Әлтерация (лат. аltегаге - бүліну) — жасушалардың, жасуша аралық заттардың, жүйке аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық, некроздық бүліністерімен сипатталады.
Экссудация(лат. ехsudаге - терлеу) - деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан нәруыздары мен жасушаларының тамыр сыртындағы тінге шығуын айтады.
Пролиферация (лат. ргоlез — ұрпақ, fего — әкелу) қабынуға қатысатын әсіресе макрофагтар мен лимфоциттердің, жергілікті тін жасушаларының өсіп-өнуі.
Қабыну кезінде клиникалық белгілерінің дамуы. Қызару (rubor) - артериялық гиперемия, жоғары мөлшерде оттегі бар қанның
көп ағуына және қызмет атқаратын капиллярлардың санының көбеюіне
байланысты.
Домбығу (tumor) - артериялық, веноздық гиперемия, экссудация және лейкоциттердің эмиграциясының нәтижесінде дамиды.
Қызу (саlог) - қабынудың ерте кезеңдеріндегі зат алмасу ұлғаюынан және
жоғары температурадағы қанның келуінен пайда болады.
Ауырсыну (dolог) - қабыну ошағында рецепторлардың қабыну медиаторларымен, рН, осмостық кысымның өзгерістерімен тітіркендірілгенінде
жүзеге асырылады.
Қабыну кезінде клеткалардың зақымдалуы, зат алмасудың бұзылуы, электролиттік баланстың өзгеруі, осмостық және онкотикалық қысымдарының өзгерістері анықталады. Осындай жағдайда ағзалардың қызметінің іске асуы мүмкін емес.
Қабынудың биологиялық маңызы. Қабыну реакция эволюция кезінде дамыған, сондықтан қорғаныс бейімделгіш болып табылады. Биологиялық қоздырғыштар қабыну ошағында жинақталады. Экссудаттың бактериоцидты әсерінен микроорганизмдер өлімге ұшырайды. Пролиферация нәтижесінде функционалды элемент қалпына келуі мүмкін. Сонымен қатар, альтерация қабыну ошағында мамандандырылған клеткаларды бұзады, олар калпына келуі мүмкін арнайы емес, нәтижесінде ағзалар мен ұлпалардың кызметі істен шығады.
Қабыну түріне байланысты арнайы және арнайы емес терапия қолданылады.
Арнайы - флогогендік әсерге тікелей бағытталады, арнайыемес - организмдегі өзгерістерге қарай әсер етеді.