Деректерді өңдеу жүйелеріне (ДӨЖ) негізгі қызметі үлкен
көлемдегі деректерді өңдеу және мұрағаттау болып табылатын
ақпараттық жүйелер сыныбы жатады.
Аппараттық құралдарды құрылымына байланысты бір про-
цессорлы, көп процессорлы және көп машиналы жүйелер (ЭЕМ
желісі, шоғырландырылған жүйелер, қашықтан кіруге болатын
жүйелер) түріне бөледі. Көп машиналы және процессорлы жү-
йелер есептеу кешендерінің өнімділігі мен сенімділігін арттыру
үшін құрылады.
Шогырландырылған жүйелер - бүкіл жабдықтау кешені,
соның ішінде, пайдаланушылар терминалдары бір орынға шо-
ғырландырылатын есептеу жүйелері. Сондықтан, жекелеген ма-
шиналар байланысы үшін ЭЕМ интерфейсі қолданылады және
деректер беру жүйелерін қолдану қажет болмайды.
Қашыңтан кіруге болатын жүйелер (телеөңдеуге ие) пайда-
ланушылар терминалдары мен есептеуіш құралдар арасындағы
байланыс арналары бойынша деректер беру тәсілдері қамтамасыз
етеді (деректер беру жүйелерін қолдана отырып).
ЭЕМ желілері (есептеуіш желілер) - пайдаланушыларды
дистанциондық есептеуіш ресурстарына қатынас құруды және
осы ресурстарды біріге пайдалануды қамтамасыз ететін террито-
риялык жағынан шашыраңқы деректер өңдеу жүйелерінің, бай-
ланыс және деректер беру құралдары мен (немесе) жүйелерінің
өзара байланыскан жиынтығы.
Жұмыс істеу режимі бойынша есептеуіш жүйелер бір бағдар-
ламалык және көп бағдарламалык болып бөлінеді.
Бір багдарламалық режим есептеуіш жүйелердің барлық
ресурстары бір тапсырманы басынан бастап аяқталуына дейін
шешу үшін қолданылатын кезде орын алады.
Көп багдарламалықрежим тапсырмалармен параллель жұ-
мыс істеуді немесе екі және одан да көп тапсырманы кезектесті-
руді көздейді.
Пайдаланушыларға қызмет көрсету сипаты бойынша келесі
режимдерге бөлінеді: жеке пайдалану, пакеттік және ұжымдық
пайдалану.