Мұғалім тірек-қимыл аппараты бұзылған баланы оқыту барысында:
-Әріпті немесе цифрды, сөздерді жазатын орынды қаламмен немесе қарындашпен көрсетіп, белгілеу керек.
-Цифрларды баған түрінде жазу кезінде арифметикалык амалдардың дұрыс орындалуын түсіндіру қажет.
-Оқуға үйрету кезінде әріптердің, буындардың, сөздердің, сөз тіркестерінің көзден тайып кетпеуіне арнаулы ойықтармен берілген кітаптың арасына салып жолақтарды пайдалану тиімді екенін түсіндіру қажет.
Бейнелеу өнері сабақтарында салынатын заттың орналасу қалпын мұғалім алдын ала түсіндіріп, көрсетіп, оның негізгі бөлімдерін. жүмыстың орындалу тәртібін түсіндіру керек.
-Ауызша сұрақтарға жауап беру кезіндегі қиындыктарды жою үшін оқушыға сұрактарға жауап беретінін алдын ала ескертіп, оған дайындыққа уакыт беру керек. Ауызша сөйлеуге үйрету барысындағы баланың білімін бағалауда сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді ескеріп, интонацияның, дауыс ырғағының, сөйлеу мәнерлілігінің сакталмауына байланысты бағаны төмендетпеу керек.
-Жазбаша жұмыстарды бағалауда жазудың бұзылуы, әріптердің дұрыс орналаспауы, сөз арасындағы, жол арасындағы үзіктерді сақтамау, әріптердің ені мен ұзындығына байланысты пішіндердің сакталмауына байланысты баланың жұмысын төмендетпеу керек
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға білім беретін мектептерде келесі шарттар сақталуы тиіс: – осы ұйымда білім алушы қозғалыс патологиясы бар балалардың қажеттіліктерін ескере отырып санитарлық-тұрмыстық жабдықтар(жабдықталға киім ілгіш, санитарлық торап, орындық, жеке гигиена және т. б. болуы);
– осы ұйымның ТҚАБ баланың нақты қажеттіліктерін ескере отырып әлеуметтік-тұрмыстық жабдықтар(ұйымның жабдықталған кеңістігі, баланың жұмыс орнының және т. б. болуы);
– арнайы жабдықталған медициналық кабинет;
– емдік дене шынықтыруға арналған арнайы жабдықталған зал.
Қажетті арнайы құрал-жабдықтар: – жүріп-тұру құралдары: мүгедектер арбасының әр түрлі нұсқалары
– өзіне-өзі қызмет көрсетуін жеңілдететін құралдар (ыдыс-аяқтар мен асханалық аспаптар, киіну және шешіну, есікті ашу және жабу, өз бетінше оқулары, телефонды пайдалану үшін құрал-жабдықтар; электр құралдарын қосатын ерекше, тұрмыстық аспаптарды қашықтықтан басқару құралдары);
– баланың қажеттілігіне сай жиһаз;
– балаларды жатқызып оқытуға арналған сыналы тіреуіштері бар медициналық кушеткалар;
– балаларды тұрғызып оқытуға арналған көлбеу үстелдер