Arp бұйрығы.Бұйрықтың опциялары:
v -a, ARP кэштің барлық жазбаларын көрсету.
v -d, ARP кэштен жазбаны жою.
v -s, ARP кэшке жазбаны қосу. Бұл опцияны қолданған кезде, хоста атын, Ethernet адресті, хост атына сәйкес IP адресті көрсету керек, содан соң Ethernet адрес кэшке қосылады. Командалық жолда temp кілттік сөзі қолданылмаған жағдайда, мұндай жазба тұрақты жазылады.
ARP хаттамасы TCP/IP –дің барлық орындалуларында қолданылатын негізгі хаттама болып саналады. Көбінесе оның қызметі қолданылған қосымшалар мен жүйелік администратордың қалауынан тәуелсіз. Біз arp бұйрығын кэшті көру үшін немесе модификациялау үшін қолдандық. Кэштегі әрбір жазба аяқталмаған немесе аяқталған жазбаларды жоятын таймерді қолданады. Arp бұйрығы ARP кэшіндегі модификацияланған жазбаларды көрсетеді.
32. DHCP хаттамасының функциялары және конфигурациялық ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз, маршрутизаторда қалай қолданамыз.
DHCP(Dynamic Host Configuration Protocol– түйіннің динамикалық конфигурациясынынң хаттамасы) – компьютерлерге автоматты түрде IP-адрестерді және TCP/IP желісінде жұмыс істеу үшін қажетті басқа да параметрлерді алуға мүмкіндік беретін желілік хаттама.
DHCP – клиент – интернетке қосылған ЭЕМ болып табылады. Ол конфигурациялық параметрлерді алу үшін DHCP пайдаланады.
DHCP – сервер – интернетке қосылған ұйымболып табылады. Ол клиентке конфигурация параметрлерін жібереді.
DHCP хаттамасының функциялары және конфигурациясы:
1) IP-ді автоматты түрде орнату керек сегменттерді анықтау.
2) IP-ді автоматты түрде орнату тәсілін таңдау. Ол үшін келесі тәсілдердің бірін таңдау керек:
А) DHCP-сервер. Әр географиялық сегментте тым болмағанда бір DHCP сервер болу керек. Бір DHCP сервер 15000 тұтынушыны қолдайды. Ал қосымша серверлерді әдетте қол жетімділік пен жұмысты тездету үшін орнатады.
Б) DHCP ретрансляциялау агенттері. Ол DHCP-сервермен тікелей жалғанбаған сегменттерде орнатылады. Олар кеңжолақты пакеттерді қабылдайды, сұраныстарды бірадрессті пакеттерге өзгертеді де белгілі DHCP-серверге жібереді. Бір агент 1000 компьютер клиенттерді қолдайды.
В) Маршрутизаторда DHCP/BOOTP қайта жіберуді қосу. BOOTP-жүктеу хаттамасы- дискісіз жұмыс станцияларына жүктеу кезінде желілік қол жетімділікті алуға мүмкіндік береді. DHCP/BOOTP қайта сілтеуін DHCP-сервермен тікелей қосылмаған желілік сегмент маршрутизаторларында орнатады. Ол тек DHCP кеңжолақты трафикті ғана жиберетіндіктен кеңжолақты трафикті минималдайды. Бұл тәсілдің басты артықшылығы қосымша құрылғыларды немесе программалық жабдықтауларды алуды қажет етпейді.
3) DHCP аймағы мен параметрлерін анықтау. Аймақ- ол DHCP-сервер қадағалайтын IP-адрестер диапазоны. Аймақ параметрі- DHCP клиенттердің конфигурациясын анықтайды. DHCP аймағынан қолдан берілген IP-едрестерді шығарып тастау керек. Бұл:
- IP-маршрутизаторларды;
- Брэндмаузерлерді;
- Серверлерді;
- Шлюздерді;
- Кез келген ОЖ мен DHCP көмегімен конфигурациялауға келмейтін құрылғыларды.
DHCP аймағының параметрлерінде IP клиенттерді конфигурациялау ерекшеліктерін көрсету керек:
- Маршрутизаторлар;
- DNS-серверлер;
- DNS доменінің аты;
- WINS желісінің типі;
- WINS сервер.
DHCP қарастыратын мәселелер:
- DHCP политика емес, ол механизм. DHCP қажетті параметрлерді бере отырып жергілікті желілік администратор арқылы басқарылады.
- Клиенттер қолмен конфигурациялауды талап етпеуі керек. Әр клиент локальді конфигурациялық параметрлерді оқу мүмкіндігіне ие болуы қажет.
- Желі жекелеген клиенттерді қолмен конфигурациялауды талап етпеці керек. Қалыпты жағдайда желілік администратор клиенттің жекелеген конфигурациялық параметрлерін енгізбеуі керек.
- DHCP әр ішкі желі үшін серверді талап етпейді.
- DHCP клиенті конфигурациялық параметрлер бойынша жіберілген сұраныстарға бірнеше жауап алуға дайын болуға қажет. Сенімділік пен жылдамдықты арттыру үшін бірнеше DHCP серверлерді пайдалануға болады.
- DHCP хаттамасы BOOTP –агенттің жұмыс істеу логикасымен үйлесімді болады.
- DHCP хаттамасы BOOTP мүмкін болатын клиенттеріне қызмет көрсетеді.
33. ВООТРжәне DHCP хаттамаларының арасындағы айырмашылық. Ауқымды компьютерлік желілер WAN, осы желілердің мысал ретінде физикалық топологиясын сызып көрсетіңіз.
DHCP хаттама ВООТР-тың (Bootstrap Protocol, жүктеме хаттамасы) жақсартылған түрі.Ол желілік интерфрейстік палатада орналасқан программаланатын тұрақты есте сақтау құрылғысы (PROM) және жойлатын программалнатын тұрақты жадты (EPROM) дискісіз жұмыс станцияларды бастапқы жүктеуді қамтамасыз етуге арналған. Бастапқы жүктеудегі жіберілген код мұндай машиналарға бұл желінің басқа жерінде орналасқан ақпараттық жүйе конфигурациясын және сервердің желілік конфигурациясын жүктеу үшін тез арада желіге қол жеткізуді қамтамасыз ететін киын кодпен жазылған процедураны орындайды. DHCP-ді алғашқы үлгісімен салыстырғанда айтарлықтай маңызды мүмкіндіктері бар,бірақ DHCP және ВООТР хаттамаларының форматтарының үйлесімділігі сақталған. Осылай кабель сегментінде ешқандай DHCP сервер физикалық қосылмаған DHCP-трансляторды қолданудың орнына маршрутизаторды ВООТР-сұрау салу әртүрлі кабельдік сегментіне жіберуді қамтамасыз ететіндей қалыпқа келтіруге болады.
Ауқымды желі (Глобальная сеть; GAN — global area network немесе WAN — wide area network) — жүздеген және мындаған километрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе салалық компьютер желілері. Кез келген компьютерді, олардың орналасқан географиялық мекен-жайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауқымды желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіру нәтижесінде құрылады.
Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір- бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі.
Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан түрады:
а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;
ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;
б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар.
Мысалы, Internet торабы — түрлі-түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, жер серігінің арналары және радио-модемдер сияқты) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Ең көп тараған қызмет көрсету түрлері: электрондық пошта (E-mail), желілік жаңалықтар немесе телемәслихат (Usenet), тарату тізімдері (Maillists), бүкіл әлемдік өрмек (WWW— World Wide Web), файлдар жеткізу (FTP — File Transfer Protocol), қашықтан қатынас құру (Telnet) жөне т.б.
34. Ауқымды компьютерлік желілердің сипаттамасын келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |