5-
жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
1
.Мне необходимо встретиться с ним в субботу. 2. Он повстречал Вас и
Ваших друзей в магазине. 3. Мы познакомились с ним в прошлом году. 4.
Познакомьте меня, пожалуйста, со своей подругой. 5. Вы почему не
здороваетесь с нами? 6. Чем вы занимаетесь после занятий (работы)? 7. Ты
встретился с ним летом. 8. Моя подруга занимается вязанием.
6-
жаттығу. Сөйлемдерді кеңейтіңіз.
Үлгі: Біз барағанбыз. Біз көлге барғанбыз. Біз бала кезімізде көлге
барғанбыз. Біз бала кезімізде көлге шомылуға барғанбыз. Біз бала кезімізде
көлге шомылуға ата-анамызбен барғанбыз.
1.
Ол қыдырған. 2. Олар кітап оқыған. 3. Сендер қонаққа келгенсіңдер.
4.
Сен бала тәрбиелегенсің. 5.Сіз дәріс оқығансыз. 6. Мен мәтін аударғанмын.
7.
Сіздер ерте келгенсіздер.
7-
жаттығу. Жақшаны ашып, бұрынғы өткен шақ формасында
аударыңыз.
1
.Менің досым өте қымбат компьютер (купил). 2.Оның компьютері әлі
интернетке (не подключен). 3.Көшпенділер баспана ретінде киіз үйді
(использовали). 4. Біз Интеренттен киіз үйдің құрылысы жайлы қажетті
ақпаратты (нашли). 5.Сіз ақпаратты өңдеудің жолын жақсы (знали). 6.Олар
осы білім мекемесін (окончили). 7.Біз киіз үйдің үлгісін компьютерлік
графикамен (нарисовали).
88
8-
жаттығу. Үлгі бойынша сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.
Үлгі: Бұл хабарландыру барлық электронды пошталарға жіберілді.
Бұл хабарландыру қайда жіберілді? Бұл хабарландыру электронды
пошталарға жіберілді ме? Бұл хабарландыру қанша электронды
пошталарға жіберілді? Электронды пошталарға не жіберілді?
1
.Студенттер курстық жұмыстарын тапсырыпты. 2.Қоңырау соғылды да
студенттер дәрісханаға кірді. 3.Әкем газеттен соңғы жаңалықтарды оқитын.
4
.Әке-шеше баласына жақсы тәрбие берсем дейді. 5.Талапты студент
әрқашан ізденіс үстінде жүреді. 6.Емтиханды жақсы бағаға тапсырғым
келгендіктен, көп дайындалдым. 7. Балалар аулада ойнамақшы болып,
далаға шықты. 8.Мен сізге сабаққа келмеген күндерім үшін, қосымша
тапсырма тапсырайын.
ЛЕКСИКА: Киіз үй
1-
тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді есте сақтаңыз.
Киіз үй – көшпенділерінің негізгі баспанасы
Киіз үй – көшпенділердің негізгі баспанасы болған. Оны жасау тәсілі
біздің заманымызға дейінгі кезеңде-ақ белгілі болған. Киіз үй тез жиналады,
оңай тігіледі, көшіп-қонуға ыңғайлы, әрі лайықты баспана. Киіз үйдің шығу
тарихы жайында түрлі зерттеулер бар. Киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы
3
мың жыл бұрын қола дәуірінде пайда болған.
Киізүйдің іші төртке бөлінеді. Төр – киіз үйдің жүк жиналған бөлігі.
Төрге отбасының үлкен адамдары және үйге келген қонақтар отырады.
Отбасының үйленбеген ұлы, не болмаса тұрмыс құрмаған қызы төрдің оң
жақ босағасында отырады. Егер төрде қонақтар отыратын болса, онда сол
үйдің үлкен адамдары сол босаға жақтан орын алады. Есіктен кіргендегі оң
қол жақ бұрышта, яғни оң босағада адалбақан тұрады. Адалбақан дегеніміз
киім ілетін бұтақты ағаш. Сонымен қатар оң жақ босағада ыдыс-аяқ, кебеже,
саба және торсықтар тұрады. Қысқаша айтқанда бұл бұрыш ас-су бұрышы
қызметін атқарады. Бұлардың барлығы арнап тоқыған шимен қоршалады.
Ал сол жақ босағада ер-тұрманның әбзелдері, аяқ-киім, отын және т.б.
керек-жарақтар жатады. Киіз үйде әр зат өзіне арналған орны бар, сондықтан
да киіз үйдің іші әдемі, жайлы және жылы.
Сөздік
көшпенділер – кочевники
ыңғайлы – удобный, подходящий
қола дәуірі – бронзовый век
жүк – груз, багаж
төр – почетное место
босаға - порог юрты, входная часть
ыдыс-аяқ – вся посуда
ас-су – еда, пища
кебеже – деревянный сундук для хранения
продуктов и посуды
саба – большой бурдюк из высушенной,
прокопченной конской кожи для
приготовления и хранения кумыса
торсық – кожаный сосуд
ши – песчаный тростник, циновка
отын – дрова, топливо
89
2-
тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1
.Киіз үй қай халықтың баспанасы?
2
.Киіз үйдің қандай ерекшеліктері бар?
3
.Киіз үй қай заманда пайда болды?
4
.Киіз үйдің іші нешеге бөлінеді?
5
.Төр дегеніміз не?
6
. Оң босағада кімдер отырады?
7
.Ас-су киіз үйдің қай бөлігінде тұрады?
8
.Ат әбзелдері киіз үйдің қай бөлігінде тұрады?
3-
тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен бұрынғы өткен
шақ формасында сөйлемдер құрыңыз.
Үлгі: Киіз үй– көшпенділердің негізгі баспанасы болған.
Көшпенділердің өмір сүру салты, тез жиналу, оңай тігілу, көшіп-қонуға
ыңғайлы, киіз үйдің шығу тарихы, киіз үйдің төрі, отбасының үлкен
адамдары, үйленбеген ұл, тұрмыс құрмаған қыз, оң босаға, сол босаға,
адалбақан, ас-су бұрышы, шимен қоршау, ер-тұрман, киіз үйдің іші әдемі,
киіз үйдің іші жайлы және жылы.
4-
тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріп,сөз тіркесін құраңыз.
көшпенділердің
Үй
киіз
Ұл
үлкен
баспанасы
сол
Бұрышы
ас-су
Адамдар
үйленбеген
Жақ
тұрмыс құрмаған
Босаға
оң
Қыз
Біле жүргеніңіз жөн!
Киіз үй атаулары.
1
.Абылайша - керегесіз, уықтан тігінен шағын киіз үй.
2
. Ақ шаңқан үй - сүттен ақ , аппақ киіз үй.
3
.Ақтағыр - екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.
4
. Жаппа үй - уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.
5
. Қара құрым үй - киізінің тозығы жеткен, ескі үй.
6.
Қара үй - киіз үйді кейбір жерде қара үй деп аталады.
7
. Қараша үй - қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.
8
. Орда - еңселі, салтанатты киіз үй.
9
.Отау - ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.
10
.Тоңқайма - бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.
11
.Ұраңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген үй.
90
Киіз үй жиһаздары.
1.
Абажа - ас, тағам салуға, арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен
түрі.
2
.Абдыра - киім – кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық.
3
.Ағаш төсек -жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы.
4
.Адалбақан- киім және тағы басқа үй мүліктерін ілуге арналған жиһаз.
5
.Асадал - тамақ пен ыдыс – аяқ сақтауға арналған үй жиһазы.
6
.Бөгіре - кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін).
7
.Жағылан- былғарыдан істелген сандық.
8
.Жозы - жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел.
9.
Жүкаяқ - жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым.
10.
Кебеже - ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық.
11
.Сандық- әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын
үй жиһазы.
5-
тапсырма. Жақшаны ашып, аударыңыз.
1.
Киіз үй ағаш бөлшектерден (состоит). 2.Киіз үйді көшпенділер
(использовали). 3.Киіз үйдің керегесі талдан, қайыңнан, теректен
(мастерили). 4.Кереге, уық, шаңырақ, есікті шебер - үйші (иготовливает).
5.
Үйшілер талды өзендер бойынан (берут). 6.Қазақтың өмірінде шаңырақтың
(имеет большое значение). 7.Ол атадан балаға(передавалось). 8. Шаңырақ -
үй, әулет мағынасында да (употребляется). 9. Әкесі мен шешесін кенже ұлы
(заботится). 10.Кеже ұл әке шаңырағының иесі, мұрагері (считается). 11.
«
Қара шаңыраққа ие болу» дегенде ата дәстүрін сақтау, әулет салтын, ұрпақ
жалғастығын үзбеу, әке түтінін өшірмеу деген үлкен ұғым (лежит).
19-
САБАҚ
ГРАММАТИКА: Болжалды келер шақ
Будущее предположительное время обозначает вероятное действие,
причем степень вероятности является неопределенной. В русском языке это
значение передается формой будущего времени в сочетании со словами
«возможно», «наверное», «может быть», «вероятно», «скорее всего», и т.д.
Например: Мен кел-ер-мін (Я, возможно, приду).
Будущее предположительное время (Болжалды келер шақ)
образуется при помощи суффиксов причастия -
ар/ -ер/-р, за которым
следуют личные окончания глагола -
мын/-мін, -сың/-сің, -сыз/-сіз, -мыз/-
міз, -сыңдар/-сіңдер, -сыздар/сіздер.
Основа глагола+
-
ар/-ер/-р+
личные окончания
Мен бар+
ар+
Мын
Сен кет+
ер+
Сің
Біз ойна+
р+
Мыз
91
Отрицательная форма глагола образуется при помощи отрицательных
суффиксов -
ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе, которые присоединяются к корню
глагола и вместо суффиксов
ар/ер/р добавляются суффикс –с.
Например: жаз-ба-с «возможно, не напишет», айт-па-с-пын «возможно,
не скажу».
Основа глагла+
-
ма/-ме/-ба/-бе-/па/-пе
-
с
личные окончания
бар +
ма+
с+
пын
кет +
пе+
с+
сің
ойна +
ма +
с+
пыз
Спряжение глагола
жазу в будущем предположительном времени
Единственное число
Множественное число
І. Мен жаз-ар-мын
«Я, возможно, напишу»
Мен жаз+ба+с+пын
«Я, возможно, не напишу»
І. Біз жаз-ар-мыз
«Мы, возможно, напишем»
Біз жаз+ба+с+пыз
«Мы, возможно, не напишем»
ІІ. Сен жаз-ар-сың
«Ты, возможно,напишешь»
Сен жаз+ба+с+сың
«Ты, возможно,не напишешь»
Сіз жаз-ар-сыз
«Вы, возможно, напишете»
Сен жаз+ба+с+сыз
«Вы, возможно, не напишете»
ІІ. Сендер жаз-ар-сыңдар
«Вы, возможно, напишете»
Сендер жаз-ба-с-сыңдар
«Вы, возможно, не напишете»
Сіздер жаз-ар-сыздар
«Вы, возможно, напишете»
Сіздер жаз-ба-с-сыздар
«Вы, возможно, не напишете»
ІІІ. Ол жаз-ар
«Он (она), возможно, напишет»
Ол жаз-ба- с
«Он (она), возможно, не напишет»
ІІІ. Олар жаз-ар
«Они, возможно, напишут»
Олар жаз-ба-с
«Они, возможно, не напишут»
1-
жаттығу. Көп нүктенің орнына болжалды келер шақтың жұрнағын
және жіктік жалғауын қойыңыз.
1.
Біздің ұшағымыз Алматыға уақытысында қон... . 2. Мен ауылға сәуірдің
ортасында бар... . 3.Мен бүгін үйге ерте кел... . 4. Бүгін біз ешқайда барма... .
5.
Ол менімен сенсіз сөйлеспе... . 6.Мен сіңілімнің туған күніне ойыншық ал...
7
.Қайрат сағатын жөндеуге өзі барма... . 8.Дүкеннен азық-түлік сатып ала... .
9
.Мен саған телефон арқылы хабарлас.. . 10. Бұл жолаушылар осы ұшаққа
отыр... . 11.Сен қыста жұмысыңды аяқта... . 12.Сендер үйде заттарыңды
ұмытпа... . 13.Бұл уақыттта дүкен жабық бол.. .
2-
жаттығу. Ауыспалы келер шақ формасын болжалды келер шақ
формасына қойыңыз.
1
.Сұлтан домбыраны жақсы тартады. 2. Адырна ежелгі заманда көне
қыпшақ және түркі халықтарына белгілі болған. 3.Қобыз көне аспаптардың
бірі болғандықтан, оны кез келген адам ойнай алмайды. 4.Қобыз пайда
болғалы бері, жүздеген жылдар өтті. 5.Әнуар шаңқобызда жеке ән-күй
орындайды. 6.Желбуаз – ерте заманнан келе жатқан үрмелі аспаптар тобына
жатады. 7.Желбуаз ел көзіне еленбеген көне аспаптың бірі. 8.Қазіргі заманда
92
желбуаз үрмелі аспабын тек ұлттық музыка аспаптар мұражайында ғана
кездестіруге болады. 9.Жетіген қарапайым түрінде сақталған.
3-
жаттығу. Үлгі бойынша, болымсыз болжалды келер шақ формасын
ситуативтік жағдайларды түсіндіре отырып жасаңыз.
Үлгі: 1. Біз мамыр айында Ыстық көлге барған болатынбыз. Мамыр
айында көлдің суы өте салқын болады екен, оның үстіне оңтүстіктен
қатты жел соғып тұрды. Нәтижесінде, біз суға да шомыла алмадық,
жағажайда да қыдыра алмадық. Енді ешқашан мамыр айында Ыстық көлге
бармаспыз.
2
. Ол осы дүкеннен қымбат көйлек сатып алған еді. Жарнамасы жақсы
болғанымен, заттарының сапасы онша жақсы емес екен. Құны қымбат, ал
сапасы нашар. Енді осы дүкеннен ешқандай зат сатып алмаспын.
4-
жаттығу. Берілген сұрақтарға болымсыз болжалды келер шақ
формасында жауап беріңіз.
Үлгі: -
Бұл хабарландыруларды электронды пошталарға бүгін
жібересің бе? - Жоқ, бұл хабарландыруларды электронды пошталарға бүгін
жіберуге уақытым болмас. /Жоқ, бұл хабарландыруларды электронды
пошталарға бүгін жіберуге уақытым болмайтын шығар.
1
.Оспан зерттеу жұмыстарын жүргізбек болып жүр ме? 2.Айман курстық
жұмысын ертең өікізбек пе? 3.Гүлбану сабақ қажет заттарын өзі сатып алмақ
па? 4.Ләззат досына электрондық поштасы арқылы хат жазғысы келді ме?
5
.Айгүл қонақтарға кешкі ас даярламақ па? 6.Сабақта мұғалім тапсырған
мәтінді аудара аласың ба? 7.Компьютерлер сөніп қалды ма? 8.Сіздер ақша
аударма туралы мәліметтерді қағазға шығарып бере аласыздар ма?
9
.Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар қарыштап дамып
жатыр ма?
5-
жаттығу. Қазақшаға аударыңыз.
1.
Наверное, ты меня не слушаешь. 2.Возможно, у меня есть хороший
друг.3. Наверное, мой брат опаздает сегодня. 4. Наверное, вы откроете дверь.
5.
Возможно,у него завтра будет день рождение. 6. Возможно, я не смогу
прийти завтра.7. Может быть, у тебя есть старший брат. 8. Может быть, ты
придешь к нам в гости.9. Может быть, вы проводите их. 10. Наверное, этот
мальчик учится во втором классе.
ЛЕКСИКА: Әбілхан Қастеев
1-
тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Әбілхан Қастеев - қазақтың бір туар дарынды ұлы
Айтылмыш мұражай туралы сөз еткенімізде, халқымыздың бір туар ұлы
Әбілхан Қастеев жайында сөз етіп кетпеске болмас. Әбілхан Қастеев (1904 –
93
1973) –
қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан
Республикасының Халық суретшісі, Шоқан Уәлиханов атындағы
Мемлекеттік сыйлықтың Иегері. Әбілхан Қастеев Жаркент маңында (қазіргі
Алматы облысы) орналасқан Шежін ауылында дүниеге келді. 1929 – 1931
жылдары XIX ғасырдың соңында Қазақстанға келген орыс суретшісі Н.
Хлудовтың көркемсурет студиясында дәріс алды. 1934 жылдан 1937 жылға
дейін Қастеев өз оқуын Мәскеудегі Н.К. Крупская атындағы көркемсурет
студиясында жалғастырады.
Ә.Кастеевтің алғашқы акварельдіқ, кескіндемелік туындыларынан қазақ
халқының тарихын, дәстүрін көруге болады.
Ә.Қастеевтің алғашқы кескіндемелік туындысы «Шөп шабу» (1934) деп
аталды. Суретші одан кейінгі жылдары ауыл өміріне арналған шығармалар
жазды. Мысалы, «Колхоздағы сүт фермасы» (1936), «Бие сауу» (1936) деген
шығармалары еңбекшілердің өмірін бейнелейді. Сондай-ақ суретші өз
туындыларында түрлі әлеуметтік мәселелерді көтереді. Мысалы, әйел
теңсіздігі, шопандардың өмірі, ауыл өмірі және т.б.
Ә.Қастеевтің шығармашылық еңбегі жан-жақты. 1950 жылы Ә.
Қастеевтің шығармашылығында өте бір ерекше керемет еңбек дүниеге келді,
ол – халық батыры Амангелді Имановтың портреті, мұнда суретші 1916
жылғы ұлт азаттық көтерілістің жетекшісінің бейнесін жасады. 20 жылдан
кейін «Амангелді сарбаздары» (1970) полотносында Ә. Қастеев өз
шығармашылығының ерте кезіндегі армандаған ойын, өз халқының
тағдырындағы тарихи оқиға туралы жанды естелік қалдыруда кең көлемді
шығарма жазуды жүзеге асырады.
Ә.Қастеевтің өнердегі мұралары - өз жеріне, өз еліне деген махаббатқа,
адамгершілік сезімге толы, Қазақстан өмір-тіршілігінің кезеңдіқ жылнамасы
ретіндегі рухани қазына. Сирек кездесетін дарын иесінің өзіне қарай еріксіз
тартып әкететін ғажайып күші осында жатыр.
Сөздік
әлеуметтік – социальный
маңында – под, возле, за, при
жалғастыру – продолжать
акварельдік – акварельный
кескіндемелік – живописный
дәстүр – традиция, обычай
махаббат - любовь
дарын иесі – талант
еңбекшілер – работники
шопан – чабан
тағдыры – судьба народа
жылнама – ежегодник, летопись
негізін қалаушы – основоположник
бейнелеу – изображение,
изобразить
шығарма – произведение,
сочинение
мәселелер – вопросы, задачи, проблемы
әйел теңсіздігі – женское неравноправие
мемлекеттік сыйлық Иегері – Лауреат
государственной премии
ерекше – особенный, исключительный, самобытный,
преимущественный
керемет – необычный, чудесный, чудо
ұлт азаттық көтеріліс – национальный независимый
мятеж (восстание)
оқиға – событие, приключение, происшествие
халық суретшісі – народный художник
жүзеге асыру – осуществить, реализовать, выполнить
көркемсурет студиясы – художественная студия
алғашқы – первичный, первоначальный, первый
кескіндемелік туынды – живописное произведение
халық – народ, население, народность
шығарма – произведение, сочинение
94
2-
тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1
.Әбілхан Қастеев деген кім?
2
.Ол қай жерде дүниеге келді?
3
.Әбілхан Қастеев қандай сыйлықтың иегері?
4
.Суретші алғаш кімнен дәріс алды?
5
.Ә.Қастеевтің алғаш туындысы қалай аталды?
6
.Ә.Қастеевтің шығармашылығымен таныссыз ба?
7
.Сізге қандай туындысы ерекше әсер қалдырды?
8
. Оның туындыларынан қандай әлеуметтік мәселені байқадыңыз?
3-
тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз.
Үлгі: народный художник – халық суретшісі
Первый
Национальный
художник
Республики
Казахстан,
Государственный музей искусств, судьба, юный Абылхан, чабан,
любознательный, творческая личность, совмещать работу с живописью,
делать карандашные наброски для будущих картин, творческий путь,
масштабное полотно, события в жизни людей, композиция, творческое
наследие, история народа, история казахстанской живописи.
4-
тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріп, сөз тіркесін құрыңыз.
өнер
Суретшісі
халық
Өмірі
әлеуметтік
Қазына
әйел
Мұражайы
ауыл
Теңсіздігі
халық
Батыры
тарихи
Мәселелер
рухани
Оқиға
5-
тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз, сөйлем құраңыз.
Өнер мұражайы, халқымыздың бір туар ұлы, қазақ бейнелеу өнері, негізін
қалаушы, халық суретшісі, орыс суретшісі, көркемсурет студиясы,
кескіндемелік туындылар, қазақ халқының тарихы, түрлі әлеуметтік
мәселелер, әйел теңсіздігі, шопандардың өмірі, ауыл өмірі, халық батыры,
ұлт азаттық көтеріліс, тарихи оқиға, рухани қазына.
6-
тапсырма. Төмендегі берілген ақпаратты басшылыққа ала отырып
өзара диалог жасаңыз.
Әбілхан Қастеев белгілі суретші. 1984 жылы ғылыми зерттеу және
мәдени-ағарту ісінің орталығы болып саналатын мұражайға оның есімі
берілді. Ол Қазақстандағы бейнелеу өнерінің негізін салды. Суретшінің
туындыларынан Кеңес өкметі уақытысындағы қазақ ауылының мәдениетін,
әлеуметтік жағдайын, салт-дәстүрін көруге болады. Әсіресе, ол қазақ
даласының табиғатын сан түрлі бояумен әсем жеткізеді.
95
Бейнелеу өнеріне деген құлшыныс өткен ғасырдың 60 жылдарында анық
байқалады. Бұл жылдары Сабыр Мәмбеевтің, Қанапия Телжановтың, Кәміл
Шаяхметовтың, Молдахмет Кенбаевтің, сондай-ақ Салихитдин Айтбаевтың,
Шаймардан Сариевтың және т.б. шығармашылықтары барша жұртқа белгілі
болған. Мысалы, М.Кенбаевтың «Құрық тастау» (1957) деген туындысынан
қазақ даласының әсемдігі мен қазақ жігітінің ептілігін, жігері мен қайратын
көруге болады. Ал С.Айтбаевтың «Қонақ келді» (1969) деген туындысынан
қазақтың мәдениетін, яғни оның дарқан көңілімен қонақжай мінезін суретте
бейнеленген адамдардың жүзінен тануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |