Учебно-методическое пособие для студентов-бакалавров базового уровня владения казахским языком всех направлений подготовки Филиала. / Г. Т



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата28.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#611
түріУчебно-методическое пособие
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 
7-
тапсырма. Артық жауапты табыңыз.  
1
. Абай – композитор. Абай ақын. Абай -әдебиетші. Абай – суретші. 
2
.Абай 
Лермонтовтың, 
Пушкиннің, 
Крыловтың, 
Достоевскийдің 
шығармаларын  аударған. 
3
.Ол  мәдениетті  болуға,  орыс  халқынан  үлгі  алуға,  шет  тілін  үйренуге 
шақырады.  
 
8-
тапсырма. Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазыңыз. Оларды қолдана 
отырып, мәтінді мазмұндаңыз.  
 
 
 
 
 
 

128 
 
27-
САБАҚ 
 
ГРАММАТИКА: Модальдық сөз тіркесі 
Модальдық  сөз  тіркесі  (Модальность)  –это  не  действие,  а  отношение 
говорящего  к  нему.  Модальность  обозначает  способность,  возможность 
совершения  говорящим  какого-либо  действия.  Форма  модальности  состоит 
из двух глаголов: основного глагола с суффиксами 
а/-е и вспомогательного 
глагола 
ал  в  нужной  временной  форме.  Глагол  ал  переводится  на  русский 
язык  глаголом  «мочь,  уметь».  Например:  Мен  жаз-а  ал+а+мын.  «Я  могу 
писать».  «Я  умею  писать».  Отрицательная  форма  образуется  при  помощи 
отрицательного  суффикса  -
ма/-ме,  который  присоединяется  к  корню  слова 
ал, затем следуют суффиксы и личные окончания.  
Жақ/ лицо 
Негізгі етістік/ 
основной глагол 
Көмекші етістік / вспомогательный глагол 
 
Мен  
 
 
 
жаз+
а 
көр+
е 
емде+
й 
аламын/ алдым  
алмаймын/ алмадым 
Сен  
аласың/ алдың 
алмайсың / алмадың 
Сіз  
аласыз/ алдыңыз 
алмайсыз/ алмадыңыз 
Ол 
алады/ алды 
алмаймыз / алмады 
Біз  
аламыз/ алдық 
алмаймыз/  алмадық 
Сендер  
аласыңдар/ алдыңдар 
алмайсыңдар/ алмадыңдар 
Сіздер  
аласыздар/ алдыңыздар  алмайсыздар/алмадыңыздар 
Олар  
алады/ алды  
алмайды/ алмады 
 
1-
жаттығу. Жақшаны ашып, қажетті жұрнақтарды қойыңыз.  
1
. Мен жақсы (жұмыс істеу) аламын. 2. Студенттер бүгін (келу) алмайды. 
3
. Талғат машина (жүргізу) алады ма? 4. Сен қытай тілінде (сөйлей) аласың 
ба? 5. Мұны саған (көрсету) алмаймын. 6. Сәкен испанша (оқу) алады. 7. Сіз 
мына есікті (ашу ) аласыз ба? 8. Гүлнұр би (билеу ) алмайды. 
 
2-
жаттығу. Келесі сөйлемдерді аударыңыз. 
1
. Сен кеше неге біздің үйге келе алмадың? 2. Сіз қашан маған телефон 
соға аласыз? 3. Ернар ертең сабаққа қатыса алмайды. 4. Ол сурет сала алады 
ма?  5.  Мен  саған  бұл  туралы  айта  алмадым.  6.  Сендер  шахмат  ойнай 
аласыңдар ма? 7. Кеше біз кептелістен үйге ерте жете алмадық. 8. Қателерді 
түзей алмадым.  
 
3-
жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1
. Ертең сағат жетіде футбол алаңына келе аласың ба? 
2
. Сіз ән айта аласыз ба? 
3
. Сөздікпен жұмыс істей аласыз ба? 
4
. Кешегі концертке ата-аналарың қатыса алды ма? 
5
. Қандай аспаптарда ойнай аласыз?  
6
. Әжеңіз шұлық тоқи алады ма?  
7
. Олар би жарысына жақсы дайындала алды ма?  

129 
 
8
. Студенттердің сахналық қойылымдарын тамашалай алдыңыз ба? 
9
. «Жан-жануар» сөзін қазақ тіліне аудара алдыңыз ба?  
10
. Біздің студенттеріміз жақсы ойын көрсете алды ма?  
11
.Мен бұл пікірге қосыла аламын ба?  
 
4-
жаттығу. Үлгі бойынша сөйлемдерді өзгертіңіз.  
Үлгі: Марат автобус жүргізеді. - Марат автобус жүргізе алады, ал мен 
автобус жүргізе алмаймын. Мен жеңіл көлік жүргізе аламын.  
 
1
. Әлішер түрікше сөйлейді ( ағылшынша). 2. Біз атқа мінеміз (түйе).  3
Ата-бабаларымыз қымыз дайындайды  (шай). 4. Талғат сурет салады (мүсін 
жасау).  5.  Мен  пианинода  ойнаймын  (  домбыра).  6.  Жексенбіде  қонақ 
шақырдық    (үй  жинау).  7.  Оқытушы  студенттерге  үй  тапсырмасын  берді 
(өлең оқу). 8. Демалыста тауға бардық (қала сырты). 
 
5-
жаттығу. Келесі сөйлемдерді толықтырыңыз.  
1
.  Біз  қазақша  жақсы  түсіне  алмаймыз,  ал  сен  ...  .  2.  Ол  бұл  істі жүзеге 
асыра алмады, ол ... . 3. Данияр теннис ойнай алады, мен ... . 4. Болат топпен 
жұмыс  істей  алады,  Ләззат  ...  .  5.  Мен  рок  музыканы  тыңдай  алмаймын, 
сендер ... . 6. Серік өлең жаза алады, мен ... . 7. Үміт терме айта алады, сіз ... . 
 
6-
жаттығу. Келесі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. 
1
.  Ты  не  мог  бы  перевести  этот  текст?  2.  Я  умею  готовить  вкусный 
завтрак.  3.  Вы  не  можете  уйти  без  нас.  4.  Я  не  могу  тебя  слушать.  5.  Мы 
смогли  победить  болезнь.  6.  Сможешь  перейти  дорогу?  7.  Они  не  умеют 
слушать  друг-друга.  8.  Вы  умеете  плавать?  9.  Дастан  умеет  говорить  на 
казахском  языке?  10.  Сможете  ответить  на  вопросы?  11.  Таня  не  умеет 
танцевать. 12. Мы не умеем прощать.  
 
7-
жаттығу. Кестені толтырыңыз. 
 
Мен 
Сіз 
Шешем 
досым 
әкем 
Тамақ пісіру 
 
 
 
 
 
Доп ойнау 
 
 
 
 
 
Орысша сөйлеу 
 
 
 
 
 
Қатесіз жазу 
 
 
 
 
 
Шаңғы тебу 
 
 
 
 
 
Ән айту 
 
 
 
 
 
Суда жүзу 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

130 
 
ЛЕКСИКА: Дипломат келбеті 
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.  
Дипломат келбеті 
Дипломат  –  шетел  мемлекеттерінің  өкілдерімен  келісссөздер  жүргізуге 
өкімет  тарапынан  өкілеттілігі  бар  қызметтік  тұлға.  Көптеген  адамдар  үшін 
дипломат  әдемі  және  қызықты  өмір  сүретін,  романтикаға  толы  мамандық. 
Шындығына келсек, бұл жалған ұғым. Дипломат мамандығын игерген әрбір 
адам дипломат болуға лайықты бола бермейді. Жан-жақты теориялық білім 
алып, елтану бойынша  білім сапасын көтеріп, жоғары деңгейде тіл білуден 
басқа, дипломат көптеген қажетті дағдыларды үйренуі керек. Сонымен қатар 
дипломат  оперативті,  тез  шешім  қабылдайтын  жұмысқа  дайын  болуы  тиіс. 
Себебі  кейбір  сәттерде  ақпарат  алып,  оны  талдап,  Орталыққа  жеткізуге  тек 
бірнеше  санаулы  минуттар  берілуі  мүмкін.  Мұндай  іс-әркетерді  жасауға, 
батыл  шешім  қабылдауға  үлкен  психологиялық  тұрақтылық  керек. 
Сондықтан  дипломат  психологиялық  тұрғыдан  өте  салмақты,  зерек  болуы 
қажет.  
Дипломат  Отанын  қорғауға,  оның  мүдделерінің  қорғалуын  қамтамасыз 
етуге  жұмыс  істейді.  Сондықтан  дипломат  мемлекет  ішіндегі  барлық 
саладағы,  соның  ішінде  экономика,  мәдениет,  саясат,  өнер  және  т.б. 
салалардағы жаңалықтардан хабардар болуы тиіс. Бұл салалардағы білімдері 
толық,  нақты,  терең  болуы  қажет.  Себебі  шетел  өкілдерімен  келіссөздер 
жүргізу  барысында нақты тақырыпты білмесең, оң нәтижеге жету екіталай. 
Нағыз дипломат өзін Отанының бір өкілі ғана емес,  ажырамас бөлігі ретінде 
сезінуі  қажет.  Сонда  ғана  ол  күрделі  кезеңдерде  Мемлекеті  үшін  тиімді 
шешімдер  жасауға,  түрлі  оқиғалардың  тиімсіз  дамуына  жол  бермеуге, 
жанжалдардың болмауына, әлемдік деңгейде лайықты орын алуына септігін 
тигізе  алады.  Қорыта  айтқанда,  дипломат  –  қызықты,  сонымен  қатар  үлкен 
жауапкершілікті талап ететін мамандық.  
 
Сөздік 
шетел – иностранный 
талдау – анализировать 
өкіл – представитель 
санаулы – считанные 
өкілеттік – полномочие 
тұрақтылық – устойчивость 
тұлға – личность 
салмақты – спокойный 
ұғым – понятие 
зерек – умный, мудрый 
лайықты –достойный 
мүдде – интерес 
елтану  - страноведение 
қамтамасыз ету – обеспечить 
дағдылар – навыки 
сала – отрасль 
шешім – решение 
терең – глубокий 
қабылдау – принимать 
келісссөз – переговоры 
сәт – миг, в сию минуту 
нәтиже – результат 
ақпарат – информация 
екіталай – тяжело 
ажырамас – неделимый, единый 
жол беру – дать возможность 
сезіну – чувствовать 
жанжал – конфликт 
кезең – период 
септігін тигізу – содействовать 

131 
 
тиімді – выгодный 
жауапкершілік – ответственность 
оқиға – событие 
талап ету – требовать 
 
2-
тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.  
1
.  Дипломат  қандай  тұлға?  2.  Көптеген  адамдар  үшін  дипломат  қандай 
мамандық? 3. Қандай адамдар дипломат болуға лайық? 4. Диломат не істеуі 
керек? 5. Дипломат болу үшін қандай қасиеттер керек? 6. Дипломат Отаны 
үшін не істей алады? 7. Дипломат болғыңыз келеді ме?  
 
3-
тапсырма. Сөйлемдерді кеңейтіңіз. 
Үлгі:  Дипломат  –  тұлға.  Дипломат  –  қызметтік  тұлға.  Дипломат  – 
өкілеттігі бар қызметтік тұлға. Дипломат – өкімет тарапынан өкілеттігі 
бар қызметтік тұлға.  
 
1
. Дипломат – мамандық. 2. Дипломат шешім қабылдайды. 3. Дипломат 
зерек  болуы  керек.  4.  Дипломат  жаңалықтардан  хабардар  болуы  керек.  5
Дипломат дайын болуы тиіс. 
 
4-
тапсырма.  Сөздерді орын тәртібі бойынша орналастырыңыз.  
1
. Дипломат, жүргізеді,  мемелкеттерімен, шетел, келісөздер. 
2
. Дипломаттың, болуы, теориялық, сапасы,  жоғары, білім, тиіс. 
3
. Батыл, дипломат, болуы, қабылдауға, тиіс, дайын, шешімдер. 
4
. Салмақты, дипломат, болуы, өте, ақылды, тиіс, зерек. 
5
. Отанын, дипломат, оның, қорғауға, мүдделерін, тиіс. 
6
. Дипломат, тиіс, соңғы, хабардар, болуы, жаңалықтардан. 
7
.  Дипломат,  салаларынан,  экономика,  болуы,  саясат,  тиіс,  мәдениет, 
хабардар.  
8
. Жан-жақты, тиіс, дипломаттың, нақты, білімдері, толық, болуы. 
9
. Септігін, дипломат, қажет, болмауына, тигізуі, жанжалдардың. 
10
. Дипломат, және, жауапкершілікті, өте, күрделі, үлкен, талап, мамандығы, 
етеді.  
 
5-
тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыз. 
Келіссөздер, мамандық, шет мемлекеттер, қызметтік тұлға, лайықты болу, 
дағдылар,  оперативті  шешім,  мүдде,  қамтамасыз  ету,  өкіл,  нәтиже,  күрделі 
кезең, жол беру, жанжал, әлемдік деңгей, септігін тигізу, тақырып.  
 
6-
тапсырма.  «Дипломат  келбеті»  тақырыбы  бойынша  өз  пікіріңізді 
қосып, мазмұндаңыз.     
 
 
 
 
 

132 
 
28-
САБАҚ 
 
ГРАММАТИКА: Шартты рай формасындағы Модальдік сөз 
тіркестері 
Шартты  рай формасындағы Модальдік сөз тіркестері (Модальность в 
сочетании  с  условным  наклонением)  обозначает  способность,  возможность 
совершения  говорящим  какого-либо  действия  с  условием  для  совершения 
другого действия.
Шартты  рай формасындағы Модальдік сөз тіркестері 
состоит  из  двух  глаголов:  основного  глагола  с  суффиксами  
а/-е  и 
вспомогательного  глагола 
ал  с  добавлением  суффикса  Шартты  рай  –са. 
Шартты  рай  формасындағы  Модальдік  сөз  тіркестері  является 
придаточной  частью  сложного  предложения.  Отрицательная  форма 
образуется  путем  прибавления  отрицательного  суффикса  
ма  к  корню 
глагола 
ал. НапримерБүгін бара алмасам, ертең барамын. «Если не смогу 
прийти сегодня, приду завтра». 
Жақ/ лицо 
Негізгі етістік/ 
основной глагол 
Көмекші етістік / вспомогательный глагол 
 
Мен  
 
 
 
жаз+
а 
көр+
е 
емде+
й 
Алсам 
алмасам 
Сен  
Алсаң 
алмасаң 
Сіз  
Алсаңыз 
алмасаңыз 
Ол 
Алса 
алмаса 
Біз  
Алсақ 
алмасақ 
Сендер  
Алсаңдар 
алмасаңдар 
Сіздер  
Алсаңыздар 
алмасаңыздар 
Олар  
Алса 
алмаса 
 
1-
жаттығу. Келесі сөйлемдерді аударыңыз. 
1
.  Сөзді  аудара  алмасам,  сенен  көмек  сұраймын.  2.Үлгере  алмасаң, 
жұмысты тоқтат. 3. Үзіліске шыға алмасаң, телефон соқ. 4. Сырын маған айта 
алмаса,  саған  айтар.  5.  Асханаға  бара  алмасақ,  осында  тамақ  ішерміз.  6
Ұйықтай  алмаса,  жаттығу  жасасын.  7.  Кешірім  сұрай  алмаса,  қателерін 
түзетсін. 8. Бара алмасаң, бармай-ақ қой. 9. Телефон соға алсаңыз, нөмірімді 
жазып алыңыз. 10. Жауап бере алмаса, назар аударма.  
 
2-
жаттығу. Сөйлемдерді сәйкестендіріңіз. 
1
. Университетте оқи алмаса,  
2
Жақсы маман бола алмаса,  
3
. Шындықты біле алса,  
4
. Ақиқатты анықтай алсаңыз,  
5
. Бізден ол туралы сұрай алмасаңыз, 
6
Жаттығуды жасай алмаса,  
7. 
Қазақша еркін сөйлей алсаңдар,    
8. 
Жұмыстан ерте шыға алсақ, 
9
.Сенбіде демала алмасақ,  
саған барамыз.   
шындықты біле аласыз. 
бізге де айтсын.  
мені де түсіне аласыңдар. 
 
демала тұрсын. 
мейрам күндері демаламыз.   
шығып қалады.   
жақсы жұмыс таба алмайды. 
әріптесіңізден сұраңыз.
 

133 
 
3-
жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыз.  
А) 1. Студенттер сабаққа дейін келе алмаса, ... . 2. Жаяу жүре алмасаң, ... . 
3
. Ақпаратты ғаламтордан ала алмасаң, ... .  4. Досымызбен кездесе алмасақ, 
... . 5
. сағат 7.00 – де тұра алмасам, ... . 6. Телефон соға алмасаңдар, ... . 
Б) 1. ... , сабақтан кешікпеймін. 2. ... , Абай өлеңдерін жаттаймын. 3. ... , 
ағылшын  тілін  үйренемін.  4.  ...  ,  Санкт-Петерборда  тұрамын.  5.  ...  ,  үй 
жинаймын. 6. ... , дүкенге барамын.  
 
4-
жаттығу. Сөздерді орын тәртібі бойынша орналастырыңыз.  
1
. Сәкен, сұрай, тебе, шаңғы, алмаса, алады, көмек, бізден.  
2
. Уақытында, шаршайсың, күні, демала, бойы, алмасаң.  
3
. Жұмыстан, алмасам, маған, ерте, ренжімеші, келе. 
4
. Ережені, түсіне, оқытушыдан, алмасақ, толық, сұраймыз. 
5
.  Жақсы, университеттен, қаласыңдар, алмасаңдар, шығып, оқи.  
6
. Жақсы, құттықтаймын, алсаң,  бере, жауап. 
7
. Бара, олар, сен, алмаса, бар, егер. 
8
. Сын, болмақсың, қалай, көтере, жазушы, алмасаң? 
9
. Таба, соғамыз,ақша, телефон, алмасақ, саған. 
10
. Қалай, болмақсың, жеңе, жеңімпаз, алмасаң, эмоцияларыңды?  
 
5-
жаттығу. Көп нүктенің орнын толықтырыңыз.  
1
.  Қарызыңды  уақытында  ...    алмасаң,  маған  алдын-ала  телефон  соқ.  2
Өлең  ... алмасам, би билей аламын. 3. Үндестік заңын ... алмасаңыздар, қате 
жібересіздер. 4. Сөздерді ... алмасақ, шығарма жаза алмаймыз. 5. Кездесуге ... 
алмаса,  мен  оны  күтпеймін.  6.  Сен  мені  ...  алмасаң,  мен  де  сені  түсінгім 
келмейді. 6.  Жеңіске ... алмасаңдар,  сыйлық алмайсыңдар. 
Керекті сөздер: жаттау, айту, қайтару, келу, жету, түсіну, меңгеру. 
 
6-
жаттығу.  Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.  
1
.Если  не  смогу  прийти  вовремя,  я  тебе  позвоню.  2.  Если  не  умеешь 
танцевать,  я  тебя  научу.  3.  Если  не  умеешь  играть  на  домбре,  можешь 
записаться  на  курсы.  4.  Если  сумеешь  выучить  язык,  сможешь  стать 
профессиональным  переводчиком.  5.  Если  Жаннат  не  умеет  готовить,  я  ей 
помогу. 6. Если смогу победить на соревнованиях, поблагодарю тренера.  7
Если студенты не смогут вовремя сдать СРС, они не получат аттестацию и 
будут  не  допущены    к  сессии.  8.  Если  она  не  может  со  мной  поговорить, 
пусть с тобой поговорит. 9. Если не можете встретиться с ним, передайте ему 
привет. 10. Если не можешь говорить, я тебе перезвоню.  
 
 
 
 
 

134 
 
ЛЕКСИКА: Қазақстан - әлемдік кеңістікте 
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.  
Әлем елдерімен терезесі тең  
Тәуелсіздіктің бір белгісі  - еліміздің дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер 
тарапынан  танылуы.  Осыған  орай,  еліміздің  сыртқы  саясатын  белгілейтін 
Қазақстан  дипломатиясы  жақсы  дамып,  біздің  мемлекетіміздің  әлемдік 
қауымдастықта өзінің лайықты орнын алуына қызмет етеді. 
Тәуелсіз  жас  мемлекетіміз  1992  жылы  2  наурызда  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымына  мүше  болып  қабылданды.  Республикамыздың  көк  байрағы  әлем 
елдері  тулары  қатарына  қадалды.  Ел  өмірінде  жаңа  кезең  басталды.  Бұрын 
Қазақстан  Республикасын  жеке  мемлекеттер  таныса,  енді  оны  бүкіл  әлем 
тәуелсіз  егеменді  ел  ретінде  таниды.  Әлемдік  мемлекеттер  қауымдастығы 
қатарына  қосылу  қарым-қатынастың  жаңа  арнасын  ашты.  1992-1993 
жылдары  әлемнің  100  елімен  дипломатиялық  қатынас  орнатылды.  Тәуелсіз 
даму  жылдарында  Қазақстан  дипломатиялық  қатынасты  121-ге  дейін 
көбейтті.  Бүгінде  Қазақстан  БҰҰ  (Біріккен  Ұлттар  Ұйымы),    ЮНЕСКО 
(
БҰҰ-ның  білім,  ғылым  және  мәдениет  жөніндегі  ұйымы),  ЕҚЫУ 
(
Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  жөніндегі  ұйым)  секілді  64 
халықаралық ұйымда өкілдігі бар. Қазақстан тарихи дамудың жаңа арнасына 
түсті. Ол әлемдік мәселелерді шешуге араласады. Әлемдік қауымдастықпен 
тығыз  байланыста  болу  –  экономикалық,  әлеуметтік  дамуымыздың  басты 
кепілдерінің бірі.  
 
Сөздік 
дүние жүзі – мир 
тарап – сторона 
әлемдік – мировой 
БҰҰ – ООН 
байрақ,  ту – флаг 
қадау – закрепить 
лайықты – достойное 
арна – дорога, путь 
сыртқы саясат – внешняя политика 
қауымдастық – сообщество 
қарым-қатынас – отношение 
қызмет ету – служить, содействовать 
Біріккен Ұлттар Ұйымы – Организация Объединенных Наций 
қауіпсіздік  - безопасность 
мәдениет – культура 
көбейту – увеличить
 
 
2-
тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.  
1.
 
Тәуелсіздіктің белгісі қандай? 
2.
 
Мемлекетіміз  1992  жылы  2  наурызда  қандай  ұйымға  мүше  болып 
қабылданды? 
3.
 
Тәуелсіз  мемлекетіміз  қанша  мемлекетпен  дипломатиялық  қарым-
қатынаста? 
4.
 
Қазақстанның қандай ұйымдарда өкілдігі бар? 
5.
 
Қазақстанның әлемдік кеңістікте орны қандай? 
6.
 
Әлемдік қауымдастықпен байланыста болу қандай нәтиже береді? 
 
 

135 
 
3-
тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріп, сөз тіркестерін құрастырыңыз.  
Әлемдік 
қауымдастық 
қазақстан  
ұйымы 
егеменді  
байрақ 
біріккен ұлттар 
Кезең 
даму  
Даму 
халықаралық  
Ел 
экономикалық  
саясат 
жаңа  
Жүзі 
көк  
Ұйым 
дүние  
Жолы 
сыртқы  
дипломатиясы 
 
 
4-
тапсырма. Сөйлемдерді мәтін бойынша рет-ретімен қойыңыз. 
1.
 
Еліміздің  сыртқы  саясатын  белгілейтін  Қазақстан  дипломатиясы  жақсы 
дамып,  біздің  мемлекетіміздің  әлемдік  қауымдастықта  өзінің  лайықты 
орнын алуына қызмет етті. 
2.
 
Әлемдік мемлекеттер қауымдастығы қатарына қосылу қарым-қатынастың 
жаңа арнасын ашты.  
3.
 
Тәуелсіз  даму  жылдарында  Қазақстан  дипломатиялық  қатынасты  121-ге 
дейін көбейтті.  
4.
 
Әлемдік  қауымдастықпен  тығыз  байланыста  болу  –  экономикалық, 
әлеуметтік дамуымыздың басты кепілдерінің бірі.  
5.
 
1992-
1993  жылдары  әлемнің  100  елімен  дипломатиялық  қатынас 
орнатылды.  
6.
 
Тәуелсіз  жас  мемлекетіміз  1992  жылы  2  наурызда  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымына мүше болып қабылданды. 
7.
 
Бүгінде Қазақстан БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы),  ЮНЕСКО (БҰҰ-ның 
білім,  ғылым  және  мәдениет  жөніндегі  ұйымы),  ЕҚЫУ  (Еуропадағы 
қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым) секілді 64 халықаралық 
ұйымда өкілдігі бар.  
8.
 
Тәуелсіздіктің бір белгісі  - еліміздің дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер 
тарапынан танылуы.  
9.
 
Қазақстан тарихи дамудың жаңа арнасына түсті. Ол әлемдік мәселелерді 
шешуге араласады.  
10.
 
Республикамыздың көк байрағы әлем елдері тулары қатарына қадалды.  
11.
 
Ел  өмірінде  жаңа  кезең  басталды.  Қазақстан  Республикасын  жеке 
мемлекеттер таныса да, енді оны бүкіл әлем тәуелсіз егеменді ел ретінде 
таныды.  
 
5-
жаттығу. Сөздерді орын тәртібі бойынша орналастырыңыз. 
1
.Мойындады, 
мемлекетімізді, 
мемлекеттер, 
тәуелсіз, 
әлемдік, 
қауымдастығы.  
2
. Қазақстан, еліміздің, белгілейді, сыртқы, саясатын, дипломатиясы. 
3
. Көк, Қазақстанның, қадалды, елдері, туларының, қатарына, байрағы, әлем. 

136 
 
4
. Орнатты, Қазақстан, дипломатиялық, 100, қатынас, мемлекетпен, бүгінде. 
5
. Біріккен, Ұйымының, Қазақстан, Ұлттар, мүшесі. 
6
. Тарихи, Қазақстанның, арнаға, дамуы, жаңа, түсті. 
7
.Әлемдік, бар, Қазақстанның, өз, қауымдастықта, орны. 
8
. Мәселелерді, Қазақстан, араласады, әлемдік, шешуге. 
9
.Еліміздің,  экономикасы,  экономикамен,  тығыз,  егеменді,  әлемдік, 
байланыста.  
 
6-
тапсырма. Қарсы пікір айтыңыз.  
Үлгі:  Әлемдік  қауымдастық  егеменді  мемлекетімізді  танымайды.  Жоқ. 
Тәуелсіз мемлекетіміз әлемдік қауымдастықпен танылған.  
 
1
. Мемлекетіміз әлемдік қауымдастықпен танылмаған. 
2
. Мемлекетіміз егемендік алған жоқ. 
3
. Қазақстан дипломатиясы мемлекеттің ішкі саясатын белгілейді. 
4
.  Қазақстанның  әлемдік  мемлекеттермен  дипломатиялық  қарым-қатынасы 
жоқ. 
5
. Қазақстанның тарихи дамуы өзгерген жоқ. 
6
. Қазақстан әлемдік мәселелерді шешуге қатыспайды. 
7
. Қазақстанның байрағы жасыл. 
8
. Қазақстанның халықаралық ұйымдарда өкілдігі жоқ. 
9
. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік дамуы ерекше. 
10
. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанмен байланысы жоқ.  
 
7-
тапсырма.  Берілген  сөздермен  және  сөз  тіркестерімен  сөйлем 
құрыңыз. 
Тәуелсіз  мемлекет,  БҰҰ,  әлемдік  қауымдастық,  егеменді  ел,  Қазақстан 
дипломатиясы,  қауіпсіздік,  мәдениет,  экономикалық  даму,  әлеуметтік  даму, 
әлемдік кеңістік, қарым-қатынас орнату, қызмет ету, ынтымақтастық. 
 
8-
тапсырма.  Мәтіннен  алынған  тірек  сөздерді  қолдана  отырып, 
мәтінді мазмұндаңыз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

137 
 
29-
САБАҚ 
 
ГРАММАТИКА:  Үстеу.  Күшейту,  мақсат,  себеп-салдар, 
топтау үстеулері 
 
1-
жаттығу. 
Кестедегі 
күшейту 
үстеулерімен 
сөйлемдерді 
толықтырыңыз.  
Күшейту үстеулері: 
әбден  «совсем»,  тым  «слишком»,  ең  «самый»,  сәл  «немного»,  тіпті 
«даже»,  нақ  «точно»,  керемет  «необычайно»,  орасан  «очень»,  мүлдем 
«совршенно», өңкей «сплошь», аса «очень», сәл-пәл «чуть-чуть» и т.д. 
 
1
. (Самый) бай адам Америкада тұрады екен. 2. Осы жұмысты бітіру үшін 
(очень) күш жұмсадық. 3. Мен сені (совершенно) түсінбеймін. 4. Көйлегіңді 
(чуть-чуть) қысқарту керек сияқты. 5. (Слишком) ашық түстерді үнатпаймын. 
6
.  Мейрамда  (сплошь)  жастар  ән  салды.  7.  Бүгін  концерт  болады  ма, 
болмайды  ма,  (точно)  білмейді  екенмін.  8.  (Чуть)  кешіксең,  университетке 
кірмейсің. 9. Төзімім таусылды, (слишком) шаршадым.  
 
2-
жаттығу. 
Кестедегі 
мақсат 
үстеулерімен 
сөйлемдерді 
толықтырыңыз.  
Мақсат үстеулері: 
әдейі «специально», әдейілеп «специально», жорта «намеренно», қасақана 
«нарочно, умышленно», көре тұра «видя», біле тұра «зная» и т.д. 
 
1
. Ол (специально) жасап отыр. 2. (Зная) неге солай істейсің? 3. (Нарочно) 
ештеңе  айта  алмаймыз.  4.  Қылмыс  (умышленно)  жасалғаны  анықталды.  5
Сенімен  жолығу  үшін  (специально)  ат  басын  бұрып  отырмын.  6.  Кәсіби  
маман  болу  үшін  (специально)  осы  оқу  орнын  таңдадым.  7.  Бүгін  жаңбыр 
болатыны (зная), қолшатырымды ұмытып кетіппін.  
 
3-
жаттығу.  Кестедегі  себеп-салдар  үстеулерімен  сөйлемдерді 
толықтырыңыз.  
Себеп-салдар үстеулері: 
босқа «зря», бекер, текке «зазря»,  құр босқа «только зря», себепсіз «без 
причины»,  амалсыздан «вынужденно», шарасыздан «из безысходности», ...  
 
1
. Уақытыңды (зря)  өткізбе.  2. Жұмыс болмады, (от безысходности) осы 
жұмысқа  кірдім.  3.  Мұнда  (зря)  келген  сияқтымын.  4.  Сабақтан  (без 
причины)  қалуға  бола  ма?  5.  Ақшам  таусылып,  (вынужденно)  несие  алып 
жатырмын. 6. Мұнда (зря) келіппін. 7. (Без причины) мазамды алмашы.  
 

138 
 
4-
жаттығу. 
Кестедегі 
топтау 
үстеулерімен 
сөйлемдерді 
толықтырыңыз.  
Топтау үстеулері: 
екеулеп  «по  двое»,  топ-тобымен  «группой»,  аз-аздан  «понемногу»,  көп-
көптен «помногу», рет-ретімен «по порядку», бас-басына «на каждого», ...  
 
1
. Үстелдерді (по порядку) қойыңдар. 2. Жастар (группами) дәріске кетіп 
барады.  3.  Тамаққа  тұзды  (понемногу)  сал.  4.  Емтиханға  (по-одному) 
кіріңдер. 5. Мұғалім бізді (по двое) сынақ тапсыруға шақырды. 6. Қағаз (на 
каждого) жете ме?  7. Балаларға қаламды бес-бестен таратыңдар.  
 
5-
жаттығу. Келесі сөйлемдерді аударыңыз. 
1
. У меня слишком много работ накопилось. 2. Давай встретимся точно в  
восемь.  3.  Как  это  получилось,  совершенно  не  понятно.  4.  Нарочно  не 
придумаешь!  5.  Назло  не  пойду  туда.  6.  Зря  не  пришла  на  концерт,  было 
интересно.    7.  Зря  не  трать  время,  все    равно  не  разрешат.  8.  Заходите  по-
двое. 9. Денег мало осталось, надо тратить лишь понемногу.  
 
6-
жаттығу. Келесі үстеулермен сөйлем құрыңыз.  
Әдейі, жорта, көре тұра, амалсыздан, себепсіз, сәл, аса, рет-ретімен, бір-
бірлеп, текке, бекер, ылғи, тіпті, қасақана.  
 
ЛЕКСИКА: Қазақстандағы білім беру жүйесі 
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.  
Қазақстандағы білім беру жүйесі 
 
Білім  беру  жүйесі,  оның  құрылымы  үздіксіз  оқу  тұжырымдамасына 
(концепциясына)  сәйкес  жасалады.  Республикалық  білім  беру  жүйесі  өзара 
тығыз байланысты бірнеше баспалдақтардан тұрады: мектеп жасына дейінгі 
тәрбие; жалпы орта білім беру; кәсіптік–техникалық, орта арнаулы, жоғары  
білім  беру  орындары;  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру;  кадрлар 
біліктілігін арттыру жән оларды қайта даярлау; қосымша білім беру (екінші 
мамандық).  Білім  беру  балабақшаларда,  жалпы  білім  беретін  мектептерде, 
колледждерде,  институттар  мен  университеттерде,  академияларда  жүзеге 
асырылады.  
 
Білім  берудің  барлық  саласы  мемлекет  есебінен  іске  асырылады. 
Жалпы білім беретін мектеп үш сатылы: бастауыш (1-4 сынып), толық емес 
(5-9 
сынып),  және  толық  орта  (10-11  сынып).  Бірінші  және  екінші  сатылы 
білім міндетті. Ал үшінші сатыны жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі 
мектептерде,  кәсіби-техникалық,  арнаулы  орта  білім  беретін  оқу 
орындарында  жалғастыруға  болады.  Орта  білім  алудың  қазіргі  кезде  жаңа 
түрлері:  белгілі  бір  пәнді  тереңдетіп  оқытатын  мектептер,  гимназиялар, 
лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болып жатыр.  

139 
 
Қазіргі таңда республика мектептерінде жыл сайын үш миллионнан астам 
бала  оқиды,  оларды  оқытуға  240-250  мың  мұғалім  қызмет  атқарады. 
Республикада 249 арнаулы орта білім беретін оқу орындары бар, онда 200000 
астам  оқушы  оқиды.  Арнаулы  жоғары  оқу  орындарының  саны  70-ке  жуық.  
Бұл салада 20-ға жуық мемлекеттік емес оқу орны тіркелген. Жоғары білім 
беру жүйесінде көптеген белгілі жоғары оқу орындары бар, соның ішінде әл-
Фараби  атандағы  Ұлттық  университеті,    Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
педагогикалық  университеті, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық 
университеті және т.б. университеттер бар.  
Сөздік 
жүзеге асыру – реализовать 
арнаулы – специальное, специализированное 
арттыру – повышать 
іске асыру – осуществить 
баспалдак, саты  – уровень 
жүйе – система 
білім беру – образование 
күндізгі – дневное 
біліктілік – квалификация 
кешкі – вечернее 
даярлау – подготовка 
құрылым – структура 
жалғастыру – продолжить 
мекеме – учреждение 
жеке меншік – частное 
пән – дисциплина 
жоғары – высшее 
тереңдетіп оқыту – углубленное обучение 
 
2-
тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.  
1
.Білім  беру  жүйесі  қалай  жасалады?  2.  Білім  беру  жүйесі  қандай 
баспалдақтардан  тұрады?  3.  Жалпы  білім  беру  қанша  сатыдан  тұрады?    4
Бірінші  және  екінші  сатылы  білім  мендетті  ме?  5.  Үшінші  сатылы  білімді 
қайдан  алуға  болады?  6.  Орта  білім  алудың  қандай  түрлері  бар?  7.  Бүгінгі 
күні орта мектептерде қанша оқушы оқиды? 8.Республикада қанша арнаулы 
орта  мектептер бар? 9. Арнаулы жоғары оқу орныдарының саны қанша?  10
Мемлекеттік  емес  жоғары  оқу  орындары  бар  ма?  11.  Қандай  жоғары  оқу 
орындарын білесіз?12.  Білім беру қандай мекемелерде жүзеге асырылады? 
 
3-
тапсырма.  Сөйлемдерді  мәтіннен  алынғын  сөздермен  және  сөз 
тіркестерімен толықтырыңыз.  
1.
Білім  беру  жүйесі,  оның  құрылымы  ...  сәйкес  жасалады. 
2.
Республикалық  білім  беру  жүйесі  өзара  тығыз  байланысты  бірнеше  ... 
тұрады.  3.Білім беру ... жүзеге асырылады.  4.Білім берудің барлық саласы ... 
есебінен іске асырылады. 5.Жалпы білім беретін мектеп ... сатылы. 6.Үшінші 
сатыны  ...  жалғастыруға  болады.  7.Қазіргі  таңда  ...  жыл  сайын  үш 
миллионнан  астам  бала  оқиды,  оларды  оқытуға  ...  мың  мұғалім  қызмет 
атқарады.  8.Республикада  249  ...  беретін  оқу  орындары  бар,  онда  200000 
астам  ...  оқиды.  ...  саны  70-ке  жуық.    9.Бұл  салада  20-ға  жуық  ...  оқу  орны 
тіркелген.  10.Жоғары  білім  беру  жүйесінде  көптеген  белгілі  ...  бар,  соның 
ішінде әл-Фараби атындағы ... университеті,  Абай атындағы Қазақ Ұлттық ... 
университеті, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық ... университеті және т.б. 

140 
 
30-
САБАҚ 
 
ГРАММАТИКА:  Үстеу.  Мезгіл,  қимыл-сын,  мөлшерлік, 
мекен үстеулері  
Үстеулер (Наречия)  делятся на непроизводные (тым, аса «очень», дәл 
«точь-в-точь»)  и 
призводные  (қазақша  «по-казахски»,  түнде  «ночью»). 
Прозводные наречия образуются при помощи суффиксов: 
Суффиксы 
Непроизводная основа 
Производное наречие 
-
ша/-ше 
қазақ  
неміс 
орыс  
қазақ-ша «по-казахски» 
неміс-ше «по-немецки» 
орыс-ша «по-русски» 
-
дай/ -дей 
-
тай/-тей 
Гүл 
құс 
әке  
гүл-дей «как цветок» 
құс-тай «как птица» 
әке-дей «как отец» 
-
да/-де 
-
та/ -те 
-
нда/ -нде 
Жаз 
түн 
осы  
жаз-да «летом» 
түн-де «ночью» 
осы-нда «здесь» 
-
қа/-ке 
-
ға/-ге 
-
на/-не 
Арт 
жоғары 
күн 
арт-қа «назад» 
жоғары-ға «вверх» 
күн-і-не «в день» 
-
нан/ -нен 
-
дан/-ден 
-
тан/-тен 
Алды 
қыры 
оң  
алды-нан «спереди» 
қыры-нан «сбоку» 
оң-нан «справа» 
Үстеулер (Наречияимеют несколько разрядов по значению: 
№ 
Разряды 
Вопросы 
Примеры 
1 
мезгіл үстеулер (наречия 
времени) 
қашан? «когда?» 
бұрын «раньше», қазір 
«сейчас», енді «теперь» 
2 
мекен үстеулер (наречия 
места) 
қайда? «где? куда?» 
алға «вперед», ілгері 
«впереди, вперед»  
3 
қимыл-сын үстеулері  
(наречия образа действия) 
қалай? қалайша? «как? 
каким образом?» 
дұрыс «правильно», дереу 
«тотчас», зорға «насилу, еле-
еле» 
4 
мөлшерлік үстеулер 
(наречия количества и 
меры 
қанша? қаншама? 
«сколько?» қаншадан? 
нешеден? «по сколько?» 
сонша «столько», бір-бірден 
«по-одному» 
5 
күшейту үстеулері 
(наречия усиления) 
қалай? «как?» қандай? 
«какой?» 
ең «самый», сәл «немного», 
аса «очень» 
6 
себеп-салдар үстеулері 
(наречия причины) 
қалай? «как?» неге? 
«почему?»  
амалсыздан «вынужденно» 
босқа «зря» 
7 
мақсат үстеулері 
(наречия цели) 
не үшін? «для чего?» 
неге? «почему?» не 
мақсатпен? «для какой 
цели?» 
әдейі «специально, нарочно» 
8 
топтау үстеулері 
(наречия 
группирующиеся) 
қаншадан? нешеден? 
қалай-қалай?  «по 
сколько?» 
аз-аздап «понемногу» көп-
көптен «помногу» 
 
 

141 
 
1-
жаттығу. Келесі үстеулерді екі топқа (түбір, туынды) бөліңіз.  
Төмен,  кейін,  дұрыс,  қазақша,  меніңше,  сеніңше,  жылдам,  артқа,  алға, 
жақында, күнде, адамша, жазда, шешедей, бүгін, сыртынан, ішінен, тым, аса, 
ең, жанынан, алдынан, артынан, соншама, желдей, жаңаша, осында, тез, алда. 
 
2-
жаттығу. Келесі сөздерден үстеу жасап, орыс тіліне аударыңыз.  
1
. Орыс, қазақ, неміс, өзің, ағылшын, ескі, өзбек, латын, менің, жаңа. 
2
. Теңіз, әке,олар, бастық, мүғалім, жас, балық, біз, үй, апаң,тау. 
3
. Түн, күн, алыс, осы, жаны, қасы, арты, қыс, көктем, жоғары, орта. 
4
. Төмен, жоғары, ал, арт, жат, алыс, сол, оң, шеті, іші,сырт, арты. 
5
. Қыры, жоғары, алды, арты, басы, қарсы,қарсысы, амалсыз, жаны. 
 
3-
жаттығу. 
Кестедегі 
мезгіл 
үстеулерімен 
сөйлемдерді 
толықтырыңыз.  
Мезгіл үстеулері: 
бұрын «раньше», бүгін «сегодня», ертең «завтра», жиі «часто», бүрсігүні 
«послезавтра»,  енді  «теперь»,  ылғи  «всегда»,  қазір  «сейчас»,  былтыр  «в 
прошлом году», биыл «в этом году», әдетте «обычно», жазғытұрым «летом», 
кейде «иногда», бағана «недавно», ертеден «издавна», әуелі «сначала», кеш 
«поздно», анда-санда «иногда», күндіз «днем», күні бойы «весь день», күні-
түні «днем и ночью», кейін «потом» и т.д. 
 
1
. (Летом) сендер Астанға барасыңдар ма? 2. Мен Мәскеуге (в этом году) 
барамын. 3. Марина (сейчас) қазақша жақсы сөйлейді. 4. (Недавно) Сәбитті 
көрдім. 5. Марат (теперь) келе жатыр. 6. (Сначала) маған қара. 7. Бұл дәстүр 
(издавна)  келе  жатыр.  8.  Алматыда  (в  этом  году)    өте  суық  болды.  9.  Мен 
Сізді (раньше) көрмеппін. 10.  Дәріхана (днем и ночью) жұмыс істейді. 
 
4-
жаттығу. Кестедегі мекен үстеулерімен сөйлемдерді толықтырыңыз.  
Мекен үстеулері: 
Алға «вперед», артқа «назад», арттан «сзади», кейін «позади, назад», төмен 
«вниз»,  ілгері  «вперед,  впереди»,  сонда  «там»,  осында  «здесь»,  кері  «назад», 
әрмен  «дальше»,  бермен  «ближе»,  ешқайда  «нигде,  никуда»,    мұнда  «здесь», 
анда  «там»,  жол-жөнекей  «по  пути»,  іште  «внутри»,  жолшыбай  «по  дороге», 
сыртан  «снаружи  внутрь»,  сыртта  «снаружи»,  іштен  «изнутри»,  әлдеқайдан 
«откуда-то», жоғарыдан «свреху», жоғары «вверх», әлдеқайда «где-то» и т.д.   
   
1
. Айжан (назад) жүрді. 2. Біз (по пути) достарымызды кездестірдік. 3. Үйге 
(снаужи)  біреу  келген  сияқты.  4.    Студенттер  мұғалімдерден    (впереди) 
жайғасты. 5. (Назад) жол жоқ. 6. Менен  (дальше) отыршы! 7. (Откуда-то) жел 
соғып кетті. 8. Аулаға кірсем, (внутри) ешкім жоқ екен. 9. Сен (там) отыр, мен 
(здесь)  отырайын.  10.  (По  дороге)  ешкімді  көрген  жоқсың  ба?  11.  (Вперед) 
жүрме, (назад) жүр. 12. Бізге жету үшін, (сверху) (вниз) түсу керек.  
 

142 
 
5-
жаттығу. 
Кестедегі 
қимыл-сын 
үстеулерімен 
сөйлемдерді 
толықтырыңыз.  
Қимыл-сын үстеулері: 
әзер  «с  трудом»,  дұрыс  «правильно»,  дереу  «тотчас»,  зорға  «еле-еле», 
осылай  «так»,  әрең  «насилу»,  әбден  «совсем»,  бірге  «вместе»,  тікелей 
«напрямую»,  әдейі  «специально»,  баяу  «медленно»,  бірден  «сразу»,  шапшаң, 
жылдам, тез «быстро», өзгеше «по-другому», меніңше «по-моему», ептеп «по-
тихоньку», ауызша «устно», жазбаша «письменно», нашар «плохо» и т.д. 
   
1
. Соңғы кезде (с трудом) жүрмін. 2. Бұл мәселені шешу (напрямую) саған 
байланысты. 3. Сен (медленно) сөйлейді екенсің.  4. (Быстро) келсеңші! 5. Бұл 
сыйлықты  (специально)  саған  арнап  алдым.  6.  Емтихандды  (устно) 
тапсмырасыңдар ма, әде (письмено) тапсырасыңдар ма? 7. Қалымыз (хорошо), 
(по-тихоньку) жүріп жатырмыз. 8. Өзімді (плохо) сезініп тұрмын. 9. Көктемде 
өзен (медленно) ағады. 10. (Быстро) жүре аласың ба? 
 
6-
жаттығу. Кестедегі мөлшер үстеулерімен сөйлемдерді толықтырыңыз. 
Мөлшер үстеулері:  
Сонша, соншама «столько», қаншама «столько», осынша «столько», едәуір, 
әжептеуір  «достаточно»,  бір-бірден  «по  одному»,  талай  «много»,  біраз 
«немного», көп «много», қыруар «много», көптеген «много», аз «мало» и т.д. 
 
1
. Тойға (столько) адам жиналыпты! 2. Емтиханға (по-одному) кіріңіздер.  3
Менің  сізге  (много)  сұрақтарым  бар.  4.  Осы  мәселені  шешуге  (много)  ақша 
жұмсадым.  5.  Жаттығуды  орындағанша  (достаточно)  уақытым  кетті.  6
Табиғатты  сақтап  қалуға  (множество)  ғалымдар  ат  салысуда.    7.  (Сколько) 
күтуге болады? 8. (Немного) күте тұршы. 9. Ол (столько) жақсылық істеді. 
 
7-
жаттығу. Келесі сөйлемдерді аударыңыз. 
1
. Столько воды утекло, столько времени ушло.2. Сколько людей, столько 
проблем.  3.  Для  повторения  достаточно  уделить  полчаса.  4.  Иногда  я 
возвращаюсь домой очень поздно. 5. Послезавтра у меня будет день рождения! 
6
.  В  этом  году  мы  заканчиваем  школу.  7.  Всегда  надо  идти  вперед  и  не 
оглядываться  назад!  8.  Мне  нравится  здесь,    здесь  всегда  тепло.  9.  По  дороге 
купи хлеб и молоко. 10. Сегодня мы с трудом выполнили его задание. 11. По-
моему, уже можно идти. 12. Ты тихо говоришь, я громко говорю.  
 
8-
жаттығу. Келесі үстеулермен сөйлем құрыңыз.  
Биыл,  бермен,    ешқайда,    мұнда,  анда,  жол-жөнекей,  іште,  жолшыбай, 
сыртан,  сыртта,  іштен,  бағана,  ертеден,  өзгеше,  меніңше,  ептеп,  сонша, 
соншама, қаншама, осынша,  әзер, дұрыс, дереу, зорға, осыла
й. 
 
 
 
 

143 
 
ЛЕКСИКА: Кредиттік оқыту жүйесі 
 
1-
тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.  
Кредиттік оқыту жүйесі: артықшылықтары мен мүмкіндіктері 
Кредиттік оқыту жүйесі бұрынғы оқытудан ерекше. Бұл оқыту түрі жаңаша 
ұйымдастырумен,    қойылатын  талаптармен  ерекшеленеді.  Оқыту  жүйесіне 
кредит  ұғымын  кіргізу  Еуропадағы  Болон  процесімен  байланысты.  Оның  
негізгі  мақсаты  –  білім  беруді  жетілдіру.  Студенттерге  оқу  процесінде  өз 
бетімен  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  беріледі.  Кредиттік  жүйе  арқылы  оқу 
процесіне  кеткен  уақытты  есептеуге  болады.  Кредитік  оқыту  жүйесі 
студенттерден  үнемі  өз  бетімен  жұмыс  істеуді  талап  етеді.  Сондықтан  әрбір 
студент оқуға жұмсалатын уақытын дұрыс пайдалана білуі тиіс. Сонымен қатар 
студент тапсырмалардың көп бөлігін өзі орындауы тиіс. Өздік жұмыстар (СӨЖ) 
логикалық ойлауды, шығармашылық белсенділікті талап етеді. Кредиттік оқыту 
жүйесінде  студенттер  оқу  барысында  оқу  материалдарын  өздері  іздейді,  яғни 
олардың зерттеу дағдылары да дамиды.  
Кредиттік  оқыту  жүйесінде  студенттердің  білімін  бағалау  ашық  түрде 
жүреді.  Әрбір  студент  әрбір  жасаған  тапсырмасы  үшін  және  жалпы  сабақ 
бойынша  алған  ұпайларын  біліп  отырады.  Сонымен  қатар  семестр  бойы,  жыл 
бойы жинаған ұпай санын есептеп, басқа студентердің ұпайларымен салыстыру 
мүмкіндігі  бар.  Бұл  оқыту  жүйесі,  бір  жағынан,  студенттер  арасында 
бәсекелестік  тудырса,  екінші  жағынан,  жан-жақты  және  терең  білім  алуға 
мәжбүр  етеді.  Яғни,  білім  алудағы  уақытын  ұтымды  пайдалануға  ықпал 
жасайды.  Студенттерге  жақсы  немесе  үздік  баға  алу  үшін,  өз  мүмкіндіктерін 
жан-жақты қарастырып, алдын-ала есептеуге мүмкіндік береді.  
Сөздік 
артықшылық – преимущество 
дағдылар – навыки 
мүмкіндіктер – возможности 
ұпай – балл 
жүйе – система 
салыстыру – сравнивать 
ұйымдастыру – организация 
бәсекелестік – конкуренция 
талаптар – требования 
мәжбүр ету – содействовать, заставлять 
ұғым – понятие 
ұтымды -  с пользой, выгодно 
жетілдіру – совершенствование 
ықпал жасау – влиять  
өз бетімен – самостоятельно  
қарастыру – рассматривать 
есептеу – считать 
алдын-ала – заранее 
үнемі – постоянно 
жан-жақты – всесторонне 
пайдалану – использовать 
кіргізі – введение 
тиіс – должен 
бұрынғы – предыдущий 
шығармашылық – творчество 
жұмсалатын – потраченное 
белсенділік – активность 
іздеу – искать 
зерттеу – исследование 
жаңаша – по-новому 
 
2-
тапсырма.  Сұрақтарды  қазақ  тіліне  аударып,  берілген  сөздерді 
пайдаланып, жауап беріңіз. 
Чем  отличается  кредитная    система  обучения  
от предыдущей? 
Ұйымдастыру, 
талаптар, 
жаңаша 
оқыту түрі, ерекше 
Какова основная цель кредитной системы?  
Білім беру, жетілдіру 

144 
 
Какие возможности предоставляет эта система 
обучения? 
Уақыт, үнемдеу, есептеу 
Что требует данная система обучения? 
Жұмыс істеу, дұрыс, өз бетімен 
Что требуется для  выполнения СРС? 
Логикалық ойлау, өздік жұмыс, 
шығармашылық белсенділік 
Как  работают  студенты    при  кредитной 
системе обучения?  
өз бетімен, іздеу, оқу барысы 
Что развивается у студентов при КСО? 
Зерттеу дағдылары, даму 
Какова система оценивания при КСО?  
Ұпай, тапсырма, салыстыру 
Как используется время?  
Ұтымды, семестр, жыл бойы 
Дает ли КСО возможность получить глубокие  
знания?  
Жан-жақты,  терең,  алуға,  мүмкіндік  , 
білім, береді 
 
3-
тапсырма.  Сөйлемдерді  мәтіннен  алынғын  сөздермен  және  сөз 
тіркестерімен толықтырыңыз.  
1
.  Кредиттік  оқыту  жүйесі  ...  ...  ерекше.  2.  Бұл  оқыту  түрі  жаңаша  ...  ,  
қойылатын  ...  ерекшеленеді.  3.  Оқыту  жүйесіне  кредит  ұғымын  кіргізу 
Еуропадағы  ...  байланысты.  4.  Оның    негізгі  мақсаты  –  ...  ...  жетілдіру.  5
Студенттерге ... ... өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік беріледі.  6. Кредиттік 
жүйе  арқылы  оқу  процесіне  кеткен  ...  есептеуге  болады.  7.  Кредитік  оқыту 
жүйесі  ...  үнемі  өз  бетімен  жұмыс  істеуді  талап  етеді.  8.  Сондықтан  әрбір 
студент  оқуға  ...  ...  дұрыс  пайдалана  білуі  тиіс.  9.  Сонымен  қатар  студент 
тапсырмалардың ... ... өзі орындауы тиіс. 10. Өздік жұмыстар (СӨЖ) логикалық 
...  ,  шығармашылық  ...  талап  етеді.  11.  Кредиттік  оқыту  жүйесінде  студенттер 
оқу барысында ... ... өздері іздейді, яғни олардың ... ... да дамиды.  
 
4-
тапсырма.  Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.  
1
.  Кредиттік  оқыту  жүйесі  Қазақстанда    ...  ...  бойы  қолданылып  келеді.  2
Рейтинг жүйесі ... және көп ... білім берудің бір бөлігі. 3. Қазақ тілі сабағында 
әрбір  студент  ...  төрт  ұпай  жинай  алады.  4.  Аттестация  алу  үшін  студенттер 
максималды  ұпайдан  ...  ...  жинау  керек.  5.  Кредиттік  оқыту  жүйесі  ...  білім 
сапасы  бойынша  студенттерді  бөлуге  мүмкіндік  береді.  6.  Силлабус 
студенттерге  сабаққа  алдын-ала  ...  мүмкіндік  береді.  7.  Силлабуста  пән 
бойынша оқытылатын ... берілген.  
Керек  сөздер:  дайындалуға,  он  жыл,  тақырыптар,  үздіксіз,    оқытушыға, 
деңгейлі максималды, елу пайызын.   
 
5-
тапсырма. Қарсы пікір айтыңыз.  
Үлгі:  Кредиттік  оқыту  жүйесі  ескі  оқыту  жүйесінің  өзгерген  нұсқасы. 
Жоқ, Кредиттік оқыту жүйесі ескі оқыту жүйесінен ерекше.  
 
1
. Кредиттік оқыту жүйесі ескі оқыту жүйесінен артықшылықтары жоқ. 
2
. Кредиттік оқыту жүйесінің мақсаты өзгермеген. 
3
. Кредиттік оқыту жүйесінде қойылатын талаптар жоқ. 
4
. Студенттер оқу барысында уақытты ұтымды пайдалана алмайды. 
5
. Бұл оқыту жүйесі студенттерден шығармашылық белсенділікті талап етпейді. 
6
. Студенттер өздік жұмысты орындамайды. 

145 
 
7
. Кредиттік оқыту жүйесінде бәсекелестік жоқ.  
8
. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттерге баға қойылады. 
9
Кредиттік оқыту жүйесінде сабаққа қатысу міндетті емес.  
10
. Кредиттік оқыту жүйесінде қосымша материал іздемейді.  
 
6-
тапсырма. Сөздерді орын тәртібі бойынша орналастырыңыз.  
1
. Орындауда, баяндама, өздік, жұмыс, студенттер, реферат, жазады.  
2
. Рейтинг, белсенділігін, студенттердің, арттырады, сабақтағы, жүйесі. 
3. 50% -
дан, «үш»,  баға, студенттердің, деген, біліміне, беріледі, 74%-ға, дейін.  
4
. «Бес», үшін, алу, ұпай, саны, жоғары, керек, алған, 90%-дан, болуы. 
5
.  Кредиттік, дағдыларды, береді, дамытуға, жүйесі, кәсіби, мүмкіндік, оқыту.  
6
. Аралық, аптада, бақылау, он, бесінші, жүргізіледі. 
7
. Кредиттік, өздік, жүйесінде, жұмыстың, маңызы, оқыту, зор. 
8
. Өздік, жан-жақты, орындау, білім, ықпал, жұмыстарды, алуға, жасайды. 
9
. Өздік, орындау, жұмыстарды,білім, тиімділігін, алудың, арттырады.  
10
.  Кредиттік,  уақыт,  жұмыстарды,  көп,  жүйесінде,  өздік,  оқыту,  орындауға, 
бөлінеді. 
 
7-
тапсырма. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыз.  
Кредитная система обучения: плюсы и минусы 
При кредитной системе образования студенты и их родители или опекуны  
имеют  возможность знакомиться с успеваемостью каждого из них.  Они могут 
контролировать  их  посещение  на  занятиях,  а  также  их  успеваемость  по 
предметам.  
При  кредитной  системе  образования    студент  на  каждом  уроке  может 
получить  определенное  количество  баллов,  тем  самым  накопить  их  не  только 
своими знаниями, но и своим регулярным посещением. Таким образом, данная 
система учит студентов пунктуальности и ответственности.  
Еще  одним  преимуществом  данной  системы  являются    конструктивные 
отношения  между  преподавателем  и  студентом.  Преподаватель  может 
мотивировать студента к творческому подходу к учебе, студент, в свою очередь, 
может творчески решить проблему получения знаний.  
Кредитная  система  обучения  не  лишена  недостатков.  Процесс  обучения 
требует большой отдачи сил и терпения. Поэтому некоторые студенты могут не 
выдержать  большой  нагрузки  и  преждевременно  устать  от  учебы  и  потерять 
интерес к обучению. Таким образом, они могут отстать от программы.  
Сөздік  
 
опекуны – қамқор адамдар 
проблема – мәселе 
успеваемость – үлгерім 
недостатки – кемшіліктер 
контролировать – бақылау 
отдача сил – күш салу 
определенное – нақты 
терпение – шыдамдылық 
накопить – жинау 
выдержать – шыдау 
регулярно – жиі 
нагрузка – жүктеме, салмақ  
посещать – қатысу 
устать – шаршау 
пунктуальность – тәртіп 
интерес – қызығушылық 
ответственность – жауапкершілік 
потерять – жоғалтып алу 
мотивировать – талпындыру 
отстать – қалып қою 

146 
 
8-
тапсырма.  Берілген  сөздермен  және  сөз  тіркестерімен  сөйлем 
құрыңыз. 
Кредиттік оқыту жүйесі, өздік жұмыс, ұпай саны, семестр бойы, оқу барысы, 
ұтымды  пайдалану,  бәсекелестік,  тиімділік,  үздік  баға,  өз  бетімен,  материал 
іздеу,  шығармашылық  белсенділік,  зерттеу  дағдылары,  рейтингтік  жүйе, 
жауапкершілік, артықшылықтар, кемшіліктер, ұпай жинау, білім алу, студентің 
үлгерімі, ықпал жасау, шыдамдылық, қызығушылықты арттыру.  
 
9-
тапсырма.  Келесі  етістіктерді  бұрынғы  өткен  шақ  формасына 
қойыңыз. 
Ықпал жасау, арттыру, пайдалану, жинау, бақылау, есептеу, мүмкіндік беру, 
салыстыру, білу, кіргізу, талап ету, шаршау, қалып қою, шыдау.  
 
10-
тапсырма.  «Кредиттік  оқыту  жүйесі»  тақырыбы  бойынша  өз 
пікіріңізді қосып, мазмұндаңыз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

147 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Бектурова  А.Ш.,  Бектуров  Ш.К.  Казахский  язык  для  всех.  –  Алматы: 
Атамұра, 2004.  
2.
 
Даналардан шыққан сөз. Нақылдар жинағы. – Алматы: Мектеп, 1987.  
3.
 
Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. – Алматы: Мектеп, 1979. 
4.
 
Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы: Рауан, 1994.  
5.
 
Күзекова  З.  Қазақ  тілі.  Тілді  оқып-үйренудің  бастапқы  кезеңіне 
арналған оқу құралы. – Алматы: Раритет, 2005.  
6.
 
Мұхамадиева Н.Қ. Қазақ тілі бойынша бақылау жұмыстары. – Алматы: 
SanSam, 2005. 
7.
 
Мұхамадиева  Н.Қ.  Қазақ  тілі  бойынша  тіл  дамыту  құралдары.  – 
Алматы: SanSam, 2005. 
8.
 
Мұхамадиева Н.Қ. Кәсіби қазақ тілі. – Алматы: SanSam, 2004. 
9.
 
Қазақ  тілінен  жаттығу,  тексеру  тапсырмалары.  Құрастырған  Қ.Р. 
Кабилянова, Н.Б. Турлина. – Алматы: Білім, 2001.  
10.
 
Менің  елім  Қазақстан.  Балаларға  арналған  энциклопедия.  –  Алматы: 
Балауса баспасы, 2003.  
11.
 
Тарихи тұлғалар. – Алматы: Кітап, 2006.   
12.
 
История открытий. Энциклопедия. - М.: Росмэн, 2001.  
13.
 
INFO-TSES.KZ. 
14.
 
http://www.zharar.com/kz/shygarma/109-tugan.html 
15.
 
© www.ZHARAR.com 
16.
 
 
Мадиева  Т.  Қазақ  тілі  практикумы      (Орыс  аудиториясына  арналған 
жаттығулар жинағы). - Алматы, 2002. 
17.
 
Практикалық 
қазақ 
тілінен 
жаттығулар 
жинағы    
(Синтаксис)/Аймуханова А.А., Үрістенбекова Г.К. – Ақтау,  2009.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

148 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Подписано в печать 11.03.2014 г. Тираж 500 экз. 
Формат изд. 60х84/16. Объем 9,25 усл. печ. л. 
Отпечатано в типографии “ИП Волков А.И.” 
Райымбека 212/1, оф. 319. Тел.: 330-03-12, 330-03-13 
 
 
 
 
 
 

Document Outline

  • ҚАЗАҚ ТІЛІ
  • Алматы
  • 2014
  • УДК 811.512.122 (075-8)
  • ББК 81.2Каз-2.я73
  • К 17
  • ISBN  978-601-7073-46-6
  • УДК 811.512.122 (075-8)
  • ББК 81.2Каз-2.я73
    • Біле жүргеніңіз жөн!
    • Кіммен қалай сәлемдесу керек?
    • Тәулік мезгілдеріне қатысты сәлемдесу түрлері
    • Ол студент           Олар студент
    • 1. Оқушы. 2. Қыз. 3. Бала. 4. Суретші. 5. Заңгер. 6. Экономист. 7. Есепші. 8. Президент. 9. Ұшқыш. 10. Маман. 11. Ғалым. 12. Биші. 13. Ақын. 14. Жазушы. 15. Сатушы.
  • 3-жаттығу. Адамның мінез-құлқына, қасиетіне қатысты сын есімдермен сөйлем құрастырыңыз және жаттап алыңыз.
  • 1.Шашы ұзын, қысқа, қиылған, қара, сары, жирен (рыжий), бұйра. Мойны ұзын, қысқа, жуан. Бойы ұзын, орташа, аласа, орташадан жоғары. Көзі үлкен, мейірімді (ласковые), қара, көгілдір, қысық, бота (миндалевидные). Кірпігі ұзын, қалың, сирек, тік, қысқа....
  • 2.Өңі (внешность) аққұба, қараторы, шикіл сары, тартымды, сүйкімді. Маңдайы ашық, кең, тар, жазық. Қасы қалың, жалпақ, жіңішке, селдір (редкие). Ерні жұқа (тонкие), қалың (полные). Мұрны кішкентай, пұшық (курносый), ұзын, қыр (прямой), таңқы (выдернут...
  • 3.Иегі сүйір (острый), дөңгелек (круглый). Иығы қушиған тар (узкие), кең (широкоплечий).
  • Белгілері: тыртығы бар, аяғын сылтып басады, бетінде ерекше қалы бар.
  • Ойын:
  • 1.Екі топқа бөлініп, әр топтан бір студентті сыртқа шығарып жіберу керек. Олардың сыртқы кейпін (киімінің түсін, шашы, қолы мен құлағындағы т.б. әшекейлерін) түгел тақтаға жазу керек. Әр топ сырттағы адамның қанша белгісін айтқанын санау қажет. Кім кө...
  • 2. Екі студентті сыртқа жіберіп, дәрісханадағы бір баланы дене бітімі (киімі емес) бойынша сипаттау керек. Сырттағы екі бала топ сипаттаған баланы табу керек. Ойын қызық болу үшін сипаттау тек қазақ тілінде жүреді.
  • 3. Бір баланы сыртқа шығарып, топтағы бір адамды мінез-құлқы бойынша сипаттап тақтаға жазу керек. Сырттан кірген бала тақтада жазылған қасиеттері бойынша әңгіме кім жайында екенін табуға тиіс.
  • 4-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыз, олардың түрін ажыратыңыз.
  • Утвердительная форма обозначает действие, которое происходит в момент говорения, происходило и произойдет в будущем. Например: мен жазып отырмын, мен ертең жазамын, мен кеше жаздым.
  • Отрицательная форма образуется путем прибавления к исходной форме суффиксов -ма/ -ме, -ба/ -бе, -па/ -пе.
  • Салт-дәстүр туралы жалпы түсінік
  • Сөздік
    • Беташар
  • Үлгі: Сүйінші - қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші!» деп келеді. Мұндайды қуанған үй иесі қалағаныңды ал, - дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.
  • Баламның жағдайын біліп, жақсы хабар әкелсең, сүйіншің дайын, қалқам!
  • ЛЕКСИКА: Адам және табиғат
  • 1-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді есте сақтаңыз.
  • Киіз үй – көшпенділерінің негізгі баспанасы
  • Сөздік
  • 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
  • Біле жүргеніңіз жөн!
  • Киіз үй атаулары.
  • Киіз үй жиһаздары.
  • Сөздік
  • 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
  • Үлгі: народный художник – халық суретшісі
  • ЛЕКСИКА: Кино өнерінің тарихы
  • Үлгі: Кино өнері - киноискусство
  • ЛЕКСИКА: Қазақтың ұлттық киімдері
  • Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері
  • Сөздік
  • 3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз.
  • 6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді мәтіннен толықтырыңыз.
  • Сөздік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет