Украина Республикасы Украина



бет3/3
Дата30.09.2023
өлшемі11,79 Mb.
#111911
1   2   3
Байланысты:
Украина туралы слайд - MyKaz.kz

Мәдениет саласы

  • Мәдениет саласының дамуы да айтарлықтай. Әрбір облыс, ауданның қалыптасқан өнер ұжымдары бар. Сурет салу, бейнелеу өнеріне, поэзияға құрметпен қарайтын ел.

Саяси жағдай

  • 1999 жылы Президенттік сайлауы өтіп, елі Леонид Кучманы сайлады. Сол кезде Жоғарғы Рада төрағасынан бастап Парламенттің 14 депутаты Президент боламын деп сайысқа түсті. Ол таластың тигізген зияны да аз емес. Парламент спикері бастаған депутаттар сайлауға дейінгі бір жыл бойы ашық қарсылық білдіріп, заңдардың қабылдануына тосқауыл жасаған. Соған дейінгі 5 жыл, яғни, бір шақырылым бойы депутаттар Үкімет ұсынған заң жобаларының тек 60 пайызын ғана қабылдапты.
  • Қазір Украина НАТО-ға, Еуропалық одаққа қарай бет бұрып отыр. Ал бергі жағында Ресей. Отын-энергетика өнімдерін, әсіресе, жанар-жағармай, газды, басқа да құрал-жабдықтардың көбін Ресейден алады. Бірлескен кәсіпорындары көп.

Қазақстанмен қарым-қатынасы

  • 1999 жылдың қыркүйегінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға жасаған ресми сапары екі елдің қарым-қатынасына үлкен дем берген елеулі оқиға болды. Сол кезде мемлекетаралық келісім-шарттардың саны 60-тан асты. Соларды басшылыққа ала отырып, жүзеге асыру бағытында жұмыс істедік.
  • 1999 жылы бірінші жарты жылдықта Қазақстан мен Украина арасындағы сауда айналымы 50 млн АҚШ долларын құраған болса, 2003 жылы тауар айналымы 800 млн долларға дейін жетті. Қазір екі елдің арасындағы тауар айналымы жылына 1 миллиард доллардан асып кетті. Бұл – кезіндегі және одан кейінгі атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Жалпы, Қазақстан мен Украина арасында мықты бір оң ниетті ізгі тілектестік байланыс бар.

Қазақстанмен қарым-қатынасы

  • Сонымен бірге біз 2001 жылы Қырымда, 2002 жылы Украинаның батысындағы 8 облысты қамту үшін Львовта Қазақстанның құрметті консульдығын ашылды. Сондай-ақ, шығыс жағындағы 5 облысқа арнап Запорожьеде, одан кейін оңтүстікте үш облысты қамтитын Одессада консульдық ашу мәселесі келісілді және дайын болды. Соның нәтижесінде ел мен елдің байланысы, экономикалық қарым-қатынасы арта түсті. Сонымен бірге Украинаның ғана емес, Молдованың да елшісі қызметін қоса атқару міндеттелгендіктен, Кишенеуде де Қазақстанның құрметті консульдығын ашылды.
  • Украинаға жанар-жағармай, газ керек. Қазақстанға Украина жағынан атом, энергетика, мұнай-газ саласынан, ауыл шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтар, техника түрлері қажет. Бізде өндірілмейтін тауардың көбі Украинада шығарылады. Оларда жоқ нәрсе біздерде бар. Сондықтан Біртұтас экономикалық аймақ жөніндегі келісімге қол қойылса, Ресей, Украина, Қазақстан, Беларус мемлекеттерінің аумағында осы елдердің шығарған тауарының тасымал тарифының бағасы бірдей болуы мүмкін. Мысалы, темір жолмен Атырау облысының Теңіз кенішінен Қара теңіздің жағасындағы Одесса портына дейін жеткізу үшін мұнайдың бір тоннасының бағасы 33-45 долларға дейін қымбаттайды. Мәселен, 1 тонна мұнайдың тасымалына Қазақстан жерінде 7-8 доллар, Ресейде 17-25 доллар, Украинада 9-12 доллар қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет