Уарлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4


Ірі  қара  малдардың  қауіпті  катаральді  безгегі  (Coryza  gangraenosa



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата03.03.2017
өлшемі1,75 Mb.
#6980
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

2.Ірі  қара  малдардың  қауіпті  катаральді  безгегі  (Coryza  gangraenosa 
borrum) (ҚКБ) – ірі қара малдардың өткір инфекциялық ауруы, энзоотия түрінде 
спора  түзу  арқылы  өтеді.  Бастың,  ішектің  кілегей  қабықтарының  катаральді-
ошақты,  фибринозды-некрозды  қабынуымен,  орталық  жүйке  жүйесі  мен  көздің 
ауыр зақымдалумен сипатталады.   
 
 
 
 
 
 
Қоздырушысы:  фильтрлеуші  вирус.  Жұқтыру  көздері:  ауру  жануарлар. 
Вирус тасымалдағыштар қойлар, ірі қара малдарды бағушылар болуы мүмкін. 
 
Патогенезі:жеткіліксіз  зерттелген.  Қоздырушы  алғашында  қанда  болады, 
кейін  ағзаға  таралып,  кілегей  қабықтарға  және  паренхиматозды  ағзаларға 
оргаласады.  Бұл  қанда  вирустың бар  екендігімен  дәлелденеді  (аурудың  алғашқы 
сатыларында қандағы вирусты анықтау оңай).   
 
 
 
 
 

145 
 
 
Вирус кілегей қабықтарға тропизмге ие және патология туғызуға қабілетті. 
Алғашында  негізі  дәнекер  ұлпалы  тамырлар  жағынан  дамитын  өзгерістер,  кейін 
олар  кілегей  қабықтардың  эпителиальді  қабаттарына  өтеді  және  дегенеративті 
үрдістермен  сүйемелденеді.  Кеш  сатыларында  ссептикалық  генерализделген 
септикалық  инфекция  көрінісі  байөалады,  ол  кезде  тек  бастың,  ьыныс 
жолдарының,  ішек-қарын  жолының,  несеп,  өт  қаптарының,  қынаптың,  терінің 
кілегей  қабықтары  зақымдалады.  Өткір  ағымы  кезінде  жануарлар  бірінші 
апталарда  өліп  кетуі  мүмкін,  ал  өткірлеу  ағымы  кезінде  үшінші  апталарда  (80% 
летальді).Белгілері бойынша 1)бас 1) ішектік формаларға бөлінеді. 
 
 
 
Патанатомиялық ашып сою:   
 
 
 
 
 
 
 
Әлсіреуі(тіпті өткір кезеңіндеде), артқы тесік және құйрық асты аумағының 
нәжіспен  ластануы.  Танау,  қапсардың  айналасында  іріңді-шірік  байқалады, 
олардың  астындағы  тері  шытырап,  түседі.  Ісінген  қабақтар,  қан  құйылу  және 
іріңді  қабыну  конъюктивті,  қасаңқабақ  түнеріңкі,  ондағы  жаралар  уақыт  өте 
көзбұршағына түседі. Көзі торы астында қан құйылу байқалады. Ауыз қуысының 
кілегейі  қызғыш,  ісінген  онда  сарғыш-серозды  фибринозды-некротикалық 
қабаттасу  көрінеді(астында  қызыл  эрозиялар  мен  жаралар).  Жұтқыншақ:  қан 
құйылу,  фибринозды-некротикалық  қабаттасу.  Жалбышақ:  құрғақ  азықтық 
массамен  толған.  Жұмыршақ:  әдетте  бос,  кілегейлі,  қан  құйылулар  мен 
жаралармен  ісінген.  Ішектің  жіңішке  бөлімі:  кілегей  қабық  ісінген,  тамырлар 
қанға  толған,  тазалағанда  ішек  сұр  жабысқақ  массалы.  Ішектің  жуан  бөлімі: 
күптенген 
және 
фибринозды-дифтереритикалық 
зақымдалуы. 
Бауыр: 
гистологиялық:  қабыну  ошақтары  интерстициалды  ұлпа  және  дифтериялық 
паренхима  зақымдалуларымен.  Мұрын  жолдары  қанды  немесе  кілегей-іріңді 
экссудаттың фибриннің жұқа қабығының қосындысымен бітелген, шірік иісімен. 
Маңдайлық  қуыс  қабынуы(іріңді  экссудатпен  толған)  мүйізді  омыртқа 
сабағы(мүйіз  біртіндеп  мүйізді  негізбен  байланысын  үзеді  және  ортаяды). 
Көмекей,кеңірдек:  кілегей  ісік  нүктелі  қан  құйылумен,  кейде  фибринді  таңу. 
Бронхтар:  ісінген,  оларда  іріңді  толулар  болады.  Өкпе:  іріңді-катаральды 
бронхопневмония. Талақ: капсула астында қан құйылу. Бүйрек: гломерулонефрит. 
Бас  миы:  қатпарлары  тегіс,  шеткі  қарында  бұлыңғыр  ашық-қызыл  сұйықтық 
көп(диффузды  іріңсіз  қабыну).  Диагнозды  эпизоотологиялық  клиникалық  және 
патанатомиялық берілгендердің негізінде қояды.  
 
 
 
 
Дифференцианальды  диагноз:  обадан(өткірлеу  кезеңінде  эпизоотия,  ал 
қатерлі  катаральды  қызу  -  энзоотия  сияқты  өтеді),  зақымданған  көз  обасында 
қатерлі  катаральды  қызумен  сипатталады.  Қатерлі  катаральды  қызу  аусылда  тек 
күлдіреуіктің  пайда  болуына  дейін  ұқсас,  және  қатерлі  катаральды  қызудың 
фибринозды-дифтеритикалық  және  күптенген  зақымдалулардың  пайда  болуына 
дейін.   

146 
 
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР 
 
Жоспар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Аусыл.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2. Сүтқоректілердің және құстардың шешек ауруы.  
  1.  Аусыл  (Apthtae  epizooticae)    -    өткір  өтетін  контагиозды  инфекция, 
кілегей  қабықтар  мен  теріде  спецификалық  көпіршіктердің(күлдіреуік)  пайда 
болуымен сипаталады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қоздырушысы  -    сүзгіш  вирус.  Аусылға  бейім:  ірі  қара  мал,  ұсақ  малдар, 
түйелер, шошқалар, жабайы бұғы, буйволдар, қодастар, қабандар және басқалар.  
 
Патогенезі: вирустың 7 түрі бар А,О;С sat -1,2,3 және Азия-1. Аусыл вирусы 
күлдіреуіктің  дамуын  шақырып,  теріде  және  кілегей  қабықта  шектейді  және 
көбейеді. Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, қодас, түйе, 
бұғы  және  көптеген  тағы  ашатұяқтылар  (сайғақ,  бұлан,  елік).  Бірлі-жарым  бұл 
ауруға  ит  пен  мысық,  қоян мен  егеуқұйрық,  тіпті  кірпі  де  шалдығатыны  туралы 
хабарлар  бар.  Ең  сезімтал  жанурларға  сиыр  мен  шошқа  жатады.  Кей  жағдайда, 
ауру малды бағып күткенде, аусылмен адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі 
ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр түрінде өтеді.  
 
Аусылдың  қоздырушысының  бастауы  –  ауырған,  оның  ішінде  аурудың 
жасырын кезеңіндегі және вирус тасымалдаушы мал. Мұндай жануарлар вирусты 
сыртқы  ортаға  сүтімен,  сілекейімен,  несебі  және  нәжісімен  бөліп  шығарады. 
Бұның нәтижесінде қора-жай, әртүрлі құрал-саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, 
көлік жабдықтары, т.б. ластанады.   
 
 
 
 
 
 
Вирус  жанурлардың  денесіне  негізінен  жемшөп  және  сумен  бірге,  әртүрлі 
ластанған  заттарды жалаған  кезде  ауыздың кілегей қабығы,  желін  мен сирақтың 
зақымданған терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік жолмен 
енеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аусылдың  таралуына  көп  жағдайда  шаруашылық  экономикалық 
байланыстар,  малды  өсіру  ерекшеліктері,  мал  басының  тығыздығы,  халықтың 
жүріп-тұруы,  мал  азығын  дайындау,  мал  өнімдерін  сақтау,  тасымалдау,  өңдеу 
және  т.б.  жағдайлар  әсер  етеді.  Алыстағы  жайылымдарға  малды  айдау  кезінде 
аурудың  таралуы  жылдамдайды.  Ет  және  сүт  өңдейтін  мекемелер  аусылдың 
таралуына көп әсер етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аусылдың вирусын тасымалдауда адамның атқаратын ролі зор. Ол малмен 
жанасады  және  бір  жерден  екінші  жерге  жүріп-тұру,  жол  жүру  арқылы  үлкен 
қашықтықтарға ауру таратады. Вирусты  механикалық жолмен әртүрлі көлік, құс 
пен басқа да оған бейім емес жануарлар, оның ішінде тағы жануарлар мен әртүрлі 
жәндіктер  тасымалдайды.  Таралу  жолдарының  көптігі  аусылдың  әрбір  білінген 
кездерінде  мұқият  талдау  жасап,  одан  ары  тарамауы  үшін  шұғыл  шаралар 

147 
 
жүргізуді талап етеді.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Аусыл  кең  жайылған  індет  ретінде  жылдың  әр  мезгілінде,  оның  ішінде 
күздің  аяғы,  қыстың  басында  жиірек  байқалады.  Әдетте  індет  5-8  жылда,  кей 
жерлерде 2-3 жылда қайталанады.   
 
 
 
 
 
 
Дамыған күлдіреуік(көпіршік) күмбезден, түбінен және құрамынан тұрады. 
Күлдіреуік  күмбезі  мүйізді  торшадан,  жылтырауық,  дәнді  қабаттан  және 
қылтанақты қабаттың беткейінен дамиды.  Күлдеруеіктің түбі -бұл сорғыш қабат, 
біртіндеп, әсіресе, бетінде, бойлық қабат торшасынан босаңған.   
 
 
 
Күлдіреуік  қуысының  құрамы  -  серозды  сұйықтық,  кейде  фибринге  бай, 
онда  өлген  эпидермис  тошаларымен,  полиморфтыядролы  лейкоциттер  мен  жеке 
эритроциттермен тартылған.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Мес  қарында  күлдіреуік  құрамындғы  қан  олардың  құрамына  араласады, 
сондай-ақ    түптік    және  күмбезді  торшада  өте  ұсақ    ацидофильді  түзілістер 
байқалады,  кейбір  ғалымдар  хроматиннің  өнімі,  басқалары  вирусты  табиғаттың 
денешіктері  деп санайды.    
 
 
 
 
 
 
Күлдіреуікте қабырғасы серозды сұйықтықтың көпшілік мөлшері жиналауы 
басталады,  қабырға  жарылып  құрамы  құйылады  және  ашық-қызылтүбімен  және 
жүйкелі  шеттермен  эрозия  дамиды.  Эрозия  тез  сарғыш-қоңыр  қабықшамен 
жабылып, құрғаған бастапқы экссудатта, эпителидің қайта қалпына келуі жүретін, 
сақталған эрозияның түбінің мүйізденген қабатынан, сондай-ақ оның шеттерінен. 
Эрозияның  толық  жазылуы  қолайлы  жағдайлада  5-14  тәулікте  болады,  бірақ, 
эрозияның орны ұзақ сығылған және депигменттелген күйде қалады.    
 
 
Күлдіреуік 
үрдістің 
күрделенуі 
қайталама 
микролорада 
жаралы 
зақымдалулар, бұлшық етті талшықтарға дейін жететін іріңді қабынулар дамиды, 
мұндай зақымдалулар ұзақ емделмейді.    
 
 
 
 
Патологиялық ашып сою.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Аусылда өзіне тән белгілері ауыз қуысының ілегей қабығында, сирек жұлық 
саңылауының  сүйекаралық  терісінде,  желінде,  қаңсарда,  мес  қарынның  кілегей 
қабығында,  сирек  артқы  тесік  пен  қынаптың  күлдіреуіктері  болып  табылады. 
Шошқаларда  ауыз  қуысында  күлдіреуіктер  аз,  жиі  өкше,  жұлық  және 
сүйекаралық  саңлау  терісінде  кездеседі.  Макроскопиялық  күлдіреуік  өзімен 
аумақтық,  сопақша  немесе  жартылай  шар  тәрізді  формалар  түйменің  басындай 
болып тауық жұмыртқасына дейінгі мөлшерде тілдің кілегей қабатында болады.  
 
Бармақ  ұштарында  күлдіреуік  қайталама  микрофлорамен  күрделенген, 
іріңді-флегматозды қабыну болуы мүмкін, және мүйізді кебістің қабықталуы мен 
түзуі  болуы  мүмкін.  Желінде  күлдіреуік  серозды-катаральды,  ал  күрделенгенде 
іріңді мастит болады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Аусыл  қатерсіз  өтуі  мүмкін  -  кәдімгі  форма,  және  қатерлі  өліммен 
аяқталады.  Сондай-ақ  күлдіреуік  зақымдалулар  қатерлі  формада  тек 

148 
 
гистозерттеулерде көрінеді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Негізгі өзгерістер жүрек және қаңқа бұлшық еттерде дамиды(өлім 40-50%). 
Жануарлар жазылу  барысында өледі. Жүректе әртүрлі форма мен мөлшерде жиі 
сол  және  оң  қарыншалардың  қабырғаларында,  қарыншақ  аралық  қалқада, 
көктамырлы бұлшық етте сұрғылт және сұр-сарғыш ошақтар болады.   
 
 
Гистологиялық 
өзгерістер: 
миокардта 
дәндіүйінді 
шығынымен, 
балауызтәрізді некроз және амилиозды, ақуыздық және майлы дистрофия.  
 
Ауырған  жануарларда  тұрақты  ошақты  торшалы  инфильтрат,  склероз, 
миокард  ошақтары  және  өлген  бұлшықет  талшықтарында  тұз  қоспасы.  Қаңқа 
бұлшық еттері осы өзгерістермен.    
 
 
 
 
 
 
 
Қатерлі кезең өзгерістері паренхиматозды мүшелерде дамиды(ішкі секреция 
және жүйке жүйесінің бездерінде). Бауыр мен бүйректе ақуыздық дистрофия. Бас 
және  жұлын  миында  тамыр  гиперемиясы, ошақты  және құйылмалы  қан құйылу, 
қабық сіктері және ми заттары.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Ауыр  өзгерістер  -  тигролиз,  пикнолиз,  вакуолизация.  Іріңді  емес 
лимфацитарлық энцефаломиелит. Жұлымилы түйінде ісіктер. Күлдіреуік үрдістің 
күрделенуі сепсистің дамуына алып келуі мүмкін.    
 
 
 
 
 
Аусылға диагностика жасау қиындық тудырмайды. Күлдіреуік өзгерістердің 
негізі кілегей қабықтарда және берілген инфекция үшін арнаулы теріде.  
 
 
2.  Сүтқоректілердің  және  құстардың  шешек  ауруы  (Variola)  -    сүзгіш 
вирустармен  шақырылатын,жануарлардың,  құстар  мен  адамдардың  өткір 
жұқпалы  ауруы.  Теріде  және  сирек  кілегей  қабықтарда  бөртпе  себінділерінің 
дамуыменсипатталады.  Адам  және  жануарлар  туыстық  вирустар  арқылы 
зақымдалады.  Сиыр  шешегімен  ауырған  адам,  адам  шешегіне  бейімсіз  келеді. 
Адамда, қойда, және кейде ешкіларде және шошқада дененің барлық беткейінде 
бөртпенің дамуымен  жалпыкүрделі  зақымдалу  сияқты өтеді,  ал ірі қара  мал мен 
жылқыларда  шектеуші  сипатқа  ие  және  қатерсіз  өтеді.  Құс  шешегі 
сүтқоректілердіңкіндей.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Патогенезі:  шешек  вирусы  ошақты  қабыну  түзе  отырып,  терінің  сорғыш 
қабатында  дамуды  бастайды.  Қанның  іркілдек  шектелген  аумағы,  розеол  деп 
аталатын  қызыл  дақтар  шақырады.  Нәтижесінде  розеолды  эпителидің  белсенді 
пролиферациясы  сұр-қызыл,  дөңгелек  немесе  конусты  формалы  түйіндер-
бөртпелерге айналады. Эпителиалды торшалар белсенді пролиферирленеді, кенет 
ісінеді,  мөлдір  лимфаға  толады.  Бұлай  көзге  көрінетін  көпіршік  -  везикула 
түзіледі. Эпителий перифериялық түйін  бойынша өсуді жалғастыра береді, оның 
үстінде  кіндік  секілді  сығынды  дамиды.  Соңынан  көпіршік  құрамында  формалы 
қан  элементтері,  көбінше  лейкоциттер  байқалады.  Көпіршік  іріңмен  толуын 
пустула  деп  атайды.  Пустула  кеуіп  қабырщаққа  айналады.  Қабыршақ  астында, 
егер  үрдіс  беткейінде  ағарса  эпителизация  жүреді,  терең  болса  -  тыртық  тзіледі. 

149 
 
Бұндай даму үрдісі адамдарда, ірі қара малда және жылқыда кездеседі.  
 
 
Басқа жануарлар мен құстарда шешек үрдісі біршама жай өтеді. Айтылған 
өзгерістерден  басқа  барлық  шешек  вирусының  түрлері  зақымдалған  торшаларда 
цитоплазматикалық түзіліс түзеді.   
 
 
 
 
 
 
 
Адам  және  ірі  қара  мал  шешегінде  эпителидің  шешекті  күлдіреуігінде 
Гварньере  денешіктері  тән(дөңгелектелген,  сопақша  немесе  орақтәрізді). 
Құстарда бұл денешіктерді Баллингера денешіктері деп атайды.   
 
 
Сұйық  құрамда  және  эпителиалды  торшаның  күлдіреуікте  Пангена 
денешіктері  құрйды,  оларды  тағы  шешекті  Бореля  денешіктері  деп  те  атайды. 
 
Патологиялық ашып сою:    
 
 
 
 
 
 
 
Қой 
шешегінің 
жоғарыконтагеозды 
ауру 
ерекшеліктер: 
бөртпе 
пеликуллиттаушы  түйіндер  түрінде(pellicula-  жіңішке  қыртыс),  ірі  жүйектәрізді 
жоғары  кейде  бір-бірімен  құйылып  жатқан  секілді.  Үрдіс  эпителидің  белсенді 
пролиферациясымен және сероздыторшалы инфильтрацияның жеке тері негізінде 
басталады.  Эпидермисте  микроскопиялық  қуыстар  дамиды  және  жергілікті 
бөртпе  дамымайды,  ал  нәтижесінде  қойларда  жергілікті  күлдіреуік  дамимйды. 
Бірақ, серозды экссудат біркелкі, сондықтан, өлген эпителидің жіңішке қыртысы 
жіктеліп  серозды  экссудаттар  түрінде  көтеріліп  көрінетін  көпіршіктерге  көрініс 
түзеді.  Сосын  үрдіс  жоғарыда  айтылғандай  жүреді.  Қойларда  шешек  бөртпесі 
түксіз немесе әлсіз жабылған түктер бөлігінде дамиды:  аяқтың ішкі беткейінде, 
көз айналасында, желіннің терісінде , баста.    
 
 
 
 
 
 
Қойда  шешек    аборттық  түрде(тас  шешек)  қызыл,  тығыз  түйіндер  дамып, 
бірнеше күннен соң жоқ болып кететін күлдіреуік түзбейді. Құйылмалы формасы 
кезедеседі. онда шешек бөртпесі дененің көп бөлігін жауып тұрады. Егер түйінде 
қан құйылу жүрсе, онда геморрагиялық(қара) шешек жайлы айтады.    
 
 
Құстар  шешегі  -  барлық  жастағы  құстарды  зақымдайды.  2  формада  өтуі 
мүмкін:  терілік(шешектік)  және  дефтириялық,  көз,  көмекей,  ауыздың  кілегей 
қабықтарының қабынуымен. Сирек аралас форманы кездестіруге болады. Құстар 
шешегінің  4  түрлі  вирусын  ажыратады:  тауық,  үндік,  көгершін  және  шымшық 
шешегі. Тауықтарда 20-70%  өлім-жітіммен аяқталады.  
 
 
 
 
Өзгерістің  терілі  формасында  бірінші  кезекте  бас  терісінде  шектейді: 
тарақта,  сырғада,  сақалда.  Бастапқы  сұр  бөлектелген  қабат,  сосын  және  кішіреу 
түйіндер  түзіледі.  Алдымен  олар  қызғыш-сұр,  содан  соң  сұр-сарғыш  реңде 
болады.  Сүтқоректілерге  салыстырғанда  құстардағы  шешекте  күлдіреуік  сатысы 
болмайды   және  кіндік  тәрізді  сығынды  түзбейді.  Егер  шешек  күрделенбесе, 
онда қабыршақтары түскеннен соң іздері қалмайды.   
 
Дифференциалды  диагноз:  бірінші  кезекте  шешекті  А  авитаминоздан 
ажыратып,  мұнда  гистологиялық  зерттеуді  негізіне  алады.  А  авитаминозында 
ауыз  қуысының,  асқорыту,  жемсаудың  кілегей  бездерінде  эпителидің 

150 
 
метаплазиясы,  жалпақ  мүйіздену  жүреді.  Зақымданған  торшаларда  Баллингера 
денешіктері  болмайды.  Өткіржұғымтал  ауруларды  биосынама  қою  және 
эпизоотологиялық  жабдықтаржәне  клиникалық-анатомиялық  сипатты  ескере 
отырып гистологиялық  және бактериальды зерттеулер  жүргізеді.  
МИКОЗДАР, МИКОТАКСИКОЗДАР 
 
Жоспар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Стахиоботриотоксикоздар  
 
 
 
 
 
 
 
2. Фузариотоксикоздар  
 
 
 
 
 
 
 
 
3. Актиномикоздар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4. Аспергиллез 
 
1. Стахиоботриотоксикоз - ауру жиі жылқыларда, сирек ірі қара малдарда 
кездеседі.Жылқылардағы  Stachyfotus  alteernans  саңыраулағының  штаммдарымен 
шақырылатын, ағзаға алиментарлы жолмен енетін ауру. Стахиоботриотоксикозға 
геморрагиялық  диатез  бен  ас  қорыту  жолымен  келетінқабынған  және 
некробиотикалық үрдістермен сипатталады.    
 
 
 
 
Патогенезі:  жеткіліксіз  зерттелген.  St.Alternans  қоздырушысы  ірі 
азықтардың өзегінде дамып, токсикалық заттарды белгілейді. Қоздырғыштың өзі 
жануар  ағзасына  қатысты  вируленттілікке  ие  бола  алмайды(яғни,  қоздырғыш 
колониялары, жануар ағзасына патологиялық әрекет ете алмайды).  
 
 
 
Бірақ, тіпті токсиннің бір реттік әсері қоянның терісіне терең және теріасты 
өзегінезақымдану шақырады; серозды немесе фибринозды-геморрагиялық қабыну 
оның алдағы некрозды аумағына және оның тыртықталуына алып келеді.    
 
Табиғи  жағдайларда  азықпен  ағзаға  токсиндер,  саңырауқұлақтармен 
бөлінген,  және  ішектің  қабырғаларына  ошақты  геморрагиялық  ісікті  шақырады, 
сібір  жарасына  ұқсаған  қарасан  диффузды  орналасады  және  көпшілік 
геморрагиялық жіті катаральды қабыну сипатына ие.  
 
 
 
St.Alternans  саңырауқұлақ  токсині  жергілікті  күйдргіш  әсер  және  қанда 
жылдам  сорылуға  ие  болып,  оған  жиналып,  перифириялық  вегетативтік  жүйке 
жүйесіне,  орталық  жүйке  жүйесіне,  паренхиматозды  мүшелерге  әсер  етеді. 
Осындай  жолмен:  бауырда,  бүйректе,жүректе,  орталық  жүйке  жүйесінде, 
вегетативтік және перифериялық жүйке жүйесінде - дегенеративті өзгерістерге ие 
болады.  Токсиндердің  әсерінен  жалпы  ағзаның  төзімділігі  төмендейді(сондай-ақ 
үлкен некрозды ошаққа аздаған жарақат алып келеді): гельминт, құтырық құрты 
және т.б. тіркелген жерлерде.  
 
 
 
 
 
 
Нейротрофиялық  некроздар  тікелей  механикалық  әрекетпен  байланыспай,  
бір-біріне  симметриялы  орналасады:  тілдің  ұшында,  тіл  жүгеншігінде  және 
басқаларында, олар өте терең және сасық ыдырауға бейім.   
 
 
 

151 
 
 
Клиникалық  өзгешелігі  бойынша  стахиоботриотоксикоздар    2  түрге 
бөлінеді: жергілікті және жергіліксіз.  
 
 
 
 
 
 
 
Жергілікті: үш сатыда өтеді(шартты). 1) беткейлі кілегейлі стоматит, кейде, 
еріннің  шетінде  терең  некрозбен.  2)  (жасырын  кезде)  жіті  кілегейлі  стоматит 
басылады,  некротикалық  фокустар  өрескелденіп,  тығыздалады  және  жойылып 
кетеді,  бірақ,  бір  мезгілде  қанның  құрамында  күшті  бұзылулар  болады: 
тромбопения,  лейкопения  және  агрунолоцитоз.  3)  ауыз  қуысында  екіншілі 
некроздар  пайда  болады(тістің  еті,  жақ,  жүгеншік,  қатты  таңдай)  және  жүрек 
жұмысының  төмендеуінен  дене  температурасы  40-41,5°С  дейін  жоғарылауы, 
жалпылама қанауды, ішек-қарын жолының бұзылуына әкеледі.    
 
 
 
Жергіліксіз  түрі  токсиндердің  жеткілікті  мөлшерінде  немесе  аз  ғана  уақыт 
аралығында  оның  түсуі  қайталанады.  Бұл  форма  жүйке  бұзылуларының 
синдромымен пайда болады.   
 
 
 
 
 
 
 
Паташып сою 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаралы-некротикалық  гингивит,  стоматит,  эзофагит,  гастроэнтерит. 
Қабыну  ошағының  айналасы  жиі  қызыл  жиекті  болады.  Ошақтар  симметриялы 
орналасады,  айналасында  демаркационды  сызық  болмайды.  Геморрогиялық 
диатез.  Некроздар  көмекей  безде,  бауырда.  Бауыр,  бүйрек,  миокард 
дистрофиялары.  Жұтқыншақ,  шықшыт  безі  және  шажырқайлы-лимфа 
түйіндерінің серозды-геморрогиялық лимфаденты.   
 
 
 
Жергілікті  формасына  диагноз  қою  қиынға  соқпайды.  Негізгі  назарды 
геморрагиялық 
диатез 
шақыратын 
ішек-қарын 
жолының 
бұзылуына 
аударады(ішек, ауыз, ерін некрозы). 
 
2.  Фузариотоксикоз  (Fusariotoxiosi),  немесе  алиментарлы  токсикалық 
алейкимия, алиментарлы агранулоцитоз - барлық ауылшаруашылық малдарының 
жіті  немесе  жітілеу  өтетін  ауруы(кейде,  өліммен  аяқталатын  Fusarium 
sporotrichiella саңырауқұлағымен шақырылатын токсиндер ).  
 
 
Фузариотоксикоздың  патогенезі  толықтай  зерттелмеген.  Фузариум 
саңырауқұлағының  токсинінің  қызуы  тұрақты,  органикалық  еріткіштер 
шығарады,  жергілікті  резорбтивті  және  кумулятивті  қимылға  қабілетті.  Токсин 
апликациясы  орнында(зертханалық  жағдайда)  қабыну  ошағының  жіті  серозды 
немесе серозды-геморрогиялықошағы жылдам ұлпалық некроздалады. Содан соң, 
өлі  ошақтан  ажырату  және  баяу  тыртықталу  жүреді.  Кілегей  қабықтарының 
қабыну  сатысы  тек  тығыздығына  ғана  емес,  сондай-ақ  токсиндердің  әрекетінің 
жалғасуынада байланысты. Аздаған тығыздалуда қарапайым катаральды қабыну, 
ал  жоғарыда  -  серозды,  серозды-геморрагиялық  және  фибринозды  қабыну 
ұлпалардың ажырауы жалғасуында пайда болады.    
 
 
 
 
 
Токсиннің  резорбтивті  әрекеті  бауырдың,  бүйректің,  жүрек  бұлшықетінің 

152 
 
және  т.б.  дистрофиялық  өзгеруіне,  және  бас  миының  ганглиозды  торшаларында 
және  вегетативті  жүйке  жүйесіндегі  жүйке  ганглиясына  алып  келеді.  Токсиндер 
геморрагиялық  диатез,  лейкомия  және  ареактивті  некрозға  алып  келетін 
перифириялық жүйке жүйесіне және қантамырлары ретикулярлы   ұлпасына әсер 
етеді.  Жылқыларда,  ірі  қара  малдарда  және  шошқадағы  созылмалы  жағдайда 
бүйректе гломерулонефрит және некроздың ирелең өзекшелері дамиды. Аурудың 
қорытынды  фазасында:  лейкопения,  тромбопения,  ұлпаның  жалпақ  некробиозы, 
ішек-қарын  жолының  кілегей  қабықтарында  нейтротрофиялық  ареактивті 
некроздармен сипатталады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Паташып сою:    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Фузариотоксикоз(жылқыларда) 
 
 
 
 
 
 
 
Жаралы-некротикалық 
гингивит. 
Катаральды 
немесе 
катаральды-
геморрагиялық  гастроэнтероколит.  Геморрагиялық  диатез. Бауырдың,  бүйректің, 
миокардтың  майлы  және  дәнді  дистрофиясы.  Серозды-геморрагиялық 
колит(созылмалы түрінде).   
 
 
 
 
 
 
 
Қойдың, сиырдың фузариотоксикозы 
 
 
 
 
 
 
Еріннің  серозды  ісігі,  мұрын  қанатшаларындағы  тері  эпидермисінің 
десквамациясы(эпителийдіңтүсуі). Қан толумен жіті катаральды абомазит. Дәнді, 
майлы  дистрофия  және  бауыр  мен  бүйректің  іркілдек  гиперемиясы.  Ісік  және 
өкпенің  іркілдек  гиперемиясы.  Эпи-және  эндокардтармен  қан  кету  және  жүрек 
қуысының кеңеюінің миокардиодистрофиясы. Геморрагиялық диатез.   
 
 
Гистологиялық  өзгерістері:  барлық  жануарларда  некроз  ошақтарының 
кейбір  жерлерімен  ас  қорыту  жолдарының  кілегейлі  қабықтарының  катаральды 
немесе  серозды-геморрагиялық  қабынуына  алып  келеді.  Біріншілік  некроздар, 
шырышасты  ұлпамен  шектелген  және  демакрациялық  шекарамен  айналған. 
Созылмалы  формасында  бұлшықет  ұлпасына  жататын,ареактивті  некроздар 
түзіледі. Ірі  қара  және ұсақ  малдардың  жіті  немесе жітілеу  катаральды  қабынуы 
ұлтабарда,  жіңішке  және  жуан  ішек(сыдырлаған)катары,  шырышасты  ұлпаның 
және  периваскулярлы  кеңістіктің  серозды  немесе  серозды-геморрагиялық  ісігі. 
 
Паренхиматозды 
мүшелерден: 
дистрофиялар,(жиі 
күңгірт 
ісіну 
түрінде,сирек  майлы  инфильтрация(бауыр,  бүйрек)  және  өте  сирек  ошақты 
некроздар).  Ұзақ  мерзімде,одан  бөлек  шумақшалардың  гломерулонефриты  және 
ирелең өзектердің талғамалы некротизациясы дамиды.  
 
 
 
Диагнозды 
эпизоотологиялық, 
клиникалық 
және 
патанатомиялық 
өзгерістеріне  байланысты  қояды.  Қажет  болған  жағдайда  азыққа  микологиялық 
және токсикологиялық зерттеулер жүргізеді.    
 
 
 
Шошқадағы  фузариотоксикозды  оба  мен  паратифтен  ажыратады.  Обада: 
талақта  инфаркт  және  лимфа  түйіндерінің  бұзылуы.  Паратифте  негізінен 
өзгерістер жуан ішекте, ал микронекроздар бауырда.  

153 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет