Алгоритмдік қурылым. Ол қолданылатын алгоритмдер
жиынтығы мен олардың бөлшектеу реттілігін көрсетеді, бұл ке-
йіннен бағдарламалық жасақтаманы құруға мүмкіндік береді.
Алгоритмдік күрылымды жетілдірудің негізгі бағыттары:
ақпарат өңдеудің стандартты (типтік) алгоритмдерін қол-
дану;
есептеудің дәлдігін, жылдамдығын және сенімділігін арт-
тыру;
кешенді міндеттер, жекелеген міндеттер, алгоритмдер, алго-
ритмдер модульдерін бөліп көрсету;
олардың ақпараттық-логистикалық өзара байланысын анық-
тау;
оларды жүзеге асырудың реттілігін анықтау.
Техникалық құрылым.Техникалық құрылым жүйе құру
үшін қолданылатын техникалық құрылғылардың тізбегін және
олардың өзара байланысын көрсетеді. Техникалық құрылымды
талдау кезінде келесі міндеттер шешімін табады:
негізгі ақпараттық үрдістерге қатысатын элементтер анық-
талады: ақпаратты тіркеу және дайындау, жинақтау және жіберу,
сақтау және өңдеу, көрсету және беру;
элементтердің орналасуы топологиясын, олардың ақпа-
раттық және энергетикалық өзара байланысын, сонымен қатар,
сыртқы ортамен байланысын ескере отырып, техникалық құрал-
дар жүйесінің формалды құрылымдық үлгісі жасалады.
АЖ жіктелуі
Ақпараттық жүйені (АЖ) жобалауға жүйенің қызмет ету прин-
циптері, техникалық құралдарды, ақпарат массивтерін негіздеу
жопе таңдау, оларды күру және өңдеу әдістері, жүйенің жекелеген
құрамдастарын құрастыру, енгізу, шығару, бақылау және сынау
одістері мен технологияларын жасап шығару т.б. кіреді.
Жобалау кезіндегі АЖ жіктеудің негізгі белгілері:
а) өңдеуге берілетін уақыт;
б) алатын көлемі;
в) басқарылатын үрдіс сипаты;
г) автоматтандыру құралдарының мобильділік дәрежесі;
д) деңгейлер саны;
е) өткізу қабілеті;
ж) сериялық қабілеттілік;
з) автоматтандыру дәрежесі;
и) реактивтілік белгісі.
Олар АЖ құру кезінде техникальтқ шешімді таңдауға ықпал
етеді. Реактивтілік - процесс күйі туралы ақпараттың өңдеу
пунктеріне дейін жеткізу, келіп түскен ақпаратты өңдеуге неме-
ce нәтижелерді түтынушыға жеткізу үшін жүйенің жұмсайтын
уақыты. АЖ реактивтілік белгісі бойынша бөлінеді:
а) Kipic ақпарат ағымының жоғары реактивтілігіне ие АЖ. Бұл
жүйелерде процесс күйі туралы ақпаратты жеткізу уақыты бірне-
ше секунд, әзірлеуге жұмсалатын уақыт миллисекунд, ал өңдеу
нәтижелерін жеткізу секунд үлесін алады. Бұл жүйенің мысалына
әуе қозғалысындағы АБЖ-ны жатқызуға болады;
б) Орташа реактивті АЖ. Барлық көрсетілген көрсеткіштер
ондаған секунд пен минутта анықталады. Бұған жылу жүйелері,
мұнай күбырлары, энергия жүйелерінің АБЖ-ы жатады;
в) Реактивтілігі жоқ АЖ. Бұл жүйелерде процесс күйі тура-
лы ақпаратты жеткізу уақыты минуттарға, әзірлеуге жұмсалатын
уақыт сағаттарға, ал өңдеу нәтижелерін жеткізу тәуліктерге созы-
луы мүмкін. АЖ кәсіпорынды, бірлестікті, салаларды басқаруға
қолданылады.
Аумақтық белгі бойынша бөлінеді:
Жергілікті АЖ, яғни бір жерге шоғырландырылған жүйе-
лер сыныбы;
Аумақтық АЖ. Үлкен аумаққа (200-400 км.) таратылған тех-
никалық құралдар.