінісі. 
«Қасықтап жинаған абыройды шелектеп төгу оңай» де- 
ген тұрақты тіркес бар. Абыройды жинау қиын, жоғалту 
оңай, ұстап тұру маңызды. 
     Авраам Линкольннің екінші аты – «Шыншыл Эйб». 
Өйткені өмір бойы шындықтың сойылын соғып өткен. 
«Шыншыл» деген атқа кір келтірмеген. Жастау кезінде
дүкенде сатушы болғанда, «сдачасын» ұмытып кеткен 
____________ 
69
  Бауыржан  Момышұлы  –  әскери  қайраткер,  ержүрек  қолбасшы,  Кеңес  Одағының 
Батыры (1990, жазушы. Қазақстанның халық қаһарманы (1995). 


 
әйелдің артынан екі квартал жүгіріп барып, ақшасын 
қайтарыпты. Содан бастап ылғи да өзінің шыншыл адам 
екенін дәлелдеп келген. Ешкім оған күмән келтірмейтін 
болған. Нәтижесінде оны еркінен тыс болмаса да, сыр- 
тынан президенттікке ұсынды. 
     Егер адамдар саған сенбесе, олар сенімен бірге жұмыс 
істеуден бас тартады. Жобаңа ақша бөлмейді. Серіктес бол- 
майды. Сондықтан қай салада да өзіңе деген адамдардың 
сенімінсіз, жеңіске жетем деп ойлама. Репутация – сенің ба

рың. Әсіресе бизнесте. Кәсіпкерлік деген – ойы мен қыры 
көпсала. Бір сәтте бүкіл әлем уысыңда сияқты сезінуің 
мүмкін, келесі сәтте оның бәрінен айырылып қалуың мүм- 
кін.  Сондай  басына  күн  түскен  жағдайда  ер-азаматты  құтқа-
ратын – оның репутациясы. 
     Егер сен жеңіске жетем деп шешсең, тура сол сәтте 
жақсы адам болам деп шешім қабылда. 
     Мен бұл жерде мораль окығалы отырған жоқпын, тек 
жақсы адам болудың жеңіс үшін қаншалықты маңыз- 
дылығын ескерткім келеді. 
     «Жақсы адам» дегеннің өзі тұманды категория. Әркім 
оны әр түрлі критерийлермен анықтайды. Және әркім 
оны әр түрлі ракурстан бағалайды. Бір ситуациядағы әре- 
кетiң біреулер үшін «жақсы», біреулер үшін «жаман» бо- 
лады. Келісіп алайық, сенің бәріне ұнауың мүмкін емес. 
Бәріне ұнауың мақсатта емес. Сенің мақсатың – алдымен 
өзіңе ұнау. Өзіңнің ұстанымдарыңа адал болу. Содан 
кейін өзгелердің үдесінен шығу. Стивен Кови: «Адам- 
ды арман жетелеу керек, бірақ ол принциптерге сүйенуі 
керек», – дейді. Принциптері бар адам қандай? Кедейлік 
оның абыройын таптамайды, ал байлық тәкәппарлығын 
оятпайды. 
     Принцип – адамның өзін бағалауының шкаласы. 
Принциптерден аттаған кезде өзіңе ұнамайсың, принцип- 
терге сәйкес кезінде өзіңмен келісімдесің. 
     Иә, біреудің жолын кесіп, аттап, таптап, алаяқтық жа- 
сап байып кетуге болады. Бірақ байлық жеңіс пе? А.Ба- 
 
 


 
206
 
 
лабановтың
70
 культке айналған «Бауыр» деген фильмінде 
(«Брат», 1996) Данила сұрайтын еді: «Күш неде? Мысалы, 
менің ағам айтады, ақшада дейді. Ал, ақшам бар дейік. Ал не 
болды? Мен ойлаймын: күш – шындықта. Шындық кімнің 
жағында – сол күшті. Сен біреуді алдадың, ақша жасадың, 
содан күшті болып кеттің бе? Жоқ, болған жоқсың. Өйткені 
әділет сен жақта емес. Әділет алданған адам жағында. Де- 
мек, ол күштірек. Солай емес пе?». 
     Гай Кавасаки «Стартап по Кавасаки. Проверенные ме- 
тоды начала любого дела» атты кітабында былай дейді: 
«Өнегелі адам болу деген – өте құнды қасиет. Оның арқа- 
сында адамдар сізді әдепті, шыншыл деп санайтын бо- 
лады және сізбен тілдескісі келеді. Оған қоса бұл – құр- 
меттің ең жоғарғы формасы мен мансаптың шыңы. Мен 
сіздің көп ақша тауып, үлкен мекеме құрудан әрірек барға- 
ныңызды қалар едім». Және өнегелі адамның ең бірінші 
қасиеті деп жақсылықты қайтара алмайтын адамдарға 
жасауды айтады. Одан әрі марапат күтпей жақсылық 
жасауды айтады. Шынында да жақсылық үшін марапат 
кейде өзіңнің көтеріңкі көңіл күй мен жақсылық жасадым 
деген сенімің ғана болуы мүмкін. Соның өзі жеткіліктіден 
де көп. Адам әлеуметтік жаратылыс және көбінесе оның 
тамақ ішуге, ұйықтауға деген қажеттілігі сияқты, жақ- 
сылық жасауға да қажеттілігі болады. Өзіңді кем бағалама. 
Жақсылықты риясыз жаса. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет