Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы


АБЖ-ін техникалық қамтамасыз ету



бет15/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
автом баск жуйеси китап (1)

АБЖ-ін техникалық қамтамасыз ету

Автоматтандырылған жүйені техникалық жабдықтау аталған
жүйенің қызметкер-пайдаланушыларын ақпаратпен қамтамасыз
ету және олардың қызметін автоматтандыруға арналған арнайы
құралдар жиынтығынан тұрады.
Ақпараттың техникалық өңделуінің басты кезеңдеріне сәйкес
АБ техникалық құралдары мәліметтерді жинау, тіркеу, жіберу,
өңдеу, қорғау құралдары мен ақпаратты көрсету құралдары болып
бөлінеді. Мұндай бөлініс мәліметтердің өнделуіндегі басты кезең
болып табылатын есептік желілердің кең масштабта қолданылуы
арқылы жүзеге асырылып отыр.
Өзара байланысу және ақпарат жіберу үшін теміржол қаты-
насының мәліметтер базасының бірегей желісінде бірігетін мә-
лімет жіберу құралдары қолданылады.
Ақпаратты көрсету құралдары тұтынушыларға мәселенің ше-
шілген нәтижесін беруге арналған.
ТҚАБЖ өз мәні бойынша коорпоративті есептік желі болып
табылады, онда теміржол қатынасының барлық құрылымдық бө-
лімдері өзара байланысқан.
АЖ-дің техникалық құралдарына түрлі ғимараттарды, есептеу
орталықтарының күрал-жабдықтары, электрлік жабдықтаудың
бірінші жүйелері, вентиляция, канализация және т.б. жатады.
Олар түрлі АЖ-дің техникалык жабдықтарының жұмысы үшін
қалыпты жағдай жасайды.
Автоматтандырылған жүйелерде қолданылады: теміржол
қатынасының желісі; арналардың сериямен шығарылатын ac-
паптары; мәліметтерді жинау, тіркеу және жіберу құралдары.
Мәліметтерді жіберуді үйымдастыру үшін ДЭЕМ-ын қосуға
мүмкіндік беретін арнайы жабдықтар қажет (2.1-сурет). Ол мәлі-
меттерді жіберу аппаратурасы (МЖА) немесе модем (модулятор,
демодулятор сөздерінің қысқарған түрі) деп аталады.
МЖА келесідей қызметтер атқарады:

  • ЭЕМ-нің байланыс арнасымен келіседі;

  • берілетін акпаратты қателерден қорғайды;

  • ақпарат биттерінің берілуін (ақпараттың байттан битке ауы-
    суы) қамтамасыз етеді.




2.1-сурет. Мәлімеггер жіберу жүйесі

ДЭЕМ мен байланыс арнасының келісуі дегенде олардың


электрлік жағынан үйлесуі назарға алынады. Мысалы, ДЭЕМ
5 B кернеумен жұмыс жасаса, байланыс арнасының кернеуі 100 B.
Бұдан бөлек, МЖА сигналды байланыс арнасы арқылы беруге бо-
латын түрге айналдырады, сол себепті ДЭЕМ сигналмен сандық
жүйеде жұмыс жасайды (логикалык бірлік (1) - 5 B, логикалық
нөл (0) - 0,2 B), ал байланыстың телефондық арнасында тек қана
үйлесімді сигнал катысуы кажет. МЖА мәлімет жіберу кезінде
сигналды сандық түрден аналогтық түрге, ал қабылдағанда,
керісінше, аналогтық түрді сандық түрге айналдырады.
Теміржол транспортында, негізінен жиілік модуляциясы қол-
данылады. Жиілік модуляциясында «1» кезінде байланыс арна-
сына 1300 Гц жиілік беріледі, ал «0» кезінде - 2100 Гц. Сатылық
модуляцияны қолданған кезде келесі әрекеттер орын алады: «1»
болғанда сигнал өз сатысын 180°-қа өзгертеді, ал «0» болғанда
сигнал фазасын өзгертпейді; Бұл кезде сигнал жиілігі өзгермейді.
Қателерден қорғау - МЖА-ның ең маңызды қызметі, өйтке-
ні байланыс арнасы арқылы беріліп жатқан сигнал көптеген
кедргілерге ұшырайды, осының салдарынан қате қабылданып
қалуы мүмкін. Сондықтан да берілетін ақпараттың дұрыстығын
арттыратын арнайы тәсілдер қолданылады. Оларға код қою және
шешуші кері байланыс қызметін қолдану жатады. Тексеру ар-
найы бақылау соммасы бойынша жүзеге асырылады.
Eгер тексеру нәтижесі мәліметтер қате қабылданғанын көр-
сетсе, кері арна арқылы хабарламашы мәліметтің қате берілгенін
хабарлайды. Соған сәйкес, ақпарат қатесіз жеткізілгенше мәлі-
меттер қайта жіберіледі.
Ақпарат биттерін жіберу дегенде жіберілу кезіндегі байттар-
дың битке айналдырылуы және керісінше қабылдаған кездегі
биттердің байтқа айналдырылуын түсінеміз. ДЭЕМ барлық есеп-
теулерін машиналық сөздермен жүзеге асырады, олар 16, 32 және
64 битген (ДЭЕМ-ге байланысты) тұруы мүмкін, ал арна бір сәтте
ақпараттың бір ғана бит көлемі түсетін жүйелі құрылғы болып та-
былады.
Байланыс арналары бойынша деректерді жіберудің көрсет-
кіштері: уақтылы жеткізу, нақтылық, өткізгіштік қабілет.
Уақтылы жеткізу кызметі ақпараттың қабылдаушыға сол
уақытта жеткізілуін, яғни жеткізу уақытының берілген уақыттан
ұзакка аспайтынын қамтамасыз етеді.
Ақпаратты берудің нақтылығы дегенде берілген ақпараттың
жалпы бит көлеміне дұрыс берілген акпарат көлемінің қатынасы
назарға алынып тұр. Оны бағалау үшін жіберілген ақпараттың
бит көлеміндегі кателердің кездесу мүмкіндігі колданылады.
Өткізгіштік қабілет - бір сәтте жіберілген бит мөлшері (c).
Темір жолда бар байланыс арналарын келесі белгілері бойын-
ша топтастыруға болады:

  • берілетін сигнал түрі (аналогтық және сандық арналар);

  • сигнал тасымалдау ортасының қолданылуы (радиоарна және
    өткізгіш арна);

  • деректерді беру жылдамдығы (жылдамдығы төмен, жылдам-
    дығы орта, жылдамдығы жоғары);

  • коммутация тәсілі (коммутацияланған және белгіленгендер).

Есептеуіш желі - бұл белгілі бір сипатпен біріктірілген жә-
не желілік бағдарламалык қамтамасыздандыру басшылығымен
жұмыс жасайтын ДЭЕМ жиынтығы. Есептеуіш желілерді құру
және дамыту себептері: ДЭЕМ жадын үнемдеу, техникалық құ-
ралдарды үнемдеу, қызмет көрсету қүнын азайту.
ДЭЕМ жадын үнемдеудің себебі: бір ғана ақпаратты әр түрлі
ДЭЕМ-на сақтаудың қажеттілігі жоқ. Мәліметтер бір ДЭЕМ-
да сақталып, кажет болған жағдайда баскаларына жіберіледі.
Техникалық құралдарды үнемдеу дегенде, желіде бағалы тех-
никалық кұралдарды бірнеше ДЭЕМ қолдануға мүмкіндік бар.
Бағдарламалық жабдықтау (БЖ) қызметінің құны, әрбір ДЭЕМ-
ына жеке бағдарламалык жабдықтау қызметін көрсету құнына
қарағанда төмен.
Есептеуіш желінің басты көрсеткіші оның нәтижелілігі бо-
лып табылады, яғни секундына ең көп транзакция (транзакция:
мәліметтерді оқу, өңдеу және басу) мөлшері жасалады.
Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) ақпаратты өңдеу
және есептеуіш техника бойынша комитеті қатаң иерархия-
лық үлгі бойынша жұмыс жасайтын өзара әсерлесу деңгейлерін
анықгады: әрбір деңгей өзінен жоғары түрған деңгейге қызмет
етеді, төмендегі деңгейлердің қызметін пайдаланады. Деңгей-
лердің стандартталуы хаттамалар арқылы жүзеге асырылады.
Хаттамалардың басым көпшілігі анықталған соң желідегі кез
келген екі құрылғы құрылымындағы, нәтижелілігіндегі, дайын-
далу орны мен қызметтік ерекшеліктеріне қарамастан өзара бай-
ланысады.
ISO комитеті өзара әрекеттестіктің жеті деңгейін анықтады.
1 -деңгей - физикалық - белгілі бір физикалық табиғат сигнал-
дарының арнаның өткізгіштік қабілетіне сәйкес жылдамдықта
қабылдануы мен жіберілуін камтамасыз етеді.

  1. деңгей-арналық-1 деңгей арқылы берілген деректерден co-
    лай аталатын кадрлар мен олардың нәтижелерін қалыптастырады.
    Мұнда қателер табылып, түзетіледі.

Физикалық және арналық деңгейлер физикалық арнаның си-
патын анықтайды.

  1. деңгей - желілік - екінші деңгей кадрларының бірнеше
    арналар немесе бірнеше желілер бойынша берілуі үшін қосым-
    ша маршрутизация кызметін жүзеге асырады. Желілік деңгей,
    сондай-ақ, қателерді өңдейді.

  2. деңгей - транспорттық - желі деңгейлері иерархиясында
    орталық орынды алып тұр. Өзара әрекеттесу моделімен анық-
    талатын барлық объектілер көліктік қызметті пайдаланушылар
    және атқарушылар болып бөлінеді. 4 деңгейдің болуы пайдала-
    нушыларды маршрутизацияның, коммутация мен селекцияның
    барлық қызметтерін үйренуден босатады.

  3. деңгей - сеанстық - қолданбалы деңгей объектілерінің apa-
    сындағы деректер блогы ауысымын қамтамасыз етеді.

  4. деңгей- көріністер - сұхбат кезінде берілетін мәліметтердің
    интерпретациясын жузеге асырады.

  5. деңгей - қолданбалы - төменгі деңгейлерде жүзеге асырыла
    алмаған қызметтерді жүзеге асырады. ISO Бұл деңгейде деректерді
    беру хаттамаларын және олардың басқарылуын қарастырады.

Қазіргі уақытта тәжірибеде әрекеттесудің төрт деңгейлі жүйесі
қолданылады: физикалық, арналық, желілік және транспорттық.
Есептеуіш желілерді келесідей негізгі белгілер бойынша топ-
тастыруға болады:

  • қосылатын ДЭЕМ саны,

  • байланыс жүйелерін пайдалану,

  • байланысу топологиясы,

  • ақпарат алмасу тәсілі,

  • желіні басқару.

Бірінші белгі бойынша жаьандық желілер (Intemet), коорпо-
ративтік (салалық немесе ipi ұйымдардың желілері), жергілікті
есептеуіш желілері(үлкен емес аумақты алып жатады) бөлініп
шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет