Лазерлік принтерлерде бейнені басудың электрографиялық
принципі қолданылады. Сурет шығарушы цилиндрдің көмегімен
бейне қағазга басылады.
Габариті аз лазер айналмалы айнадан көрінетін жіңішке жарық
сәулесін басқарады. Бейнені жасау үшін лазер басқарушы мик-
роконтроллер тарапынан қосылып, сөндіріліп отырады. Айнал-
малы айна сәулені басып шығару барабанының жоғарысындағы
қатарға қарай бүрады. Оң зарядталған тонердің бөлшектері оң
зарядталған бөліктерден тебіліп, бейтарап бөліктерге жапсыры-
лады.
Принтердің шығу арнасының алдында 200-220 градусқа де-
йінгі қыздырылу жүзеге асырылады. Бұл кезде ұнтақ ериді де,
қағаз бетіне тастай болып батады.
Лазерлік принтердің артықшылықтары:
Ақпарат бір ақпарат көзінен ақпарат қабылдағышқа олар-
дың арасындағы байланыс арнасы арқылы хабарлама түрінде
беріледі. Ақпарат таратушы жіберілетін хабарламаны сигналға
ауыстырады. Бұл сигнал байланыс арнасы арқылы жіберіледі.
Нәтижесінде, қабылдағышта кейіннен декодталып хабарламаға
айналатын сигнал пайда болады. Байланыс арналары арқылы
ақпарат беру жеткізілу барысында ақпарат жоғалтуға дейін алып
келетін кедергілерге ұшырайды.
Ақпаратты кодтау - сигналды ақпаратты тікелей пайдалануға
қолайлы формадан ақпаратты жіберу, сақтау немесе автоматтық
өңдеуге қолайлы формаға айналдыру процесі. Кодтау-белгілердің
сигналдарға айналу процесі (деректерді беру теориясында).
Кез келген оқиға немесе болмыс әр түрлі тәсілдермен, әр түрлі
алфавитпен түрліше берілуі мүмкін. Ақпаратты байланыс арнасы
арқылы неғұрлым дэл және үнемді түрде беру үшін оны кодтау
керек.