Уарлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4


 Бактериологиялық зерттеу



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата03.03.2017
өлшемі1,75 Mb.
#6980
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

2. Бактериологиялық зерттеу 
 
 
 
 
 
 
 
Бактериологиялық зерттеу үшін алынған материал тазалығын сақтау қажет. 
Бұл  үшін  мүшелердің  тіліктерінен  алынған  кесектердің  ұлпасын  күйдіреді  және 
таза ыдысқа салады. Жүректің, жатырдың, несеп көпіршігінің тесік шығындарын 
байлап, және кескін орынын жағады.  
 
 
 
 
 
 
 
Ұсақ  жануарлардың  өліктерін  жақсысы  зертханаға  ашып  соймай  жіберу 
жөн.  Материалды  әдейі  балауса  күйде  жібереді.  Ұзақ  аралықта  мүше  бөліктерін 
30 % глицеринде фиксациялайды.    
 
 
 
 
 
Бактериологиялық  зерттеу  үшін  ауруға  күмәнді  әр  түрлі  мүшелер  және 
ұлпалардың материалын жіберуі мүмкін(1 кесте).  
 
3. Гистологиялық зерттеу.   
 
 
 
 
 
 
 
Гистологиялық зерттеу үшін мүшенің 0,5-1 см бөлігін немесе қалыңдықтың 
пластинкаларын кесіп, біршама ашық өзгерістер байқалса немесе күмәнді болса, 
иемденушілер диагноз қоюдың негізі болып табылады. Кесілген бөліктерді 10 % 
суда,  ал  төмен  температурада  –  формалиннің  спирттік  ерітіндісінде 
фиксациялайды.  Фиксирлейтін  сұйықтық  көлемі  бойынша  алынған  материалдан 
10-25  есе  үлкен  болуы  керек.  Мұздалған  немесе  шірейін  деген  материал 
гистологиялық  зерттеу  үшін  жарамсыз.  Бөліктер  жақсы  фиксациялану  үшін, 
ыдыстың  түбіне  мақтаның  қабатын  немесе  сілкумен  бөліктің  орналасуын 
өзгертеді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаңа  алынған  материалды  жақсы  жабдықталған  шыны  ыдыста,  жәшікке 
салынған  күйінде  жібереді.  Фиксацияланған  материалды  сұйықтықсыз,  мақтаға 
орап,  формалинмен  шайып  жіберуге  болады.  Мақтамен  оралған  материалды 
полиэтиленді қапшыққа салады және қорапқа салады.  
 
 
 
 
 
2-кестеде  аурулар  көрсетілген,  патологоанатомиялық  диагноздың  растауы 
үшін гистологиялық зерттеу үшін паталогиялық материал жіберуді қажет етеді.  

171 
 
1-кесте. 
Бактериологиялық 
зерттеу 
үшін 
жіберілетін 
материалдар 
тізбегі(1999, Л.И.Дроздовой бойынша алынған ) 
Күмәнді ауру 
Бактериологиялық 
зерттеу 
үшін 
жіберілетін зат 
Сібір жарасы 
Құлақ,  фиксирленген  қан  жағынды. 
Зақымдануға 
күмәнді 
ашылған 
өлекселер,  лимфа  түйіндері  және 
талақтың бөліктері. 
Бруцеллез 
Қан,  түсік  тасталған  төл,  жатырлы 
ағуы. Сүт. 
Туберкулез, сап, актиномикоз 
Зақымданған 
мүшелердің 
бөлшектері. 
Паратуберкулез 
Мезентеральды  лимфа  түйіндерінің 
және ішектің қампиған бөліктерінен – 
өлекселер,  аурулардан  –  нәжіс,  тік 
ішектің 
кілегей 
қабығының 
емізікшелері. 
Эмфизематозды 
карбункул 
және 
қатерлі ісік 
Қабынған 
ісіктен 
экссудат, 
препараттардан 
– 
зақымданған 
бұлшықеттен таңба алынады.  
Паратиф,  колибактериоз,  бұзаудың 
диплококкозды инфекциясы  
Өт  қабынан  бүтіндей  өлексе  немесе 
бауырдың  бөлігі,  талақ,  ұлғайған 
лимфа түйіндері, қан құйындысы бар 
жүрек. 
Пастереллез 
Пробиркаға  таза  алынған  қан,  лимфа 
түйіндері,  талақ,  жілік  сүйегі.  Ұсақ 
жануарлардың 
және 
құстардың 
өлексесі ашылмай жіберіледі.  
Некробактериоз 
Зақымдалған  мүшелерден  –  өлексе, 
аурулардан 
– 
зақымданған 
орындардан емізікше. 
Лептоспироз 
Қан  немесе  қан  сарысуы  пробиркада 
жіберіледі. 
Шошқа тілмесі 
Жілік майы, буындар, талақ, жүрек.  
Қой брадзоты 
Жілік  айы,  талақ,  теріасты  өзегінің 
бұлшықет  бөлігі,  зақымданған  ішек 
және жұмыршақтың бөліктері. 
Торайдың анаэробты дизентериясы 
Торайдың өлексесі 

172 
 
Биелердің паратифозды түсік тастуы  Түсікті төлдің төл қабықшасымен 
Кокцидиоз 
Зақымдалған мүшелер, ішек, бауыр 
Құтырық 
Аммонды мүйіз немесе бүтін ми 
Ауески ауруы 
Бас миы 
Шешек ауруы 
Терінің зақымданған бөлімі 
 
2-кесте. Гистологиялық зерттеу жолымен өтетін аурулар диагностикасы(1999, 
Л.И.Дроздовой бойынша алынған ) 
Күмәнді аурулар 
Гистологиялық 
зерттеулер 
үшін 
мүшелерден кесіліп алынатын бөліктер 
Жылқылардың 
жұқпалы 
анемиясы 
Жүрек, бауыр, талақ, бүйрек, өкпе. 
Жылқылардың 
жұқпалы 
энцефаломиелиті(ЖЭМ) 
Бауыр, бас миы. 
Паратиф 
Бауыр. 
Некробактериоз, 
сап, 
актиномикоз, псевдотуберкулез 
Зақымданған 
немесе 
күмәнді 
зақымдалған мүшелер. 
Туберкулез 
Зақымданған 
мүшелер, 
көрінетін 
зақымданулардың 
жоқтығы 
– 
қабырғааралық, 
бронхиальды 
және 
мезентериальды, лимфа түйіндері. 
Құтырық 
Аммонды мүйіз. 
Ауески ауруы 
Көбірек  ми,  төрттөмпешікті  ортаңғы  ми 
бөлігі. 
Қатерлі катаральды қызу 
Төрттөмпешікті  ортаңғы  ми  бөлігі, 
көбірек ми. 
Листериоз 
Ми қабықшасымен ми. 
Күзеннің Алеуттік ауруы 
Бауыр, бүйрек. 
Марек ауруы 
Жуандалған 
жүйке, 
ісік 
тәрізді 
тарамдалу 
Лейкоз 
Ұлтабардың, лимфа түйіндерінің, оң жақ 
жүректің,  бауырдың  және  т.б.  ұлғаюы, 
ауруға күмәнді зақымдалуы. 
Қатерлі 
жағатүзілулер. 
Дистрофия,  қабыну  және  басқа 
үрдістер 
Зақымданбаған 
ұлпалардың 
шекарасында  қатерлі  жаңа  түзілістің 
пайда  болуы.  Бірнеше  жерден  алынған, 
зақымданған мүшелердің бөлігі. 

173 
 
 
 
4. Ағзаға әртүрлі әсерлермен шақырылатын, ауру сараптамасы.  
 
Берілген бастамаға,  жануар денсаулығына  зиян келтіретін,өте  кең спектрлі 
әсер  жатады.  Бұған  барлық  аурулар,  азықтандыру  нормасының  бұзылуымен 
байланысты,  құрамы,  жануар  эксплуатациясы,  бөгде  денелермен  шақырылатын 
аурулар,  асқорыту  жолына  енген,  физикалық  әсерден өлім  тудыратын  аурулар  –
тұншығу, суға тұншығу, туылу кезінде төлдің өлуі.    
Осы 
топқа 
электрожарақаттанудан  және  температураның  аутқуымен  шақырылатын  аурулар 
сараптамасы  жатады.  Оларға  жатады  –  жылу  ұру,  күн  ұру,  үсу,  күю  және 
қайнатылу, электр әсеріне болатын жануар өлімі.  
 
 
Механикалық 
зақымдалу  сараптамасында  зақымдалудың  ауыртпалығы  ескеріледі  –  ауыр, 
орташа(тіршілікке қауіпсіз,бірақ, денсаулыққа зиянды) және жеңіл, денсаулықтың 
бұзылуына  зиян  келтірмейтін.  Одан  басқа,  беткейлік  зақымдалу  немесе  сызат, 
қанағу және гематомдар(жарылған, кесілген, шабылған, зақымдалған, жыртылған, 
тістелген,  оқ  тиген).  Әрі  қарай  жұмсақ  ұлпалардың,  буынның  таюы,  сүйек 
сынулары сияқты, жабық зақымдалуларды қарайды, өз кезегінде сондай-ақ ашық 
және  жабыққа  ажыратады.  Соттық  сараптама  үшін  зақымдану  дәрежесі 
сынықтардың  толық  және  толық  емес  мәніне  ие,  сынықтың  механизміне 
байланысты  сығылудан,  майысудан,  айналдырудан,  және  үзілген  сынулардан 
тұрады.  Әр  түрлі  сынықтардың  соттық-ветеринарлық  бағалауы  оларды 
зақымдалған  ағзалардың  қызметтік  жіберу  және  уақыттың  созылуымен, 
зақымдалудың қайта қалпына келуі әсерін ескереді.  
ЖАНУАРЛАРДЫ АЛЫП-САТУ КЕЗІНДЕГІ СОТТЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ 
САРАПТАМА (1) 
Жоспар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Жануарларды алып-сату кезінде болатын келіспеушілік жағдайларындағы 
сараптама.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.  Жануарлардан  алынатын  азық  өнімдерінің  соттық-ветеринарлық 
сараптамасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3. Ветеринар қызметкерлердің соттық жауапкершілігі. 
1.Жануарларды 
алып-сату 
кезінде 
болатын 
келіспеушілік 
жағдайларындағы сараптама. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жануарларды  алып-сатуда  сараптаманың  негізгі  мәні  келіспеушілік 
сұрақтар  болып  табылады,  екі  жақтың  келіспеушілігі  арасында  туатын  сатып 
алушыға  кемшілігі  болғанда,  сатып  алып  жатқан  уақытта  қарап  үлгермеген 
жағдайда,  сондай-ақ,  келісім  бойынша  жануардың  сатылымында  олардың 
сапасына  тура  келмеуіне  байланысты(мысалы,  сиырлардағы  сүттілік,  өгіздердің, 

174 
 
қабандардың  өндіру  қабілеттілігінің  белгілі  буаздық  уақыты  және  с.с.).  Сатушы 
тарапынан  болған  жалған  сатылымды  сатып  алушы  3  жыл  көлемінде  өзінің 
кемшіліктері  бойынша  талаптарын,  келісімде  көрсетілген  уақытқа  дейін  қоя 
алады.  Сатып  алушының  қызығушылығына  байланысты  ел  қатарында  белгілі 
заңнамалар  енгізіліп,  кепілдік  мерзімі  қаралған,  кемшіліктерді  айқындап  алу 
үшін, келісімді бұзып, жануарды сатушыға қайтаруға құқығы бар.  
 
 
 
Жануарды сатып алған соң, жұқпалы және инвазиялық ауруларға сараптама 
жүргізіп,  әр  түрлі  ауруларға  инкубациялық  кезең  жүргізілген  соң  қолма  қол 
нәтижесі болуы керек, яғни, мұнда заң бабы жүреді, ауру жануарды сатқаны үшін  
келіскен  түрде    сатушы  айыпталмайды.  Сою  мақсатында  сатып  алынған 
жануарлар  саудасы  кезінде  де  сатушы  мен  сатып  алушының  арасында 
келіспеушіліктер  болуы  мүмкін,  егер  сойғаннан  кейінгі  қаралуда  оның  барлық 
ұшасы немесе мейлінше бөлігі жарамсыз болады немесе шартты қолайлы болып 
танылады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жұқпалы  емес  аурудың  сипаттамасы,  кері  әсерін  тигізгеннен  бастап, 
аурудың  клиникалық  бейнесінің  дамуына  дейін  аз  немесе  көп  ұзақ  мерзімге 
созалады,  сондай-ақ  жеткіліксіздікке  апаратын,  сатушы  қарап  үлгермеген 
жағдайда болу қажет.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.Жануарлардан  алынатын  азық  өнімдерінің  соттық-ветеринарлық 
сараптамасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ветеринарлық дәрігер ет және жануарлардан алынатын өнімдерге қатысты 
әр түрлі сұрақтармен, сараптама ретінде соттық ұйыммен жиі тартады.  
 
 
Ветеринарлық  сараптама  көбінесе,  ветеринарлық-санитарлық  сараптама 
аумағындағы мынадай сұрақтарды шешуге рұқсат етеді:   
 
 
 
• ауру және өлген жануардың етін анықтау, 
 
 
 
 
 
•  әртүрлі  жануарлардың  етін  анықтау(жылқы,  сиыр,  бұзау  еттерінен 
айырмашылығы ),  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
• жануардан алынатын өнімдердегі фальцификациясын анықтау   
 
•  жануардан  алынатын  өнімдерді  пайдаланғаннан  шақырылатын 
уланулардың(таксоинфекциялық) себептерін түсіндіру.    
 
 
 
Етті  тануда  көбінесе  сүйектің  құрылымын  анатомиялық  әдіс  бойынша 
анықтайды,  жылқы  мен  сиырдың,  шошқа  мен  иттің,  қой  мен  иттің,  мысық  пен 
қоянның  сүйектерінің  салыстырмалы  анатомиялық  аумағында  тану  үлкен  мәнге 
ие.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сондай-ақ, мүшелерді анатомиялық құрылымына байланысты еттің тиесілі 
түрлерін  анықтайды(тіл,  бауыр,  бүйрек,  талақ,өкпе).  Сыртқы  көрінісіне  қарап  ет 
қандай  жануардан  алынғаны  белгісіз  болса,  зертханалық  әдіспен  зерттеу 
жүргізіледі  және  алдымен  препитация  реакциясы  жүргізіледі.  Тығыздығына, 
балқу температурасына және майдың түсі бойынша қосымша негіздер қолдануға 

175 
 
болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Соттық  тәжірибеде  дүкен  сатушылары  мен  қоғамдық  жұмыскерлердің 
тартымдылығы жағдайында субөнімдер бұлшықетінен фаршқа яғни, өкпе ұлпасы, 
сүт  бездері,  бұлшықет  қаңқасынан  арзан  тұратын  өнімдерқосылады.  Бұндай 
жағдайда микроскопиялық және гистологиялық зерттеу әдістеріне жүгіну керек.  
 
Жеке  тұлғалардан  сатуға  келіп  түскен  сүттібұрмалайды,  сондай-ақ 
айқындалған бұрмалаулар сараптаманың міндетіне кіреді.   
3. Ветеринар қызметкерлердің соттық жауапкершілігі.  
 
 
Ветеринар  қызметкерінің  міндетіне  жұмылдырылады,  сондай-ақ,  басқа  ҚР 
азаматына  секілді,  жеке  азамат  немесе  мемлекет  қызығушылығына  айыпкерге 
қарсы бағытталған жағдайда болуы мүмкін.    
 
 
 
Қылмыстық жауапкершілікке, маманданған міндеттер орындалып, айтылып 
отырған мамандық ережесі бұзылған жағдайда  тартылады.  
 
 
Ветеринар  қызметкер,  мемлекеттік  немесе  қоғамдық  қызмет  атқарушыдан, 
оның білім мен тәжірибесінің арқасында міндетті жұмысты атқаруды өз еркімен 
жасауды талап етеді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Ветеринар  қызметкерден,  кінәлілігінің  және  жауапкершілігің    сатысының 
айыпталуына байланысты, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке жүгінуі 
мүмкін.  Олар  жазатайым  немесе  дәрігерден  кеткен  қателіктерге  жауапкершілік 
алмайды.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 ҚР  заңнамасының  36  бабында  ветеринария  саласында  бұзушылыққа 
байланысты жауапкершілік мынадай жағдайларда көрсетілген:    
 
 
1. Ветеринария саласының ҚР заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар, ҚР 
заңнамалық акты бойынша жауапкершілікке тартылады.    
 
 
 
2.  ҚР  заңнамасына  сәйкес,  төленген  айыппұл  немесе  басқа  айыппұлдар 
төлеген тұлғаларды залалды тәртібінде өтемақыдан босатпайды.  
 
 
Ветеринарлық дәрігер жауапты:    
 
 
 
 
 
 
• функцияны қайта қалпына келтіруде,    
 
 
 
 
 
• хирургиялық операцияларды жүргізуде,  
 
 
 
 
 
акушерлік көмек көрсетуде,  
 
 
 
 
 
 
 
• ірі ауылшаруашылық жануарларының буаздық уақытының мерзімін, 
 
• ауылшаруашылық жануарларының төлдерінің жасын анықтауда,  
 
емдеуде қиындық туғанда,    
 
 
 
 
 
 
 
• тексерілмеген құралдарды қолданғанда,  
 
 
 
 
 
• алдын алу және сауықтыру іс-шаралары кезінде ережелерді сақтамағанда,  
 
•  ет  және  ет  өнімдеріне  ветеринарлы-санитарлық  бақылау  жүргізгенде, 
 
• өз уақытында көмек көрсетпегенде.  
 

176 
 
ЖАНУАРЛАРДЫҢ УЛАНУЫ КЕЗІНДЕГІ СОТТЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ 
САРАПТАМА 
Жоспар    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Уланған жануарларды сараптау   
 
 
 
 
 
 
2. Найзағайдан және электр тогынан өлген жануар етін сараптау 
1. Уланған жануарларды сараптау.  
 
 
 
 
 
Жануарлар  өсімдіктерден  және  минералды  улардан  улануы  мүмкін. 
Ауылшаруашылық  жануарларының  улануының  басты  себебі  минералды  улар 
болып  табылады,  ауыл  қожалықтарында  зиянкестермен  күресу  кезінде.  Бұндай 
уларға, 
фосфорорганикалық 
қосылыстар(хлорофос, 
карбофос, 
метафос, 
метильмиркаптофос  және  т.б.),  хлорорганикалық  қосылыстар(гексахлоран, 
гексохлорбензол және басқалар), мышьяктүзуші қосылыстар(арсенат және натрий 
арсениті,  кальций,  париж  аскөгі  және  т.б.),  сынап  препараттары(гранозан, 
меркуран),  металтүзуші  препараттар(күкіртқышқылды  метал,  хлорқышқылды 
метал, бордо сұйықтығы және басқалары). Бұлар пестицидтар.    
 
 
 
Пестицидтармен  уланған  ауылшаруашылық  жануарлары  тасымалдаудың 
инструктивті  ережелерін  дұрыс  сақтамағанда  туындайды,  бұл  заттарды  қолдану 
және  сақтау,  сондай-ақ,  жануарлардың  қораларына  өздерімен  бірге  ластанулар 
кіргенде.  Уланулардың  белгілері  көптеген  жануарларда  азықтандыру,  суару 
немесе емдеуден кейін кенет пайда болады. Анамнез кезінде ауру және өлтіруге 
мәжбүр  болған  жануарлар,  мүшелердегі  және  ұлпадағы  пат-анатомиялық 
өзгерістер ветеринарлық дәрігер аурудың себептерін қояды, ал күмәнді жағдайда 
ауру және өлтіруге мәжбүр болған жануарлардың шынай себептері түсіндіріледі.  
 
Улануға  күмәнді  жанаурлардың  шығу  көзін  анықтайды.  Егер,  ол 
жайылымда өтсе, онда оны улы шөптерге зерттейді, улы химикаттардың уақытша 
жиналу  орны,  өнеркәсіптік  және  техникалық  шығынның  орнын  зерттейді.  Егер, 
улану қолда ұстаған жағдайда болса, азықтардың қалдықтарынан сынама алады.  
 
Өлтіруге  мәжбүр  болған  жануарлардан  материал  алады  және  химиялық 
және  бактериологиялық  зерттеуге  зертханаға  жібереді.  Өлтіруге  мәжбүр  болған 
жануарларға, жағдайын көрсететін акт толтырылады, ауру қалай өршігені туралы, 
клиникалық  белгілер,  емдік  шаралар,  мүшелердегі  және  ұлпадардағы 
патанатомиялық өзгерістер, күмәнді диагноз және зертханалық зерттеу жүргізуге 
міндетті.  Актта  сондай-ақ,  зертханалық  зерттеулердің  қорытындысын  алғанша, 
иемденуші  етті  салқындатып  консервіленген  немесе  мұздатылған  түрде  сақтау 
керек,  онда  иемденуші  ветеринар  мамандарға  зертханалық  зерттеу  кезінде  еттің 
бұзылғандығы үшін талап қоя алады.  
 
 
 
 
 
 
Уланудың  союдан  кейінгі  диагностикасы.  Мүшелердегі  және  ұлпалардағы 
патанатомиялық  өзгерістер  уланған  жануарларда  өзгерісінен  қаралып  жатқан 

177 
 
басқа ауруларға қарағанда ерекшеленбейді. Улардың көбі ұлпалар мен мүшелерде 
дистрофиялық  және  қабыну  үрдісін  шақырады.  Бауыр  үлкейеді,  созылыңқы, 
сазды немесе қою-қоңыр түсті болады. Өт қабының кілегей қабықтарында нүктелі 
қан  құйылулар  болады.  Жүректе,  өкпеде,  бүйректе,  бауырда  қан  құйылу  болуы 
мүмкін.  Бүйрек  ұлғаймаған,  бос,  қыртысты  немесе  милы  қабықтың  шектетері 
тегістелген. Ішек-қарын жолының серозды кілегей қабықтарында әртүрлі формада 
және  қарқынды  қан  құйылу  болады.  Лимфа  түйіндері  кейде  ісінген,  кескенде 
сиренді-ашық-қызыл реңге боялады, қан құйылулар байқалады.   
 
 
 
Мүшелер  мен  ұлпаларда  спецификалық  өзгерістер  кішкене  улануларда 
пайда  болады.  Шошқалардағы  улануының  сипатты  өзгерістері  бұл  сары  түсті 
сүйек  буындарының  беткейі  және  несеп  көпіршігінің  кілегей  қабығының 
гиперемиясы, күшәләмен улану – кілегей қабықтарының сарғаюы, пекринді және 
азот  қышқылды  улану  кезінде,  акридинмен  –    ішкі  мүшелердің  және  еттердің 
сары реңге боялады.    
 
 
 
 
 
 
 
Зертханалық зерттеулер. Әкелінген материалды қорабынан шығарады, оны 
мөлшеріне  тексереді,  берілген  ілеспе  хаттармен,  оның  сыртқы  түрін,  түсін, 
тығыздығын, иісін қарайдыЖануардың улануға ұшырауы кезіндегі, патологиялық 
өзгерістерге  ерекше  мән  береді.  Содан  соң,  сынаманы  бактериоскопиялық  және 
бактериологиялық зерттеуге, кейін химиялық зерттеуге жібереді. Әрбір сынаманы 
жеке алып зерттейді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Екіншілік  инфекцияның  қорытындысына,  адамдағы  ішек  ауруларын 
шақырылуына бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.    
 
 
 
Жануарлардың улану кезіндегі етке және субөнімдерге санитарлық бағаны 
химиялық-токсикологиялық  анализ  қорытындысы  бойынша,  биохимиялық, 
органолептикалық және бактериологиялық зерттеу жібереді. Санитарлық бағалау 
сонымен  қатар,  улануды  шақыратын  токсикалогиялық  заттардың  сипатына 
байланысты. Сол себепті, барлық токсикалогиялық заттарды үш топқа бөледі.  
 
Бірінші  топқа  токсикалық  заттар  кіреді,  еттегі  және  субөнімдердегі  осы 
заттар жіберілмейді(сары фосфор, циянид, метафос, тияфос, гранозан).  
 
Екінші  топқа  улы  химикаттар,  ет  және  ет  өнімдеріндегі  рұқсат  етілген 
мөлшері.  1  кг  етке  берілетін  мөлшері  мг:  шошқада  –  1,  сүрме  –  10,  аммиакты 
силитра -100, барий -300.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Үшінші  топқа,  азықтық  мақсатта  қолдануға  рұқсат  етілген  уланған  еттер. 
Бұл  топқа  өсімдіктер,  эфир  майы,  сапониндер  және  смала,  фотодинамикалық 
әсерлі заттар(қарақұмық, тары, беде), улы және зең саңырауқұлақтар, улы утамыр, 
сондай-ақ  ,  фтор  препараты,  цинк  тұздары,  металдар,  қышқылдар  және 
саңылаулар,  натрий  хлорид  және  калий,  алколоидтар,  газтәрізді  заттар(аммияк, 
сұрлы ангидриттер, көміртек, хлор), карбомит, сивушты майлар және альдегидтер 
кіреді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

178 
 
 
.А.Макарова(1978)  бойынша  өткір  улануға  ұшыраған  жануарларды  етке 
қолдануға;  дибромдармен  улануда,  циадирлі  улануда,  руэленмен  улануда  –  7 
тәуліктен кейін; антио, амифоспен, карбофоспен, фосфамид және бутифосфпен – 
20; фазалон және хлорофоспен – 30; гардондар -46; байтекстермен, метильнитра –
фоспен,  метильмеркаптафоспен  және  рацидпен  -60;  қояндарда  -10;  қой  және  ірі 
қара  малдарда  -20,  шошқаларда-35  және  циноп  және  поликарбинмен  улану 
жануардың  барлық  түрінде  –  тиісінше  интоксикация  симптомдары  табылған 
уақыттан соң 25-30 тәулік ішінде.    
Сойылған  жануарларды  21  тәуліктен 
кейін  гиподерминхлорофоспен  өңдеуге  рұқсат  етіледі,  мышьяк  түзуші 
препараттрмен – өңдеу кезінде 24 тәуліктен кейін.    
 
 
 
 
 
 
2. Найзағайдан және электр тогынан өлген жануар етін сараптау. 
 
Электр тоғының әсері теріде өзіндік өзгерістерді шақырады, оның орнында 
әр түрлі құндылықты формалар түзеді. Электромедка дөңлек, сопақша немесе ток 
тасымалдаушы  өткізгіш  түрінде  болады,  пигментті  тығыздық  сұрғылт-ақ  түсті, 
қалыңдығы  0,5см  және  одан  үлкен,  оның  тұнбасының  түбі  үлкен,көтеріңкі 
шеттермен, қабынуы белгісіз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Соттық ветеринарлық тәжірибеде электр тогының әсері жануарлар ағзасына 
көбінесе тұрақты құрамында байқалады, электр сымдарының үзіктеоі нәтижесінде 
және олардың автоплойка мен ойпаттарға түсуі.  
 
 
 
 
 
Өлген  жануарлардың  патологиялық  өзгерістері,  П.И.Кокуричев  және 
М.А.Добин  (1967)  көрсеткендей  ерекше  емес.  Көбіне  тұрақты  патанатомиялық 
өзгерістер  электр  жарақатта  –  жүректе  және  ірі  тамырларда    қанның  дұрыс 
айналмауы,  серозды  және  кілегей  жабындыларында  қанның  көп  құйылуы,  ішкі 
ағзаларға қан толу.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аналогиялық  патанатомиялық  өзгерістер  жануар  найзағай  түсіп  өлуінде 
байқалады.  Өлген  жануарлар  егер  жайылымда  басымен  бір  жаққа  қарап 
жатқанда(жаңбыр желге каудальды тұрса).  
 
 
 
 
 
Ветеринарлық-санитариялық  сараптама  ережесіне  сай  үй  және  кәсіптік 
жануарлардың  еттері,  өртте  өлген,  найзағайдан  өлген,  үсіп  өлген,  тұншығып 
өлген  жануарларлың  еттерін  азыққа  қолдануға  рұқсат  етілмейді.  Осындай 
жануарлардың  өлекселерін  техникалық  утилизацияға  жібереді  немесе 
ветеринарлық  дәрігердің  келісімімен  сараптаудан  кейін  жануарлардың  азығына 
жіберіледі.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет