1.1-сурет. АБЖ жалпы құрылымдық схемасы (КАБЖ үлгісінде)
АБЖ негіздері ақпараттық база, техникалық база, матема-
тикалық қамтамасыздандыру, ұйымдық-экономикалық базадан
тұрады. Негіз - АБЖ шешетін барлық міндеттердің жалпы бөлігі.
АБЖ ақпараттық базасы - машиналық ақпарат тасымалда-
уыштарда орналастырылған, нысан немесе процесті басқаруды
автоматтандыруға қажетті барлық ақпараттың жиынтығы. Әдет-
те, ақпараттық база үш массивке бөлінеді: басты, туынды және
оперативтік. Массивтер мен олардың өрістерінің конструкцияла-
ры (тасымалдауыштарға орналастыру тәсілдері, массив ішіндегі
деректердің өзара байланыс ерекшеліктері, деректердің нақты
жинақталуы және т.б.) АБЖ типімен және нысандардың жалпы
сипаттамасымен анықталады. Алайда, жалпы нысандар сыныбы
(мысалы, машина жасау кәсіпорындары) үшін типтік конструк-
тивтік құрылымды сақтаған орынды. Басты массив барлық мін-
деттер үшін жалпы болып табылатын әрі орналастырылған
кезде қандай да бір басқару функциясын орындауға бағыттал-
маған әмбебап құрылымға жауап беретін деректерді бірік-
тіреді. Ipi нысанға арналған басты массив жүздеген милли-
он таңбаларды қамтиды, жадылағыш құрылғылардың көп
көлемін алады және шешімі үшін арнайы ақпаратты кажет
ететін нақты міндетте қолдануға ыңғайлы бола бермейді.
Бұл мәселе деректерге көп бағдарламалық өндеу жасау бары-
сында және процессорлармен функционалды түрде ажыра-
тылған машиналық мұрағаттарда (лентотекалар, картотека-
лар) көптеген массивтерді сақтайтын оперативті жады көлемі
жеткіліксіз болғанда күрделене түседі. Осыған байланысты
накты қызмет ететін АБЖ-ларда нысан құрылымының маман-
дандырылуын, әрбір кезеңде орындалатын функциялардың
ерекшеліктерін, түрлі міндеттердің қайталануы жиілігін және
ағымдағы жүйе жұмысымен байланысты басқа бірқатар функ-
цияларды көрсететін туынды массивтерді қалыптастыру қажет-
тігі туындайды. Барлық туынды массивтер әдетте басты мас-
сивтен құрылады. Қызмет көрсетілетін нысанның сипаттама-
ларына жасалатын кандай да бір түрақты өзгерістер басты мас-
сивте көрсетілуі тиіс. Оперативтік массив ағымдағы ақпаратты,
сонымен қатар, есептеулердің аралық нәтижелерін қамхиды.
Мұнда байланыс арналары арқылы келіп түсетін немесе дербес
тасымалдағыштарға (перфолента, перфокарта, магниттік лен-
та т.б.) жазылатын қызмет көрсетілетін нысан туралы бастапкы
ақпарат орналастырылады. Өңделген және жалпыландырылған
деректер туынды және басты массивтерге енгізіле алады немесе
тікелей тұтынушыларға беріледі.
АБЖ техникалық базасына деректерді өңдеу, жинақтау және
тіркеу, көрсету мен беру құралдары, сонымен қатар, өндірісті
автоматтандырылған басқарудың барлық контурларында реттеу-
ші сигналдарды шығаруды қамтамасыз ететін басқару нысан-
дарына (мысалы, автоматты реттеушілер, датчиктер т.б.) ыкпал
ететін атқарушы механшмдер кіреді. Техникалық базаның негізгі
элементтері - АБЖ-да айналымдағы деректерді жинау, сақтау
және өңдеуді қамтамасыз ететін ЭЕМ. ЭЕМ басқару параметр-
лерін оңтайландыруға, өндірісті модельдеуге, шешім қабылдау
үшін ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Әдетте АБЖ-
да қолданылатын ЭЕМ екі түрге жіктеледі: ақпараттық-есептік
және есептік-реттеуші. Ақпараттық-есептік ЭЕМ басқару иерар-
хиясының ең жоғары деңгейінде болады (мысалы, зауыттың
координациялық-есептеу орталығында) және негізгі жоспарлы-
экономикалық, қамтамасыз етуші және есептік функциялары
(техникалық-экономикалық және оперативті-өндірістік жоспар-
лау, материалдық-техникалық қамсыздандыру, өнімді өткізу т.б.)
бойынша орталықтандырылған басқаруға қатысты міндеттер-
дің шешімін қамтамасыз етеді. Олар жылдам әрекетпен, үзу
жүйелерінің бар болуымен, деректерді буындық өңдеумен, көп
бағдарламалық жұмыс режимімен т.б., сонымен қатар, жадылау-
шы құрылғылардың кең жиынтығымен және үлкен көлемімен
(оперативті, буферлік, сыртқы, біржақты және екіжақты, ерікті
және реттік қатынас) сипатгалады. КЕРО-да 70 жылдары АБЖ
үшін арналған типтік ақпараттық-есептік ЭЕМ ретінде ЭЕМ
бірегей жүйесі (ЭЕМ БЖ) алынған болатын. Есептік-реттеуші
ЭЕМ әдетте басқарудың төменгі деңгейіне жатады. Олар әдетте
цехтер мен учаскелерде орналастырылады және ақпараттың
басқару нысандарын (станоктар, қоймалар, т.б.) жинақтайды,
осы ақпаратты бастапқы өңдеуді жүзеге асырады, деректер-
дің ақпараттық-есептік ЭЕМ-ге берілуін және одан директивті-
жоспарлы ақпараттың алынуын қамтамасыз етеді, жергілікті
есептеулерді (мысалы, әрбір станок пен жұмысшының жұмыс
кестесі, қосалқы бүйымдар мен материалдарды беру кестесі, бөл-
шектердің партияларға топтастырылуын өңдеу режимдері т.б.)
жүзеге асырады және басқару нысандарының қызметінің ре-
жим! есептік функция режимінен ауытқыған жағдайда оларға
ықпал етеді. Есептік-реттеуші ЭЕМ ерекшелігі - ол үлкен кө-
лемді ақпарат көздері (датчиктер, тіркеушілер) мен реттеуші құ-
рылғылардың автоматты сабақтастырылуының жақсы дамыған
жүйесі. Олардық есептеу бөлігінің даму деңгейі төменірек, себебі
бастапқы өңделген ақпарат одан әрі қолдану мен ұзақ уақыттық
сақтау үшін жоғары деңгейлі ЭЕМ-ға беріледі. Есептік-реттеуші
ЭЕМ мысалы - «Днепр» және M-6000.
Адамның қатысуымен жүзеге асырылатын деректер жинау
және тіркеу құралдарына деректерді тікелей жұмыс орнында
(мысалы, цехте, учаскеде, станокда) жинау және тіркеу мүм-
кіндігін беретін түрлі өндіріс тіркеушілері, сонымен қатар, (тем-
пература, дайындалған бөлшектер саны, жабдықтың жұмыс
уақыты т.б.) датчиктер орнатылған технологиялық және ұйымдық
ырғақтың бұзылуларының (дайындамалардың, құралдардың, ма-
териалдардың болмауы, станоктардың қате жөнделуі, дайын
өнімді жіберу үшін көлік құралдарының болмауы т.б.) фикса-
торлары кіреді. Мысалы, өндірістің типтік тіркеушілері РИ-7501
(цехтік тіркеуші) мен РИ-7401 (қоймалық тіркеуші) болып табы-
лады.
Ақпаратты көрсету құралдары ақпаратты өңдеу нәтиже-
лерін ыңғайлы практикалық қолдануға болатындай түрде
ұсынуға арналған. Оларға түрлі баспа күрылғылары, жазба ма-
шиналары, терминалдар, табло, график құрастырушы, инди-
каторлар т.б. жатады. Бұл құрылғылар әдетте ЭЕМ-мен неме-
ce өндіріс тіркеушілерімен тікелей байланысты болады және
реттеуші (регламенттік) не эпизодтық (сұрау бойынша немесе
апаттық жағдайда) анықтамалық, директивалық немесе ескертпе
ақпаратты береді.
Деректер беруші аппаратура АБЖ-ның түрлі элементтері
арасында (өндіріс тіркеушілері мен ЭЕМ арасындағы коорди-
нациялық-басқарушылық орталықтар мен цехтік ЭЕМ арасын-
да, т.б.), АБЖ мен деңгейлердің іргелес басқармалары арасын-
да (мысалы, КАБЖ және САБЖ арасында, аумақтық есептік
орталықтары арасында) ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
АБЖ техникалық базасына, сонымен қатар, ұйымдық техни-
калық құралдарды (көшіру-көбейту техникасы, картотекалар, дик-
тофондар, т.б.), сонымен қатар, негізгі техникалық құралдардың
қажетті режимдерде қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
көмекші және бақылау-өлшеу құралдарды жатқызады.