Автоматтандыръиіған аңпарттың жүйе (аңпараттың
жүйе) — ақпараттың енгізілуімен, жіберілуімен, сақталуымен,
өңделуімен және ұсынылуымен камтамасыз ететін техникалық
және бағдарламалық құралдар, сонымен қатар, олармен жұмыс
істейтін пайдаланушылар жиыны.
Ақпараттық жүйенің жіктелуін бес белгі бойынша жүргізуге
болады: аппараттық құралдарының максатты пайдаланылуы,
құрылымы, жұмыс режимі, қызмет түрі т.б.
Мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпараттық жүйелер ақ-
параттық-басқарушылық түрге, шешімдер кабылдау жүйелері,
ақпараттық-іздеу, ақпараттық-анықтамалық және деректерді өң-
деу жүйелері.
Ақпараттық-басңарушъипық жүйелер (АБЖ) - ұйымды, кә-
сіпорынды, саланы т.б. басқару кезінде қажетті ақпаратты жинау
және өңдеу жүйелері. АБЖ маңызды ерекшелігі оларды АБЖ-да
өңделетін ақпарат негізінде басқарылатын процестер имитация-
сы (модельдеу) механизмдері құрамына енгізу болып табылады.
Шешімдер қабылдауды қолдау жүйелері (ШҚҚЖ) адамдар-
дың түрлі қызмет салаларында шешім қабылдау үшін қажетті
деректерді жинақтау мен талдауға арналған.
Ацпараттық-іздеу жүйесі(ALK) - негізгі мақсаты әдетте
түрлі қашықтыктағы жерлерге таратыла орналастырылған түрлі
деректер базасында, түрлі есептеу жүйелерінде қамтылатын
ақпаратты іздеу. Мұндай, жүйелердің мысалдарына Intemet
жүйесіндегі іздеу жүйелері (серверлер), ғылыми-техникалық
деректерді іздеудің автоматты жүйелері (ҒТДІАЖ) және бас-
қалар жатады. Ақпараттық-іздеу жүйелері деректі (мақсаты -
кұжаттарды іздеу) және фактографиялық (фактілер іздеу үшін)
болып бөлінеді.
Aқпараттық - анықтамалық жүйелер (ААЖ) - интерактивті
режимде жұмыс істейтін және пайдаланушыларды анықтама-
лық ақпаратпен камтамасыз ететін автоматты жүйелер. Мұндай
жүйелерге, мысалы, теміржол вокзалдарында жолаушыларға қыз-
мет көрсетудің ақпараттық жүйелері жатады.