Ubt garant 140 «Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы



бет4/63
Дата17.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#24051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Insagram :@UBT_GARANT

https://www.instagram.com/ubt_garant/

Шешендік сөздер қашанда  халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге аз мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен т.б Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында болды.

Шешендік сөздердің мән - мағынасын дұрыс түсініп, ой елегінен өтізген әрбір жас тіл мәдениетіне жеңіл - желпі қарамайды. Дұрыс сөйлеп, ойын дұрыс жеткізе алады. Жүйелі сөз саптау, таза мазмұнда сөйлей білу қашанда керек құбылыс.

Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі мен дүниетанымын дамыту керек. Қазақ халқы қай заманда да сөйлеу өнерін жоғары бағалаған. Бұл жол арымай - талмай шешендік сырын зерттеуді, көл - көсір жаттығуды, мол білімді, ой - өрісі мен мен қиял кеңістігін қажет ететіндігін анық білген.

Сөз өнері өнердің ең алды ретінде саналған. "Өнер алды - қызыл тіл", - дейді қазақ мақалы. Абай: "Тіл өнері - дертпен тең", - деген. Қысқасы, халқымыз шын мәніндегі шешендікті асыл өнерге баулып, осы жолда қайталанбас мұра қалдырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет