3.21-сурет. ЕВФРАТ жүйесі
ЕВФРАТ жүйесінде Workflow базалық элементтерінің бапта-
луы «Бағыттар дизайнері» модулінде орындалады. «Маршруттар
дизайнері» модулі кесте түрінде, бағдарламалауды пайдалан-
бай құжаттар козғалысының сүлбасын салуға мүмкіндік береді.
Берілген шарттар немесе қабылданған шешімдерге байланысты
құжат (немесе оның негізінде берілген тапсырма) маршруттың бар
тарамы арқылы жіберіледі. Бұл операцияны жеделдете отырып,
бизнес-процестерді құрайтын операциялардың автоматты орын-
далуын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Workflow технология-
сын пайдаланудың тағы бір маңызды нәтижесі жұмыстың нақты
бөлігі үшін жауапты орындаушылардың еркіндігін шектемейтін қатаң ережелерге бизнес-процестердің орындалуының бағына
бастауы болып табылады.
ЕВФРАТ СӘД жаңа версиясында Workflow мүмкіндіктерінің
кеңейтілуі үшін «Құжаттар мен оқиғаларды автоөңдеу» шағын
жүйесі іске асырылды. Оның көмегі арқылы жүйе құжатты орын-
даушыны дербес тағайындай, тапсырманы орындау мерзімін
белгілей, шаблондар негізінде типтік құжаттардың қалыптас-
тыра, тапсырманы орындау туралы есептер жасай және т.б. алады.
Нәтижесінде бұрын адам ғана бастамалаған немесе орындаған
операциялардың бөлігі енді автоматты режимде орындалуы
мүмкін. Бұл бизнес-процестерді жеделдете отырып, олардың көп
еңбекті керек қылатын көлемін азайта отырып, кертартпалыққа
негізделген жұмыстан қызметкерлердің босауына мүмкіндік
береді. «Құжаттар мен оқиғаларды автоөңдеу» шағын жүйесін
қолданудың мысалы ретінде клиенттер өтінімдерін өңдеу про-
цесін келтіруге болады. Оның барысында жүйе жаңа құжатты
автоматты тіркейді, жауапты орындаушыларды тағайындайды,
өтінішхат түріне байланысты типтік жауапты жасайды, элек-
трондық пошта арқылы қажетті құжаттарды клиентке жібереді.
3.22-сурет. Құжаттар мен оқиғаларды автоөңдеу
ЕВФРАТ жүйесінде процесті беру - жүйенің төселген ішкі логикасы аясында түтынушылармен немесе автоматты орындалатын жүйенің нысандарына жүргізілетін операциялар жиынтығы.
Құжаттың мазМұнын талдау Cognitive Technologies мамандары әзірлеген «Құжаттарды түсіну» шағын жүйесінің көмегі арқылы орындалады. Оның көмегі арқылы ЕВФРАТ жүйесі MS Word форматында жасалған, құжаттарды олардың мағыналық бөлігін бөліп көрсете отырып, өз бетімен талдау мүмкіндігіне иеленеді. Осылай түсінілген ақпарат құжат деректемелері түрінде жүйеге автоматты енгізіледі. Барлық процеске кемінде 3 секунд жұмсалады, бұл деректерді колмен енгізгенде құжатты тіркеуге жұмсалатын уакыттан 15 ece аз. Қорыта келгенде, «Құжаттарды түсіну» шағын жүйесі бизнес-процестер бір типті кіріс немес ішкі құжаттардың көп ағынының күнделікті өңделуінен түрған жағдайларда ғана таптырмайды.
Получениедокумента Пониманиедокумента Автоматическая
в электронном виде регистрация документа
3.23-сурет. «Құжаттарды түсіну» шағын жүйесінің көмегі
арқылы кұжат мазМұнын автоматты талдау
Санамаланған технологиялар кез-келген үйымның типтік бизнес-процестерінің 95%-ын, соның ішінде жобаларды басқару, контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау, азаматтардың өтініш- хаттарын өңдеу, шарттарды басқару процестерін, қаржылық құжаттармен жұмыс істеуді, жобалық құжаттамамен жұмыс істеуді және т.б. автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |