Уд-зк-22-02 студенті дефектолог тобы: Карашева Гульжанар Бактыгереевна Орал қаласы



бет1/2
Дата02.12.2023
өлшемі16,84 Kb.
#132218
  1   2

Б.Б.Городовиков атындағы ҚалМУ

Тақырыбы: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері




УД-ЗК-22-02 студенті
дефектолог тобы: Карашева
Гульжанар Бактыгереевна

Орал қаласы


Инклюзивті білім беру –өмір қажеттілігі.


Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,
соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек.
Неміс педагог-дефектолог П.Шуман.


Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Конституциясынада бекітілген.

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-педагогикалық кеңестің қортындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген.


Атап айтсақ мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.
Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі –еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.
Еліміздің Ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістігі жазылса да, өкінішке қарай, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе күйінен түспей тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан, жарымжан балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Мәселен, 2002 жылы олардың саны 120 мыңды құраса, 2009 жылы 150 мыңға жеткен. Оның тек 38 пайызы ғана арнаулы білім бағдарламасымен қамтылыпты. Республика бойынша 101 коррекциялық мектепте және жалпы білім беретін мектептердің 1096 арнайы сыныптарында 24 мың бала білім нәрімен сусындауда. Ал жалпы білім беретін мектептерде 56 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі балалар оқып жүр. Қазір олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасау қажет. Сондықтан мамандар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін алға тартады.


Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.


Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет